Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
206
507-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыздар.
Пластмасса
Орманда қарағай діңінен мөлдіреп шығып тұрған шайыр
тамшыларын көргендерің бар шығар. Оның икемге келгіштігін
жұрт баяғыдан білуші еді. Бірақ оны іске жарату мүмкін емес-ті,
өйткені шайыр суықта қатып, морт сынғыш күйге түсіп, ал
жылыда балбырап еріп кететін. Химиктер шайырдың осы
қасиетін ескере отырып, оның көптеген жасанды түрлерін –
«ағайындарын» жасап шығарды. Оның бойында өңдеуге
қолайлы қасиеттер мол еді. Қыздырған кезде тез жұмсаратын
және қажетті пішінге келуі оңай болатын. Міне, осындай
жасанды материалдардың бәрі – пластикалық массалар –
пластмасса
деп
аталады.
Пластмасса
–
синтетикалық
материалдардың бір түрі. Ол өзінің негізі болып табылатын
полимердің арқасында қалыпқа түскен пішінін жақсы сақтайды.
Ғалымдар
пластмассалардың
небір
түрлерін
жасап
шығаруда. Кейбір пластмассалар ең сапалы деген болаттан да
берік, енді біреулері – резинадан да жұмсақ, ал үшінші біреулері
– мөлдір әрі оңайлықпен сынбайтын мықты болып келеді.
Жоғары температураға төзімді, сондай-ақ кәдімгі тоз тығыннан
100 есе жеңіл пластмасса да бар.
Кейбір пластмассаларды қажетті температураға дейін
қыздырады да, иненің жауындай ғана тесіктерден қысыммен
сығып шығарады. Одан шыққан жіңішке талшықтар суына келе
жіпке айналады. Капрон және нейлон жіптері міне, осылайша
алынады.
Пластмассалардың бәрі дерлік ылғалға және күйдіргіш
қышқылдарға төзімді, тот баспайды және шірімейді де. Олардың
енді бір тиімді жері – анағұрлым арзан шикізаттардан алынады.
Пластмассалар ағаш, металл, шыны орнына жүре береді. Өзінің
осы бағалы қасиеттерінің арқасында, олар өнеркәсіпте,
құрылыста, ауыл шаруашылығында және медицинада кеңінен
қолданылады.
508-тапсырма.
Құрылыс
материалдарының
түрлерін
кестеге сызып, толықтырыңыздар.
Қазақ тілі
207
Үлгі:
509-тапсырма. Берілген мәтіннен цемент пен металдың
өзіндік қасиеттерін теріп жазыңыздар.
510-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту бағдарламасы
аясында цемент зауыттарын қайта құрылымдау жобалары
қарастырылған. Осы бағыттағы жұмыстардың инвесторларының
бірі – «Хайдельберг цемент» компаниясы. Қазіргі уақытта
концерн жылдық қуаты 1,2 млн тоннаны құрайтын Бұқтырма
цемент зауытына, сондай-ақ Өскемен, Астана, Алматы, Ақтау
қалаларындағы 4 терминалға иелік ететін «Шығыс цемент»
компаниясы акцияларының 75,1 пайызын бақылайды. «Каспий
цемент»,
«Каспий
неруд»
компаниялары
акцияларының
75 пайызын сатып алу туралы шарт жасап отыр.
511-тапсырма. Қазіргі таңда құрылыс материалдарының
қажеттілігі және одан алынатын пайдалы өнімдер туралы ой
бөлісіңіздер.
512-тапсырма.
Қарамен
жазылған
сөздерді
мәндес
сөздермен алмастырыңыздар.
Отбасында баланы дұрыс тәрбиелеу дағдыға айналу керек.
Әрбір халықтың өз дәстүрі бар.
Біреуге жақсылық істесең, алғысын аласың.
Өтірік біреуді қаралама, күнә болады.
Әке-шешеңнің тапқанын босқа шашпа.
Оқыған азамат сыпайылық көрсетуі керек.
513-тапсырма. Синоним сөздердің мағынасын түсініп,
сөйлем құрастырыңыздар.
Табиғи тау
жыныстары
дара тастар,
қиыршық тастар
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
208
Байланыс – қатынас; дүниежүзі – бүкіл әлем;
Кіру – мүшесі болу; тұтынушы – қолданушы.
514-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.
құрылыс машиналарының жинағын таңдау – выбор
комплекта строительных машин
жер жұмыстарын өңдеу әдісін таңдау – выбор способа
производства земляных работ
гипсті тұтқырғыш заттар – гипсовые вяжущие вещества
саз балшық – глина
балшық-топырақты цемент – глиноземистый цемент
қиыршық тас – гравий
топырақ – грунт
сазды топырақ –грунт глинистый
қатып қалған топырақ – грунт мерзлый
шөкпе топырақ – грунт просадочный
515-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, бірнеше
мағыналық бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыздар.
Мәдени-тарихи құрылыстар
Кеңестік жүйенің күйреуі мен нарықтық қатынастарға өту
еліміздің рухани-мәдени өміріне зор ықпал етті. Қалыптасқан
жаңа жағдайда нарықтық қатынас-
тарға икемделе алған ұйымдар
ғана өз жұмыстарын жалғастырды.
Қазақстан ғылымының да-
муының жаңа кезеңі ғылым мен
жаңа технологиялар министрлігі
құрылған 1992 жылдан басталады.
1993 жылы бюджеттен қаржылан-
дырылатын
ғылыми-техникалық
бағдарламалар жаппай сынақтан өткізілді. Мұндай тәсіл
ғылымның болашағы зор салаларын анықтауға, маңызды
ғылыми орталықтарға нақты көмек беруге мүмкіндік жасады.