Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет109/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135

Қазақ тілі 

 

339 



жұмсауды  қажет  етеді.  Сондықтан  оны,  көбінесе  тұзды 

көлдерден өндіреді.  

Тұзды көлдер Қазақстанның барлық жерінде таралған. Көл 

суы  жазда  ыстыққа  көп  буланады  да,  еріген  тұз  түбіне  шөге 

береді. Оны өндіру үшін сорғыш машина қолданылады. Мұндай 

машинаның  орасан  зор  түтігі  мен  сорғышы  болады.  Түтік 

арқылы көл түбіндегі тұз сумен қоса сорылып алынады.  

Тұз  жер  қыртысында  да  мол.  Мұндай  тұз  бір  кезде  сол 

жерді  басып  жатқан  теңіз  шығанағында  жинақталған.  Оның 

қалыңдығы  кейде  бірнеше  жүз  метрге  барады.  Сондықтан  оны 

тас  тұз  деп  атайды.  Тас  тұз  мөлдір,  түссіз  кесек  мұзды 

елестетеді. Тас тұздың қаттылығы соншалық, оны қазып алатын 

шахтада  ешқандай  ағаш  тіреу  қоюдың  қажеті  жоқ.  Тұздың  өзі 

тамаша тіреу бола алады.  

 

234-тапсырма.  Мәтіндегі  болымсыз  етістіктер  мен  зат 

есімдерді 

салыстырып, 

олардың 


жасалу 

жолдарындағы, 

мағыналарындағы ерекшеліктерді айтып беріңіздер.  

 

1.  Ғылым таппай мақтанба,  



     Орын таппай баптанба.  

     Білмеген соң, айтпа сөз  



(Абай) 

2.  Осы  кіре  беріс  бөлмеден  төрге  қарай  және  оң  жақ,  сол 

жаққа қарай бірнеше бөлме бар еді. 

3.  Келген адам шайға отырмай, не шұбат ішпей кетпейді.  

4.  Буылған қағазды столдың тартпасына салды. 

5.  Әйгерім Абайды кінәламаса да, ақтамақшы емес.  



235-тапсырма.  Мәтінді  көшіріп  жазып,  дара  етістіктің 

астын  бір,  күрделі  етістіктің  астын  екі  сызықпен  сызыңыздар. 

Күрделі етістіктің қалай жасалып тұрғанын айтыңыздар. 

 

Күн – тоғыз  ірі планетадан тұратын тұтас бір жүйенің, Күн 



жүйесінің орталығы. Күн – қатардағы жұлдыздардың бірі. Басқа 

жұлдыздар  сияқты,  ол  да  лаулап  жанып  тұрған  газды  шар. 

Ғалымдардың  болжауынша,  оның  беткі  қабатындағы  қызу  6 

000


0

 шамасында,  ал терең түкпірінде 15 миллион градусқа дейін 

жететін  болуы  керек.  Басқа  жұлдыздарға  қарағанда  жақын 

орналасқандықтан, күн бізге олардан гөрі үлкен болып көрінеді. 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

340 


Күн  мен  Жердің  ара  қашықтығы  150  миллион  км.  Тап  осы 

қашықтық  тіршілік  үшін  қолайлы  екендігі  байқалады.  Мұнан 

гөрі тым жақын денені Күн қатты қыздырып жібереді, ал алыста 

үскірік суық орнайды.  

Аспан әлемін зерттеуші ғалымдар Күннің көлденеңі 1 400 000 

километрдей  екенін  анықтаған.  Бұл  Жердің  көлденеңінен        

109 есеге жуық артық деген сөз.  

Күн  жан-жағына  жарық  сәуле  және  орасан  зор  мөлшерде 

жылу таратады. Жерге Күн қуатының екі миллиардтан бір бөлігі 

ғана  жетеді.  Күннің  басқасы  әлем  кеңістігіне  шашырап  тарап 

кетеді.  Дегенмен  осы  қуат  мөлшерінің  өзі  Жерді  жылытуға 

әбден  жетеді.  Күннің  сәулесі  мен  жылуы  болмаса  Жер  бетін 

қара  түнек  басар  еді.  Ғаламат  суықтың  салдарынан  өсімдік  те, 

жан-жануар  да  тіршілік  ете  алмас  еді.  Жылудың  жоқтығынан 

булану  жүрмей,  су  бетінің  қатып  жататындығы  өзінен-өзі 

түсінікті.  Аспанда  бұлт  үйірілмейтіндігінен  жауын-шашын 

жаумас еді, жер бетін өзгертетін ағын су әрекеті жүрмес еді. Бір 

сөзбен  айтқанда,  Жерде  өтіп  жататын  сан  алуан  табиғат 

құбылыстары тоқтап қалар еді.  

 

236-тапсырма.  Болымсыз  етістіктерді  қойып,  мақал-

мәтелдерді көшіріп жазыңыздар. 

 

Жан кинал.. й 



Жұмыс біт... с, 

Талап ... й, 

Мұратқа жет...с. 

 

Еңбек қылсаң ерін...й, 



Тояды қарның тілен...й. 

 

Еңбексіз іс бітп...йді, 



Еріншектің қолы жет...йді. 

 

Күшіңе сен... 



Ісіңе сен. 

 


Қазақ тілі 

 

341 



237-тапсырма. Оқу-білім туралы мақалдың жүйесін тауып, 

сөздердің жасалу жолдарын талдаңыздар.  



 

Жүйесін тап 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

238-тапсырма. Туынды етістіктерді тауып, морфологиялық 

талдау жасаңыздар. 

 

Бетонның бір ғажап қасиеті бар: жыл өткен сайын қатайып, 



бұрынғыдан  да  беріктене  түседі.  Ол  аязға  төзімді,  судан 

«қорықпайды», оған әртүрлі пішін беруге де, тұтас шомбал етіп 

құюға да, әр алуан түске бояуға да болады.  

Қарағанды  цемент  зауыты  негізгі  өніммен  қоса  әктас 

шығарады.  Әктасты  кальций  карбидін  өндіру  үшін  Теміртау 

синтетикалық  каучук  зауытына  тасымалдайды.  Бұл  өндірістегі 

карбид  әгінің  қалдығы  силикат  кірпіш  өндіруге  қолданылады. 

Силикат  кірпіш  зауыттары  Ақмола,  Қостанай,  Павлодар 

қалаларында  салынған.  Қарағанды,  Сазтөбе  цемент  зауыттары 

өндірістерді әкпен қамтамасыз етеді.  



 

Есімше 

 

Есімше  –  бірде  есім  сөздің,  бірде  етістіктің  қызметін 

атқаратын етістіктің түрі. 

Есімше есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) 

есім қызметін атқарады.  



К 

Н 

Ы 

Т 

Л 

Н 

А 

Ы 

П 

З 

А 

А 

І 

Т 

Қ 

А 


жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау