Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет28/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62

83
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
қабілеті ғана бейнелейді. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір 
құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау 
арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі 
қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне 
байла нысты талданып, қорытылады. Көрнекілік құралдары оқушы-
ларға  бейнелі  түсінік  беру  үшін  ғана  емес,  оқушылардың  ұғы-
мын  қалыптастырумен  бірге,  абстрактілі  байланыстар  мен  тәуел-
ді лікті  түсіндіру  үшін  қолданылады.  Бұл  дидактиканың  басты 
қағи  даларының  бірі  болып  саналады.  Көрнекілікті  чех  педагогі 
Я.А.  Коменский  (1590  –  1670)  17  ғ.  енгізді.  Одан  кейін  педагогтер 
швейцар И.Г. Песталоцци (1746 – 1827), неміс А.Дистерверг, орыс 
пе дагогі К.Д. Ушинский (1824 – 1870/71), т.б. көрнекілікті оқу пән-
дерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т.б.), 
дидактика  мен  әдістеме  жүйесіне  лайықтап  қалыптастырды.  Көр-
некіліктің  үлгілерін  пайдалануға  Ы.Алтынсарин  зор  көңіл  бөліп, 
“Қазақ  жастары  ғылым-өнерді  кітап  сөзі  деп  қана  қарамай,  заттай 
көзімен  көріп,  ажырата  білуін”  мақсат  етіп  қойды.  Қазіргі  оқу 
жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, 
сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, графикалық материалдарды 
заттай  пайдаланудың  мәні  зор.  Қазіргі  дәуірде  ғылым,  техника, 
көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір 
күрделі  бейнелеу  мүмкіндіктерін  пайдалану  үшін  түрлі  кабинет, 
арнайы  жұмыс  орындары  –  кабиналар  ұйымдастырылды.  Осыған 
орай  оқу  барысында  кинопроекторлар,  кинофильмдер,  теледидар, 
опти калық  аспаптар,  түрлі  механизмдер,  дәлдік  өлшеу-есептеу 
машиналары, т.б. көрнекі құралдар қолданылады.
КӨРСЕТУ. Оқытушының оқу материалын игерту (дыбыс, сөз, сөй-
лемдер,  фразалар,  ситуациялар  және  әңгіме  тақырыптары,  бай-
ланысты мәтіндер, ережелер, нұсқаулықтар) мақсатымен тіл үйрету 
сабақтарында пайдаланатын жалпы дидактикалық оқыту әдісі. Көр-
сету ең алдымен, сезімдік тұрғыдан қабылдауға есептелген. Оқытудың 
саналы-практикалық әдісі бойынша жүргізілетін сабақтарға оқушы-
лардың  сезімталдық  тәжірибесіне  ғана  жүгіну  емес,  сондай-ақ  ой-
лауына  да  жүгіну  тән,  сондықтан  да  көрсету  жалпыдидактикалық 
әдіс тік түсіндіру деген түрімен тығыз байланысты.


84
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
КӨШІРІП ЖАЗУ. Көп қолданылатын жазбаша жаттығулардың бірі; 
жазу техникасы мен құсни жазуды, орфография мен грамматиканы 
үйрену  кезінде  қолданылады.  Көшіріп  жазудың  негізгі  екі  түрі 
болады:  күрделенбеген  (дайын  мәтіннен)  және  күрделенген,  яғни 
қосымша  тапсырмалары  бар:  оқылған  формалардың  астын  сызу; 
түсірілген  әріптерді  қою;  мәтінді  өзгерту  –  етістіктердің  тұлғасын, 
оның  уақытын  және  т.б.  өзгерту;  мәтіннен  қажетті  сөздер  мен  сөз 
тіркестерін таңдаңыз; оқылған мәтінге берілген сұрақтарға жауап бере 
отырып көшіріп жазу; мәтіннің мазмұнын өз сөзімен (шығармашылық 
диктант және т.б.) беру. 
КРЕАТИВТІЛІК  (лат.  creatio  –  жасау).  Адамның  шығармашылық 
дарын деңгейі, шығармашылық қабілеті.
КРЕАТИВТІ  (лат.  creatio  –  жасау)  ТЕСТТЕР.  Тұлғаның  шығарма-
шылық қабілеттерін зерттеп, бағалауға арналған әдістемелер жиын тығы. 
Айрықша идеялар беруге, ойлаудың дәстүрлі схемаларынан бас қа жол 
табуға, проблемалық жағдаяттарды тез шешуге қабілеттілік зияттылық 
қабілеттерінің  арасында  ерекше  тип  деп  сараланып,  креа тивтілік 
деп  аталады.  Шығармашылық  жетістіктер  факторлары  екі  бағытта 
зерттеледі:  шығармашыл  тұлғаның  өмірлік  тәжірибесі  мен  даралық 
ерекшеліктерін  талдау;  шығармашылық  ойлау  мен  оның  өнімдерін 
талдау  (креативтілік  факторлары  –  ойлаудың  жүйріктігі,  икемділігі, 
нақтылығы, проблемаларды сезгіштігі, тапқырлық, сын дарлық).
КРИТЕРИЙ  БОЙЫНША  БАҒАЛАУ.  Үйренушілердің  үлгерімін 
алдын ала анықталған критерийлер бойынша бағалау. Мұндай баға-
лау «нормативтік» бағалау әдісінен ерекшеленеді. 
КУРСТАР. Белгілі бір пән бойынша оқытуды ұйымдастыру формасы. 
Мысалы, ағылшын тілінің курсы, біліктілікті арттыру курсы. Курс – 
қысқамерзімді оқу формасы болып табылады.
КУРСТЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ. 1. Тиісті оқу орнының бағдарламасы 
бойынша оқытудың аяқталған белгілі бір кезеңі; 2. Белгілі бір оқу не-
месе ғылыми пән бойынша білім, шеберлік, дағдылар аясы (мыса  лы, 
мектептегі химия курсы); 3. Орта және жоғары оқу орындарындағы 
оқу дың бір жылдық деңгейі. 


85
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
КҮНТІЗБЕЛІК  ЖОСПАР.  Күнтізбе  бойынша  белгіленген 
жұмыстың істелу бағытын, мерзімін айқындау.
КІДІРІС  ЖАТТЫҒУЛАРЫ.  Техникалық  оқыту  құралдары 
кабинетінде үлгі – жауап беру үшін берілетін кідіріс – дұрыс жауап 
(кілт)  сияқты  үш  компонентті  сызба  бойынша  орындалатын  жат-
тығулар. Жаттығуды имитация үшін орындаған кезде кідіріс үлгіні 
қай талау  үшін  пайдаланылады.  Ол  үлгінің  дыбысталу  уақытынан 
ша ма мен екі есе артық болуы тиіс.
КІЛТ  СӨЗДЕР.  Мәтіндегі  негізгі  ақпаратты  беретін  сөздер.  Тың-
дайтын немесе оқитын мәтінді оңай түсінуге ықпал етеді. Тіл үйрету 
сабақтарында  кілт  сөздерге  барынша  көңіл  бөлінеді:  оқу шыларға 
кілт  сөздерді  бөліп  көрсету  және  кілт  сөздерге  сүйене  отырып,  өз 
пікірін  айту  сияқты  арнайы  жаттығулар  орындауға  беріледі.  Кілт 
сөздерді іздеу және талқылау реферат жазуға және конспект жазуға 
дағдыландыру кезінде маңызды рөлге ие.
- Қ -
ҚАЙТАЛАП ТЕКСЕРУ. Сабақ барысында оқушының білім, білік, 
іскерлік дағдыларды игеруін бақылау.
ҚАЙТАЛАУ. 1. Бұрын өткен оқу материалына қайта оралу; оқыту-
дың мазмұнын тиянақты, тыңғылықты және жүйелі меңгерудің қа-
жетті шарты. Қайталауға қойылатын дидактикалық талаптар оқыту 
процесінің  заңдылықтарына  және  педагогикалық  психологияның 
мәліметтеріне  негізделеді.  Қайталау  оқытудың  мазмұнына  идея-
лардың, ұғымдардың, бірліктердің дамытылуы қамтылса, оның құ-
рылымында  сабақтастық  пен  жүйелілік  сақталса  ғана  жемісті  бол-
мақ. Қайталауда ең бастысы – оқытудың мазмұнына да, әдістеріне де 
жаңалық енгізу, бұрын өткен ережелерді, анықтамаларды және т.б. жай 
ғана қайта еске түсірудің болмауы. Әйтпесе ол нәтиже бермейді, әрі 
оқуға деген ынтаны кемітеді. Ағымдағы және жинақтама қайталау деп 
саралау  бар.  Ағымдағы  қайталау  жаңаны  оқып-үйренумен  қатарлас 
жүзеге асырылады, оған кіріспе кезінде тірек қызметін атқарады, білімді 
пысықтаумен ұштастырылады. Жинақтама қай талау мазмұнның азды-
көпті біршама аяқталған фрагментіне – тақы рыпқа, тарауға қатысты 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау