Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
4 6
2.1.4. Қоғамдық БАҚ жəне хабар таратудың цифрлық тəсіліне көшу
Мемлекеттік БАҚ-тарды дамыту туралы қолымызда санмен көрсетілген деректер болмағанмен,
олардың əлеуетті көрермендерінің саны елдің медиа-кеңістігінде жаңа телеарналардың пайда
болуы себепті ғана артып отырмағанын, сонымен қатар олардың интернетте де берік шептер
алып отырғанына да байланысты көбейіп жатқанын пайымдауға болады. Жетекші мемлекеттік
телеарналар дабылы Қазақстан аумағының кем дегенде 85 процентін қамтиды. Енді жерсеріктік
«OTAU-TV» арқылы елдің шалғай аймақтарында да телекөрермендер телехабарлар көру
мүмкіндігіне ие болды (
2.1.2-тармақты қараңыз).
2.2. Қоғамдық мүдделердің қамтамасыз етілуі
2.2.1. Қоғамдық теледидар құрудың болашағы
Азаматтардың Қазақстанда қоғамдық теледидар құруға көзқарастарын білдіретін қоғамдық
пікірлердің əлеуметтік зерттеулері жоқ. Соған байланысты біз жетекші медиа-сарапшылармен
бірқатар сұхбаттар өткізуге, сонымен қатар осы мəселе бойынша БАҚ-тардағы материалдарға
талдау жасауға мəжбүр болдық. Сарапшылардың пікірлері бойынша, қазақстандықтардың
көпшілігі үшін қоғамдық хабар тарату тұжырымдамасы түсініксіз. Одан өзге, міндетті абоненттік
ақы төлеуді олар қисынсыз санайды. О.Кациев мырза бұл мəселеге қоғамдық мүдделіліктің үлкен
емес екенін айтады:
«Жалпы, қоғамдастық осындай БАҚ құруға мүдделі емес, өйткені одан қандай да бір
пайда көріп тұрған жоқ. Осы мəселеге қатысты қоғамдық пікірсайыстарға, əдетте,
оппозиция, үкімет, үкіметтік емес ұйымдар жəне журналистер ғана қатысады.
Алайда үкімет оған өздігінен мүдделілік танытпайды, өйткені ондай БАҚ-тардан өзінің
ақпараттық саясатына, президенттің айналасындағыларға қауіп-қатер төнетіндей
көреді. Теледидар – ол Қазақстандағы ақпараттың негізгі көзі, ал əлдекімге бірдеңе
айтуға мүмкіндік беру, əрі ол кезде оны бақыламау – олар үшін қорқынышты.
86
Бізбен əңгімелескендердің бірі шенеуніктердің қоғамдық хабар таратудың дүние жүзінде бар
үлгілері жайында мағлұматтары аз екенін айтты. «Internews Kasakhstan» атқарушы директоры
Маржан Елшібаева қоғамдық БАҚ құрудың болашағы туралы 2012 жылдың мамырында өзінің
Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің үлкен лауазымды өкілімен болған əңгімесі жайында
былай деді:
«Біз оған тікелей қоғамдық теледидар туралы сұрақ қойдық, ал ол: «Жоқ», – деп жауап
берді. Əрі: «Біз, əрине, көпшілікке танымал көптеген тұлғаларды, азаматтық қоғамның
өкілдерін қоғамдық ТВ құруға шақыра аламыз, бірақ бұл, шын мəнінде, алдау болмақ», –
86 Орталық Азия бойынша «Internews Network» өкілдігінің аймақтық директоры Олег Кациевпен сұхбат. Алматы, 2011 жылғы
шілденің 20-сы.