«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет32/34
Дата14.05.2018
өлшемі1,08 Mb.
#12315
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

126

127


жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер  тойлайды. 

Бұл  мейрамды  өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті 

шыңдаған,  станоктың  қасынан,  егін  даласында,  күні-түні  мал 

бағып,  тынымсыз  жұмыс  істеген  жұмысшылар,  ауыл  адамдары 

тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және 

сүйіктілерін  көзінен  жасы  сорғалай  жүріп  төзімділікпен  күткен, 

олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар 

мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары 

қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы 

жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін 

жанын  пида  еткен,  туған-туысқандарына,  жақын-жарандарына, 

туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі 

болып еске түсіреді.

ІІ топ. Ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата-баба арманы 

жүзеге асып, егемендікке ие болдық. Қазақ жерінде арайлап атқан 

елдіктің ақ таңы, ең алдымен, осынау дархан даланы ақ найзаның 

ұшымен,  ақ  білектің  күшімен,  алғыр  ақылмен,  берік  тақыммен 

қорғап,  сақтап  қалған  ата-  бабаларымыздың  ұлы  күрестерінің 

заңды  да  нақты  нәтижесі.  Қазақ  елі  қазіргі  таңда  қабырғасы 

қатайған,  пікіріне  халықаралық  қауымдастық  өкілдері  құлақ 

асатын беделді елге айналды. 20 жылдық тарихы бар ұйым елдің 

саяси  жүйесінің  маңызды  бір  бөлігіне  айналып,  ол  Қазақстанды 

мекендейтін  барлық  ұлттар  мен  этностардың  мүдделерін, 

құқықтарын  бір  арнаға  түйістірді.  Әрбір  ұлттың  тегіне,  дініне, 

көзқарасына  қарамастан,  барлық  азаматтардың  құқықтары 

мен  еркіндіктерінің  бұлжытпай  сақталуын  қамтамасыз  етті. 

Түптеп  келгенде,  Ассамблея  еліміздегі  халықтардың  тұрмыстық 

деңгейдегі  ұлтшылдықтың  пайда  болуына  жол  бермейтін,  бір-

біріне  төзімділікке,  шыдамдылыққа  тәрбиелеуді  дәріптейтін  ең 

маңызды  ұйымның  бірі  болып  саналады.  Осының  нәтижесінде 

әрбір  қазақстандық  кең  ауқымды  ойланып,  достық  пен  өзара 

түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. 

ІІІ  топ.  Керей  мен  Жәнібектің  соңына  ерген,  қазақ  атанып 

бөлінген  жұрттың  әуелгі  саны  –  екі  жүз  мыңдай  адам  болған. 

Бұл  сан сол заман үшін көп халық, бірақ байтақ ұлыста қалған 

туыстардың саны бұдан алты-жеті есе артық болатын. 

         Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи Рашиди” атты 

шығармасында  былай  деп  жазады:  «Ол  кезде  Дешті-қыпшақ 

Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға 

күн  көрсетпеді.  Нәтижесінде  Керей  мен  Жәнібек  Моғолстанға 

көшіп  барады.  Есенбұға  хан  оларды  құшақ  жая  қарсы  алып, 

Манғолстанның  батыс  жағындағы  Шу  мен  Қозыбас  аймақтары 

берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды 

да,  Өзбек  ұлысының  щаңырағы  шайқалды.  Ірі–ірі  шиеленістер 

басталды.  Оның  үлкен  бөлігі  Керей  мен  Жәнібекке  көшіп  кетті. 

Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. 

Оларды  өзбектер  «қазақтар»  деп  атады.  Қазақ  сұлтандары  870 

жылдары  билей  бастады».  Сөйтіп,  1465-1466  жылдыры  Шу  мен 

Талас  өзендерінің  алқабында  Қазақ  мемлекетінің  негізін  салған 

дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде 

тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады...

Ә) Білгенге – маржан... Тест жұмысы. (5 мин.)

     1. Бірыңғай бастауышты табыңыз:

А) Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады.

В) Атам ат әбзелдерін оюлап, өрнектеп, өріп жасайды. 

С) Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы, қымбат қазынасы.

Д) Ақын жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.

Е) Қатық - әрі тағам, әрі сусын.

      2.Бірыңғай анықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз: 

А) Мұнда шай, лимон, мандарин өсіріледі.

В) Мағаштың бойы сымбатты, сұңғақ, биік.

С) Құда жігіт жалтақтап, ыңғайсызданып отыр.

Д) Әбіш Абайдан үлкен, сапалы, терең жауап күтті.

Е) Ерболға да, Шұбарға да сыр мәлім болды.

     

3.  Бірыңғай толықтауыштың байланысу түрін көрсетіңіз:



Ол Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді.

А) Қиысу  В) Матасу   С) Меңгеру   Д) Жанасу   Е) Қабысу

     4. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз. 

А) Ол – сенің я ағаң я інің.

В) Орта бойлы: бірі ақ толықша сұр жігіт еді.

С)  Қазақстандағы  ірі  өзендер  мыналар  –  Ертіс,  Жайық, 

Сырдария.

Д) Күз аспаны күңгірт - бұлыңғыр.

Е) Биылғы қыстың басы адамға да, малға да әзір аса жайлы боп 

тұр.


    

5. Бірыңғай баяндауыш қандай сөз табынан, анықтаңыз:

Алыстағы жоталар мен айналадағы өлкелер де панасыз, жүдеу. 

А) Зат есім   В) Сан есім   С) Есімдік   Д) Сын есім.  Е) Одағай

Жауабы: 1. А   2. Д   3. С    4. Е   5. Д  (Оқушылар бірін-бірі 

тексереді)

Бағалау.  Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда... (1 мин.)

Топ  басшысы  топ  мүшелерін  бағалап,  бағалау  парақшасын 

тапсырады. Үйге тапсырма беру.



128

129


Ж.РАЙҚҰЛОВА, 

«Қосағаш» жалпы орта мектебі.

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Қазығұрт ауданы,

Қосағаш  ауылы



САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС 

СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ

Сабақтың  мақсаты:  а)  Сабақтас  құрмалас  сөйлем  оның 

түрлері    және  жасалу    жолдары    туралы  ұғымды  қалыптасты

ру;                          ә) Оқушылардың  дүниетанымын, өз беттерінше  

іздену,  жұмыс  жасау  дағдыларын  дамыту,  логикалық  ойлауын 

жетілдіру;  б)  Ұлы    тұлғалардың  өнегелі  өмірі  мен  ұлағатты 

сөздерінен  тәлім-тәрбие    алуға  үйрету.  Типі:  жаңа    тақырыпты 

меңгерту сабағы.Әдісі: топтық жұмыс «Топтастыру» стратегиясы, 

өзіндік ізденіс, түсіндіру. Көрнекілігі: сурет, плакаттар, сызбалар 

және  дидактикалық  материалдар,  «Өтті    дәурен  осылай», 

«Кемеңгер  Қонаев»  атты  кітаптар.  Сабақтың  маңыздылығын 

ашу.   а) Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды  түгелдеп, назарларын 

сабаққа аудару; ә)Тірек білімдер.  

Салалас  құрмалас  сөйлемдер  олардың  түрлері  мен  жасалу 

жолдары.

-Балалар,  қонақтар,  біз  бүгін  семинар  өткізіп  отырмыз. 

Осы  айтулы  іс-шара  қазақтың  біртуар  ұлы,  ұлы  тұлға,  көрнекті 

мемлекет  қайраткері,  заманымыздың  пайғамбары    Дінмұхамед 

Ахметұлы Қонаевтың 102 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп 

отыр екен. Сондықтан мен бүгін  сабағымды кемеңгер  тұлғаның 

рухына  тағзым  ете  отырып,  «Сабақтас  құрмалас  сөйлем  туралы 

түсінік беруде  ұлы тұлғаның  қанатты сөздерін пайдалану» деп 

алып отырмын.

Айбарлы  ақын,  қоғам  қайраткері  Олжас  Сүлейменов: 

Жиырмасыншы  ғасырда  біз  шын  мәнінде  «Ұлы  «деген  атауға 

лайық  жандармен  қатар  өмір  сүру  бақытын  бастан  кешіппіз.

Солардың  ішінен  өз  басым  Қонаевты  еш  күмәнсіз    еске  алар 

едім,-депті. Сол себепті, Ұлы тұлғалардың өнегесін ұрпаққа үлгі 

ету  біздің,  яғни  ұстаздардың  еншісінде  деп  білемін.Олай  болса, 

сабағымызды бастайық! Сыныпты үш топқа бөлеміз.

І топ-«Салалас».

ІІ топ-«Сабақтас».

ІІІ топ- «Аралас».

- Ал, балалар, Д.А.Қонаев кім? Ол туралы не білеміз?(Оқушылар 

ұлы тұлғаның  өмір жолынан деректер келтіреді.)

-  Балалар,  біз  алдыңғы  сабақтарда  салалас  құрмалас 

сөйлемдерді,  олардың  жасалу  жолы  және  түрлерімен  таныстық. 

Үйге салалас құрмаластың  түрлеріне  Д.А.Қонаевтың «Өтті дәурен 

осылай»  атты  кітабынан  мысалдар    жазып  келу  тапсырылған.

Оқушылар дайындап келген мысалдарын оқып, салалас сөйлемнің 

түрін , жасалу жолын дәлелдеп береді.

ІІІ.  Жаңа  ұғымдар    мен  әрекет-тәсілдерді  қалыптастыру.

Сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру. Құрамындағы жай  

сөйлемдердің    алғашқысы  тиянақсыз  болып,  соңғысына  бағына 

байланысады. Мына бір Димаш атаның қанатты сөздерін мысалға 

алайық.


1.Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

2.Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

3. Ойланып айтпай, опық жемесек екен.

Бұл сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің  алғашқысын 

бөліп айтуға болмайды, өйткені бұлар тиянақсыз болады.Ал екінші 

жай  сөйлемнің    баяндауышы  тиянақты  болады.  Сондықтан  олар 

дербес жазыла береді. Сабақтас  қүұрмаластың құрамындағы жай 

сөйлемдер бағыныңқы, басыңқы  болып бөлінеді.

Бағыныңқы                                                    Басыңқы

Сабақтас құрмаластың жасалу жолын кесте-плакаттағы сызба 

бойынша түсіндіремін.

Жасалу жолдарының сызбасы.

Б а ғ ы н ы ң қ ы н ы ң 

баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сызбасы

1. Шартты рай



-са,-се

Бағыныңқы басыңқы

(....)барса (...)



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау