Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
1 0 4
түбегейлі нұсқасына енгізілген кейбір ұсыныстары ауыспалы кезеңде жеке теле-радио хабарларын
таратушыларды қолдауға бағытталған.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің ойынша, кейбір маңызды мəселелер бойынша олардың
уəждерін министрлік енжар қабылдаған. Заң жобасын Мəжіліс қарайтын тұста, 2011 жылғы
қыркүйектің 6-сында, жоғарыда аталған ҮЕҰ өкілдері парламенттегілерге өздерін Мəжіліс
жанындағы жұмыс тобына қосу туралы өтініш айтқан-ды. Олар цифрлық дабылдар беру
нарығындағы мемлекеттік монополиямен келіспейтіндіктерін білдіріп, Теле-радио хабарларын
тарату мəселелері жөніндегі комиссияның жұмысын онда ҮЕҰ өкілдерінің аз болуы себепті сынға
алды. ҮЕҰ өкілдері сыбайлас жемқорлық тəуекелдіктерін азайту жəне мемлекеттік бақылауды
шектеу мақсатында аталған заң жобасын талқылау үдерісіне азаматтық қоғамның белсенді
қатысуға тиістігін атап көрсетті.
2011 жылдың қарашасында жоғарыда аталған белсенділер Мəжіліс жанындағы жұмыс тобына
кірді. Алайда жұмыс тобының бірде-бір отырысы болмады, өйткені көп ұзамай-ақ Мəжіліс
таратылды. ҚР Парламенті Сенатында жұмыс тобының бес отырысы өткізілді, бірақ ҮЕҰ
одағының өкілдері 2011 жылғы желтоқсанның 5-інде өткен үшінші отырысқа ғана шақырылды.
Ресми түрде азаматтық қоғам негіздемелік құжаттарды əзірлеуге ғана қатысты, бірақ ҮЕҰ-ның
қатысуы да, түпкілікті нəтижеге ықпалы да шектеулі болды.
Цифрлық теле-радио хабарларын таратуға көшу туралы жұртшылықтың хабардар болуын
көтеруге бағытталған ақпараттық науқандардың кең таралған өрісі болмады. Жақсыбаева ханым:
«Ұлттық теледидардағы бірнеше 30 секундтық жарнама ролигін есептемегенде, ақпарат науқаны
көп айналымға жете алмады», – дегенді айтты.
271
7.1.2. Интернет
7.1.2.1. Интернеттегі жаңалықтар контентін реттеу
2009 жылы Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Назарбаев ресми емес түрде «Интернет
туралы» ҚР Заңы деп аталған, ақпараттық-коммуникациялық желілер мəселелері бойынша заң
актілеріне енгізілген бірқатар түзетулерді мақұлдады.
272
«Веб-сайт» ұғымының анықтамасы
кеңірек «интернет-ресурс» түсінігіне ауыстырылды, нəтижесінде, əлеуметтік желілер мен
дербес блогтарды қоса алғанда, барлық интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарына
теңестірілді. Сөйтіп, пайдаланушылық контент БАҚ өндіретін контенттермен қатар мемлекеттік
реттеуге ұшырады.
273
Жоғарыда аталған түзетулерге сəйкес, блогерлер мен комментаторлар,
интернет-ресурстардың меншік иелері кəсіби БАҚ-тармен қатар əкімшілік немесе қылмыстық
271 Қазақстан ҰТҚ-ы-ның атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, Алматы, 2011 жылдың қазаны.
272 Қазақстан Республикасының «Ақпараттық-коммуникациялық желілер мəселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы шілденің 10-ындағы № 178-IV Заңы. http://online.zakon.kz/Document/?doc_
id=30447840 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 10-ы).
