Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет45/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

158
алып, құлақ күйіне келтіре бебеулетіп қағып-қағып жіберді де, онан 
соң əжеме:
– Əже, сізге бір əн салып берейін, – деді, көзінің қиығымен 
Нəзира əпкеме де қарап қояды. 
– Сала ғой, қарағым, – деді əжем елжіреп.
– Сол-ақ екен, Ырысбек домбырасын безілдетіп-безілдетіп алып, 
төбе құйқаңды шымырлатар ғажап əуендердің бірінен кейін бірінің 
басын тез-тез қайыра отырып бір кез: 
«А-хо-ау-у-у, хайли-лау, ли-лəй-лау...» – деп əдемі, зор қоңыр да-
усымен бастап кеп жіберген кезде, күп-күңгірт боп көлеңкелеріміз 
ербиіп, үрейді ұшырып отыратын жадау-жүдеу үйдің іші самалдай 
боп жарқырап сала берді. 
Қыз емес қыздың аты қызыл асық,
Жігіттер қыз балаға болған ғашық.
 
Сырттағы дүниені сықырлатып уысына қысқан ызғарлы қыс 
та, көзің түскен жерде мен мұндалап екі иығыңнан зілдей боп ба-
сып тұратын жадау-жүдеу тұрмыс та, əркімнен бұғып, жасқанып, 
именшек отыратын күйкі тірлік те – бəр-бəрі де ысырылып кейін 
қап, дүние түгел əсем əнге, сəн-салтанатқа толып, жартыкеш көң-
іл  
дің кем-кетігі тегіс жазылған, жайраңдаған жаз өмір орнады. 
Шіркін, өмір деген қандай сұлу, қандай жарқын! Өмір сүру, тірі 
жүру қандай бақыт! Адамдардың бір-біріне көрсететін сый-құрметі, 
сүйіспеншілігі қандай ғажап! 
«А-хо-оу-у хай-ли-лау ли-ли-лау лəй-лəй-лау...» 
Шіркін, осындай да ғажап əн, ғажап дауыс болады екен-ау?! 
Бүкіл болмысыңды сиқырлап алып, өзімен бірге елітіп, тіл жеткісіз 
ғаламат сезімге бөлейді. 
Сөйтіп, бір əннің сиқырлы дүниесіне еніп, соның өзінен ес жия 
алмай езіліп отырғанымызда, Ырысбек екінші əнді бастап кетті. 
Тағы да алғашқыға ұқсас, одан артып түспесе кем түспейтін əсем 
дүние есігін ашты... 
Онан кейін үшінші əн, төртінші əн, ... бесінші əн... Ырысбектің 
əндері көбейе түспесе, азаюшы ма еді. Көзін жұмыңқырап ап, бет-
аузы əннің ырғағына қарай сан құбылып, əдемі зор даусымен бүкіл 
дүниені сиқырлап қойғандай.


159
Көптен бері, сонау өзі əскерден қайтқан күнгі кештен кейін 
оның дəл бүйтіп əн салғанын көрмеп едім; өңі керемет сұлуланып, 
нұрланып, əншейіндегі жексұрындығынан, иттігінен із де қалмаған. 
Əжем алдындағы жұлық-жұлық жабағы жүнді  жібекше талдап түте 
отырып, əрбір жаңа əннің тұсында басын көтеріп ап, көзі жасаурай 
сығырайып Ырысбекке айналып-толғана елжірей қарайды, көңілінің 
көптен бері бір жадырағанын жасыра алмайды; кішкене балалар 
болса əншейіндегі бірін-бірі түртпектеп отыратын қылықтарынан 
пышақ кесті тыйылып, бағжырайған көздерін Ырысбектен алмас-
тан ауыздарын ашқан күйде  демдерін іштерінен  алғандай тым-
тырыс отыр; Нəзира əпкем пеш жақтан кеп үстелге бір қырын сəл 
теріс қарап отырып шай құйған əлгіндегі қалпында тас боп мелшиіп 
қатып қалған, əн тыңдап отыр ма, жо əлде қалғып кетті ме, белгісіз. 
Қанша уақыт өткенін кім білсін, бір кез бет-аузын  қара тер басқан 
Ырысбек шаршағандай əнін тоқтатып, барлығымызға күлімсірей 
қарап шықты да:
– Осымен болған шығар,  – деді. 
– Өркенің өссін, қарағым, көңілімізді бір көтеріп тастадың 
ғой, – деп, əжем шын көңілден ризашылдығын білдірді.
Жанар мен Жанат əжемді төңіректеп барып ұйқтап қалған, олар-
дан ересектеу Болат қалғып-мүлгіп есінеп отырса, намысына тыры-
сып ұйқыға жеңдіргісі  келмейді. Менің де ұйқым келіп отыр, бірақ 
үйдегі естияр еркек өзім екенім есіме түссе-ақ, ұйқым шайдай ашы-
лады. Нəзира əпкем тұрып төсек салып, əжемнің екі жақ етегін ала 
жатқан Жанар мен Жанатты жатқызды. 
–  Көзің қызарып кетті, сен де енді жат төсегіңе, – деді Болатқа. 
Нəзира əпкем балаларға төсек сала бастаған соң, Ырысбек пен 
Əжібек енді өздері де тым кеш отырып қалғандарын түсініп кететін 
шығар деп ойлағам. Олай болмады. 
– Əже, от жағылмаған суық үйге барғым келмей отыр. Рұқсат 
болса осы үйдің бір бұрышына қона кетсем деймін,  – деген Ырыс-
бек самбырлай сөйлеп. Əжем сəл үндемей қалды да, алдындағы 
түтілген жүнін жинастырып, етегін қағып орнынан тұрды. 
– Қонам десең қона ғой, қарағым. Қонақты қуып шығу салты-
мызда жоқ қой,  –  деді. Маған əжемнің бұл жауабы Ырысбектен гөрі 
Нəзира əпкеме арнап айтылғандай көрінді. 
Нəзира əпкем үн-түнсіз төрге балалардың  төсегіне қатарластыра 


160
қонақтарға да төсек сала бастады. Ырысбек пен Əжібек сыртқа 
шығып келуге кеткен. 
– Əже, мен көрші үйдің біріне барып қонайын,  – деген Нəзира 
əпкем. 
– Сөйтсең сөйт, қарғам,   – деді əжем күрсіне тұрып, Ырысбек 
пен Əжібек  кіріп, киімдерін шешініп жатуға ыңғайланған кезде, 
сырт киімін желбегей жамылып Нəзира əпкем далаға шығып кетті. 
Əжем жатқан соң, жыпылықтап тұрған  шамды өшіріп мен де кеп 
орныма жаттым. Көзім енді ілініп барады екен, біреу бүйірімнен 
нұқып қалды. 
– Əй, Қанат, əлгі Нəзира əпкең қайда кетті? – деп сұрады Əжібек 
сыбырлап.
– Білмеймін.
– Немене, сонда ол бүгін үйге қонбай ма?
– Көршілердің біреуінің үйіне қонам деп кетті. 
Əжібек дереу сырғып барып менің айтқандарымды сыбырлап 
Ырысбекке жеткізді. Сəлден кейін Əжібек сырғып қасыма қайтып 
келді. 
– Əй, Нəзира əпкең кімнің үйіне кетті?
– Білмеймін.
– Неге білмейсің?
– Кімнің үйіне кеткенін айтқан жоқ.
– Қап! 
Енді қараңғы үйде Ырысбек пен Əжібектің күбір-күбір сөзі 
көбейейін деді. Екеуі қараңғыда отырып киіне бастады.
–  Əй, Қанат, киін, сен бізді шығарып саласың! – деді Əжібек 
əмірлі үнмен. Өзімнің де күткенім сол еді, осы пəлелерден тез құты-
лайық деген оймен оңайда тұрған киімдерімді лып-лып еткізіп 
үстіме іле сап, қараңғыда жандарына бардым. 
– Бұ қайсың, қараңғы үйде түрегеп жүрген? –  деп сұраған əжем.
–  Əже, біз ғой, қазір далаға шығып келеміз, – деді Ырысбек. 
– Ə-ə, – деп əжем онан əрі қарай күбірлеп құдайға сиынып кетті.
Мен қараңғы үйде сипаланып жүріп есікті ашып, екеуін бастап 
сыртқа алып шықтым. Түн тастай қараңғы екен. Аспан бұлттанып, 
оңынан желемік соғып тұр; күн бұзылып, қар жауардың алдында 
өститін. Иттердің ғана үргені болмаса, ауыл үйдің арасы тым-тырыс, 
бірде-бір үйде шам жоқ, бəрі де тегіс ұйқыға кеткен. 
– Нəзира кімнің үйіне кетті?  – деп енді Ырысбек сұрады.
– Білмеймін. 


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау