Country report цифрлық медиалар картасы


 1 « А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет41/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54

9 1
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
топтарына жататын. Жаңа иеленуші тұсында редакциялық саясат бұрынғы қалпында қалды, бірақ 
бұл қосылу ұлттық медиа-нарықта мемлекеттің шептерінің мықты бекуіне мүмкіндік туғызды. 
БАҚ-тарды мемлекет тарапынан бақылауға алудың екінші бір əрекеті – ол Мəдениет жəне ақпарат 
министрлігіне есеп беретін «Арна медиа» ұлттық медиа-холдингінің құрылуы  болды. 
214
 Үкіметтік 
БАҚ-тардың  бəсекеге  қабілеттілігін  көтеру  мақсатында  құрылған  холдинг 2008 жылдан 2010 
жылдың наурызына дейін өмір сүрді.
215
  2009 жылдың желтоқсанында  республикалық бюджеттің 
орындалуына  бақылау  жүргізу  жөніндегі  Есеп  комитеті  өзінің  жыл  сайынғы  есептемесінде 
холдингтің  еншілес  компанияларының  «бюджет  қаражатын  өте  тиімсіз  пайдаланатынын»  атап 
көрсетті.  Сонымен  қатар  хабар  тарату  желісін  дамытуға  бөлінген  қаражаттың  мақсатына  сай 
жұмсалмағаны да расталды.
216
 Сөйтіп, 2010 жылдың наурызында холдинг жұмысын тоқтатты, ал 
оған тиесілі БАҚ-тар Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің тікелей бақылауына өтті.
6.1.4. Телекоммуникациялық бизнес жəне БАҚ
IPTV-нің  іске  қосылуын  есепке  алмағанда,  елдің  телекоммуникациялық  компаниялары  əзірше 
медиа-нарыққа  қатысушыларға  айнала  қойған  жоқ.  Елдегі  ең  ірі, 51 процент  үлесі  мемлекетке 
тиесілі
217
  телекоммуникациялық  «Қазақтелеком»  АҚ-ы  «GSM Қазақстан»  компаниясының 49 
процент  үлесін  иемденіп,  басқа GSM-оператордың – «NEO» компаниясының  құрылтайшысы 
болды. 2010 жылдың  наурызында  шведтік «Tele2» компаниясы  «Қазақтелеком»  АҚ-ының 
«NEO»-дағы 51 проценттік  үлесін 76,8 миллион  АҚШ  долларына  сатып  алды,  қалған 49% 
«Asianet Kazakhstan» жеке компаниясына тиесілі.
218
 2011 жылдың желтоқсанында «Қазақтелеком» 
компаниясы «GSM Қазақстанның»  өзіне  тиесілі 49 процент  акцияларын  «Telia Sonera» атты 
фин компаниясына 1,5 млрд. АҚШ долларына (шамамен 227 млрд. теңге) сатты.
219
 Алайда бұл 
мəмілелер  қазақстандық БАҚ-тардың қызметіне ықпал ете қойған жоқ.
6.1.5. Медиа-активтер: ашықтық мəселелері
БАҚ-тардың  меншікті  иелерінің  тізілімі,  сөз  жоқ,  уəкілетті  орган – қазіргі  Мəдениет  жəне 
ақпарат  министрлігінде  бар,  бірақ  бұл  ақпаратқа  қалың  жұртшылық  қол  жеткізе  алмайды. 
«БАҚ туралы» Заң меншік иесі туралы мағлұматты баспа басылымдарынан – əр нөмірде, хабар 
таратушылардан – эфирге шыққан сайын, ал үздіксіз хабар бергенде тəулік ішінде кем дегенде 
214  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Ұлттық ақпараттық «Арна» холдингі», «Ұлттық ғылыми-техникалық «Парасат» холдингі», 
«Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» 2008 жылғы шілденің 3-індегі 
№ 668-қаулысы, http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30192375&sublink=0#SUBO (қолжетімді  күн: 2012 жылғы  қазанның 
3-і).
215 Zakon.kz, «Арна  Медиа»  холдингінің  басшысы  тағайындалды», http://www.zakon.kz/118621-naznachen-rukovoditel-kholdinga-
arna.html (қолжетімді күн:2012 жылғы қазанның 3-і).
216 Vesti.kz, «Арна  Медиа»  ұлттық  холдингі  мемлекеттік  активтерді  тиімсіз  пайдаланғаны  үшін  айыпталды», http://vesti.kz/me-
dia/35080/ (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 3-і).
217 «Қазақтелеком» АҚ-ының тұсаукесері, «Қазақтелеком» АҚ-ы – Қазақстан Республикасындағы байланыстың ұлттық операторы», 
2011, http://www.telecom.kz/download/Presentacial.pdf, 22-бет (қолжетімді күн: 2012 ж. 24 қаңтар).
218 Vesti 
kz, 
шведтік «Tele2» қазақстандық ұялы «NEO» операторын сатып алды, 2010 жылғы наурыздың 17-сі. http://vesti.kz/econo-
my/43928/ (қолжетімді күн: 2012 ж. 6 маусым).
219 Nur.kz, 
«Қазақтелеком» шведтік компанияға Kcell-дегі үлесін сатты», 2011 жылғы желтоқсанның 22-сі, http://news.nur.kz/204394.
html (қолжетімді күн: 2011 жыл, 6 маусым).


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
9 2
4 рет жариялап отыруды талап етеді.
220
 Медиа компаниялар бұл талапты орындайды, алайда ресми 
ақпарат шындыққа сай келмейді: ресми иеленушілер іс жүзінде бұл БАҚ-тарды қаржыландыратын 
жəне  бақылайтын  тұлғалар  емес.  Басқаша  айтқанда,  тікелей  иеленушілердің  аты-жөндері 
жұртшылыққа жария етілмейді.
Біраз  уақыт  бұрын  БАҚ-тардың  шынайы  иелерінің  кім  екенін  анықтау  үшін  бірнеше  сəтсіз 
əрекет  жасалған-ды.  Сөйтіп,  мысалы, 2001 жылы «Internews Network» мақала  жариялап,  онда 
президенттің қызы Дариға Назарбаева мен оның күйеуі Рахат Əлиевтің медиа холдингтің иелері 
екені айтылған болатын. Р.Əлиев ондай мəлімдемені жалған, ал мақаланы жала деп тауып,  ар-
ожданы мен беделін қорғау туралы ұйымға қарсы талап-арыз берген. Талап-арыз арызданушының 
пайдасына қанағаттандырылды. Лингвистика саласының құжаттар мен ақпаратқа қатысты даулар 
жөніндегі сарапшылар бірлестігінің тəуелсіз қорытындысы қаралған мақалада жала деп түсінуге 
болатын  сөздер  таппады,  бірақ  сот  арызданушының  ар-ожданы  мен  беделіне  моральдық  залал 
келтірілген деп шешті.
221
 Бірнеше жыл өткен соң, Əлиев мырза өзі де, əйелі де іс жүзінде  апталық 
«Караван»  газетін, «Хабар»  жəне  «КТК»  телеарналарын    жəне «Kazakhstan Todey» ақпараттық 
агенттігі секілді БАҚ-тардың бірқатарында үлестер иеленгендерін ашық мойындады.
222
Нарықтың ашық еместігі сақталып отырған қазіргі жағдайда жетекші БАҚ-тардың иелерінің аты-
жөндері медиа-қоғамдастықта жасырын болса да, бəрібір жұртшылық арасында белгілі. Ондай 
ақпарат  əртүрлі  дереккөздерден,  оның  ішінде  инсайдерлерден  жəне  БАҚ  контентіне  талдау 
жасайтын сарапшылардан түседі. Алайда қалың көпшілік бұл тұрғыда өз болжамдарын ғана құра 
алады. Əр кездері оппозициялық баспада ықтимал медиа-алпауыттардың аты-жөндері аталатын 
материалдар жарық көріп қалады, бірақ журналистер мен олардың дереккөздері тікелей дəлелдер 
болмауы себепті сақтық жасайды.
223
Зерттеуді дайындау барысында үкіметтік үмес ұйымдар осы саладағы ашықтықты көтеру жолында 
ірі ақпараттық науқандарға бастама көтермеді.
6.2.  БАҚ-тарды қаржыландыру көздері
6.2.1. Мемлекеттік жəне жеке қаржыландыру
БАҚ-тарды  жеке  қаржыландыру 2007 жылға  дейін  қарқынды  жүрді,  бірақ  жаһандық  қаржы 
дағдарысының салдарынан күрт қысқарып қалды да, содан кейін мемлекеттік қаржыландыру тез 
220 «БАҚ туралы» ҚР Заңның 15-бабы.
221  «Internews Kazakhstan», «Интерньюс  Қазақстан»  Алматы  қаласы  сотының  Рахат  Əлиевтің  талап-арызы  бойынша  шығарған 
шешімімен келіспей, Жоғарғы соттың Азаматтық істер жөніндегі коллегиясына шағым-арыз берді», 2002 жылғы маусымның 
6-сы, http://old.internews.kz/rus/bulletin/138page01.htm (қолжетімді күн: 2011 жылғы наурыздың 29-ы).
222 Zakon/kz, 
«Рахат  Əлиевтің  «тікелей  интернет-желі  сұрақтарына  берген  жауаптары», 2007 жылғы  ақпанның 23-і, http://www.
zakon.kz/83052-otvety-rakhata-alieva-na-voprosy.html (қолжетімді күн: 2011 жылғы наурыздың 29-ы). 
223 Countur.kz, «Мəсімов  назардан  тыс  қалды», 2010 жылғы  тамыздың 16-сы, http://countur.kz/node/1419 (қолжетімді  күн: 2011 
жылғы наурыздың 29-ы).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау