Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет114/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

354 


 

Шартты рай 

Іс-қимылдың 

орындалу-

орындалмау шартын 

білдіреді.  

Етістік + (-са,-се) 

+жіктік жалғауы. 

(Күн ашық  бол-са, 

тауға шығамыз.) 

 

Қалау рай 

 

Қалау, тілекті 



білдіреді 

Етістік + (-ғы, -гі,-

қы,-кі) +тәуелдік 

жалғауы / кел 

етістігі. (біздің сабақ 

оқы-ғы-мыз келеді.) 



 

258-тапсырма.  М.  Қашқаридің  сөздерін  есте  ұстаңыздар. 

Көшіріп жазып, бұйрық райлы етістіктердің астын сызыңыздар.  

 

Егер  саған  қиын  күндер  туса,  қатыгездік  басқа  түссе,  оны 



өтпелі  қиындық,  өтіп  кетеді  деп  сабыр  сақта.  Тағдырдың  ісін, 

уақыттың  сыңайын  түсініп,  солай  болатындығын  біліп  тұр.  Соған 

сөйтіп  қарсы  тұр,  мойыма.  Кез  келген  қиындық,  бейнетке  бола 

қайғырып, қасірет шегіп, өзіңді жасытпа, қиындыққа бой алдырма. 

Білімді  (ғалым)  адамға  жолықсаң,  оған  күнде  барып,  өнер 

білген,  үйренгін,  кербез  тәкаппарлықты  қойғын,  пейіл  беріп, 

бойсұнып, мүләйім көңілмен табынғын.  

Айламен арыстан тұтылар, күшпен тышқан да тұтылмас. Түйе 

мініп, қой арасына жасырынбас. Су бермеске, сүт бер. Адам көкке 

түкірсе, өзінің жүзіне түсер. Құс тұзаққа жем үшін ілінер.  



                   (М. Қашқари) 

 

259-тапсырма.  Батаны  жаттап  алыңыздар.  Етістіктердің 

бұйрық райда тұрғанын дәлелдеңіздер.  



 

Бата 

 

Бір үйдің баласы болма,     Қараны қара деп бағала! 

Бүкіл елдің санасы бол!     Өзегің талса, елдің ішін арала,  

Бір елдің баласы болма,      Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала! 

Бар елдің данасы бол! 

   Өзіңе-өзің кәміл бол, 

Бір тонның жағасы болма,   Халқыңа әділ бол! 

Көп қолдың ағасы бол!      Жауыңа қатал бол, 

Ақты ақ деп бағала!  

   Досыңа адал бол! 

 



Қазақ тілі 

 

355 



260-тапсырма.  Оқып  шығып,  шартты  райлы  етістіктерді 

тауып, қай жақта тұрғанын анықтаңыздар.  



 

Мақал-мәтелдер 

 

Қара көзден нұр тайса,   

Атадан жақсы ұл туса, 

Айналаң қара түн болар.  

Жеткізеді мұратқа. 

Екі аяқтан әл кетсе, 

 

Атадан жаман ұл туса, 



Қарға адым жер мұң болар. 

Қалдырады ұятқа. 

Ұрысқақ болса – ұлың жау, 

Еңбек етсең, еленерсің, 

Керіскек болса – келін жау. 

Еңбегіңе келенерсің. 

 

Инең болса – иінің бүтін. 



Мезгіл жетсе, мұз ерір. 

 

Үлгі: тайса – ІІІ жақ. 

 

261-тапсырма.  Берілген  етістіктерден  шартты  рай  жасап, 

әрқайсысына сөйлем құрастырыңыздар.  

 

Сана. Жаз. Жүргіз. Тазарт. Санама.  



 

262-тапсырма.  Етістіктерді  тауып,  оларды  рай  түрлеріне 

қарай талдаңыздар.  



 

Мақал-мәтелдер 

 

Ат жақсысын мақта, 

 

Адам жақсысын мақта. 



Болар адам он бесінде бас болар, 

Болмас адам қырық бесінде жас болар. 

Армансыз адам алысқа бармас.    

Әркім қолда барын ұсынады. 

Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер.  

 

Ұлық болсаң, кішік бол.   



 

 

 



Балапан ұяда не көрсе, 

Ұшқанда соны іледі. 

 

Үлгі: мақта – бұйрық рай, ІІ жақ, жекеше, анайы түрі.  

 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

356 


Етіс 

 

Етіс  іс-қимылды  орындауда  орындаушының  қатысы 

қандай екенін білдіреді. Оның 4 түрі бар:  

 

 

Ереже 



Жұрнақ 

Өздік етіс 

Іс-қимылды адам өзі 

істейді. 

-ын, -ін, -н 

(жу-ын-ды, ки-ін-ді)  

Өзгелік 

етіс 

Адам іс-қимылды өзге 

біреуге орындатқызады. 

-дыр, -дір, -тыр,        -

тір, -ыр, -ір:  

(жаз-дыр) 

-ғыз, -гіз,- қыз, -кіз 

(айт-қыз) -т; (оқы-т) 

-сет (көр-сет) 

Ырықсыз 

етіс 

Іс-қимыл өздігінен 

жасалғандай көрінеді. 

-ыл, -іл, -л;  

(аудар-ыл-ды) 

-ын, -ін, -н (түбірде 

«л» әрпі болса):  

(ал-ын-ды) 



Ортақ 

етіс 

Іс-қимыл бірлесіп, 

ортақтасып істелінеді. 

-ыс, -іс, -с (жаз-ыс-ты, 

бөл-іс-ті, оқы-с-ты) 

 

263-тапсырма. Мына сөздерден өздік етіс жасаңыздар. 

 

Қи,  көр,  қыс,  жаз,  кер,  жу,  тара,  қара,  қос,  бер,  соз,  сыла, 



ойла, қозға.  

Мына сөздерден ырықсыз етіс жасаңыздар

Сал, қой, апар, ал, айт, қос, бекі, тарт, баста, ора, қала, жи, 

іл, әкел, аш, бөге, байқа. 

Мына етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.  

Айт,  қал,  кел,  жүр,  отыр,  ал,  же,  өрле,  тыңда,  сайла,  шық, 

кет, таны, тоқта, есті, түс, көн, панала, дүрілде. 

 Мына сөздерден ортақ етіс жасаңыздар.  

Сөйле, бөл, ал, айт, біл, сұра, байла, арала, ойла, сана, бақ, 

сүрт, сыбырла, біт, қой, қабатта, жібер, қалдыр.  

 

 264-тапсырма.  Мәтіннен  ырықсыз  етістің  жұрнақтарын 

табыңыздар. 

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау