42
ҚҰЖАТТАРДА СУРЕТТЕРМЕН
ЖҰМЫС IСТЕУ
Кейбiр құжаттарды дайындауда кесте жəне суреттерден де пайда-
ланады. Газет, журнал немесе кiтап беттерiнде бұндай жағдайларды
көп кездестiргенсiң. Қолыңдағы оқулық беттерiнде де сан түрлi су-
рет жəне кестелер бар. Əр түрлi сызбалар мен суреттер құжаттардың
көрнектi, қызықты жəне түсiнiктi болуына қызмет етедi.
Кілт сөздер: фотоcуретті орналастыру, суретті орналастыру, су-
рет форматы.
СУРЕТТІ ОРНАЛАСТЫРУ МҮМКІНДІГІ
Мəтіннің мазмұнын байыту мақсатымен құжатқа суреттер немесе
фотосуреттер орналастырылуы ықтимал. Бұл үшін ең алдымен меңзер
сурет орналастырылатын жерге орнатылады, сосын Кірістіру (Встав-
ка) менюінің Иллюстрациялар (Иллюстрации) тобы таңдалады.
Суреттер 2 түрлі қайнаркөзден алынып орналастырылуы мүмкін:
MS Word коллекциясынан
Сурет (Картинка) батырмасының көмегімен
Суреттер файлынан
Сурет (Рисунок) батырмасының көмегімен
КОЛЛЕКЦИЯДАҒЫ СУРЕТТІ ҚҰЖАТҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Коллекциядағы суреттерді құжатқа ор-
на ластыру үшін Иллюстрациялар (Ил-
люстрации) тобындағы Сурет (Картинка)
батырмасы таңдалып, терезенің оң жақ
бөлігінде суреттер мен эскиздерді таң дауға
арналған міндеттер саласы ашылады.
Қалыпты жағдайда міндеттер саласы-
ның Нысандарды іздестіру (Искать объ-
9-сабақ
43
екты) іріктеу алаңшасында Барлық мультимедиа файлдары (Все
файлы мультимедиа) кескінделіп, бағдарламада орналастырылуы жос-
парланған иллюстрациялар мен фотосуреттер іріктеледі:
Міндеттер саласындағы Бастау (Начать) батырмасы таңдалғанда,
коллекциядан таңдалған түрлерге сəйкес суреттер эскиздер көрінісінде
кескінделеді. Суретті орналастыру үшін эскиздерді парақтап, тыш-
қаншаның көмегімен керектісін іріктеп алу жеткілікті:
Іріктеу нəтижесі
44
MS Word коллекциясындағы суреттер тақырыптар бойынша топ-
тарға жіктеледі. Бұл байланысты тышқаншаның көрсеткішін эскизге
бағыттағанда кескінделген сипаттамадан (жоғарғы суреттің мазмұны:
дома, здания, озера, реки) көруге болады.
Осы іспеттес жіктеу бірер тақырып бойынша суреттерді іздей алу
мүмкіндігін береді. Төмендегі сурет іріктеу алаңшасына мамандық
(профессия) тақырыбын енгізу негізіндегі іздестірудің нəтижесін
кескіндеген (Искать: профессия):
Жүзден астам суреттер арасынан керектісін іздеп табуды жеделдету
үшін оларды тақырыптар бойынша қарап шыққан орынды.
ҚҰЖАТҚА СУРЕТТІ ФАЙЛДАН ОРНАЛАСТЫРУ
Жадтағы (компютердің негізгі жадындағы немесе сыртқы жад-
тардағы) суретті файлдар мен фотосуреттерді құжатқа орналастыру
үшін Иллюстрации тобының Сурет (Рисунок) батырмасы таңдалады.
Ашылған Суретті орналастыру (Вставка рисунка) диалог терезесінің
көмегімен қажетті файл ерекшеленеді (Paint бағдарламасындағы
суретті ашу мүмкіндіктерін есіңе түсір). Қажетті сурет файлы
таңдалған соң, оны орналастыру үшін диалог терезесінен Кірістіру
(Вставить) батырмасын таңдау жеткілікті.
45
ҚҰЖАТТАҒЫ СУРЕТ ФОРМАТЫН ӨЗГЕРТУ
Құжатта сурет мəтiнмен сəйкес орналасуы үшiн
көп жағдайларда суреттiң мөл шерлерi мен орналасу
жағдайын, яғни форматын өзгерту қажет болады. Құжат қа
кiрiстiрiлген сурет форматын өзгерту үшiн алдымен тиiстi
сурет ерекшеленiп алынады. Ол үшiн тышқан нұсқағышын
сурет үстiне əкелiп, сол жақ батырмасы басылады. Ерекше-
ленген суреттiң жиегi (шекарасы) сызықпен оралады.
Ол тiк төртбұрыш пiшiнiнде болып, ұштары мен қабырғаларының
орталарында сурет мөлшерiн өзгерту мүмкiндiгiн беретiн нүктелерi
бар. Тыш қан нұсқағышын осы нүктелердiң бiреуiнiң үстiне қойып,
сол жақ батырмасы басылған күйде бiрер жаққа жылжытылса, су-
рет кiшiрейедi немесе керiсiнше үлкейедi.
Ерекшеленген сурет-
тен көшiрме көшiру немесе оны жою, ерекшеленген мəтiндердi
көшiру немесе жою сияқты жүзеге асырылады.
Word бағдарламасында сурет сызыл-
ғанда немесе белгіленгенде бағдарлама ның
Суретпен жұмыс істеу (Работа с рисунками)
контекст-менюі белсендіріледі.
Суретпен жұмыс істеу (Работа с рисунками) контекст-менюі тө-
мендегі логикалық топтардан тұрады:
Топтар
Көрінісі
Өзгерістер
(Изменение)
Сурет əдістері
(Стили рисунков)
Ретке келтіру
(Упорядочить)
Өлшем
(Размер)
46
Өзгерістер (Изменение) тобы сурет реңкіне (фонына), реңк
айқындығы мен қанықтығына ықпал жасау мүмкіндігін береді.
Сурет əдістері (Стили рисунков) тобы сурет шекарасы мен
кескіндеу əдістерін өзгерту мүмкіндігін береді.
Ретке келтіру (Упорядочить) тобы суретті беттегі мəтінге жəне
басқа суретке байланыстыруды, орналастыруды таңдауды, суретті бұру
мен кері айналдыруды, бірнеше суретті біріктіруді немесе біріктірілген
суреттерді ажырату мүмкіндігін береді. Мəселен, топтың Мəтінмен
ұштастырылуы (Обтекание текстом) батырмасы суретті мəтінге
сəйкес орналастырудың төмендегі жағдайларын тышқаншаның
көмегімен таңдау мүмкіндігін береді:
Cурет мəтін
арасында
(В тексте)
Мəтін
рамка айнала-
сында (Вокруг
рамки)
Мəтін сурет
контуры бойы-
мен
(По контуру)
Мəтін өтіп
кететін
(Сквозное)
Мəтін суреттің
жоғарғы жəне төменгі
жақтарында
(Сверху и снизу)
Сурет мəтіннің
артқы жағында
(За текстом)
Сурет мəтіннің
алдыңғы жағында
(Перед текстом)
1 2 3 4 5 6 сынып
1 2 3 4 5 6
сынып
1 2 3 сынып
Тағы бір атап өтетін жері, мəтін арасында жағдайында сурет мə-
тіннің мызғымас бөлігі (шрифт) ретінде орналасады. Оны беттегі
қатарлар бойымен мəтіннің бір бөлігі ретінде жылжытуға болады. Ал
өзге жағдайларда сурет мəтіннен дербес болғандықтан, оны беттің
қалаған жеріне орналастыру мүмкіндігі бар.
Өлшем (Размер) тобы сурет өлшемдерін өзгерту, бөліктерін
түрлі пішіндер көрінісінде қиып алу мүмкіндігін береді.
1 2 3
4 5 6
сынып
5 6
сынып
5 6
сынып
1 2 3 4 5 6
сынып
1 2 3 4
1 2 3 4
Достарыңызбен бөлісу: |