104
4)
сабақ мазмұны бойынша қысқа қорытынды («Қорытынды жасаймыз»,
сыныппен жұмыс);
5)
бақылау-бағалау іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған сұрақтар мен
тапсырмалар (өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар);
6) үй тапсырмасын (үй және шығармашылық тапсырмалар) беру.
Сабақты әзірлегенде оқушылар мақсаттарға бір сабақта емес, сабақтар
циклі арқылы қол жеткізетінін есте сақтау керек. Сонымен бірге жұмыстың
тізбектік кезеңдерін ұйымдастыру, әр сабақты өту мен оқытудың мақсаттарын
айқындау, сабақ беру мен оқытудың нәтижелерін өлшеу әдістемесін бекіту,
күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында оқыту мен сабақ берудің
міндеттерін айқындау, оқытудың барлық кезеңінде мақсатқа бағытталған оң
динамиканы қамтамасыз ету, барлық білім алушыларды оқыту процесіне тарту
мақсатында стратегиялық жоспарлау міндетті.
Тізбекті сабақтарды жоспарлауға байланысты сабақтың өту және оқыту
мақсаттарын реттеуді айқындайтын келесі сұрақтар туындауы тиіс:
Сіздің ойыңызша білім алушылар қандай білімді меңгеруі тиіс?
Білім алушылар қандай негізгі идеяларды ұғынуы тиіс?
Білім алушылар қандай мәселелерді зерттеуі және талдауы тиіс?
Мәселен, оқыту мақсаттары (Блум бойынша).
Білім алушылар: … біледі. … түсінеді. ... ойланады. Бұл бағдарламаның
идеясын, аталған тәжірибенің ықпалын, өзгерістерін есепке ала отырып өзінің
сабақ өту тәжірибесіне енгізуіне мүмкіндік береді.
Тізбекті сабақтарды жоспарлау мұғалімнің мыналарды түсінуіне ықпал
етеді: тізбекті сабақтар кім үшін жоспарлануда, ең алдымен нені үйрету қажет
және бағалаудың қандай тəсілін пайдалану қажет?
Қысқа мерзімді жоспардың мақсаты нақты сабақ аясындағы жұмыстың
ұғымын түсіндірумен, аталған сабақтың оқыту мақсаттарын айқындаумен,
нәтижелерін өлшеуді ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Аталған сабақ
аясында оқыту прогресін қамтамасыз ету және нақты тапсырмаларды
орындауда барлық білім алушыларды тарту үшін, оқушылардың түрлі типін
оқытуға бағытталған қандай тапсырмалар жүзеге асырылатындығын алдын ала
қарастыру маңызды.
Әрі қарай жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері әзірлеген қысқа
мерзімді жоспардың үлгілерін ұсынамыз.
1. 7-
сыныптағы «Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері»
тақырыбы бойынша дайныдалған қысқа мерзімді жоспардың үлгісі.
Дайындағандар: Даирова С.И., Копобаева М.И. - Қарағанды қаласы "Ю.Н.
Павлов атындағы № 35 ЖББОМ" КММ математика пәні мұғалімдері.
Сынып: 7
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері жəне
белгілері
105
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары
7.3.1.23 Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен
қасиеттерін қолдану
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Теңбүйірлі үшбұрыштың
белгілері мен қасиеттерін ажыратады
Оқушылардың көпшілігі: Теңбүйірлі үшбұрыштың
қасиеттері мен белгілерін есептер шығаруда
қолданады
Кейбір оқушылар: Күрделі зерттеуге берілген
есептерді шығарады
Ойлау деңгейі
Қолдану, талдау
Бағалау критерийлері
1.
Есеп шартына қарай теңбүйірлі үшбұрыштың
белгілері мен қасиеттерін тиімді анықтайды
2.
Есептер шығарғанда қасиеттері мен белгілерін
реттілікпен қолданады
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: Оқушылар әр
үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін ажыратады,
тең, тең емес екенін, «егер» сөзі арқылы түсіндіреді
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: бүйір
қабырғалары, табан бұрыштары, биіктік, медиана,
биссектриса
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Тең
қабырғалы үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш бола ала
ма? Неліктен олай ойлайсың?
Құндылықтарға баулу
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
Пәнаралық байланыс
География. Географиялық координаттар, ендік,
бойлық
Алдыңғы оқу
7.1.1 Үшбұрыш түрлері, үшбұрыштың биіктігі,
медианасы, биссектрисасы
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-
әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды
жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу: үшбұрыштар түрлері бойынша
(тікбұрышты, теңқабырғалы,
әртүрліқабырғалы)
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй
тапсырмасын бекіту
Өзара бағалау
карточкалар
Сабақты
ң ортасы
25 мин
Топтық жұмыс: «Джигсо» әдісі
арқылы топтарға есептер беріледі
5.32 Табаны ВС болатын теңбүйірлі АВС
үшбұрышының периметрі 40 см, ал тең қабырғалы ВДС
Оқулық
Әдістеме
лік
нұсқаулы
106
үшбұрышының периметрі 45 см. АВ және ВС
қабырғаларын табыңдар.
5.40.1 АВС үшбұрышында АВ=ВС, ВД – биссектриса.
Егер А төбесіндегі сыртқы бұрышы 130
°
-
қа тең болса ,
онда ВСА бұрышын тап.
5.40.
2 АВС үшбұрышында АВ=ВС, ВД – биссектриса.
Егер АВ =5 см, АД = 2 см болса, онда АВС
үшбұрышының периметрін тап.
Бағалау парағы арқылы бағаланады.
Жеке жұмыс 1-тапсырма
AC=2AB
P=20
AC, BC, AB - ?
P=35
EF:EM=3:2
EF, EM, MF - ?
KM–MN=10
P=26
MK, KN, MN - ?
P=3,4
BC=1,3
AB - ?
Дескриптор
-
теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады;
-
санды өрнек / теңдеу құрады;
-
есептеулер орындайды / теңдеуді шешеді;
-
есептің жауабын табады.
2-
тапсырма
Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы табанынан үш
есе үлкен. Периметрі 49 см. Теңбүйірлі үшбұрыштың
қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.
Дескриптор
-
үшбүрыштың периметрі формуласын қолданады;
−
шарт бойынша теңдеу құрады;
қ
Достарыңызбен бөлісу: |