Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда)



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет32/75
Дата08.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#11964
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75

102 
 
7. 5 
саны * · х = 6300 : 70 теңдеуінің шешімі болу үшін * орнына қандай 
сан қою керек? 
              1) 90      2) 1350   3) 135   4) 6    5) 60.  
 
5-
сыныптың  «Математика»  пәнінен  «Дәреже»  тақырыбы  бойынша 
құрастырылған қалыптастырушы бағалауға арналған тест тапсырмалары:  
1. 10 санының кубының мәні 
                   1) 10     2) 100    3) 1000   4) 10 000. 
2. 2
5
  
дәрежесінің мәні 
                   1) 25    2) 10   3) 7  4) 32. 
3. 4

өрнегіндегі 4 саны қалай аталады? 
                  
1) дәреженің негізі 2) дәреженің көрсеткіші  3) дәреже. 
4. 4

өрнегіндегі 7 саны қалай аталады? 
                  
1) дәреженің негізі 2) дәреженің көрсеткіші  3) дәреже. 
5. 4

өрнегі қалай аталады? 
                  
1) дәреженің негізі 2) дәреженің көрсеткіші  3) дәреже.. 
6.   54 
321 санының ондық жазылуын көрсетіңдер: 
                   1)  54 · 1000 + 321 
                   2)  5 · 10 000 + 4000 + 321    
                   3)  5 · 10
4
 + 4 · 10
3
 + 3 · 10
2
 + 2 · 10
1
 + 1. 
7. 10
11
 
дәрежесінің мәнінде қанша нөл бар? 
                   1) 12    2) 11     3)  10. 
 
 
Орта  мерзімді  жоспарларда  мұғалімдер  үшін  тақырыптар  мен  бөлімдер 
бойынша  сабақтар  өткізу,  сабақтарда  оқушыларды  ұйымдастыру  ұсыныстары 
берілген,  сондай-ақ  оқыту  ресурстары  қосылған  (интернет,  мәтіндер, 
жаттығулар,  бейне  мен  аудиоматериалдары  және  т.б.).  Оқытудың  мақсаттары 
мен  тәсілдеріне  негізделген  жоспарларда  мұғалімдер  үшін  әрбір  бөлім  мен 
тақырыптарды  өткізу,  оқушылардың  сабақта  білім  алуын  ұйымдастыру 
бойынша  ұсынымдары,  сонымен  бірге  оқу  ресурстары  енгізілген  (интернет, 
мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудиоматериалдары т.б.). 
Орта  мерзімді  жоспарлардың  оқу  бағдарламасын  сабақтардың  жүйелі 
сериясына  құрылымдайтын  мұғалімдер  тобы  немесе  жеке  мұғалім  жүзеге 
асырады.  Орта  мерзімді  жоспар  ұзақ  мерзімді  жоспармен  анықталған 
бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. 
Орта  мерзімді  жоспарларда  белгіленген  кезеңге  арналған  негізгі  міндеттер 
тұжырымдалады.  Онда  әрбір  тоқсанға  немесе  бөлімге  арналған  оқыту 
тақырыптары  көрсетіледі.  Бөлімдер  ішінде  сағаттарды  бөлуді,  сондай-ақ 
мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады [5]. 
Қысқа  мерзімді  жоспарлауда  тілдік  мақсатты  ескеру  сабақты  ұтымды 
құруға көмектеседі. Сабақтың сауатты жоспарлануы – мұғалімнің кәсібилігінің 
көрсеткіші.  Сабақты  жоспарлау  барысында  мұғалімнің  бүкіл  сыныптың 
дайындығын,  сондай-ақ  олардың  қызығушылықтарын  назарға  алу  үшін  әр 
оқушының деңгейін есепке алғаны жөн.  


103 
 
Қысқа мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен 
оқушылардың жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты 
қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ мақсаттарына анағұрлым тиімді қол 
жеткізуге  көмектеседі.  Ол  үшін  мұғалім  оқу  материалы  мен  сабақтағы  әрекет 
түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар 
меңгере  алмаған  немесе  түсінбеген  жерлерін  анықтау  мақсатында  сабаққа 
талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.  
Қысқа  мерзімді  жоспар  құрған  кезде  мұғалімдердің  басшылыққа  алуына 
төмендегідей ұсыныс береміз:  

сабақты  ұйымдастырғанда  оқу  бағдарламасында  және  оқу  жоспарында 
көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;  

сабақ  мақсаттарын  анық  тұжырымдау  (S.M.A.R.T.  қағидасы  бойынша), 
яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;  

орта  мерзімді  жоспарда  көрсетілген  барлық  іс-әрекеттерді,  әдістемелік 
кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;  

мұғалімнің  қалауы  бойынша  іс-әрекет  түрі  қажеттілігіне  қарай 
толықтырылып отырады.  
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-
танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.  
Оқыту  әдісі,  мақсатқа  жетудегі  саналы  түрде  қолданылатын  тәсіл,  ал 
мақсатқа  жету  мұғалімнің  шеберлігіне,  оның  оқыту  процесін  тиімді 
ұйымдастыра  білуіне,  оқушылардың  даярлық  дәрежесіне,  мұғалім  мен 
оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты [6]. 
Сондықтан, заманның талабына сай жаңартылған мазмұндағы сабақтарды 
жобалаудың келесі алгоритмін ұсынамыз: 
1. 
Сабақтың оқу мақсаты анықталады. 
2. 
Пәні  бойынша  оқу  бағдарламасының  мазмұнынан  оқу  мақсатына  сай 
міндеттері  жазылады.  Жүйелік-әрекеттік  және  тұлғалық  нәтижелерді  «Осы 
сабақта оқи отырып, сендер … үйренесіңдер» деп жазуға болады. 
3. 
Мақсат  пен  міндеттерге  қол  жеткізу  үшін  белсенді  және  интерактивті 
оқыту  әдістерінің  орынды  түрлері  (оларға  шолу  жəне  сабақ  мақсаттарына 
сəйкестігі  əрі  қарай  мəтінде  беріледі)  іріктеледі.  Барлық  міндеттерді 
жиынтықтап орындау, сабақтың конспект-жоспарында қарастырылған мақсатқа 
қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 
4. 
Уақыт,  іс-әрекет  түрлері  және  ресурстар  бойынша  байланыстырылған 
сабақ кезеңдері жоспарланады. 
Әр сабақтың құрылымы келесі компоненттерден тұрады: 
1) 
оқушыға түсінікті формада білдірілген сабақтың мақсаттық нұсқаулары 
(«Нені білеміз, не үйренеміз»); 
2) 
сабақта  жұмыс  істеуге  қажетті  білім  мен  іскерліктерді  жандандыруға 
арналған тапсырма (-лар); 
3) 
жаңа  мазмұнды  меңгеру  және  қолдану  мақсатында  мәтіндік  және 
иллюстративті  материалдан  тұратын  тапсырмалар  жүйесі  (мәтін  және 
иллюстрациялармен жұмыс, сыныппен жұмыс); 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау