Country report цифрлық медиалар картасы


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет46/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 0 2
ақпараттар»  жиынтығынан  тұруға  тиіс.
259
    Міндетті  пакет  «конкурстық  негізде  үш  жылда  бір 
рет»  жасалуға  жəне  үкіметтің  қаулысымен  бекітілуге  тиіс.
260
 2013 жылғы  қаңтардың 9-ында
261
 
мақұлданған алғашқы осындай пакет сегіз мемлекеттік жəне жалпыұлттық тарату үшін міндетті 
деп белгіленген алты жекеменшік арнадан тұрады.
262
  Бұл арналарға 18 арнаға дейін сыйдыратын  
DVB-T2 стандартының алғашқы мультиплексіне қосу үшін басымдық берілетін болады.
Азаматтық  қоғамның  өкілдері  міндетті  пакетке  аймақтық  жеке  арналарды  қосу  идеясын  қызу 
қуаттап,  алға  ілгерілеткенмен,  олардың  бірде-біреуі  міндетті  арналардың  тізбесіне  енгізілмеді. 
Оның үстіне, мультиплекстің сыйымдылығы оған мүмкіндік те береді.
Аймақтық  арналарды  мультиплекске  қосудың  іс-шараларын  бөлек  қараған  жөн. 2011 жылғы 
ақпанның 25-інде  байланыс  жəне  ақпарат  вице-министрі  Нұрай  Оразов  Астана  қаласында 
Қазақстан ҰТҚ-ы ұйымдастырған дөңгелек үстелде, ұлттық арналармен  жəне олардың жергілікті 
филиалдарымен  салыстырғанда,  жеке  аймақтық  арналардың  бəсекеге  қабілетінің  төмендігіне 
бола, оларды мультиплекс құрамына енгізуге үкіметтің кепілдік бермейтінін мəлімдеді. Олардың 
ары  қарай  нарықта  қатысуын  шешудің  бір  жолы,  Оразов  мырзаның  сөзі  бойынша, – кабельдік 
желілерге немесе интернетке толықтай көшу.
263
«Үкімет,  тұтынушылардың  қалау-ниеттеріне  қарамастан,  жергілікті  телеарналарды  цифрлық 
мультиплекске қосуда қаламайды», – дейді Жақсыбаева ханым.
264
 2011 жылғы наурызда Қазақстан 
ҰТҚ-ы жариялаған сауалнама телекөрермендердің (сауалға тартылған 500 адамның 73 проценті) 
жергілікті телеарналарды қарағанды жөн көретінін жəне оларды аймақта болып жататын оқиғалар 
туралы  сенімді  ақпарат  көздері  деп  санайтынын  көрсетті.
265
  Жергілікті  жаңалықтар  контенті 
болып  отырған  жергілікті  телеарналардың,  республикалық  мемлекеттік  арналарға  қарағанда, 
көбірек еркіндігі бар екенін айту керек. Егер теле-радио хабарларын цифрлық форматта таратуға 
көшудің нəтижесінде жергілікті телеарналардың географиялық ауқымда қамтуы қысқарып кетсе, 
онда бұл тəуелсіз хабар таратушыларға соққы болып, ақпарат көздерінің əртүрлілігіне əсер етеді.
2011 жылдың маусымында Байланыс жəне ақпарат министрлігі «Теле-радио хабарларын тарату 
туралы»  заң  жобасына  аймақтық  теле-радио  хабарларын  таратушылардың  мультиплекске 
енгізілуіне  кепілдік  беретін  ереже  ұсынғанда,  күрт  өзгерістің  орын  алғаны  анық.
266
  Үкіметтік 
259 «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы, 12-бап, 1-тармақ.
260  Сонда. 12-бап, 2, 6-тармақтар.
261  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы желтоқсанның 28-індегі № 1713 «Міндетті теле-радио арналарының тізбесін 
бекіту туралы» қаулысы (көшірмесі Қазақстан ҰТҚ-ының атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевадан алынды). 
262 Azattyq.org, 
«14 
телеарна «өзара есепке алу» шартымен хабар таратуға мəжбүр», 2013 жылғы қаңтардың 10-ы, http://rus.azattyq.
org/content/tv-channels-list-to-broadcast-free-ocharge/24819433.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 10-ы).
263 Azattyq.org, 
«Аймақтық телеарналар цифрлық форматқа көшуде сақтық танытады», 2011 жылғы ақпанның 28-і, http://rus.azattyq.
org/content/television_kazakhstan_media/2323148.html (қолжетімді күн: 2012 жылғы маусымның 12-сі).
264  Қазақстан ҰТҚ-ы-ның атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, 2012 жылғы наурыз.
265  Қазақстан ҰТҚ-ы, «Жергілікті телеарналардың рөлі жəне цифрлық желіге көшудің қоғамдық тұрғыда түсінілуі», Алматы қ., 
2011 жылғы наурыз (көшірмесі бар).
266 «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы, 42-бап, 4-тармақ.


