Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет24/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62

71
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ИНТЕРАКТИВТІ (ағылш. interactive) ТАҚТА (ағылш. white board). 
Функ циялары  жағынан  компьютердің  экранын  еске  түсіретін  элек-
тронды  тақта  түріндегі  арнайы  құрылғы.  Пайдаланушымен  өзара 
әрекеттесу пернетақтаның немесе арнайы құрылғылардың көмегімен 
жүзе ге асырылады. Оқушылар тобына оқу материалын көрсету үшін 
пайдаланылады.
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ  ДИАЛОГ.  Ақиқат  уақыт  тәртібінде  пайдала-
нушы мен ақпарат жүйесі арасындағы белсенді хабар алмасу. Тәлімдік 
өзара әрекетте қашықтан оқыту түріне жиі пайдаланылады.
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ  ОҚЫТУ.  Өзара  әрекет  тактикасы  мен  страте-
гиясын жасау, бірлескен іс-әрекет ұйымы. Интербелсенді оқыту түрі 
– кооперация мен бәсекелестік.
ИНТЕРНЕТ-ОҚЫТУ. Оқушылар ақпарат алу үшін, мұғалімдермен 
немесе бір-бірімен хабарласу үшін компьютерлік Интернет желісін 
пайдаланатын оқыту.
ИНТУИТИВТІ МЕҢГЕРУ ӘДІСІ. Ана тілін немесе қазірдің өзінде 
үйренген  тілдегі  материалдарды  салыстыру  (ассимиляция)  арқылы 
жаңа шет тілдерін меңгеру әдісі. Бұл әдіс француз баспасынан шыққан 
өздігінен үйреткіш «Ассимиль» топтамасының арқасында көп тарала 
бастады,  кейде  бұл  әдісті  «ассимиль  әдістемесі»  деп  те  атайды. 
Табиғи әдісті дамытушы болып табылады. Бұл әдісті жақтаушылар 
сөйлеу  іс-қимылы  механизмін  ана  тілінде  немесе  шет  тілдерінде 
салыстыруы  мүмкін  деп  санайды.  Естіп  қабылдауға  баса  назар 
аударылады, мұнда оқу не жазу емес, ауызша сөйлеу негізгі оқыту 
құралы болып табылады. Ана тіліндегі аударма негізгі рөл атқарады. 
Бұл  әдісті  оқытудың  мақсаты  негізгі  синтаксистік  құрылымдарды 
және базалық лексиканы, грамматикалық құрылымдарды оқытуда көп 
көңіл бөлінуде. Меңгеру – актив және пассив болып екіге бөлінеді. 
ИНТУИТИВТІ  ОҚЫТУ  ӘДІСТЕРІ.  Тілді  саналы  түрде  игеру 
ар қылы  емес,  оқытушының  сөзіне  еліктеу  және  имитативті  жат ты-
ғулар  жасау  арқылы,  ережені  түсіндірмей,  ережелерді  интуи тивті 
түрде түсіндіру арқылы оқыту. Мұндай оқыту әдістерінің қатарына 
мыналар жатады: тікелей, табиғи және олардың заманға сай түрленуі 
– аудиовизуалды және аудиолингвалды.


72
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
- Й -
ЙЕНА ЖОСПАРЫ. Оқу-тәрбие процесін тұлғалық бағытталуы мен 
оқушылардың  ұжымдық  іс-әрекеті  үйлестірілетін  мектеп  жұмысын 
ұйымдастыру жүйесі. 1920 жылы Йена университетінің профессоры 
П.Петерсен жаңа тәрбие идеялары рухында талдап жасады. Дәстүрлі 
мектептегі сыныптық-сабақтық жүйе, қатаң күн тәртібі, мұғалім мен 
оқушы  арасындағы  субординация  Йена  жоспарында  «тәрбиелейтін 
қоғаммен» алмастырылған. Йена жоспарының іс-әрекеті жеке адамды 
сыйлауға, балалардың еркіндігі мен дербестілігінің үйлесіміне; бала-
лардың,  мұғалімдер  мен  ата-аналардың  тығыз  байланысына  негіз-
деледі. Сыныпта әртүрлі жастағы төрт топпен (оқушы саны, әдетте, 
40-қа  дейін,  жастары  үлкендеу  топта  30-35  оқушыға  дейін  ба ра ды) 
алмастырылған.  Ересек  оқушылар  кішілерге  қамқорлық  жасайды. 
Йена жоспарындағы оқыту кешенді; оның мазмұны алғаш қы жылдары 
көбіне оқушылардың қызығушылықтарына байланысты анықталады; 
кейіннен (оқу жылының 5-6 жылдары) мұғалімдер бағдарлайды.
- К -
КАКОГРАФИЯ (грек. kakos – жаман + graphō – жазамын). Емле жазуын 
үйреткен кезде пайдаланылатын орфографиялық жаттығулардың бір 
түрі, мұнда оқушыларға дұрыс жазылмаған сөздердегі қателерді түзеу 
ұсынылады.  Жазуды  үйретудің  мақұлданған  тәсілдерінің  қатарына 
жатпайды, өйткені мұндай жаттығуларды орындау барысында дұрыс 
жазбаудың және қате дағдының қалыптасып кетуі мүмкін.
КАЛЛИГРАФИЯ (ҚҰСНИ ЖАЗУ) (грек. kalligraphia – әдемі жазу). 
Анық әрі әдемі етіп жазу. 
КӘМЕЛЕТТІК  АТТЕСТАТ.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектепті 
бітіргендігін куәландыратын құжат.
КӘСІБИ  МОДУЛЬ.  Мамандық  тілін  меңгеру  деңгейін  анықтауға 
ар нал ған тест тапсырмалары. Кәсіби модульдің мақсаты – тестілеу 
арқы лы  коммуникативті  құзыреттіліктің  қалыптасуын  және  оның 
білім  беру  стандартының  талаптарына  сәйкестігін  анықтау.  Кәсіби 
модульдің кәсіби бағыты белгілі бір кәсіби немесе оқу-профессорлық 
саладағы қарым-қатынас қажеттіліктерімен анықталады.


73
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
КӘСІП (лат. professio - profiteor – менің ісім). Адамның білімі туралы 
тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.
КЕЙС (ағылш. case – сөмке, қоржын). Оқушының өз бетінше жұмыс 
істеуі  үшін  берілетін  әртүрлі  тасымалдаушылардағы  оқу  мате риал-
дарының жиынтығы (баспа, сондай-ақ аудио, бейне, электронды).
КЕЙС-СТАДИ  (ағылш.  case-study).  Нақты  ақиқатқа  және  нақты 
проблемаларға  негізделген,  оқушыдан  ұсынылған  ситуацияның 
орынды шешілуін талап ететін ситуативті оқыту әдісі. Мәселесі көте-
рілген, жағдай туралы анықтамалық және қосымша ақпараты, әдіс-
темелік  материалдары  мен  нұсқаулықтары  бар  нақты  практикалық 
жағдайы  сипаттаудан  тұрады.  Мәселені  анықтау,  оны  жан-жақты 
қарастыру,  жетіспейтін  ақпаратты  іздеуді  жүзеге  асыру,  өз  пікірін 
дәлелдеу сияқты шеберліктерді дамытады.
КЕЙС-ТЕХНОЛОГИЯ. Мәтін (кейстік), аудиовизуалды және муль-
ти медиалық  оқу  материалдарын  пайдалануға  негізделген  оқы ту 
технологиясының бір түрі. Дәстүрлі немесе қашықтан оқыту ке зін де 
студенттердің оқу материалын өз бетінше меңгеруі үшін қолданылады.
КЕЛЛЕР  ЖОСПАРЫ.  Жоғары  оқу  орындары  үшін  АҚШ 
психологы мен педагогы Ф.Келлер құрған жеке оқыту жүйесі. Келлер 
жоспарының  негізгі  ерекшелігі:  оқу  материалын  толық  меңгеруге 
бағдар  береді,  келесі  тақырыпқа  өту  үшін  міндетті  шарт  ретінде 
алдыңғы меңгерілген білімнің толықтығын талап етеді.
КЕСТЕ  (лат.  tabula  –  тақта,  кесте).  Көрнекілік  құралдардың  бір 
түрі.  Кесте  көрсетуге  арналған  (қабырғаға  ілінетін  немесе  оқулық 
мәтіндерінде  болатын)  және  оқытушылар  немесе  сабақ  барысында 
оқушылар құрастыратын болып екіге бөлінеді. Әдетте, кестенің қарпі 
және  түсі  бөлектеу  болады,  суреттері  болады.  Жаңа  материалды 
оқыған кезде және оны бекіткен кезде қолданылады; оқушылар іс-
әрекеттерінің бағдарлы негізі болып табылады. 
КЕШЕНДІ  ОҚЫТУ  ЖҮЙЕСІ.  Оқу  материалдарын  жүйелі  түрде 
байланыстыра оқыту (экологиятану, табиғаттану, т.б.).
КЕШЕНДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ. Тұтас педагогикалық 
процесті жобалау мен жүзеге асыруда пайдаланылатын кәсіптік білім, 
білік, дағдының кешенді педагогикалық тәжірибеде бірігуі.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау