69
Өткен сабақтарда жапырақ жасушасында органика лық
заттардың түзілуі барысында оттегі бөлінетінін айтқан
едік. Өсімдіктер осы қоректік заттардың түзілуі үдерісінде
бөлінетін отте гінің бір бөлігін өзі тыныс алу үшін пайда-
ланады жəне кө мірқышқыл газын бөліп шы ғарады.
Өсімдіктердің тыныс ала тынын тəжірибе жүзінде анық-
тауға болады. Ол үшін ау зы шыны пластинка мен мықтап
бекітілетін екі ста кан алыңдар да, олар дың ішіне жаңа
ғана ке сіп алын ған жапырағы бар өркендерді салыңдар.
Екі стакан ның ішіне жанып тұрған сіріңке шырпысын
түсірің дер. Шырпылар сөнбейді. Демек, стакан ішіндегі
ауада оттегі бар. Енді екі стаканның аузын да шыны
пластинкамен тығыздап бекітіңдер. Олардың біреуін
жарық жақсы түсетін жерге, ал екіншісін қараңғы жерге
қойыңдар. Бірнеше сағаттан кейін оларға жанып тұрған
сіріңке шырпысын түсіріп, əрбір стакан ішіндегі ауаның
құрамын тексеріңдер. Бұл тəжірибеден қорытынды
шығарып, дəптерлеріңе жазып алыңдар (61-сурет).
Өсімдік – біртұтас ағза. Оның барлық тірі жасушалары
тыныс алады жəне өсіп-дамиды (62-63-суреттер).
Өсімдіктер өмір сүру үшін сыртқы ортадан қажетті зат-
тарды жəне энергияны сіңіріп алады. Бұл заттар өсімдік
жасушаларында өзгеріске ұшырайды да, өсімдік денесінің
құрылысына қатысатын заттарға айналады. Өсімдік
ағзасын қалыптастыруға жұмсалатын заттарды түзу үшін
энергия қажет болады. Сонымен қатар энергия өсімдік
жасушаларының өсуі мен бөлінуі үшін де жұмсалады.
Жасыл өсімдіктер автотроф-
ты ағзалар ретінде жарық
энергиясын сіңіріп алады
да, оны органикалық зат-
тар түзуге жұмсайды. Фо-
тосинтез үдерісінде көмір
қышқыл газы мен судың қа-
тысуы арқылы жарық энер-
61-сурет. Өсімдіктің тыныс
алуын көрсететін тəжірибе
a
b
70
гиясы есебінен қант түзіледі. Ол өз кезегінде өсімдік
ұлпаларына қажетті крахмал мен клетчаткаға айналады
да, ақуыздардың, майлар мен дəрумендердің түзілуіне
жұмсалады. Ал бұндай заттар өсімдік жасушалары мен
ұлпаларының құрылысы үшін өте-мөте қажет.
Өсімдіктердің тыныс алу үдерісінде органикалық зат-
тар бейорганикалық заттарға – су мен көмірқышқыл га зы-
на дейін бөлшектенеді. Осының нəтижесінде өсімдіктер-
дің тіршілік қызметіне керекті энергия бөлініп шығады.
Қысқасы, фотосинтез жəне тыныс алу үдерістері бір-
бірімен тығыз байланысты үдерістер болып табылады.
Өсімдік ұлпаларындағы заттар мен энергияның
бұндай өзгерісі зат алмасу деп аталады. Зат алмасу –
барлық тірі ағзалар секілді өсімдіктердің де аса маңызды
ерекшеліктерінің бірі.
§ 29. ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУДЫ БУЛАНДЫРУЫ
Өсімдіктер өміріндегі маңызды үдерістердің бірі –
суды буландыру. Судың булануы нəтижесінде тамыр
арқылы су мен минералды тұздардың сіңірілуі жылдам-
дайды. Бұл заттар сабақтың бойымен қозғалады. Суды
буландыру өсімдік мүшелерін шектен тыс қызып кетуден
сақтайды.
Бұған тəжірибе жасау арқылы көз жеткізуге болады.
Мысалы, гүлтүбекте өсіп тұрған өсім діктердің біреуінің
жапырақты өркенін колбаға салып, аузын мақтамен ты-
ғындап қойсақ, арадан бірнеше сағат өткен соң колбаның
62-сурет. Фотосинтез жəне
жапырақтың тыныс алуы
63-сурет. Өсімдіктің барлық
мүшелерінің тыныс алуын
көрсететін тəжірибе
көмірқыш-
қыл газ
көмірқыш-
қыл газ
оттегі
сабақ
тамыржеміс
ұрық
оттегі
71
қабырғасында су тамшыларының пайда болғанын көреміз
(64-сурет). Бұл – өсімдік жапырағынан бу күйінде бөлініп
шыққан су.
Су жапырақтардағы лептесіктер арқылы буланып шы-
ғады. Бір түп өсімдіктегі жапырақтардың қанша су бу-
ландыратынын есептеп шығайық. Алдымен өсімдіктің
жапырақты өркенін суы бар шыны ыдысқа саламыз да,
судың буланып кетпеуі үшін оның бетіне аздап май та-
мызамыз. Таразының бір табағына шыны ыдысты, екінші
табағына таразы тасын қойып, таразыны тепе-теңдікке
келтіреміз. Жапырақтар суды буландыратындықтан,
шыны ыдыстағы су азаяды. Соның нəтижесінде шыны
ыдыс қойылған таразы табақшасы бірте-бірте кө теріле
береді. Бір тəуліктен соң та разының табақтарын тара-
зы тас тары арқылы тағы да тепе-теңдікке келтіріп, бір
тəулікте қанша су бу ланғандығын есептейміз.
Өсімдіктер түріне жəне қай жерде өсетініне қарай то-
пырақтан алатын суды əр түрлі дəрежеде буландырады.
Ыстық жəне құрғақ жерде өсетін өсімдіктер суды ылғалды
жердегі өсімдіктермен салыстырғанда аз буландырады.
Өйткені кей бір шөл өсімдіктерінің жапы рақтары ұсақталып
кеткен (сек сеуіл) немесе пішінін өзгертіп, тікенекке (кактус)
айналған. Ал өсімдіктердің кей бір түрлері қалың түкпен
қапталғандықтан, суды аз мөл шерде буландырады. Кейбір
шөл өсімдіктері (жусан, қара баялыш т.б.) суды аз буланды-
ру үшін жаз айларында-ақ жапырақтарын
төгіп тастайды.
Ғалымдардың анықтауларына қара-
ғанда, бір түп мақта өсімдігі жаз бойы
өз салмағынан 500–600 есе көп суды бу-
ландырады. Бір түп жүгерінің жаз бойы
буландыратын суы 200 л-ге тура келеді.
Бір түп орта жастағы (30–40 жылдық)
қызыл мия жаз айлары барысында 500–
600 л суды буландырады.
64-сурет.
Жапырақтың
суды буландыруы
Достарыңызбен бөлісу: |