Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
306
метеорологиялық
Жер
серігі
ауа
райын
бақылап,
өз
байқауларын радио арқылы дәлме-дәл хабарлайды. Тәулігіне
ғарышты бірнеше рет айналып үлгеретін ол дауыл, боран, нөсер
туралы хабарды жерге жеткізіп отырады.
Ал байқау Жер серігінің міндеті – Жердегі «тәртіпті»
бақылау. Мысалы, ол жай отыннан өртенген орманды
байқасымен-ақ өрт сөндірушілерге хабарлайды.
Барлаушы жер серігі геологтерге пайдалы қазбаларды іздеп
табуға көмектеседі. Әсіресе, адам аяғы жетпейтін биік тауларды,
тайганы, ну орманды, теңіз тереңін зерттеуге оның көп көмегі
тиеді. Оның түсірген суреттері бойынша жер астының қай
жерінде мұнай, қай жерінде темір, я тұщы кеңтастар бар екені
анықталады.
185-тапсырма. Мәтінді оқып және онда не туралы
айтылғанын баяндаңыздар.
Күннің беті үнемі шуақты болып тұрмайды. Кейде бізге
белгісіз себептермен оның беті күңгірт дақтарға толып кетеді,
оның терең қойнауларынан от жалынды алып бұрқақтар
атқылай бастайды. Ғалымдар мұны «протуберанцтер» деп
атайды. Жерді қоршаған ауаның берік қорғанышы бар. Жерді
қоршаған ауа қабаты – атмосфера кеселді сәулелерді өткізбейді,
оны тіршілік шекарасы көктің ең жоғарғы қабаттарында тұтып
қалады.
Күн бетіндегі шалқулар кезінде жердегі ауа райы өзгереді.
Ондай кезде ғарышқа ұшу да, теңізде алыс сапарларға шығу да,
әуе жолдарында самғау да қатерлі. Сондықтан Күннің бетінде не
болып жатқанын білу – адамдар үшін өте маңызды іс.
186-тапсырма. Тіл өнері туралы берілген 10 мақалды
табыңыздар, мазмұнын айқындап беріңіздер.
өнер
еді
қы
ді
қан
ле
ал
қан
тіл
меген
қа
ген
ды
бы
тап
Көзге
ман
үнде
зыл
ның
қол
ның
ғы
жең
сөз
қара
жа
жоқ
ті
айт
Қазақ тілі
307
187-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, жалғаулардың
астын сызыңыздар.
Өзен жағасында жарқабақтан құм, саз, малта тастардың үйіліп
жатқанын көруге болады. Олардан басқа жер бетінде және оның
қойнауында гранит, әктас, тұз, тас, көмір, мұнай, газ, т.б. бар.
Жер қыртысын толтырып жатқан денелер тау жыныстары
деп аталады. Жазықтар да тау жыныстарынан тұрады. Олар тек
құрлықта ғана емес, өзен-көлдердің, теңіздер мен мұхиттардың
түбіне де таралады.
188-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, көптік жалғауын
ажыратыңыздар.
Майда тау жыныстары
Майда тау жыныстары құм мен саз суда ерімейтін берік
түйіршіктерден тұрады. Түйіршіктердің құрамына қарай
құмның түсі де түрліше ақ, қара, сұрғылт, сарғыш болып келеді.
Құрғақ құм түйіршіктері сусып, бір-бірімен байланыспай
тұрады.
Құм елді мекендерді жабдықтайтын су қоймаларында ауыз
суды сүзіп, тазартуға қолданылады. Таза құмнан әйнек
дайындалады.
Саз – өте майда тау жынысы. Ол үгілген тау жыныстарының
ең ұсақтарының суда тұтынуынан пайда болады.
ға
қан
жан
сақа
сыз
айы
жоқ
қара
ген
ма,
ға
атаң
сөз
саң
орын
мақа
ды
лына
кір
айт
ор
әзіл
көңіл
айт
кен
сөз
ға
да
кіл
лына
сөз
зім
тіл
әділ
ті
айт
жы
жоқ
дің
дің
сөй
әділ
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
308
189-тапсырма. Мәтінді оқи отырып, пайдалы қазбалардың
түрлеріне мән беріңіздер. Мәтін бойынша жалғауларды
ажыратыңыздар.
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. Олар қолданылуына
қарай негізгі үш топқа бөлінеді:
1) Жанғыш пайдалы қазбалар;
2) Кен пайдалы қазбалары;
3) Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ
жатады. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің
аса ірі кенорны Қарағанды, Екібастұзда ашық әдіспен арзан
көмір өндіріледі.
Мұнай – өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып
кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы
және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.
Кен пайдалы қазбаларына құрамында металл кездесетін тау
жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс,
қорғасын, алюминий және басқа металдар алынады. Жезқазған
және Қоңырат мыс кенорындары әлемге әйгілі.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға,
тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл
топты тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз, т.б. құрайды.
Олардың қайсысы болса да біздің жерімізде баршылық.
190-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінен септік жалғауы
бар сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын атаңыздар.
Мұнайға серіктес газдар, кедергілі сумен тотығу, судың
газбен қанығуы, газдан арылу, ұңғымаларды аяқтау, қатпардың
тұйықталуы.
191-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Қорғасын мен мырыш бірге кездесіп полиметалл рудалары
деп аталады. Тотықтанудан сақтау үшін темірді мырышпен
қаптайды. Мырышпен қапталған темірден көптеген шаруашылық