1 0 3
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
емес ұйымдар бұны жетістік деп қабылдады, өйткені жергілікті телеарналардың бөтен контентті 
қайталап беруге тікелей тəуелді болуы себепті, басынан-ақ мемлекет оларды бəсекеге қабілетсіз 
деп  санаған-ды.  Олар  қайталап  беретін  контенттің  көлемдері  туралы  ақпарат  жұртшылыққа 
жетпейді.  Алайда    жергілікті  телеарналардың  бірінің  іс-тəжірибесіне  сүйене  отырып,  қарама-
қарсы қорытынды жасауға болады. Шымкенттегі жеке «Отырар ТВ» телеарнасының атқарушы 
директоры  Вячеслав  Шварцтың  айтуынша,  оның  телеарнасының  қайталап  беретін  контентінің 
үлесі 20 проценттен аспайды. Аптаның жеті күнінде тəулігіне 24 сағат хабар тарата отырып, бұл 
станция күн сайын эфирге жаңалықтардың тоғыз бағдарламасын шығарады. Қайталап берілетін 
материал – құжаттамалық фильмдер жəне Ресейдің «REN TV» телеарнасының өндірісіне жататын 
ғылыми фантастика – негізінен, эфирге демалыс күндері жіберіледі.
267
7.1.1.4. Қоғамдық талқылаулар
2009  жылы  Мəдениет  жəне  ақпарат  министрлігі  жанындағы  жұмыс  тобы  «Қазақстан 
Республикасында теле-радио хабарларын цифрлық форматта таратуды енгізудің жəне дамытудың 
2009-2015  жылдарға  арналған  тұжырымдамасын»
268
  əзірлеуді  бастады.  Онда  цифрлаудың 
техникалық талаптары егжей-тегжейлі қаралуға тиіс-тін.  Естеріңізге салсақ, бұл жұмыс тобына  
азаматтық  қоғамның  бір  ғана  өкілі –  Қазақстан  ұлттық  теле-радио  хабарларын  таратушылар 
қауымдастығының атқарушы директоры Жақсыбаева ханым кірген.
Жақсыбаева  ханымның  сөзі  бойынша, 2008-2010 жылдары  бұл  тұжырымдаманың  оншақты 
жобасы қаралған. Бірақ құжат мəтініне жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын кіргізудің орнына, 
министрлік  əр  жолы  тұжырымдаманы  нөлден  бастап  жасап  отырды.
269
  Құжаттың  аяқталған 
нұсқасы қабылданбаған күйінде қалды.
«Теле-радио хабарларын тарату туралы» заң жобасын əзірлеуге жұртшылық белсендірек қатысты. 
2011  жылдың  көктемінде  Байланыс  жəне  ақпарат  министрлігі  жұмыс  тобына:  Қазақстан  ҰТҚ-
ының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаеваны, «Əділ сөз» қоғамдық қорының президенті 
Тамара  Калееваны, «Internews Kazakhstan» атқарушы  директоры  Маржан  Елшібаеваны  жəне 
Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы  Антон 
Шинді  шақырды.  Калеева  ханым  жұмыс  тобының  Астанадағы  кездесулеріне  өзінің  əрдайым 
шақыру алып отырғанын айтты жəне соңында:  «Азаматтық қоғам өкілдерінің шешімдер қабылдау 
үдерісіне қатысуына əрең-əрең рұқсат етіледі», – деді.
270
Үш мемлекеттік емес ұйым: «Əділ сөз», «Қазақстан ҰТҚ-ы» жəне «Internews Kazakhstan» одағы 
бірлесіп,  ұсыныстардың  сегіз  пакетін  табыс  етті.  Үкіметтік  емес  ұйымдардың  заң  жобасының 
267 «Отырар ТВ» телеарнасының атқарушы директоры В.Шварцпен телефон арқылы сұхбат, 2013 жылғы ақпанның 6-сы.  
268 Natkaz.kz, «Қазақстан  Республикасында  цифрлық  теле-радио  хабарларын  таратуды  енгізудің  жəне  дамытудың 2009-2015 
жылдарға арналған тұжырымдамасы», www/natkaz.kz/doc/DTV_concept.doc (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 14-і).
269  Қазақстан ҰТҚ-ы-ның атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, 2011 жылғы қарашаның 21-і.
270 «Əділ сөз»  қоғамдық қорының президенті Тамара Калеевамен  сұхбат, Алматы, 2012 жылғы мамырдың 14-і. 


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау