87
-
жазықтықта түрлендіруді қолдана
отырып есептерді дұрыс шығарады;
Гомотетия және оның
қасиеттері
-
гомотетияның анықтамасы мен
қасиеттерін біледі;
-
гомотетия кезіндегі әртүрлі
фигуралардың бейнелерін сала алады
Ұқсас фигуралар және
олардың қасиеттері.
Үшбұрыштар ұқсастығының
белгілері
-
ұқсас фигуралардың анықтамасын және
қасиеттерін біледі;
-
үшбұрыштардың ұқсастығы белгілерін
біледі және қолдана алады;
-
тікбұрышты үшбұрыштардың
ұқсастығын біледі және қолдана алады;
-
үшбұрыш биссектрисасының қасиетін
біледі және қолдана алады;
-
ұқсас фигуралардың аудандары және
ұқсастық коэффициенті арасындағы
тәуелділік формуласын біледі.
3-
бөлім. Үшбұрыштарды шешу
Тақырыбы
Бағалау критерийлері
Үшбұрыштарды шешу
-
косинустар теоремасын біледі және
дұрыс қолданады;
-
синустар теоремасын біледі және дұрыс
қолданады;
-
іштей сызылған үшбұрыштың
ауданының ( 𝑆 =
𝑎𝑏𝑐
4𝑅
, мұндағы 𝑎, 𝑏, 𝑐 –
үшбұрыштың қабырғалары, 𝑅 – сырттай
сызылған шеңбер радиусы) және
сырттай сызылған көпбұрыштың
ауданының (𝑆 = 𝑝 ∙ 𝑟, мұндағы 𝑟 – іштей
сызылған шеңбер радиусы, 𝑝 −
көпбұрыштың жарты периметрi)
формуларын біледі және қолдана алады;
-
шеңберге іштей немесе сырттай
сызылған үшбұрыштардың аудандарын
пайдаланып шеңбердің радиусын табу
формулаларын біледі және қолдана
алады;
-
синустар және косинустар
теоремаларын үшбұрыштарды шешуде
және қолданбалы есептерді шығаруда
дұрыс қолданады.
4-
бөлім. Шеңбер. Көпбұрыштар
Тақырыбы
Бағалау критерийлері
Шеңбер және дөңгелек.
-
доғаның ұзындығының формуласын
88
Доғаның ұзындығы.
Дөңгелек, сектор және
сегменттің аудандары
қорытып шығарып және қолдана алады;
-
сектор мен сегменттің ауданыны
формулаларын қорытып шығарып және
қолдана алады;
-
іштей сызылған бұрыштың
анықтамасын және оның қасиеттерін
біледі;
-
дөңгелектегі кесінділердің
пропорционалдылығы туралы
теоремаларды біледі және қолдана алады.
Дұрыс көпбұрыштар,
олардың қасиеттері және
симметриялары
-
шеңберге іштей және сырттай сызылған
төртбұрыштардың қасиеттері мен
белгілерін біледі және қолдана алады;
-
дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын
және қасиеттерін біледі;
-
дұрыс көпбұрыштарды сала алады;
-
дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай
сызылған шеңберлердің радиустары
арасындағы байланысты біледі және
қолдана алады;
-
дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын,
периметрін, ауданын және оған іштей
және сырттай сызылған шеңберлердің
радиустарын байланыстыратын
формулаларды біледі және қолдана
алады;
-
үшбұрыштың медианаларының
қасиеттерін біледі және қолдана алады;
-
дұрыс көрбұрыштардың
симметрияларын біледі.
Ұсынылып отырған бағалау критерийлері ұсыныс ретінде берілген.
Мұғалім өзінің өзгертулерін енгізуне болады.
Критериалды бағалау барысында білім алушылар:
–
өздерінің танымдық және ойлау қабілеттерінің деңгейін арттыру үшін
оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану;
–
жаңа білімді меңгеру барысында табысқа жетелейтін бағалау
критерийлерін түсіну;
–
сын тұрғысынан ойлау, өз ойын еркін айту, білімін көпшілік алдында
көрсету (ұсыну), өзін-өзі және сыныптастарын бағалау арқылы кері байланыс
орнату;
–
өздігінен жаңа білім алу, оқу әрекетін ұйымдастыру, мақсат қою,
жоспарлау, өзін-өзі бақылау және өз әрекетінің нәтижесін бағалау, өз әрекетінің
нәтижесі болуы мүмкін нәтижелерді алдын-ала болжау дағдыларын меңгеру;
89
–
бастапқы фактілер мен болжамдарды, теориялық модельдер мен нақты
нысандарды түсіндіру үшін, олардың арасындағы айырмашылықты түсіну;
–
белгілі фактілерді түсіндіру және ұсынылған болжамды эксперименттік
жолмен тексеру, процестер мен құбылыстардың теориялық модельдерін әзірлеу
үшін болжамдар мысалында ыңғайлы оқу әрекетін меңгеру;
–
қабылдау, өңдеу және ақпаратты сөз, образдық, белгілік түрлерде беру,
алынған ақпаратты қойылған мақсатқа сәйкес талдау және қайта өңдеу
дағдыларын қалыптастыру;
–
оқыған мәтіннің негізгі мазмұнын белгілеу, қойылған сұраққа мәтіннен
жауап табу және мәтіннің мазмұнын баяндау;
–
танымдық мақсаттарды жүзеге асыру үшін ақпараттың жаңа
технологияларын, өз бетінше іздеу, талдау және іріктеп алу үшін түрлі ақпарат
көздерін пайдалану;
–
монологтік және диалогтік сөйлеуді дамыту, өз ойын жеткізу және
сұхбаттасушысын тыңдай білу білігі, оның көзқарасын түсіну, басқа адамның
ойларын қабылдау;
–
ерекше жағдаяттарда қажет болатын әрекет түрлерін, проблемаларды
шешу әдістерін және эвристикалық әдістерді меңгеру;
–
әлеуметтік түрлі рөлдерді орындау арқылы топта жұмыс істеу білігін
қалыптастыру, оқыту және өз көзқарасы мен пікірін қорғау, пікірталас жүргізу
мүмкіндігіне ие болады.
Мұғалім критериалды бағалау жүйесін қолдану үшін сыныптағы білім
алушылардың дайындық деңгейін және ерекшеліктерін ескере отырып, пәннің
оқу мақсаттарына сәйкес «білу және түсіну», «қолдану», «сыни ойлау және
зерттеу», «коммуникация мен рефлексия» және т.б. критерийлері бойынша
дескрипторлар әзірлеуі тиіс. Әр критерий оқушының тапсырманы орындауын
жүйелі бағалануына мүмкіндік беретін дескрипторлардан тұрады, сонымен
қатар білім алушылар осы дескрипторларға сүйене отырып өз жұмысының
нәтижесін бағалай алады.
Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау мен
ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Жаңартылған білм мазмұны аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін
критериалды бағалау, жиынтық бағалау және қалыптастырушы бағалау арқылы
жүзеге асырылады.
Жиынтық бағалау – оқушылардың тоқсандағы оқу бөлімдері бойынша
және білім деңгейін аяқтау кезіндегі оқу бағдарламасын меңгерудегі
дағдыларының қалыптасуы мен меңгерген білім деңгейлерін анықтайтын
бағалау.
Жиынтық бағалаудың келесі түрлерін жүргізу ұсынылады:
-
бөлімді оқып болғаннан кейінгі жиынтық бағалау;
-
тоқсандық жиынтық бағалау;
-
оқу жылының жиынтық бағалауы.
Достарыңызбен бөлісу: |