34
8. Мəтiннiң ерекшеленген үзiндiсiнен нұсқа көшіру деген не жəне
ол қалайша жүзеге асырылады?
9. Жол, сөйлем жəне мəтiндi блокқа алудың барлық тəсiлдерiн iс
жүзiнде көрсетiп бер.
10. Құжатта меңзер алдындағы белгi қалай жойылады? Кейiн тұрған
белгi ше?
11. Құжаттың сөз, сөйлем, жол немесе абзац сияқты үзiндiсi қалай
жойылады? Көрсетiп бер.
12. Мəтіндегі көп рет қатысқан сөзді басқа сөзбен қалай ауыстыруға
болады? Іс жүзінде көрсет.
13. Іздеу жəне алмастыру (Найти и заменить) диалог терезесіндегі
Өту (Перейти) қабатының мүмкіндіктерін дербес талда жəне
баяндап бер.
ЖАТТЫҒУЛАР
1. «Өмірбаян 2» атты құжат бөліктерінен нұсқа көшіріп алып,
«Менің жанұям» атты құжатты толықтыр.
2. MS Word бағдарламасын іске қос. Төмендегі мəтінді жазып,
«Қате» деген атпен сақта жəне бағдарламаны жап:
Бис(2) каро(3) бос(1) – жиырма(2) бес(1)[10]. Кубейтилген(5)
бағуши(5) асий(2) бағдарлмин(2) есиму(1) – «Wundo(3)
ХР»[19]. Пулз(2) экланина(2) қабиз(2) қауны(2) мсал(1)
етіу(2) мүкін(1)[15]. Антон(2) сөзер(1): менең(2) – бус(1),
ілгриде(2) – қəй(1), узин(1) – қиқа(2), дона(1) – жамеу(2),
байлеу(2) – қаср(2) [22].
3. MS Word бағдарламасын іске қос. «Қате» атты құжатты аш.
Мəтінде сөзден кейінгі жай жақша ішінде сөздегі қателер саны,
сөйлем соңындағы шаршы жақша ішінде сөйлемдегі қателер
саны көрсетілген. Құжатты «Қате-редакциялау» деген атпен
қайта сақта. Мəтінді редакциялап шық. Құжатты ағымдағыдай
етіп сақта. Бағдарламаны жап.
4. Дəптеріңдегі «Менің достарым» атты мəтіннің жалғасына дос-
тарыңның алдағы армандары, қызығулары, иелемек болған
мамандықтары, оқыған көркем əдебиеттері туралы мəлімет қос.
Қажет болса, мəтінді редакциялап шық.
5. Төмендегі тест сұрақтарын талдап, жауаптарын анықта.
1) MS Wordтағы сөзге тəн ерекшеліктерді анықта:
A) белгілердің бірізділігі;
Ə) бірізділіктербір-бірінен пробел белгісімен бөлініп тұрады;
Б) бірізділіктер бір-бірінен тире белгісімен ерекшеленіп тұрады;
В) барлық жауаптар дұрыс.
35
2) MS Wordта жаңа абзацқа өту үшін ... пернесі басылады.
А) Shift; Ə) Enter; Б) Esc; В) F1.
3) Блок деп нені айтады?
А) мəтінде белгіленген 7 белгіні;
Ə) мəтінде белгіленген бірер бөлікті;
Б) мəтіннің белгіленген 7 қатарын;
В) мəтіннің белгіленген 7 абзацын.
ҚҰЖАТТЫ ФОРМАТТАУ
Мəтiн процессорларында құжаттың сыртқы көрiнiсi əдемi
болуы үшiн қарiп түрi, өлшемi, түсi жəне абзацтың туралануы,
шекара сызу сияқты амалдармен байытылады. Бұл сияқты амал-
дарды орындау құжатты форматтау деп аталады. Форматтауды
қарiпке, мəтiнге немесе абзацқа қолдануға болады. Бұл сабақта
форматттауға тиiстi амалдармен танысасың.
Кілт сөздер: мəтінді форматтау, абзацты форматтау, беттің
форматы, беттің ретті саны.
МƏТIНДI ФОРМАТТАУ
Мəтiндегi қарiптiң түсi, кескiнi, өлшемi, жазу пiшiнi төмендегiдей
таңдалады:
1) Форматталуы қажет болған үзiндi ерекшеленедi, яғни блокқа
алынады;
2) төмендегі А немесе Ə бөлімдерінің бірі қолданылады:
А) алдымен қарастырылған Бас менюдің Шрифт логикалық то-
бынан қажетті ерекшеліктер таңдалады;
Ə) Шрифт параметрлері диалог терезесінің мүмкіндіктеріне
сəйкес пайдаланылады. Бұл диалог терезесі Шрифт логикалық
тобындағы (знак) белгісінің көмегімен ашылады. Шрифт диалог
терезесі Шрифт жəне Қосымша (Дополнительно) қабаттарынан
тұрады.
7-сабақ
36
Шрифт параметрлері (ерекшеліктері)
1) шрифт түрі
2) шрифтің жазылу пішіні
3) шрифт өлшемі
4) шрифтің түсі
5) астыңғы сызық көрінісі
6) астыңғы сызық түсі
7) шрифт көрінісі
8) мəтінге қатысты түрлі эффектілер
Шрифт параметрлері диалог терезесінің Қосымша (Допол-
нительно) қабатындағы Белгіаралық қашықтық (Межзнако-
37
вый интервал) бөлімінің Масштаб (Масштаб), Ара қашықтық
(Интервал), Жылжу (Смещение) секілді таңдау алаңшаларынан
тұрады. Масштаб пайызы белгінің (шрифт өлшемінің емес) бет-
те кескінделетін көлемін арттырады немесе төмендетеді. Ара
қашықтық пункті белгілер арасындағы бостықты кеңейтеді неме-
се тарылтады. Жылжу пункті белгілерді қатардан жоғарыға немесе
төменге жылжытады. Мысалы:
Масштаб: екі сөз 100%, аралық: Обычный
(Жай)
Шрифт параметрлері
Масштаб: бірінші сөз 200%, екінші сөз 100% Шрифт параметрлері
Аралық: бірінші сөз Разреженный (Сирек)
3 пункт
Ш р и ф т параметрлері
Жылжу: бірінші сөз Вверх (Жоғарыға)
3 пункт
Шрифт параметрлері
АБЗАЦТЫ ФОРМАТТАУ
Абзацты форматтау үшін:
1) меңзер осы абзацқа орнатылады;
2) төмендегі А, Ə немесе Б бөлімдерінің бірі қолданылады:
A) алдымен қарастырылған Бас менюдің Абзац логикалық тобы-
нан қажетті ерекшеліктер таңдалады;
Ə) Бетті белгілеу (Разметка страницы) менюінің Абзац немесе Бас
менюдің Əдістер (Стили) логикалық тобынан қажетті ерекшеліктер
таңдалады: