61
Мысалы, 9-сыныптың оқулығында 1911 жылы Резерфордтың Күн
жүйесіне ұқсас атомның планетарлық моделін ұсынған жайлы қысқаша
тоқталған. Ол модель бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айналып
жүрген электроннан тұратыны туралы баяндалған. Ал 11-сыныпта Резерфорд
тәжірибесі сапалық түрде талдау жүргізілген және осы тәжірибеде классикалық
физиканың заңдылықтары орындалмайтындығын дәлелденген. Ал ЖОО-да
күрделі түрде түсіндіріледі, яғни тәжірибесіне есептеу жүргізу нәтижесінде
Резерфорд формула анықтап табады. Резерфорд формуласын ядро зарядын
ӛлшеу үшін қолдануға болады.
Білім алушыларға оқу материалын баяндау кезінде атомдық және ядролық
физиканың маңызы ерекше заңдылықтары мен қағидаларына жете назар аудару
керек. Ал, физика түптеп келгенде эксперименттік ғылым болғандықтан,
әлемнің физикалық сипатын терең ұғынып қабылдау үшін оны түсіндіруді
жақсы жабдықталған экспериментке жүгіну арқылы түсіндіру ғана нәижелі
болады.
Шын мәнінде атомдық және ядролық құбылыстарды оқытуда
демонстрациялық тәжірибелерді кӛрсету кӛп жағдайында мүмкін бола
бермейді. Осы қиындықтан шығу мақсатында атомдық және ядролық физика
құбылыстарын оқытуда анимациялық-компьютерлік технологияға жүгінуге
тура келеді.
Білім берудің түпкі нәтижесі адам әркетінің жеке түрлерін меңгерту ғана
емес, үнемі жаңа әрекет түрлерін игеруге мүмкіндік беретін құралдар мен білім
алу әдіснамасын меңгеру болып табылады. Сондай әдіснамалық амалдардың
бірі – физикалық құбылыстар мен процестерді модельдеу.
Визуалды техникалық оқу құралы:
1. Білім алушы әрекетінің аса тиімді түрі ретінде;
2. Арнаулы курс бойынша жаңа білім алудың лайықты әдіснамасы ретінде;
3.
Компьютерді
атомдық
және
ядролық
физикада
(шынайы
демонстарциялық тәжірибелерді кӛрсету мүмкін болмаған жағдайда)
қолданудың бір түрі ретінде жүзеге асырылады.
Оқу үдерісінде атомдық және ядролық физиканың құбылыстарын және
процестерін компьютерде модельдеу арқылы оқытудың ғылымилығын,
кӛрнекілігін, жүйелілігін, белсенділігін арттыруға болады, бұл одан әрі
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштасады.
Атомдық және ядролық физика құбылыстарын эксперименттік тұрғыда
түсіндіруде аудиовизуалды техникалық оқыту құралдарын пайдалану атомдық
және ядролық физика құбылыстарының мәнін терең түсіндіруге мүмкіндік
береді.
Визуалды техникалық оқыту құралын пайдалану оқу материалын
меңгертуде кӛрнекілікті жүзеге асырады, яғни ядроның ыдырауы, рентген
сәулесі, уран ядросының бӛліну механизмі, ядролық реакция және т.б.
құбылыстар мен процестерді кӛрнекі түрде бейнелейді.
Бағдарлама бойынша, атомдық физиканы оқып үйрену, әдеттегідей, атом
құрылысынан басталады. Мұнда оқытушы алдымен атомның ашылу тарихын
62
баяндайды, содан соң атомның құрамы мен құрылысы қарастырылады. Атом
құрылысын түсіндіру кезінде «Атомның құрылысы» атты анимацияны екі
жағдаймен қосуға болады: біріншісі модельді кӛрсету арқылы түсіндіру үшін,
екіншісі, ӛтілген материалды қорытындылау үшін. Оны атом ядросының
құрылысын ӛткенде де кӛрсетуге болады. Бұл атомдық физиканы оқып
үйренудегі негізгі тақырып, сондықтан да анимациялық құрал атом құрылысы
жӛнінде нақты ұғым қалыптастыруы қажет (сурет 3).
Сурет 3– Атом құрылысы
Одан әрі ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы қарастырылып,
«меншікті байланыс энергиясы» ұғымы енгізіледі. Әрі қарай байланыс
энергиясының мағынасын түсіндіру үшін оқытушы ядроның синтезделуі және
бӛлінуі тақырыптарын қарастырады. Синтезделу мен бӛлінудің не екенін
кӛрнекі түсіндіру үшін қажетті анимацияларды кезекпен қосады. Анимация
қарапайым модельде, яғни синтезделудің қалай жүретінін және нәтижесі қандай
болатынын кӛрсетеді, ядроның бӛлінуінің де баламасын кӛрсетеді (сурет 4,5).
Атом қҧрылысы
63
Сурет 4 – Ядролардың синтезі
Жоғары оқу орнының оқытушысы ӛз дәрістерінде атомдық және ядролық
физика құбылыстары мен процестерін түсіндіруде анимациялық-компьютерлік
технологияны қолданып ӛткізсе, онда осындай дәрістер тыңдаған болашақ
физика мұғалімдері де ӛз сабақтрында дәл солай ӛткізуді үйренеді.
Жалпы, визуалды техникалық оқыту құралдары сабақта қолдану білім
алушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, оларды тұлға ретінде
қалыптастыруға ӛз әсерін тигізеді. Тек оларды тақырыптың ерекшеліктеріне,
мән-мағынасына қарай таңдап, орынды қолдана білу керек.
Сурет 5 – Ядролардың бӛлінуі
Ядролардың синтезі
Ядролардың бөлінуі
64
Қорыта айтқанда, педагогикалық жоғары оқу орындарында атомдық және
ядролық физиканы оқытуда аудиовизуалды оқу құралдарын қолдану атомдық
және ядролық физиканың негізгі ұғымдарының мәнін тереңірек ашуға, атомдық
және ядролық физиканың құбылыстары мен процестерін бақылауға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ материалды терең түсінуге, баяндалатын құбылыстардың
физикалық мәнін неғұрлым кең ашуға кӛмектеседі және білім алушыларды
шығармашылыққа жетелейді деп есептейміз [75].
Бірінші тарау бойынша тҧжырым
Бүгінгі қарқынды дамып келе жатқан қоғам педагогикалық жоғары оқу
орындарында оқыту технологияларын жетік меңгерген, білімді де алғыр
мұғалім даярлауды міндет етіп отыр.
Осыған орай, бірінші тарауда педагогикалық жоғары оқу орындарында
болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың мәселелері қарастырылды. Әдіскер
ғалымдардың болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесіне арналған еңбектеріне
талдау жасау негізінде болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың практикалық
іс-әрекетке негізделген моделі кӛрсетілді.
Болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың практикалық іс-әрекетке
негізделген моделі негізінде оқу практикасына енгізілген оқытудың
психодидактикалық модельдері және білім беру модельдерін іске асыруға
арналған психодидактикалық әдістері берілді.
«Атомдық және ядролық физика» курсының құрылымы және мазмұндық
ерекшеліктері талданып, «Атомдық және ядролық физика» курсының
бағдарламасы келтірілді.
5В011000 – Физика мамандығында оқылатын «Атомдық және ядролық
физика» курсы мен мектептің 9 және 11 сыныптарының физика курсында
атомдық және ядролық физика бойынша оқытылатын мәселелердің мазмұны
берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |