44
GIF форматы бір немесе біренше суреттерден тұруы мүмкін, программа файлда
кӛрсетілген жиілікпен бейненің бірінен кейін бірін жүктейді. Осылай қозғалысты да алуға
болады. Бұл формат интернет желісінде электрондық басылымдарды құру кезінде
пайдаланылады.
PNG (Portable Network Graphics, файл атының кеңейтілуі .PNG) форматы 1995 жылы
GIF және JPEG форматтарын ауыстыру үшін жасалған, сонымен бірге бейнелерді
Интернетке орналастыруға мүмкіндік беретін жаңа формат. Ақпаратты сапасын
жоғалтпай қысуға мүмкіндік береді.
WMF (Windows MetaFile, файл атының кеңейтілуі .WMF) форматы Windows
операциялық жүйесінің векторлық форматы. Онда барлық векторлық бейнелер
программадан программаға ауыстыру буфері арқылы тасымалданған кезде сығылады.
Бұл форматтағы бейнелерді Windows-тың барлық офистік қосымшаларына экспорт
жасауға болады.
EPS (Encapsulated PostScript, файл атының кеңейтілуі .EPS) форматы PostScript тілінде
векторлық және растрлық бейнелерді сипаттау үшін қолданылады. Графикамен жұмыс
істейтін барлық программалар бұл форматтағы файлдарды оқи және сақтай алады. EPS
форматы растрлық бейнелермен шектелген векторлық контурды да сақтай алады.
Фотосуретті кез келген формада, эллипс түрінде алуға болады. Ол үшін EPS форматы
экранда векторлық графиканы шығару үшін WMF форматын, ал растрлық графиканы
шығару үшін TIFF форматын пайдаланады. Бірақ экранда шыққан бейне кӛшірмесінің
сапасы тӛмен болады.
PDF (Portable Document Format, файл атының кеңейтілуі .PDF) форматын Adobe
фирмасы ұсынған. Онда векторлық және растрлық бейнелер, әріптер жиынынан тұратын
мәтін, гипермәтіндік сілтеме сақталады. Бұл форматпен жұмыс істеу үшін Adobe
фирмасы Acrobat пакетін шығарды. Acrobat Reader тегін қосымша программа құжатты
оқуға, баспаға шығаруға мүмкіндік береді. Кӛптеген графикалық редакторлар (Adobe
PageMaker, CorelDraw, FreeHand) ӛз құжаттарын PDF–қа экспорттауға мүмкіндік береді.
Мысалы, CorelDraw-да CDR, Adobe Photoshop-та PSD, стандартты Paint программасында
BMP.
BMP (Windows Device Independent Bitmap, файл атының кеңейтілуі .ВМР) форматы
Windows операциялық жүйесінің жекеменшік форматына жатады. Ол осы ортада жұмыс
істейтін бардық графикалық редакторларда қолданылады. CDR (CorelDRAW Document,
файл атының кеңейтілуі .CDR) форматының басқа форматтармен қатар жұмыс істеу
мүмкіндігі тӛмен, дегенмен CorelDRAW редакторында кеңінен қолданылып келеді.
Бақылау сҧрақтары:
1. Сәйкес келмейтін форматтар дегеніміз ен?
2. Ӛзіндік «арнайы» формат дегенді ұалай түсінуге болады?
3. TIFF форматы не үшін қолданылады?
4. PSD форматының түстік қамту диапазоны қандай?
5. JPEG форматын қандай компания шығарған?
6. JPEG форматын қандай қандай сығу алгоритмі қолданылады?
7. Сығылу мүмкіндігінің жоғарылығына байланысты қандай формат Интернетте
кеңінен таралып отыр?
8. PDF форматы не үшін қолданылады?
4-ші лекция. Компьютерлік графикадағы тҥс моделдері
Тҥс тҥсінігі және оның сипаттамалары.
Аддитивтік тҥстер жҥйесі.
Субтрактифтік тҥстер жҥйесі.
HSB - тҥстік моделі. Lab - ҥш арналы тҥстік моделі.
