114
115
А.КЕНЖЕХАНОВ,
Алғабас орта мектебі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Күршім ауданы,
Алғабас ауылы
АБАЙ АУЫЛЫНА САЯХАТ!
(10- сынып)
Мақсаты: Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін
жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы
Абайды жан-жақты таныту; оқушыларды адамгершілікке,
имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің
тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, мәнерлі сөйлеуге
дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық
ізденісін дамыту.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, т.б.
Көрнекілігі: слайд, шрифтограммалар, кітаптар, плакаттар.
Түрі: саяхат сабақ. Типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәселелік,сайыс, т.б.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2.Өтілген материалдарды жинақтау:оқытушының кіріспе сөзі.
Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға
жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға
толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары –
адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл
қазынасы.Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау,
жүйелеу мақсатындағы Абай атамыздың шығармашылығына
саяхат сабағымызды бастайық. Алған білімдерін жинақтау
мақсатында мәселелік сұрақтар (үй тапсырмасын пысықтау).
Оқушыға сұрақтар қойылады, сұраққа ойланып жауап беру
керек.
1. Абайдың әкесі - Құнанбай қажы ел аузында текті адам
болған деседі, ал сен ол кісінің тектілігін қандай амалдарымен
көрсете аласың?
2. Би–болыстар жұрт алдына мал–мүлкін салғанда,
Абай жұрт алдына білімін салған еңбегі халық алдында қалай
бағаланды?
3. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген ел даналығы
бар. Олай болса Абай бабамыздың жеті атасын атап бер.
4. Абай өлеңдері тәрбие арнасы деген сөз қаншалықты
шындыққа жанасады, мысалмен дәлелде.
5. Абай - Шығыс пен Батыс әдебиетін жалғаушы күре
тамыр.( Пушкин, Гете, т.б. шығармалары, аудармалары туралы
айтып бер)
6. Абай
ауылының
жайлауға
барар
жолдағы
қоныстарының бірі - Талдыбұлақ. Бұл туралы «Абай жолы»
романының «Қайтқанда» тарауында баяндалады. Олай болса
бүгінгі сабағымыздың ұлағатты ұлы сөзімен танысып өтейік:
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге
танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің
ұлттық ұранымыз болуға тиісті.
Н. Назарбаев.
Міндетті деңгей.
Асыл сөздердің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық
---------------------- (Аздырар адам баласын)
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті
------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы
ақыл,жылы жүрек)
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп-------------------- (Екі жаққа үңілдім)
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
-------------------------------------------
(Жылатқан
тұла
бойды ыстық жүрек)
116
117
Досы жоқпен сырлас
-------------------------- (Досы көппен сыйлас)
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,
--------------------------------------- (Алды – ойын, артқы
жағы мұңға жуық)
Бой сергіту сәті.( Абай шығармасы есеп сабағында, «Абай
жолы» романынан) Абай бабамыз тек әдебиет саласында емес,
физика, биология, техника, т.б. салада еңбектері барын ескерсек
деймін. Соның бірі - есеп.
Құнанбай олжасы (« Абай жолы» романы, І том, 100-бет) Аға
сұлтан Құнанбай Қарқаралыға өз қаржысына мешіт салдырып,
оның ашылу рәсімінде болып, мұсылман қауымнан алғыс
алады, мырза атанады. Қайтарда Шұбартау, Дегелең, Абыралы
қойнауынан жайлаған ауылдар арқылы жүреді.
Есеп шарты: Шұбартау, Абыралы, Дегелең қойнауын
жайлаған 10 ауылдың ру басылары Құнанбайға сәйгүлік
сыйлайды. Кестені пайдаланып, сан тізбегі арқылы сол 10
ауылдан алған сәйгүліктер санын анықта
Шұбартау Абыралы Дегелең
3 5 А3 А4 А5 А6 А7 А8 А9 А10
d = 5 – 3 S10 – 120
Жауабы: 120
Шрифтограммаларымен жұмыс.
1. «Шахмат атының жүрісімен»
1қ
н
қ
4с
і
ң
6қ
с
р
е
з
я
ы
с
о
а
а
г
ы
л
2ж
д
с
а
а
л
н
ы
м
й
б
з
д
а
а
ұ
т
ә
ғ
л
о
т
ұ
ғ
ы
а
б
ы
з
р
б
3д
а
5м
о
Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша
асып өту керек. Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.
Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады.
(«Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «Мәз
болады болысың», «Қыс»)
Шығармашылық тапсырма. Абай өлеңдерінің жалғасын тап.
(Ойдан өзі шығару керек)
-------------------------- Пайда ойлама, ар ойла,
-------------------------- Талап қыл артық білуге.
Ұстаздық еткен жалықпас, --------------------------
Үйретуден балаға. --------------------------
Сабақты қорыту. Кестені толтыр.
Insert стратегиясы бойынша жұмыс.
V
+
?
Білемін
Б і л д і м ( м е н
үшін жаңа ақпарат)
Білгім келеді
Сұрақтары бар қорап. Сыныпта қойылған қорапқа өтілген
сабақ бойынша өз сұрақтарыңды қалдырыңдар. Бұл сұрақтар
келесі сабақ басында талқыланады
Білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасын беру. Абай қарасөздері қосымша материал
әкелу, топ бойынша дайындалу.