Келісілген Бекітілген



жүктеу 439,09 Kb.
Pdf просмотр
бет11/13
Дата19.02.2018
өлшемі439,09 Kb.
#10178
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 

 

 



 

3.  Ішкі  құрылғылардың  құрылмасы  гидравликалық  сынақ  кезінде  ыдыстардан  ауаның  және 

гидравликалық сынақтан кейін судың жойылуын қамтамасыз етуге тиіс.  

4. Ыдыстарда су толтыру және төгуге арналған штуцерлер болуға тиіс.  

5.  Әрбір  ыдыста  оны  ашар  алдында  ыдыстағы  қысымның  бар-жоқтығына  бақылау  жасауға 

мүмкіндік  беретін  вентиль,  кран  немесе  басқа  да  құрылғы  бар  болуы  тиіс,  бұл  ретте  ортаны  бұру 

жұмыс персоналына қауіпсіз жерге бағытталуы тиіс.  

6.  Электрлік  жабдық  пен  ыдыстарды  жерге  тұйықтау  Электр  қондырғыларын  орналастыру 

қағидаларына сәйкесорындалуы тиіс.  

7.  Ыдыстар  оларды  қарап  тексеру,  тазарту  және  жөндеуді,  сонымен  қатар  алынбалы  ішкі 

құрылғыларды  монтаждау  және  бөлшектеуді  қамтамасыз  ететін  люктар  мен  қарау  ойымшалардың 

қажетті мөлшерімен жабдықталуы тиіс.  

8.  Цилиндрлік  корпус  пен  түтіктер  бекітілген  торлардан  (жылу  алмастырғыштардан)  тұратын 

ыдыстар  мен  криогендік  сұйықтықтарды  тасымалдау  және  сақтауға  арналған  ыдыстарды  люктерсіз 

және ойымшаларсыз әзірлеуге рұқсат етіледі.  

9. Люктер, ойымшалар мен штуцерлерге арналған саңылаулар дәнекер тігістерінен тыс орналасуы 

тиіс.  

Қызметтің әрекеті барысындағы қауіпті өндірістік факторлар:  

     - Жабдықұтың, материалдардың беттерінің жоғарылатылған температурасы.  

-Инфрақызыл сәулелендірудің жоғарылатылған дәрежесі. 

-Жарылыс-өрт қауіптері. 

-Шумен дірілдердің жоғарылатылған дәрежелері. 

-  Жұмыс  аймағы  ауасының  зиянды  химиялық  заттармен  газдалуының  және  шаңдануының 

жоғарылатылған дәрежесі.  

- Статикалық электрдің жоғарылатылған дәрежесі және электр қауіптілігі.  

-Жабдықтың қорғалмаған жылжымалы элементтері.  

-Жеткіліксіз жарықтандырылу. 

- Ауа, су және бу бар ыдыстың жоғарылатылған қысымы.  

- Материалдардың, дайындамалардың өткір жиектері, қылаулары. 

-Басқыштан құлау. 

-Жұмыстың ауырлығы мен қауырттылығы. 



Қызметтің қызметкерлеріне пайдалану барысында ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:  

1. 


Арнайы киімсіз, арнайы аяқ киімсіз және ЖҚҚ-сыз жұмыс істеуге. 

2. 


Медициналық тексерусіз, нұсқамасыз және білімді тексерусіз жұмыс істеуге рұқсат беруге.  

3.  Тексерілмеген,  сыналмаған,  жұмысқа  жарамсыз  су  көрсеткіш  жәнебасқа  да  бақылау-өлшеу 

аспаптарын,  нәрлеуші  құрылғыларды,  арматураны,  сақтандырушы  (авариялық)  клапандарды, 

қауіпсіздік  автоматикасын  және  аварияға  қарсы  қорғау  және  дабыл  құралдарын  қысыммен  жұмыс 

істейтін ыдыстың (қазанның) жұмысына қосуға.  

4.  Қысыммен  жұмыс  істейтін  ыдысқа,  құбырға  және  қазанға  қызмет  көрсету  жұмысына 

оқытылмаған және аттестатталмаған тұлғаларға рұқсат беруге.  

5. Ыдыстың ішінде жалғыз өзі, сақтандырушысыз жұмыс істеуге.  

6. Ыдыстарды, қазандар мен суды жылытқыштарды паспортсыз және оларды монтаждау және 

пайдалану жөніндегі әзірлеуші-зауыттың нұсқауларынсыз, техникалық куәландырусыз (жұмысқа іске 

қосылғанға дейін және мерзімді түрде – жұмыс барысында) және олар жарамсыз болған жағдайда 

пайдалануға.  

7. Кезекшіліктегі қазан (ыдыс) операторына қазанның жұмысы кезінде лауазымдық нұсқаулықпен 

көзделмеген қандай да болсын басқа міндеттерді орындауды тапсыруға.  

8. Ыдыстарды, қазандарды оттықтағы жану толық тоқтағанға, оның ішінен отынның қалдықтарын 

жойғанға және қысымның нөлгедейін төмендейіне дейін оларды қадағалаусыз қалдырып кетуге. 

9. Жұмысқа жарамсыз немесе ретке келтірілмеген сақтандырушы клапандары, бақылау-өлшеу 

аспаптары, ілмекті арматурасы бар ыдыстар, қазандар және суды жылытқыштардың жұмыс істеуіне.  

10. Сақтандырушы клапанды жүктеменің артуы немесе сыналану арқылы шамадан артық 

жүктеуге.  

11. Жерге тұйықтаушылар ретінде құбырларды пайдалануға.  

12. Оттықтар, барабандар, газарналар, ауа өткізгіштер және түтін мұржалары ішінде жұмыс 

істеген кезде оңай жанатын материалдары бар керосин және басқа да шамдарды пайдалануға.  



 

 

 



 

13. Қазанмен бір орынжайдың ішінде қазандарға қызмет көрсету және жөндеуге қатынасы жоқ 

машиналар мен аспаптарды орнатуға. Өртке қауіпті заттарды, оңай тұтанатын сұйықтықтар мен 

материалдарды сақтауға.  

14. Басқыштардың тегіс металл алаңшалар мен баспалдақтарды қолдануға, сонымен қатар оларды 

шыбық (дөңгелек) болаттан жасауға. 

15. қазанғадейінгі немесе қазанішілік сумен өңдеусіз қазандарды пайдалануға.  

16. Ілмекті арматураны жаппай сүзгілерді шаюға.  

17. Қысыммен тұрған, сонымен қатар қазан мен механизмдердің жұмысы барысында ыдыстарды, 

қазандар мен құбырларды тазартуға, жөндеу жүргізуге, бұрандамаларын тартуға.  

18. Қатып қалған ыдысты ашық отпен жылытуға.  

    19. Қызмет көрсету барысында осыған арналған мамандандырылған аспапты емес, қолда бар 

құралдарды пайдалануға.  

20. Жұмыс орындары мен аумақта бөгде тұлғалардың бар болуына.  

21. Жұмыста жарамсыз жабдықты, аспаптарды, қорғаныс құралдарын қолдануға.  

Жұмыс басталғанға дейінгі арнайы талаптар:   

1. Арнайы киімді кию, жеке қорғаныс құралының, аспаптар мен тетіктердің бар болуын және 

жарамдылығын тексеру. Жұмыс барысында жеке қорғаныс құралын қолдану қатаң міндетті.  

2. Тапсырма алу (қажеттілігіне қарай техникалықшарттар мен наряд-рұқсат алу), ауысымды 

қабылдап алу-өткізу журналымен (жөндеу журналымен) танысу, жұмыс орындарын қарау

ыдыстардың, қазандар мен технологиялық жабдықтың, сумен жабдықтау, отын беру жүйелерінің 

құбырларын, кәрізді, жылумен жабдықтауды, жарықтандыруды, желдетуді, сонымен қатар электрмен 

жабдықтау тораптарының жарамдылығын тексеру.  

        3. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін және жарамдылығын, сонымен қатар 

сақтандырушы клапандардың, нәрлеуші құрылғылардың, автоматика құралдарының жарамдылығын 

тексеру.  

П

    4. Орынжайды, жұмыс орындарының тазартылу жағдайын, сонымен қатар өтпе жолдар мен 



шығатын есіктердің үйілмей бос болуын тексеру.  

       5. Өткен тәулікте жұмысалған шығыс материалын және қосалқы бөлшектерді белгіленген нормаға 

дейін толықтыру. 

      6. Ауысымды қабылдау-өткізу журналына жазу жазу.  



 

Жұмыс ауысымы кезінде:  

1. Ыдыстардың, қазандардың, құбырлардың жұмысын және жалпы алғанда технологиялық 

желіні үнемі бақылау.  

2. Бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын, сонымен қатар сақтандырушы клапандардың, 

нәрлеуші құрылғылардың, автоматика құралдарының жұмысын мерзімді тексеру.  

3. Отын беру желісінің жұмысын және суды дайындау үрдісін үнемі бақылау. Технологиялық 

желіде жарамсыздықты анықтаған жағдайда бірден жұмысты тоқтата тұрып, ол туралы қызмет 

басшылығына хабарлау.  

4. Қазанды авариялық тоқтату кезінде операциялардың ретін білу және дұрыс пайдалану қажет.  

5. Өткізілген сынақтардың, жөндеу жұмыстарының (жоспарлы және жоспардан тыс), 

техникалық куәландырудың барлық нәтижелері жәнеавариялық тоқтату жағдайлары техникалық 

құжаттамаға жазылуы тиіс.  

6. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарда ағу пайда болған жағдайда жұмыстарды жүргізудің 

техникалықшарты мен қауіпсіздік шараларын міндетті түрде сақтай отырып, оны жою бойынша 

жауап әрекеттерді бірден жүргізу.  

7. Жылу магистралінің сыртқы контурында да, қазандық ғимаратының жұмыс істеп тұрған 

қазандарының контурларында қысым дәрежесін қолдау.  

8. Жұмыс орнын тазалықта ұстап, өтпе жолдыүймелемеу. Өндіріс қалдықтарын арнайы 

белгіленген ыдысқа қаттау қажет.  

Жұмыс ауысымы аяқталған соң:  

1. Жұмыс орнын, аранйы киімді, жеке қорғаныс құралдарын тәртіпке келтіріп, қолды жуып, 

душ қабылдау (қажеттілігіне қарай);  

2. Жұмыс аспабын, құрылғыларды тазартып, арнайы белгіленген орынға алып қою;  

3.Журналда кезекшілікті өткізу туралы және орындалған жұмыс туралы жазу жазу қажет.  

Авариялықжағдайлардағы әрекеттер:  



жүктеу 439,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау