Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет42/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

126 



Халық  мұндай  шеберлерді  тас  қалаушылар  деп  атады.  Әр 

ауылда  атақты  тас  шеберлер  болды.  Олар  тас  қалаудың,  оны 

ұқсатьш  шабудың,  өрнектеудің  қарапайым  болса  да  тәсілдерін 

шебер  меңгерді.  Соның  нәтижесінде  шеберлер  қалаған  тас 

қалалар,  бейіттер,  әртүрлі  мұнаралар  мен  күмбездер  бірнеше 

жүздеген  жылдар  бойы  сол  қалпында  сақталды.  Тастың  қырын 

келтіріп,  берік  қалаумен  бірге  оның  сәнді,  сәулетті  болуын 

шеберлердің өздері орындады. Мәселен, тасты таңдайлап қалау, 

белдеулеп қалау, бағандап қалау, әртүрлі тастарды шатыраштап 

ойыстырып (шахматша) қалау арқылы сәнді өрнектер жасалды. 

Қазақ  халқының  сәулет  өнерінде  кездесетін  тастан  еден 

төсеу,  таспен  күмбездеу,  тас  діңгектерін  қалау,  сәкілер  жасау 

әдістері  ертеден  келе  жатқан  тас  шеберлерінің  өнерін 

дәлелдейді.  Бізге  дейін  сырын  да,  сынын  да  сақтап  келген  өте 

ескі  заманғы  бұл  мұнараларының  бірі  Айша  бибінің, 

Алашаханның, Ахмет Яссауидің, т.б. мазарлары.  



 

275-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. 

 

1. Қазақ халқы  тасты неге пайдаланған? 



2. Тас қалаушылар қандай тәсілдерді меңгерді?  

3. Шеберлер қалаған тас үйлер қанша жыл сақталды ? 

4. Шеберлер сәнді өрнектерді қалай қалаған? 

5.  Сәулет  өнерінде

 

қандай  әдістер  тас  шебердің  өнерін 



дәлелдейді? 

 

276-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  сөз  тіркесін 

қойыңыздар. 

 

Тас  қалау,  таспен  басқа  затты  өрнектеу,  тастан  .... 



өнерлерінің ертеден пайда болғаны мәлім. 

Қазақ халқы тасты........, ...., ........ шегендеуге пайдаланады. 

Халық мұндай шеберлерді  ........  деп атайды. 

Тастың  қырын    келтіріп,  берік  қалаумен  бірге  оның    ........

....................................................................,  ......... 

 болуын 


шеберлердің өздері орындады. 

 

277-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар. 

 



Қазақ тілі 

 

 



127 

Қалаудың айқастыра байлауы − перекресная перевязка кладки  

Қалаудың ретсіз байлауы − нерегулярная перевязка кладки 

Қалаудың бір қатарлы байлауы – однорядная перевязка кладки 

Қалаудың үшкір қыр байлауы − тычковая перевязка кладки 

Қалаудың көлденең байлауы − поперечная перевязка кладки 

Қалаудың көп қырлы байлауы − многорядная перевязка кладки 

 

278-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  түсініктемесін  біліп 

алыңыздар. 

 

Сәкі  −  саты,  басқыш,  орындық;    төр  алдында  болатын 



отырғыш тақтай, яғни қалаған кірпіш, нар. 

Оба − тастан қалаған қарақшы, меже, белгі. 

Баған  (бағана)  −  қораның  төбесінің  арқалығын  астынан 

тіреп тұратын діңгек ағаш. 

Белдеу  −  киіз  үйдің  туырлығын  айналдыра  белінен  орап 

байлайтын арқан. 

Сүтін − тіреу, бағана, діңгек. 

Ұрма (соқпа) − қалыпсыз кесек былжырдан соққан құрылыс.  

Қойма  тас  −  құмнан,  цементтен  құйып  біріктерген  тас; 

жасанды тас.  

Шалдуар − тастан, балшықтан қалаған ашық қора. 

 

279-тапсырма. Ғибрат сөздерді жаттап алыңыздар. 

 

Көркем  өнер  біздің  ішкі  дүниемізге,  жан  жүйемізге  әсер 



етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді. 

М. Әуезов 

 

Таза өнердің иесі жомарт келеді 



Сайф Сараи 

 

Жігіттер, өнер үйрен заманыңда, 



Денсаулық, әлің келген аманыңда 

 

Ақансері Қорамсаұлы 

 

Осынша өнер тауып асқан − адам 



Әлемнің қиын сырын ашар − адам... 

 

Ш. Құдайбердиев 

Өнерсіздің өнбегі жоқ. 

 

Ж. Баласағұн 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

128 



 

Қандай  болмасын  өнердің  теориясын  меңгеру  дегеніміз  − 

бұл  өнер  мәселелерін  ақылмен  білу  және  тану  қабілеттілігін 

меңгеру болып табылады. 



әл-Фараби 

 

Мал жұтайды, өнер жұтамайды. 



Абай Құнанбаев 

 

Дүниеде түрлі өнер көп, өнерді тапқан шебер көп. 



Сәбит Дөнентаев 

 

280-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  сұраулы  сөйлемдерге 

айналдырыңыздар. 

 

Қазақстан  аймағында  құрылыс  ісі  жоғарғы  палеолит 



дәуірінде 

пайда 


болды. 

Қаратаудағы, 

Баянауылдағы, 

Ұлытаудағы,  Маңғыстаудағы  үңгірлер  тұрақтары шағын  топтар 

болып  өмір  сүрген,  бірігіп  еңбек  еткен  алғашқы  қауымдық 

құрылыс  аңшыларының,



 

кейінірек  ертедегі  рулық  қауымдарды 

құраған  адамдардың  тіршілік  жайын  сипаттайды.  Бұл  дәуірде 

ортасында  дөңгелек  ошағы  бар,  тастан  немесе  топырақтан 

қалаған,  аласа  қабырғалы  төбесі  сырықтармен  жабылған 

алғашқы тұрғын үйлердің іздері сақталып қалды. 



 

281-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар. 

 

құрылыс − строителъство 



тұрғын үй − жилой дом 

қалау тәсілі − способ кладки 

қалау тас − кладочный камень 

қабырға − стена 

төбе, шатыр – крыша 

қорғаныс құрылыс – фортификация 

тас құрылыс – дольмен 

жылтырату – лошение 



 

282-тапсырма.  Төменде    берілген    сөйлемдердегі    есімше  

тұлғалы етістіктердің  астын сызыңыздар. 

 

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау