Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
348
1. Нақ осы шақ
Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар:
Жалаң нақ осы шақ:
«жатыр, отыр, жүр, тұр» қалып
етістіктерінің жіктелуі арқылы
жасалады.
Күрделі нақ осы шақ: (-а, -е, -й,
-ып, -іп, -п) (қалып етіс) +ж.ж
Жатырмын, жүрміз, отырсың,
тұрсыз.
Бара жатырмын, кел-іп
отырсың.
2. Ауыспалы осы шақ
Күнделікті болып жатқан іс-қимылды білдіреді.
Етістік + (-а, -е, -й) +жіктік жалғауы
Күнде сабаққа бар-а-мын.
Өткен шақ
Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті
білдіреді. Оның 3 түрі бар:
Жедел өткен шақ
Іс-қимылдың жуық
арада болғанын
білдіреді.
Етістік+(-ды,-ді,-ты,-
ті)+жіктік жалғауы
Бұрынғы өткен
шақ
Іс-қимылдың жалпы
болғанын көрсетеді.
Етістік +(-ған,-ген,-
қан,-кен,-ып,-іп,-п)
+жіктік жалғауы
Ауыспалы өткен
шақ
Сөйлеп тұрған
уақытқа дейін
дағдылы болып
тұрған іс-қимылды
білдіреді.
Етістік+(-атын,-етін,-
йтын,-йтін)+жіктік
жалғауы
Келер шақ
Келер шақ сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-
әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар:
Қазақ тілі
349
Болжалды
келер шақ
Іс-қимылдың
келешекте болатынын
дәл көрсетпей,
болжай ғана
білдіреді.
Етістік+(-ар,-ер,-р)
+жіктік жалғауы
Мақсатты
келер шақ
Іс-қимылдың
келешекте мақсат етіле
орындала-тынын
білдіреді.
Етістік+(-мақ,-мек,-пақ,-
пек,-бақ,-
бек)+(шы,ші)+жіктік
жалғауы
Ауыспалы
келер шақ
Алдағы уақытта
болатын іс-қимылды
білдіреді.
Етістік+(-а,-е,-й) +
жіктік жалғауы
249-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, етістіктерді қай
шақты білдіріп тұрғанын көрсетіңіздер.
Жылу электр орталықтары қала үйлерін ыстық сумен, ал
өндіріс орындарын бумен қамтамасыз етеді. Мұндай стансылар
ірі қалаларда, өнеркәсіп орындары маңында салынады.
Бірақ жылу электр стансыларының жұмыс істеуі нәтижесінде
пайда болатын отын қалдықтары, күлі мен түтіні ауаны ластап,
қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, осы аудандардағы
экологиялық жағдайға мұқият назар аударуды қажет етуде.
Мұндай жағдайда электр стансыларының мұржаларын өте
биіктен шығару (300 м-ден астам) және улы газдарды ұстап
қалатындай арнайы қондырғылар орнату ісі қолға алынуы тиіс.
250-тапсырма. Мәтінді аударып, етістіктің шақтарын
ажыратыңыздар.
Мұнай өнімдері қалай тасымалданады?
Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін
теміржол, су көлігі, құбыр жолы және автокөлік қолданылады.
Кейбір жағдайларда олар ұшақпен және тікұшақпен тасылады.
Су көлігімен (теңізбен, өзенмен) ішкі мұнайды және мұнай
өнімдерін (бензин, керосин, дизель отынын, мазутты, т.б.)
өздігінен жүретін (танкерлер) және өздігінен жүрмейтін
(лихтерлер, баржалар) типтегі кемелермен тасиды.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
350
Автокөлікпен мұнай өнімдері мұнай базаларынан ұсақ
мұнай базаларына, әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Бұл
ретте өнімдер автоцистернамен, сол сияқты ұсақ ыдыстармен
тасылады.
Мұнай және мұнай өнімдерін құбырмен өте көп мөлшерде
және кез келген қашықтыққа тасымалдауға болады.
251-тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырып, етістіктердің
қалай жасалып тұрғанын анықтаңыздар.
Газ және оның қасиеттері
Жанар газдардың құрамы көмірсутектерінен тұрады.
Олардың ішінде метан, этан, пропан, бутан, пентан, т.б. газдар
кездеседі. Таза газдан тұратын көлбеулердің құрамында
метанның көлемі басымырақ келіп, аумағы 98%-ға дейін жетеді.
Газ құрамында жеңіл газдар (метан мен этан) көп болған
сайын оның салмағы болуымен қатар, тез қызу бөледі. Ал ауыр
газдардың құрамында метан мен этан аз мөлшерде болады.
Атмосфералық жағдайда (осы температурада) метан мен этан
газ күйінде кездеседі. Ал пропан мен бутан газ күйінде кездеседі
де, шамалы қысым арқылы сұйық көмірсутегіне тез айналады.
Газ құрамында аздаған көмірқышқыл газы, азот, күкірт,
сутегі, гелий, т.б. кездеседі.
Газдың физикалық қасиеттерінің қатарына оның тығыздығы
жатады.
252-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, автордың айтпақ
ойларын таратып түсіндіріңіздер. Мәтіндегі ауыспалы осы
шақты
білдіретін
етістіктерді
тауып,
құрамына
қарай
талдаңыздар.
...Абайдың ұғымында: «Еңбек танымды арттырады. Еңбек
естіген нәрсені бекіте түседі. Адам алған білімін ретке келтіреді,
керектіні керексізден сұрыптап, ақылды болады». Сондықтан да ол
еңбекті барша игіліктің негізі, оған деген сүйіспеншілікті адамдық
өмірдің басты мәні мен мақсаты деп санайды. Ал жалқаулықты
барша қырсықтың, одан туындайтын жарамсақтықты барша