1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,18 Kb.
Pdf просмотр
бет19/49
Дата10.02.2018
өлшемі5,18 Kb.
#9350
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49

 
49 
 
          кӛгілдір +алқызыл + сары = қара, 
          кӛгілдір +алқызыл = кӛк, 
          сары +алқызыл = қызыл, 
          сары + кӛгілдір = жасыл. 
 
Үш негізгі түс болмаған жағдайда ақ түс алуға болады. Кӛгілдір, алқызыл, сары 
түстердің жоғары пайыздық мӛлшері қара түсті береді. Кейбір ерекшеліктеріне 
байланысты баспахана жұмыстарында осы үш негізгі түстің қоспасы қоңыр түс береді, 
сондықтан да бейнені баспаға шығаруда қара бояу қосылады. 
Субтрактивтік түстер жүйесін қысқаша  CMYK деп белгілейді. 
 
Сары
Көгілдір
Алқызыл
 Қызыл
Жасыл
Көк
 
7-сурет. RGB және CMY модельдерінің негізгі түстерінің ӛзара байланысы. 
 
Ал  CMYK  түстік  моделінен  RGB  түстік  моделіне  түрлендіру  қиынырақ,  себебі 
нүктенің түсі RGB түстерінің қосындысына анықталса, ал жаңа жүйеде CMY мәндерінің 
қосындысына  қара  түсті  қосу  керек  болады,  түрлендіру  үшін  түсті  бӛлу  программасы 
бірқатар  математикалық    амалдар  орындайды.  Егер    RGB  жүйесінде  нүкте  таза  қызыл 
түстен тұрса ( 100% R, 0% G, 0% G,), онда CMYK түстік жүйесінде ол ал қызыл және сары 
түстердің бірдей мәніне тең болуы керек ( 0% C, 100% M, 100% Y, 0% K ) 
4.4. HSB - тҥстік моделі.  
HSB  -  түстік  моделі  -  адамның  түсті  қабылдау  ерекшелігі  ескеріле  отырып  жасалған 
түсік модель. Мұндағы H,S,B әріптері ешқандай түсті бермейді, олар тек қана  

түстің реңі (Hue), H 

түстің  қанықтығын  (түске  ақ  бояуды  қосу  пайызымен)  (  Saturation-насыщенность  - 
қанықтылығы) S  

түстің  ашықтығын  (түске  қар  бояуды  қосу  пайызымен  )  (  Brightness  -    яркость  - 
ашықтығы) В  символдармен кӛрсетіледі. 
 
 
8-сурет. HSB - түстік моделі. 
Түстің мәні дӛңгелектегі нүкте сияқты таңдалады ( шеңбердің центрінен шыққан сол 


 
50 
нүктені  кӛрсететін  вектор).  Әр  түрлі  реңдер  шеңбер  бойымен  орнласады.  Қызыл  түс  -0, 
сары - 60, жасыл - 120, кӛкшіл - 180, кӛк -240, ал алқызыл - 300 градусқа сәйкес келеді. 
Түстің ашықтығы жеке осьпен беріледі. Тӛменгі нүктесі - минимальді ашықтықты , ал 
жоғарғы нүктесі минимальді ашықтықты береді.  

Н (peң ) 0 -ден 360 градусқа дейінгі аралықтағы мәнді;  

ал S және B параметрлері пайызбен ӛлшенеді де, 0 ден 100 - ге дейінгі бүтін мәндерді 
қабылдайды.    
 Барлық  түстер  дӛңгелектің  бойымен  орналасқандықтан,  әр  түске    ӛзінің  грдусы 
сәйкес келеді, яғни түстердің барлығы 360 нұсқасын алуға болады. Сондықтан бұл түстік 
модель 3 миллион түспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
Кейбір  графикалық  редакторларда  HLS  түстік  моделі  қолданылады.  Мысалы  
Macromedia  FreeHand    графикалық  редакторында  HSB  моделіне  ұқсас    HLS  (  Hue, 
Lightness,  Saturation)  моделі  қолданылады.  Оның  HSB  моделінен  айырмашылығы 
ашықтықтың  орнына  L  -жарық  (Lightness)  қолданылады.    Жарық  азайса,  онда  түс  қара 
түске, ал кӛбейсе, ақ түске жақындайды. HSB  мен HLS модельдері ешқандай техникалық 
құрылғылардан  тәуелсіз,  сондықтан  оларды  аппарттан  тәуелсіз  түстер  деп  атайды.  Бұл 
модель мониторға немесе принтерге емес, адамға арналып жасалған. 
Lab  -  ҥш  арналы  тҥстік  моделі.    Бұл  үлгіні  жасаудағы  мақсат  RGB,  CMYK,  HSB  
түстік  модельдерінің  кемшілігін  жоятын  үлгі  жасау  болып  табылады.  Бұл  модель 
құрылғылардың ( монитор, принтер, баспа құралдары және т.б.)  ерекшелігіне қарамайды, 
бұл  жүйе  аппаратқа  тәуелсіз,  сондықтан  да  кӛбінесе  құрылғылардың  арасында 
мәліметтерді тарату үшін қолданылады. 
Lab  моделінде  кез  келген  түс  (  L-Luminosity  )  -  түстің  ашықтығымен  және 
хроматиялық  компоненттермен,  яғни  жасыл  түстен  сұр  түс  арқылы  қызыл  түске  дейінгі 
диапазонда  ӛзгеретін  А  параметрімен,  кӛк    түстен  сұр  түс  арқылы  сары  түске  дейінгі 
диапазонда  ӛзгеретін  В  параметрімен  анықталады.  А  және  В  түстерін  араластыру 
нәтижесінде алынған түс анағұрлым ашық болады.   
Lab моделінде нүкте бір мезгілде қара және ақ түсті, бір мезгілде жасыл және қызыл 
түсті,  кӛк  және  сары  түсті  бола  алмайды.  Сондықтан  Lab  моделінде  арналарды  анықтау 
осы принципке негізделіп жасалған. 
 
    9-сурет. Lab - түстік моделі. 
Мұндағы: 

L - түстің ашықтығы 0- ден 100 -ге дейінгі аралықта,  

A - параметрінің мәні : - 128 ден 127 -ге дейінгі аралықта, 

B - параметрінің мәні : - 128 ден 127 -ге дейінгі аралықта ӛзгереді. 
Бірінші арна - ол ашықтық арнасы. Ашықтық қара түстен ақ түске (ашық)  түске дейін 
ӛлшенеді.  Ал  а  және  b  арналары  түстерді  ғана  бейнелейді.  Әрбір  хроматиялық  арна  екі 
қарама - қарсы түстер жайлы ақпараттан тұрады. 
LAB моделі адам қабылдауға қабілетті табиғаттағы барлық түстерді қамтиды. 
 


 
51 
 
10-сурет. RGB және  CMYK моделдерінің  Lab моделінің ішінде түсті қамту кӛрінісі. 
 
4.5. Грассман заңы (тҥстерді араластыру заңдылықтары).  
Кӛптеген түстік моделдерде түсті сипаттау үшін үшӛлшемді координаталар жүйесі 
қолданылады. Ол түсті үш координатамен берілген нүкте арқылы ӛрнектейтін түс 
кеңістігін құрады. Үшӛлшемді кеңістікте түстерді араластырып, басқа түстерді алу үшін 
Грассман үш заңдылық тапты (1853ж): 
1.  Түс  үшӛлшемді  –  оны  сипаттау  үшін  міндетті  түрде  үш  құрама  керек.  Кез  келген 
тӛрт  түс  ӛзара  сызықтық  байланыста  болады,  яғни  кез  келген,  бір  түс  үшін  түстердің 
сызықтық байланысын ӛрнектейтін сызықтық теңдеу құруға болады.   
2.  Егер үш құрама түстен тұратын түс реңінде бір түс үнемі үздіксіз ӛзгеріп отырып, 
ал  қалған  екі  түс  тұрақты  күйінде  қалса,  онда  нәтижедегі  түс  реңі  де  үздіксіз  ӛзгеріп 
отырады.  
3.    Араластырылған  түс  реңі  оған  қатысатын  түс  түрлеріне  ғана  байланысты,  ал 
олардың спектрлік құрамына тәуелсіз болады.  
Үшінші заңдылық, жаңа түс алу үшін қатысатын құрама түстердің әрқайсысының ӛзі 
басқа құрама түтерден алынуы мүмкін екендігін кӛрсетеді.  
 
Бақылау сҧрақтары: 
1.Компьютерлік графикадағы Түс түсінігі. 
2.Ахроматиялық түстер деп қандай түстерді айтамыз?  
3.Аддитивтік түстер жүйесі қалай алынады?  
4.Субтрактифтік түстер жүйесінің негізгі түстеріне қандай түстер жатады? 
5.HSB - түстік моделінде H,S,B әріптері нені білдіреді? 
6.Lab- түстік моделінің ерекшелігі неде? 
7.Грассман заңдылықтар атаңыз. 
 
            5-ші лекция. Фракталдық графика 
 
1.Фрактал  тҥсінігі және фракталдық  графиканың шығу тарихы.   
2.Фрактал  кӛлемі және оның есептелінуі. 
3.Геометриялық фракталдар.  
4.Алгебралық фракталдар.  
 
5.1.Фрактал тҥсінігі және фрактальдық  графиканың шығу тарихы. 
Біз күнделікті ӛмірде қыста қатты суық күндері терезе әйнегіне аяз ӛрнек салатынын, 
немесе  сиялы  қаламмен  жазғанда  толып  кеткен  сия  ізін  кӛріп  білеміз.Осындай  ерекше 
ӛрнектерді  алгоритм  бойынша  жазып,  компьютерге  енгізуге  болады.Осындай  жиынды 
фрактал  деп атайды. Фрактальдар бізге белгілі геометрия фигураларына ұқсамайды, олар 
ӛз алдына арнайы алгоритмдерден құралады.Ал бұл алгоритмдерді компьютер кӛмегімен 
монитор  экранына  шығаруға  болады.Егер  назар  салып  қарайтын  болсақ,  фракталь 
дегеніміз  -  бұл  алғашқы  берілген  фигураға  қолданылған  түрлендіруді  бірнеше  рет 


жүктеу 5,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау