«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет3/34
Дата14.05.2018
өлшемі1,08 Mb.
#12315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

6

7

көршілік,  тарихи  тағдырластық  қазақ  халқының  мәдени 



өміріне, әсіресе, әдебиетіне көп әсерін тигізді. Ұлы ақын Абай 

да    алдымен  шығыс  поэзиясымен  танысып  өзіне  үлгі  етті.

Мақтымқұлы  Фрагидің  шығармашылығына  Қазақстан 

Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

бекітуімен  ертеден-ақ  қазақ  әдебиеті  бағдарламасында 

арнайы  сағат  бөлініп,  оқулыққа  енгізілген.  Әсіресе,  2001 

жылғы  жаңа  буын  оқулықтары  дайындалған  кезде  қазақ 

әдебиетінің  9-сыныбына,  хрестоматиясына  енді.  Қазақ  елі 

жастарының  ақын  шығармаларымен  танысуы,  әлемдік 

рухани  байлықтарды  меңгеруге  басқа  елдер  мәдениеті 

мен  әдебиетіндегі  жетістіктерден  үлгі  алуға  бағыт-бағдар 

алуына  жол  ашары  сөзсіз.  Сондай-ақ  2007  жылы  шыққан 

(Түркі тілдес халықтар әдебиетінің кейбір үлгілері, Алматы, 

авторлары: Жұмажанова Т.Қ., Тыныбаева Ө.Қ.) атты  оқулық-

хрестоматияда  Мақтымқұлы  Фраги  еңбектері  қазақ  тіліне 

аударылып, енгізілген.

Ақын  өлеңдерінің  тақырыбы  –  сан  алуан.  Батырлықты 

мадақтаған  жырларында,  шығыс  үлгісіндегі  дидактикалық 

сарындар да, ескі аңыздар сюжетіне жазылған шығармалар 

мен  табиғатты,  адал  махаббатты  ардақтайтын  лирика  мол 

кездеседі.  Мақтымқұлы  Фраги  –  елін  сүйген  патриот. 

Мысалы,  «Түркімен  тағдыры»  өлеңінде  ойшыл  ақын  өз 

тағдырын халық тағдырымен біртұтастықта алып жырлайды. 

Халық мұңы өз мұңы екенін, халық бақыты өз бақыты екенін, 

«ел тағдыры –бірлік, ынтымақта» деп ақтарыла ой қозғайды. 

«Әлі  орнынан  тұрар  желі  түркіменнің»  деп  жақсылыққа 

сенеді. Халықтың болашағын дұрыс тани білуге көмектесу 

ақын өлеңдерінен анық байқалады. 

«Еңбегіңе бол адал, ғылым табар шақ керек...» деп ашып 

айтады.  Ол  қоғамдағы  әділетсіздікті  сынап,  «Боларсың» 

деген  өлеңдерінде  адамдық    қасиетті  өте  жоғары  қойып, 

дүние опасыздығын:

   Асқар таулар, биікпін деп бәлсінбе,

   Күнің жетсе, сенде типыл боларсың.

        Ескендірше жердің жүзін шапсаң да



      Сонда дағы жермен жексен боларсың,.

деп  көрсете  отырып,  адамдарды  бірін-бірі  түсініп 

бағалауға, аспай-саспай өмірді сүюге шақырады. 

  Ал  ақын  «Ақырзаман»  деген  өлеңінде  өмірдегі  кейбір 

келеңсіз жағдайларды тауып айтып, жүрегіндегі қорқыныш 

сезімін  жасырмай  жайып  салады.  Ол:  «Ақырзаман  келіп 

қалған жоқ па? Халықтың ниеті бұзылды –деп кімді де болса 

ойландырар,  сан  сұрақтың  шешімін  табуға  ұмтылдырар 

парасатты  ойға,  ізгілікке  жетелей  түседі.  Ақын  жырының 

өміршеңдігі сондай, тіпті бүгінгі күндегі кейбір жағдайларды 

суреттеп, жазғандай әсер қалдырады. 

Оның  халықшыл  үнін,  дауысын,  жан  айқайын  ерекше 

сезінеміз.  Оның  өлеңдерінің  әр  шумағында  кесек-кесек 

түйін, тұжырым жатыр. Өз заманының шындығын жаңаша 

бейнелеуде  ол  өзінен  кейінгі  түркімен  лирик  ақындары 

Малланепес,  Кемине,  т.б.  жарқын  жол  ашып  берді.  Олар 

–Мақтымқұлы  мектебінен  өткен  ақындар.  Ақын  өзінің  ой-

пікірлерінің  жаңашылдығымен,  ағартушылық  әдебиеттің 

үздік  өкілдерінің  қатарын  толықтыра  түседі.  Бүгінде 

Мақтымқұлы  Фрагидің  өлеңдері  көптеген  халықтың 

тілдеріне аударылған. Оның өлеңдері неше ғасыр өтіп кетсе 

де, өз құндылығын жоймайды. Біз ақын өлеңдерінің жүрек 

түбінен  шыққан  шынайы,  таза  мөлдір  сырларына  терең 

бойлап,  жан-жақты  әдеби-тілдік  талдаулар  бере  отырып, 

жаңа  технологиямен  оқытып  жатқанымыздың  пайдасы 

қашанда жастарымыздың танымдық ой-дүниесін арттыруға 

өз үлесін қосарына сеніміміз мол.

 Біз әлемдік білім кеңістігінен орын ала отырып, ұлттық 

білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың 

арнаға,  жаңа  сапаға  жеткізуге  ұмтылуымыз  керек.  Білімді 

жеке  тұлғаға  қарай  бағыттау  оқушының  өзіндік  ізденісін 

арттыруға,  өзін-өзі  дамытуына,  тәрбиелеуіне,  олардың 

дарынын  аша  білуіне  әсерін  тигізе  отырып,  мұғалімдерге 

зор  міндеттер  жүктейді.  Мәселен,  9-сыныпта  М.Фраги 




8

9

шығармаларын  терең  меңгерте  білуде  әр  түрлі  жұмыс 



түрлерін жүргізуге болады. Соның біреуіне тоқталсақ.

ой қозғау             мағынаны            қызығушылық                өзіндік

                              ажырату               туғыза  білу                     пікір

       


Тақырыпқа  сәйкес  ой  қозғау  үшін  бірнеше  сұрақтар 

беруге  болады.  Осы  сұрақтарға  жауап  беруде  олар 

шығармашылық деңгейге жетуге тырысады. Олар өз бетінше 

жаңа  дүние  әкелуге  ұмтылады.    Олар  алған  білімдерін 

жай  қабылдамайды,  талдайды,  саралайды,  салыстырады.  

Өз  пікірлерін  жинақтап  ортаға  салады,  жаңа  өнім  жасап 

шығарады, ең бастысы, оқиғаны түсінеді. Шығармашылық 

деңгейде олар мұғалім көмегіне сүйенбейді.

 Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

         1.«Боларсың» өлеңіндегі адамдық қасиеттерді санап    

көрсетіңдер.                                                                     

              2.Орынсыз  мақтануға  болмайтындығын  ақын  қалай 

суреттейді? 

          3.Біріңді-бірің бағалауға, өмірді ұғынып, сүюге жастарды 

қалай шақырады (мысал келтір)?

Шығармашылық  бағыттағы  тапсырмаларды  орындауда 

оқушылар жаңа шешім іздеп, нәтижеге жетеді. Олар ашқан 

жаңалықтарын  жүйелейді,  сызбаға  түсіруге  ұмтылады. 

Көмек-нұсқауды дұрыс пайдалана отырып, білімді  игеруге 

тырысады. Өз қабілеттеріне сенеді. Олар сұрақтар шешімін 

дұрыс беруге, өз ойларын айқын тұжырымдап, пікір айтуға 

ұмтылады. Қателескен жағдайда түзетуге тырысады. 

Демек,  оқушының  дарыны,  қабілеті,  ерік-жігері,  ойлау 

дағдысы, ішкі эмоциясы, т.б. дами түседі.  Әсіресе, салыстыру, 

қорытынды  жасау,  модель,  жоба  жасау,  оны  қорғау,  өз 

ойын  дәлелдеуге  дағдыланады.  Олар  бұрынғы  білімдерін 

жаңа  білімді  игеру  мақсатында  тиімді  пайдалана  алады.  

Оқушы білімін шығармашылық деңгейге көтеруде, мәтінді 

меңгертуде  әдеби  жаттығулар  мен  сұрау-тапсырмалардың 

рөлі зор. 

 

Көмек-нұсқау үлгісі

   1.М.Фрагидің «Боларсың» өлеңін әңгімелеп, қара сөзбен 

жазыңдар.

  2.Өз шешімдеріңді еркін жеткізу үшін мәтіннен мысал 

келтіріңдер.

  3.«Жермен жексен боларсың» атты өлеңнің мағынасын 

айқындап жаз.

 Оқушылар өз қиял, шабыттарына ерік береді. Монолог 

жазуға  ойын  бағыттап,  тырысады.  Білім  беру  жүйесіндегі 

түбірлі  жаңғырулар  жаңа  инновациялық  технологияны 

меңгеру,  содан  іздену  арқылы  жүзеге  асатынына 

мұғалімдеріміз ерекше мән бергендері жөн.

                                 Әдебиеттер:

     1 М.Фраги шығармаларын оқыту мәселесі // 9-сыныпқа 

арналған қазақ әдебиеті оқулығы. –Алматы: «Мектеп, 2012. 

-283-284 бб.

    2 Түбі бір түркі әдебиеті. –Алматы: Білім. 2007.

    3 Тюркский символ в художественном тексте. –Астана: 

Сарыарқа, -211-218 с.

Роль произведений Мактымкулы Фраги в казахской 

литературе

 

В  статье  говорится  о  великом  поэте  тюркменской 



литературы  Мактымкулы  Фраги  имя  которого  славится 

наряду с Фирдоуси, Сагди, Низами, о роли его произведений 

в казахской литературе.

 

Ключевые  слова:  патриот,  поэт,  тюркменская 



литература.

A role of works of Maktimkuli Fragi is in kazakh 

literature

 

In the article the name of that is talked about the great 



poet of turkmenic literature of Maktimkuli Fragi famous along 

with  Firdousi,  Sagdi,  Nizami6  about  the  role  of  his  works  in 

Kazakh literature.

 

Key  words:  a  patriot,  is  a  poet,  poerty,  turkmenish 



literature.

 

 



 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау