Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет40/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62

119
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тар  нақты  оқыту  жағдайларында  басты  рөл  атқаратын  принциптер 
туралы да айтуға болады. Қазіргі таңда озық әдістемелік принципке 
коммуникативтілік принципі жатады, бұл принципті ұстану оқытудың 
практикалық бағытын қамтамасыз етіп, таңдаулы қарым-қатынас жа-
сау саласындағы сөйлеу қызметін меңгеруге бағыттайды.
ОҚЫТУ  ПРОФИЛІ  (фр.  profil  –  кәсіптің,  мамандықтың  негізгі, 
қарапайым белгілерінің жиынтығы). Әдістеменің негізгі категориясы; 
оқушыларды  белгілі  бір  пән  бойынша  дайындау  түрі;  әдістемеде 
оқушыларды кәсіптік қызығушылықтары мен тілге деген қажеттілігіне 
қарай  тіл  үйрету  және  басқа  да  пәндер  бойынша  дайындау  түрі. 
Оқыту  профилінің  мынадай  түрлері  бар:  мектепке  дейінгі,  мектеп, 
дайындық, сырттай, курстық, филологиялық, гуманитарлық және т.б.
ОҚЫТУ  ПРОЦЕСІ  (лат.  processus  –  дамыту).  Оқыту  міндеттері 
шешіліп, оқушылар жалпы ілгері дамитын оқытушы мен оқушының 
өзара байланысы. Оқыту процесінің табысты болуы оқытушыларды 
дайындауға,  оның  тілді  үйретуде  кәсіби  шеберліктерді  игеруіне 
байланысты. Оқытушының негізгі қызметтері оқытуды ұйымдас ты-
рудың мынадай үш негізгі формасы арқылы жүзеге асырылады: сабақ, 
үй жұмысы және аудиториядан тыс жұмыс. Сабақ – оқыту процесінің 
негізгі ұйымдастыру құрылымдық бірлігі болып табылады, ал оның 
құрылымдық-функционалдық бірлігі – жаттығу немесе жаттығулар 
топтамасы. Олай болса, оқытудың мақсаты да, мазмұны да, оларды 
іске асыру бойынша іс-әрекеттер де жаттығуға біріктірілген.
ОҚЫТУ  ПСИХОЛОГИЯСЫ.  Оқыту  жағдайындағы  психоло-
гиялық  қызметті  зерттейтін  педагогикалық  психологияның  бір 
бөлімі.  Оқытылатын  пәннің  мазмұнына  қарай  оқу  процесі  оқы-
ту  пси хо логиясының  негізгі  зерттеу  пәні  болып  табылады.  Жеке 
пән дерді  оқыту  ерекшеліктеріне  арналған  жалпы  және  ар найы  деп 
екіге  бөлінеді.  Жалпы  бөлімінде  оқыту  психологиясы  дидак тика-
мен  және  жеке  әдістермен  тығыз  үйлесім  табады.  Оқыту  пси хо -
логиясының  негізгі  міндеті  –  оқу  процесі  кезінде  оқушының  пси-
хо логиялық  қызметінде  орын  алатын  өзгерістердің  мәнін  ашу;  оқу 
тапсырмаларын орындау құралдары; оқу барысында ақыл-ой опера-


120
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
цияларында  және  ақыл-ой  іс-әрекеттерінде  орын  алатын  сапалы 
өзге рістер.  Оқыту  психологиясының  маңызды  мәселелері  –  білімді 
меңгеру процесін, дағдылар мен шеберліктердің қалыптасу процесін 
зерттеу. Оқыту барысында жеке-психологиялық айырмашылықтарды 
зерттеу кезінде оқушының мотивация ерекшеліктері мен танымдық 
қызығушылықтары,  сондай-ақ  ақыл-ой  қызметінің  белгілі  бір 
оқушыға тән белгілері ескеріледі.
ОҚЫТУ  СТРАТЕГИЯСЫ.  Белгілі  бір  лингвистикалық,  психоло
-
гиялық және дидактикалық принциптерге негізделетін, оқыту тәсілін 
анықтайтын оқытудың жалпы концепциясы. Сабақтарда әдіс немесе 
әдістер тобы ретінде іске асырылады.
ОҚЫТУ ТАКТИКАСЫ (грек. taktika – әскер жасақтай білу өнері). 
Оқушының  сөйлеу  қызметін  нақты  оқу  факторларын  есепке  алу 
негізінде  қарым-қатынас  жасау  тәсілі  ретінде  меңгеруіндегі  тиімді 
жолды түсіндіретін әдістемелік әдіс-тәсілдердің жүйесі.
ОҚЫТУ  ТӘСІЛІ  (подход  к  обучению).  Тілді  оқыту  стратегиясын 
және де осы стратегияны жүзеге асыратын оқыту әдісін анықтайтын 
әдістеменің  негізгі  категориясы,  үйрену  қажет  болатын  пәннің 
мәніне  деген  көзқарасты  білдіреді.  Нақты  білім  саласындағы  зерт-
теудің  жалпы  әдіснамалық  негізі  ретінде  пайдаланылады  (Бим, 
1988). Оқыту әдістері белгілі бір тәсілді жүзеге асырады, осылайша 
оқыту  процесінің  әдістік  моделі  болып  табылады.  Шет  тілдерін 
оқыту  әдістемесінде  оқыту  тәсілінің  бірыңғай  классификациясы 
жоқ.  М.В.Ляховицкий  тілді  меңгеру  психологиясы  тұрғысынан 
алғанда  анықталатын  шет  тілдерін  оқыту  тәсілдерінің  4-еуін  атап 
көрсетті:  1)  бихевиористік  тәсіл  (ынтаға  жауап  ретінде  берілетін 
автоматтандырылған сөйленімдерді құру арқылы тілді меңгеру); 2) 
индуктивті-саналы  тәсіл  (сөйлеу  үлгілерін  бақылау  арқылы  тілді 
меңгеру; бұлайша бақылау барысында тілдегі ережелер мен оларды 
сөйлеу  кезінде  пайдалану  тәсілдері  меңгеріледі);  3)  танымдық 
(когнитивті) тәсіл (тілді ережелер мен нұсқаулықтар түріндегі білімнен 
меңгерілген білім негізіндегі сөйлеу дағдылары мен шеберліктеріне 
дейінгі жүйемен саналы түрде меңгеру); 4) біріктірілген тәсіл (оқыту 


121
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
процесіндегі саналы және бейсаналы компоненттердің органикалық 
байланысын қарастырады, бұл білімді және сөйлеу дағдылары мен 
шеберліктерін  қатар  меңгеруге  көмектеседі)  (Ляховицкий,  1981). 
Оқыту  тәсілін  оқыту  нысаны  тұрғысынан  классификациялауға  да 
назар аударған жөн: оқытудың тілді (тілдік тәсіл), сөйлеуді (сөйлеу 
тәсілі),  сөйлеу  қызметін  (сөйлеу  қызметі  немесе  коммуникативті 
қызметтік тәсіл) меңгеруге бағытталуы (Зимняя, 1985).
ОҚЫТУ  ТІЛІ.  Белгілі  бір  білім  беру  мекемесінде  оқыту  жүзеге 
асырылатын тіл. 
ОҚЫТУ  ҮДЕРІСІН  БЕЛСЕНДЕНДІРУ.  Оқу  жұмысының  әдіс-
тері  мен  оқытудың  ұйымдастырылған  формасын  жетілдіру,  бұл 
оқушылардың  оқу  әрекетінің  тиімділігін  арттыруды  қамтамасыз 
етеді.  Оқыту  үдерісін  белсендендірудің  негізінде  педагогикалық 
еңбектегі «өнімді арттыру» резервтері жатыр. Оқушыны жеке оқыту 
тәсілдері,  аудиториялық  және  аудиториядан  тыс  жұмыстардың 
байланысы,  өзіндік  жұмыстың  көлемін  арттыру  оқыту  үдерісін 
белсендендірудің  маңызды  талаптары  болып  табылады.  Оқыту 
үдерісін  белсендендірудің  құралдары,  әдіс-тәсілдері  алуан  түрлі 
болып  келеді.  Олар  оқыту  материалының  сипатына,  оқушылардың 
дайындық  деңгейі  мен  жеке  психологиялық  ерекшеліктеріне, 
оқытушы өзінің жұмысы барысында пайдаланатын техникалық оқы-
ту құралдарына қарай таңдалады. 
ОҚЫТУ, ОҚУ. Білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту 
процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқыту 
процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Түрлі оқу 
орындарында  оқыту  білім  берудің  басты  жолы.  Оқыту  –  екі  жақты 
процесс:  мұғалім  –  білім  беруші,  оқушы  –  білім  алушы.  Оқытудың 
құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекетін және оқу әрекеттерін 
ұйымдастыру,  оқушылардың  білімді  меңгерудегі  белсенділігі  мен 
саналылығын ынталандыру және білімді меңге руінің, оқу әрекеттерін 
орындауының сапасын реттеу, бақылау, оқыту нәтижесін талдау мен 
оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.
ОҚЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІК. Мұғалімнен оқу процесін оқушы-
лар бойында құлшыныс және өз бетімен жұмыс істеуді, білімді берік, 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау