УўК 004(075) кбк 32. 81 я72 і-74 а в т о р л а р т о б ы : Б. Болтаев, M. Mахкамов



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет17/18
Дата08.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#11944
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

63

КЕСТЕ  ҰЯШЫҚТАРЫН  БӨЛУ

Кесте ұяшықтарын керектi сандағы ұяшықтарға бөлу тө мендегi-

дей жүзеге асырылады:

1.  Меңзер  қажеттi  ұяшыққа  орнатылады  немесе  қажеттi  жолдар 

жəне бағандар блокқа алынады.

2.  Жоба  (Макет)  панелінің  Біріктіру  (Объединение)  тобындағы 



Ұяшықтар бөлінсін (Разбиение ячеек) батырмасы таңдалады.

3.  Пайда  болған  диалог  терезесiне  шығарылуы  керек  болған 

бағандар мен жолдар саны енгiзiледi. Бұнда шығарылуы қажет болған 

жолдардың саны көршi бағандардағы жолдар санынан артық болмауға 

тиіс.

КЕСТЕДЕГІ  МƏТIН  БАҒЫТЫ

Кестеде  мəтiн  горизонталь  бағытта  солдан  оңға,  вертикаль  ба-

ғытта жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға жазылады. Ол 

үшiн:


1-əдіспен:

1. Меңзер мəтiн жазылатын ұяшыққа орналастырылады.

2.  Жоба  (Макет)  панелінің  Тегістеу  (Выравнивание)  тобындағы 

Мəтін  бағыты  (Направление  текста)  батырмасы  керекті  бағыт 

кескінделгенше бірнеше рет басылады.



2-əдіспен:

1. Меңзер мəтін жазылатын ұяшыққа орналастырылады.

2.  Тышқанның  оң  жақ  батырмасы  басылып  экранға  контекст-

меню шығарылады.



64

3.  Экранда  бейнеленген  кестеге  сəйкес  контекст-менюден  Мəтiн 



бағыты  (Направление  текста)  амалы  таңдалады.  Нəтижеде  экранда 

мəтiн бағытын таңдау диалог терезесі кескiнделедi.

4.  Экранда  кескiнделген  диалог  терезесiнен  мəтiннiң  қажеттi 

бағыты таңдалады жəне Enter пернесi басылады немесе тышқанның 

жəрдемiмен OK батырмасы таңдалады.



СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1.  Кестелер  үстiнде  қандай  амалдар  орындалады?

2.  Кестеге  жаңа  жол  немесе  баған  қосуды  iс  жүзiнде  көрсетiп  бер.

3.  Кестеден  артықша  баған  мен  жолдар  қалай  жойылады?

4.  Кестеде  блокқа  алу  əдiстерiн  iс  жүзiнде  көрсет.

5.  Кестеде  ұяшықтар  қалай  бiрлестiрiледi?

6.  Кестелер  ұяшықтарын  бөлудi iс  жүзiнде  көрсет.

7.  Кесте  ұяшығындағы  мəтiн  бағыты  қандай  болады?  Оны  көрсет.

8.  2 × 3  кесте  жаса  жəне  бағандарды  əр  түрлi  түспен  боя.

9.  Кестедегi  анықтамаларды  жолдар  бойынша  əр  түрлi  түспен 

боя.

ЖАТТЫҒУЛАР

1. «Өмірбаян 2» атты құжаттың жалғасына өткен тоқсанда пəндер-

ден  алған  бағаларың  кескінделген  кесте  жасап,  орналастыр.

2.  Төмендегiдей  кесте  жаса.




65

Реттік


  

саны


Фамилиясы,

аты-жөні

Туылған


жылы

Рейтинг баллдары

Жылдық


 ба

лл

Мекен-



жайы

Еск

ер

т

у

I жарты 

жылдық

II жарты 

жылдық

1-

тоқс



ан

2-

тоқс



ан

3-

тоқс



ан

4-

тоқс



ан

1.

3.  Дəптеріңе  «Формулалар  мен  өрнектер»  тақырыбын  жаз.  Оның 



жал ғасына берілген уақыт пен жылдамдық негізінде басып өтіл-

ген  жолдың  формуласын, 2 теңдеу, 3 салыстырмалы  өрнек  жаз.



WordART НЫСАНЫ

Wordтағы құжат тағы да əдемi болуы үшiн оған сөз немесе мəтiн 

бөлiгiн  əр  түрлi  графикалық  пiшiндерде  бейнелеу  мүмкiндiгiн 

беретiн WordART нысанын кiрiстiруге болады. Мысалы, WordART 

нысаны  реферат,  мақалаларда  термин  немесе  тақырыптар  жазуда 

қолданылады.



Кілт  сөздер:  WordART  нысаны, WordART коллекциясы, 

WordART нысанының форматы.

14-сабақ

5 – Информатика 6-сынып




66

WordART КОЛЛЕКЦИЯСЫ

WordART нысаны – əсем сурет көрінісіндегі мəтін. Оның жəрдемімен 

арнайы  мəтін  эффектілерін  қолдануға  болады.  Мəселен,  ол  арқылы 

мəтінді бұру, созу, бірер пішін көрінісінде орналастыру немесе мəтінді 

сан түрлі əдістермен бояу оп-оңай. Мəтіннің керекті жеріне жылжы-

ту  немесе  өлшемдерін  өзгерту  арқылы WordART нысанына  назарды 

аудартуға əбден болады.

Меңзер WordART нысанын  орналастыру  қажет  болған  қатарға 

орнатылған  соң,  Кірістіру  (Вставка)  панелінің  Мəтін  (Текст) 

тобындағы WordART  

    батырмасы  таңдалады.  Ашылған 

төмендегі əдістер тізімінен ұнағаны таңдалады. Мəселен, Градиентная 

заливка – черная, контур – белый, тень снаружи:

Осының  нəтижесінде  мəтінді  енгізу  үшін  төмендегідей  көріністе 

мəтін алаңы кескінделеді:



67

Боялып  тұрған  мəтін  алаңы  орнына  керекті  мəтін  енгізіледі. 

Мысалы,  Отан-анам  Өзбекстаным!  Жайна,  Өзбекстан!  Соның 

нəтижесінде ерекшеленіп тұрған мəтін өшеді де, оның орнына жаңа 

түрленген мəтін кесінделіп шығады.

Пайда  болған WordART нысанына  белсенділенген  Сызу  құрал-

дары-Формат (Средство рисования-Формат) контекст-менюі панелінің 

форматтау мүмкіндіктерін қолдану орынды болады. Ал WordART ны-

санына жазылған мəтінде Мəтін бағыты (Направление текста), Мəтін 

өлшемі (Размер текста) жəне Мəтін түсі (Цвет текста), Бояу əдісі (За-

ливка текста), мəтіннің кескінделу пішіні тақылеттес форматтауларды 

қолдану назарды өзіне тартатыны сөзсіз.

Төмендегі мысалда WordART нысаны мəтінінің кескінделу піші ні 

бейнеленген.

1. «Мектебіміз – мақтанышымыз!» мəтінін WordART нысанына 

орналастырамыз.



Мектебіміз – мақтанышымыз!

2.  Мəтін  кескінделген  пішінді  өзгертейік.  Бұл  үшін  Сызу  құ-



ралдары-Формат (Средство рисования-Формат) конкст-меню панелі 

WordART əдістері (Стили WordART) тобының 

 Анимация (Ани-

мация) батырмасы тізімін ашып, төмендегі Преобразовать батырмасы 

тізімінен Сақина (Кольцо) пішінін таңдап аламыз да, өлшемдерін арт-

тырамыз:



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау