29
-
еңбек етушілердің әлсіз топтарын қорғау, мысалы әйелдерді, жастарды
мигранттарды.
ХЕҰ жаңа тенденцияларды талдауға кӛп кӛңіл бӛледі, яғни ӛзін-ӛзі жұмыспен
қамту және оның басқа да альтернативті түрі, сонымен қатар миграция мәселесін ұмыт
қалдырмайды.
Бекіту сҧрақтары:
1.
Қазақстанда жұмыс істейтін шет ел азаматтарында қандай құқықтық мәселелер
туындайды?
2.
Үкімет шетелдік жұмысшыларды елге кіргізуді қандай әдіспен орындайды?
3.
Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың негізгі міндеттері қандай?
Әдебиет тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы – Алматы,
2001ж.
2. Рофе А.И., Збышко Б.Г., Ишин В.В. Еңбек нарығы, жұмыспен қамту, еңбектің
ресурстар экономикасы: Оқу құралы – М., 1998ж.
3. Нысанбаев С. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту проблемалары –
Алматы, 2000ж.
9-Тақырып. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту саясатының
ерекшеліктері және оны реттеу
мақсаты: Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту саясатының ерекшеліктерін
кӛрсету.
жоспары: 1. ҚР-ның еңбек туралы заңнамасы.
2. ҚР-ның 1991 жылдың 1 шілдесіндегі «Жұмыспен қамту» туралы заңы.
3. ҚР-ның 1999 жылдың 16 қарашадағы «Ең тӛменгі күнкӛріс туралы» заңы.
тірек сөздер: нормативтік актілер, заңнама, жеке меншік, антиинфляция, кәсіпорын,
моноӛндіріс, депрессивті ауылдық аймақ.
Қазақстан тәуелсіздігін алып, ӛзінің ұлттық валютасын енгізген соң жаңа нарықтың
жаңарулар кезеңі басталды. Заңнамалық және нормативтік актілер мен антиинфляциялық
саясат құруға бағытталған ӛзіндік макроэкономика дами бастады. Сонымен қатар
экономиканың барлық саласындағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі қарқын
ала бастады. Осының барлығы макроэкономикалық деңгейде оң нәтижелер берді.
Қазақстандық нарықтың қалыптасуы 90-жылдардан басталады, ал заңнама
құқықтың негізі 1991 жылдың 1 шілдесіндегі «Жұмыспен қамту» туралы заңының
енгізілуімен қаланды.
Қазақстандық еңбек нарығының құрылуының сипаттамалық ерекшелігі келесідей:
-жұмыспен қамтуды азайтудың ӛсіп келе жатқан тенденциясы кезеңінде;
-халықтың экономикалық белсенділігін арттыру;
-жұмыспен қамтылмаған азаматтардың үлкен пайызы;
-жұмыс күшін босату үрдісін тездету;
-жұмыс күшіне сұраныстың күрт азаюы;
-ресми мақұлданған 1995-1996 жж.жұмыссыздардың айтарлықтай ӛсуі;
-жалпы және тіркелген жұмыссыздар арасындағы ажырау.
Соңғы жылдары еңбек нарығында жұмыспен қамтылу ӛсіп, сәйкесінше
жұмыссыздық азайды.
Республика экономикасында 2004 жылдың қаңтары бойынша еңбектік қызметпен
6862,8 мың адам, оның ішінде 4219,8 мыңы – жалдамалы жұмысшылар. Жұмыспен
қамтылғандардың жартысынан кӛбісі ірі және орта кәсіпорындарда жұмыс істейді.
1999 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Статистика Агенттігінің хабарлауынша,
жұмыссыздық деңгейі 4,7% азайған. Жұмыссыздар саны сәйкесінше азаюда жұмыссыздар
30
құрылымында әрбір екінші - әйел, әрбір үшінші – 15-39 жас аралығында. Жұмыспен қамту
мәселесі моноӛндірістік қалалар мен депрессивті ауылдық аймақта ӛте ӛткір болып отыр.
Бекіту сҧрақтары:
1.
1990-шы жылдардың басындағы жұмыскерлердің жаппай жұмыстан босау себептері
2.
Еңбек ұйымындағы кәсіподақтың рӛлі
3.
Кәсіподақтар қатысатын еңбек рыногының үлгісіне не тән?
Әдебиет тізімі:
1.
Нысанбаев С. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту проблемалары –
Алматы, 2000ж.
2.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы – Алматы,
2001ж.
3.
Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы – Алматы, 2001ж.
4.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (Негізгі заң) – Алматы, 1998ж.
5.
1999 жылғы 16 қарашадағы «Ең тӛменгі күнкӛріс туралы» ҚР Заңы;
6.
1997 жылғы 20 маусымдағы «ҚР-дағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР
Заңы;
10-Тақырып. Әлеуметтік-сегменттік еңбек нарығы: әйелдер мен жастарды
жұмыспен қамту
мақсаты: Еңбек нарығындағы әйел адамдар мен жастардың проблемасын толығымен
қарастыру.
жоспары: 1. Еңбек нарығының сегментациясы.
2. Еңбек нарығындағы әйелдардің үлесі.
3. Жастарды жұмыспен қамту саясаты.
тірек сөздер: сегмент, сегменттелген еңбек нарығы, психогеграфиялық кӛрсеткіштер,
коммерция, мәжбүрлі жұмыссыздық, кәсіби оқыту, қайта оқыту, әлеуметтік қорғау.
Әрбір нарық сегмент деп аталатын бӛліктерге бӛлінеді.
Еңбек нарығының сегментациясы бұл – жұмыс берушілер мен еңбек сатушыларын
ортақ нысандары бойынша біріктірілген топтарға бӛлу процесі.
Сегменттелген еңбек нарығы – бұл ӛз арасында бәсекеге түсетін жұмысшылар
категориясы тұрақтайтын оның белгіленген бӛлігі, яғни сегменті бар нарық. Мұндай
сегменттер, мысалы әйел еңбегі, мүгедек, қарт адамдардың еңбегі нарығында
қалыптасады.
Еңбек нарығын сегменттеу нарыққа анализ жасағанда, оның құрылымы мен
кӛлемін анықтағанда ерекше маңызы бар.
Сегментация әр түрлі критерийлер бойынша және түрлі нысандарға байланысты
жасалады. Олар: географиялық жағдайы, демографиялық сипаттама, әлеуметтік-
экономикалық
кӛрсеткіш,
психогеографиялық
кӛрсеткіштер,
мінез-құлықтық
сипаттамалар.
Нарықтық экономикасы бар елдер тәжірибесі кӛрсеткендей, еңбек нарығындағы
әйелдер үлесі жылына 2% ӛседі, ал жұмыспен қамтылмағандардың 40% да олар құрайды.
Бұл ең біріншіден демографиялық және экономикалық факторлармен түсіндіріледі.
Сонымен бірге әйелдердің жалпы білім деңгейіне де байланысты.
Әйелдердің жұмыспен қамтылған салалық құрылымында келесідей ӛзгеріс жүріп
жатыр: нарықтың жұмыс істеуі үшін жалпы коммерциялық қызметтегі әйелдер үлесі –
51,5%, ғылым мен ғылыми қызмет кӛрсету – 54,2%, байланыс – 60,7%, сауда – 62,8%,
қаржы, несие және сақтандыруда – 66,1%, соның ішінде Ұлттық Банкте – 70,7%, екінші
деңгейлі банкте – 66,0%, мәдениет – 69,6%, ақпараттық қызмет – 76,0%, қоғамдық
тамақтануда – 76,4%.