273 Журналистерді қорғау жөніндегі комитет, «Баспасөз бостандығын көзге ілмей, Қазақстан ЕҚЫҰ ұстанымына нұқсан келтіріп
отыр», http://cpj.org/ru/2010/09/post-17 php (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
1 0 5
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылады. «БАҚ туралы» ҚР Заңының 25-бабының
2-1-тармағына сəйкес, меншік иесі немесе бас редактор: «конституциялық құрылысты күштеп
өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне
нұқсат келтіруді, соғысты, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, сословиелік жəне ру-тайпалық
артықшылықты, қатыгездік, зорлық-зомбылық жəне порнографияны насихаттаудан немесе
үгіт жүргізуден тұратын хабарламалар мен материалдарды таратқаны үшін», олардың қандай
дерекккөздерден алынғанына қарамастан, жауапкершілік көтереді.
Аталған Заң Қазақстан ЕҚЫҰ-да төрағалық міндетін атқаратын тұста қабылданды жəне осы ұйым,
азаматтық қоғам, халықаралық бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қатаң
сынға ұшырады.
274
«Интернет туралы» ҚР Заңының қарсыластары президент Н.Назарбаевты
заңға тыйым салуға үндеді, өйткені ол интернет пен БАҚ-тың бостандығын шектей отырып,
Қазақстанның демократия жағына қарай қабылдап отырған барша күш-жігерін жоққа тəн етеді.
275
7.1.2.2. Онлайн-контент үшін құқықтық жауапкершілік
«Интернет туралы» ҚР Заңы интернет-ресурстың меншік иесіне, бас редакторға немесе пост,
түсіндірме авторына заңдық (азаматтық, əкімшілік немесе қылмыстық) жауапкершілік жүктейді.
Медиа-заңгер Юрий Лоскутовтың пікірі бойынша, сайттың меншік иесінің өзін пайдаланушылық
контентке қатысты тағылған айыптаулардан қорғайтын бірнеше тəсілі бар: «Меншік иесі
түсіндірмелер қызметін алып тастауға, өзінің сайтында форумдар, блогтар мен чаттар құрмауға
немесе əділетті цензура енгізуге тиіс».
Сот əрбір нақты жағдайда дербес жауапкершілік дəрежесін белгілейді. Меншік иесі мен бас
редактор ақпарат көзіне, талқыланып жатқан түсіндірменің немесе материалдың авторына
қарамастан жауапкершілік көтереді. «БАҚ туралы» ҚР Заңында көрсетілген ерекше жағдайлар
мемлекеттік органдар тарататын ақпаратқа, шенеуніктердің немесе азаматтардың жұртшылық
алдындағы сөйлеген сөздеріне жəне тікелей эфирде жасалған мəлімдемелерге қатысты.
276
Бұл Заң интернет-ресурстың меншік иесінің мəртебесін айқын реттемейді. Əлеуметтік
желілердің күн санап артып келе жатқан танымалдығы бұл мəселенің шешілуін қиындатып
отыр. Сөйтіп, мысалы, заң əлеуметтік желі сайтының меншік иесі мен дербес аккаунт иесінің
арасындағы айырмашылықты ажыратпайды. Лоскутов мырзаның ойынша, заңда кемшіліктердің
болуы интернет терминологиясын жəне онлайн-журналистиканың қитұрқы айла-əдістерін заң
шығарушылар мен үкіметтің жеткілікті дəрежеде түсінбеуіне байланысты.
277
274 А.Рихтер, «Қазақстан Республикасының «Ақпараттық-коммуникациялық желілер мəселелері бойынша кейбір заң актілеріне
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына түсіндірмелер», http://www.osce.org/ru/fom/36861 (қолжетімді күн:
2012 жылғы қарашаның 1-і).
275 ЕҚЫҰ, «ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Қазақстан президентін интернет туралы заңға тыйым салуға үндейді»,
2009 жылғы маусымның 25-і, http://www.osce.org/ru/fom/51085 (қолжетімді күн:2012 жылғы маусымның 12-сі).
276 «БАҚ туралы» ҚР Заңның 26-бабы.
277 Медиа-заңгер, «ЮрИнфо» ЖШС-інің директоры И.Лоскутовпен сұхбат, Алматы қ., 2013 жылғы қаңтардың 15-і.
Достарыңызбен бөлісу: |