Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
212
523-тапсырма.
Берілген
сөз
тіркестерімен
сөйлем
құрастырыңыздар.
Қазақ халқының ұлы, екі жүз жылдық мерейтой, ескерткіш
тұрғызу, конкурсқа түскен барлық жобалар, тәжірибелі шебер,
бедерлі көпфигуралы композиция.
524-тапсырма.
“Монумент”
сөзімен
сөз
тіркесін
құрастырыңыздар.
525-тапсырма. Берілген сөздерге анықтама беріңіздер.
Тәуелсіздік
Монумент
Сәулетші
Мүсін
Дәстүр
Нұсқа
Қаулы
Келбет
526-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге
бөліп, тақырыпша қойып, сұрақ дайындаңыздар.
527-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қолданып,
шағын мәтін құрастырыңыздар.
1. Тәуелсіздік . 2. Мемлекет. 3. Монумент. 4. Қала. 5.
Орнату. 6. Сәулетші. 7. Мүсінші. 8. Нұсқа. 9. Алаң. 10. Ізденіс.
11. Қаулы. 12. Қабылдау.
528-тапсырма. Берілген мәтінді аударыңыздар.
Қазақ тілі
213
Как создавался монумент
К праздниванию 200-летию юбилея легендарного сына
казахского народа Махамбета и его сподвижнику Исатаю было
решение создать памятник в г.Атырау. Установление такого
крупного памятника происходило в республике впервые за
последние годы и приобрело серьезное значение. Принцип
соревновательности
с
целью
созданию
значительного
монументального произведения имел большое значение. Поэтому
был объявлен Республиканский конкурс, и все проекты,
поступившие на конкурс, рассматривались на самом высоком
уровне. И вот среди восьми представленных на конкурс вариантов,
предпочтение было отдано проекту опытного мастера Бахыта
Абишева в соавторстве с Е. Сергебаевым предоставил двух-
фигурную конную скульптуру на фоне сферического среза,
напоминающего восходящее солнце, на плоскости которого
выполнена рельефная многофигурная композиция Е. Сергебаева.
529-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Мазмұнын айтып беріңіздер.
Пирамида
Осыдан бес мың жылдай бұрын б.д.д 2700 жылдарда
перғауын Хеопс бұйрығымен алғашқы пирамида құрылысы
басталып және кейінірек салынған бірнеше үлкенді-кішілі
пирамидалардан соң мыңжылдықтар бойына үзіліп қалған
осынау ғажайып құрылыс ХХІ ғасырда өзгеше қырмен
Сарыарқаның жүрегіндегі сәулетші қауымның небір арман –
қиялдардың жүзеге асатын қаласы – Астана төрінде жарқ етті.
Пирамида авторы – сәулетші лорд Норман Фостер Британ
музейін, Берлин Рейхстагіндегі жаңа парламентті, Гонконгтың
«Чек Лап Кок» аэропортын, Франкфурттегі банк ғимараттарын,
Малайзиядағы университет қалашығын және т.б. құрылыстарды
жобалап, 400 арнайы жүлделер мен алғыстар алып, 65
халықаралық және ұлттық байқаулардың жеңімпазы атанған.
Сәулетші аталған жобаны жасауда «Табаноглы Мимарлық»
атты архитектуралық компаниясымен тізе қоса еңбек етіпті. Ол
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
214
дүниежүзілік аренада танылып көптеген халықаралық және
ұлттық конкурстардың жүлделерін қанжығасына байлаған
көрнекті компания екен.
Пирамида құрылысына дүние жүзіндегі ең жақсы, ең сапалы,
мықты әрі әсем деген құрылыс материалдары жұмсалды.
Қабырғасы да, әйнектері де, лифтілері де, колонналары да иіліп,
қиғаштай орналасқан мұндай ірі нысанды салу машығының бүгінгі
заманғы құрылысшылардың ешқайсысында жоқ екендігі белгілі.
Көлбеу бойымен пирамида биігіне шығарар лифтімен
жоғарыға көтерілгеніңізде, алдыңыздан пейіш бағындай жасыл
желекке жолығады екенсіз. Мұндағы нәзік гүлдер мен пальма
тектес, табақтай жапырақтары бар биік гүлдер мен алуан түрлі
өсімдіктері иранбақ ертегісін көргендей әсер қалдырады. Осы
әсемдік арасымен тіке көтерілсе, Пирамиданың ұшар басында
230 тонна болаттан жасалған үлкен зал орналасқан. Ал 14 метрлік
жасыл бақ ішін жарып өтіп, төменге баспалдақпен түсер
болсаңыз, Елбасының қонақтармен әңгімелесетін бөлмелері мен
мейрамхана, одан төменгі қабатта дін өкілдерінің әрқайсысы өз
құдайларына құлшылық ететін 32 бөлме орын тепкен. Жалпы
пирамиданың жер астындағы көрінбейтін қабатының биіктігі
13 метр болса, жер бетінен үшкіл биігіне дейінгі аралық 62 метр,
сонда барлығы 75 метрді құрайды. Пирамидаға кіргендегі холл
мен опера залы алдыңғы 13 метрде орналасқан. 8 қабат
сарайдағы барлық бөлмелердің жалпы көлемі 29 мың шаршы
метр. Құрылысқа 5500 тонна болат қолданылған және осының
бәрі өртке қарсы сырланыпты.
Адамзаттық ізгі мұраттарды өрістете түс – Пирамида.
530-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Пирамида Қазақстанның қай қаласында салынды?
2. Пирамиданың авторы кім?
3. Автор қандай компаниямен бірлесіп жұмыс істеді?
4. Норман Фостер кім?
5. Пирамиданың ең жоғарғы қабатында не орналасқан?
6. Құрылысқа көбіне нені пайдаланды?
7. Неге қарсы сырланды?
8. Пирамиданың әдемі көрінісінің бірі не?