Грассман заңдары (тҥстерді араластыру заңдылықтары).
45
4.1. Тҥс тҥсінігі және оның сипаттамалары.
Түс – дегеніміз физиология жағынан да, физикалық табиғаты жағынан да ӛте күрделі
дүние. Кез келген объект оған түскен жарықтың шағылысуынан белгілі бір түске
боялғандай болып қабылданады. Ақ түсте барлық түстер шағылысады, ал қара түсте
керісінше жұтылады. Табиғатта түскен жарықтың 100 пайызын шағылыстыратын ақ және
қара түс жоқ, нағыз қара түс түскен жарықтың 99,8 пайызын жұтады. Нағыз ақ түс күкірт
қышқылында, ол жарықтың 99,4 пайызын шағылыстырады. Басқа сӛзбен айтқанда, зат
түсі заттың ӛзіне ғана байланысты емес, сонымен бірге оған түсетін жарық кӛзіне де, оны
кӛретін адам көзіне де байланысты. Кейбір заттар (тақта, қағаз) жарықты
шағылыстырады, ал кейбір заттар (шыны, су) жарықты ӛткізіп жібереді. Ақ, қара және сұр
түстер ахроматиялық түстер деп аталады. Ал басқа түстер хроматиялық деп аталады.
Бізді қоршаған табиғатта барлық түстердің негізін қызыл, жасыл, кӛк түстер құрайды.
Оларды негізгі түстер деп атайды. Бұл түстерді екі-екіден біріктіргенде кӛгілдір, ал
қызыл, сары түстер алынады. Түс пен бояу деген екі түрлі мағынаны білдіреді, бояу –
фильтр сияқты жарық сәулесін ӛткізеді және шағылыстырады. Соның нәтижесінде жаңа
түс алынады. Барлық уақытта компьютердегі түстер табиғи түстермен сәйкес келмейді.
Түс монитор экранында, қағаз беттерінде, табиғатта әр түрлі болады. Әр түрлі түстік
ортада бір мәнді түстерді анықтау үшін түстік модельдер қолданылады.
Түстік модельдер - компьютер экраны мен принтерде бейне түсін шынайы алу үшін
қажет. Оларды компьютерлік графикада тиімді пайдалану үшін:
−
әр түстік модельдің ерекшеліктерін түсіне білу керек;
−
түстік модельді қолдана отырып, қажетті түсті анықтай алу қажет;
−
әртүрлі графикалық программаларда түсті кодтау мәселесін түсіну керек;
−
монитор экранындағы бейне реңдерін баспаға басқанда шынайы етіп шығару
қиындығын білу керек.
Жоғарыда айтып кеткендей, заттар жарықты шағылыстырады немесе жұтады соның
нәтижесінде біз оларды кӛреміз. Түс адамның кӛзіне таралу әрекетін жасайды. Осылайша
жарық сәулелері кӛздің ішкі тор қабатына түседі де, адам түсті сезеді.
Шашыраған жарық – бұл Күннен, лампадан, монитор экранынан шыққан жарық.
Шағылысқан жарық – бұл зат бетінен кейін қайтқан жарық. Біз оны жарық кӛзі емес
қандай да бір затқа қарағанда кӛреміз.
Жарық кӛзінен тікелей кӛзге келетін шашыраған жарықта барлық түстер сақталады.
Бірақ бұл жарық заттан шағылысқанда ӛзгеруі мүмкін. (1-сурет).
Шағылысқан жарық
Жарықтың жұтылуы
Шашыраған жарық
1-сурет. Жарықтың шашырауы, шағылысуы және жұтылуы.
Күн сияқты немесе басқа жарық түсіргіш кӛздерден монитор жарықты таратады.
Бейне басылатын қағаз жарықты шағылыстырады, Шашырату және шағылысу процесінде
түс алынады, сондықтан түстерді сипаттаудың: аддитивтік (add - біріктіру) және
субтрактивтиктік түстер жүйесі деп аталатын екі қарама-қарсы әдісі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |