1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,18 Kb.
Pdf просмотр
бет13/49
Дата10.02.2018
өлшемі5,18 Kb.
#9350
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49

 
34 
деректер  қоймалары  технологияларының    соңғы  жетістіктерін  қолданады,  оларда   
математика,  физика,  геодезия,  топология,  картография,  навигация  және  әрине,  
компьютерлік  графика   ғылымдарының кӛптеген әдістері мен алгоритмдері бар. Қазіргі 
кезде ГИЖ  құрастырушылары кеңістіктегі объектілер мен жер аумақтарының бейнелерін 
шындыққа жақындатуды жоғарылату мақсатында жұмыс жасағандықтарының нәтижелері 
кӛрініп отыр.  
Компьютерлік  графикамен  жұмыс  істеу  –  дербес  компьютерді  қолданудың  ең  жиі 
тараған  бағытының    бірі,  бұл  жұмыспен  тек  қана  мамандар  (суретші-дизайнер,  суретші-
график,  суретші-монументалист)  ғана  айналыспайды,  компьютермен  жұмыс  істейтін  кез 
келген  адамдар    да  ӛндірісте  ӛз  күштерімен  компьютерлік  графика  құралдарын 
пайдаланып газеттер мен журналдарға жарнамалық хабарламаларды, немесе жарнамалық 
буклеттерді ӛздері жасай алады.  
Компьютерлік (машиналық) графиканың даму тарихы 
Компьютерлік    графика  соңғы  онбес  жылда  дамыды,  ал  оның  бағалы  сатылатын 
құралдары  одан  да  аз  уақытта  пайда  болды.    Компьютерлік  графиканы  алғаш  рет  1940 
жылдары  Масачусец  технологиялық  институтының  ғалымдары  АҚШ-тың  қарулы 
күштеріне  ЭВМ  кӛмегімен  ұшатын  аппаратқа  қолданады.  Кейіннен  «Вихр  атты  супер 
компьютерге алғаш жасалған эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, 1951 жылы кӛпшілікке 
ұсынылады.  1961-1963  жылдары  аталған  институттың  ғалымы  Айвен  Созерланд   
«Sretchard»  (қойын  кітапшасы)  атты  техникалық  сызуға  арналған  бағдарлама  жасап 
шығарады.    Бұл  бағдарлама  кәсіпӛқой  техника  саласындағы  сызғыш  мамандарға  ӛте 
қолайлы, әрі  уақыттарын үнемдеуге үлкен септігін тигізді.  1959 жылы  «General Motors» 
компаниясы  мен    «IBM»  фирмасының  шарты  бойынша  автомобиль  құрастыратын 
компьютерлік  жүйе  жасалды.  Жүйе  «DAC-1»  (Design  Augmented  bu  Computers)  -  
компьютер кӛмегімен дизайн жасау деген атпен жарық кӛрді. Бағдарлама автомобильдің 
асты-үстінен,  жаны,  алды-арты,  қырынан  кез-келген  жағынан  кӛре  алатындай 
мүмкіндіктерге  қол  жеткізді.  Осы  бағдарламадан  кейін-ақ  компьютерлі  графикаға  деген 
қызығушылық арта түсті.  
Дербес  компьютерді  графиканың  сурет  құралы  екендігін  алғаш  рет  Юпитер,  Сатурн 
және  басқа  планеталарға  ұшатын  аппараттарды  даярлайтын  зертхананың  бас  маманы 
американдық  суретші  Дэвид  Эм  дәлелдеген.  Эм    компьютердің  кӛмегімен  ӛзі  салған 
суреттерінен кӛрме ұйымдастырған.  
80-ші  жылдардың  аяғы  мен  90-шы  жылдардың  басына  дейін  «Apple»    компаниясы 
кӛптеген  графикалық  технологияларға  қол  жеткізді.      Солардың  ішінде    «Quick  time»  
видеотехнологиясы  бағдарламасының  кӛмегімен  компьютер  ӛнерінде  жаңа  мультимедиа 
жанры пайда болды.  
«Apple»    компаниясымен  қатар  келген  жаңа  технологиямен  айналысқан  бірқатар 
фирмалар  да  болды.  Сол  фирмалардың  ішінде  аталған  фирмаға  бәсекелестік  тудырған  
«Майкрософт»  компаниясы  алдыңға  компаниялардың  қатарынан  орын  тепті.  Сол  жылы 
«Майкрософт»  компаниясы  нарық  базарына  ӛзінің  «Windows  3,0»  операциялық  жүйесін 
тарту  етті.  Жүйе  графикалық  бағдарламалардың  бәріне  стандартты  түрде  бағытталды. 
Жүйеге арналып «Adobe» және «Aldus» фирмаларының дизайнерлері мен программистері 
арнайы  «Adobe  Photoshop»  және    «Adobe  Photostiler»  графикалық  редакторларын  жасап 
шығарды. 
Осы  бағдарламалар  мен  «Windows  3,0»  операциялық  жүйесіне  арнап  Канададағы 
«Corel» фирмасының программистері  «Corel Draw»  векторлы графикалық пакетін жасап 
шығарды. Графикалық пакет графиканың барлық саласымен жұмыс жасайды.  
Басқа да графикалық «Fractal Design Painter» бағдарламалары жасалынды. Бұл пакетте 
жай  карандаштан  майлы  және  акварельдік  бояуға  дейін  пайдалануға  болатындай 
мүмкіндіктер шешімін тапқан.  
Осы жылдары «Autodesk» компаниясы «3D Studio»  үш кӛлемде ӛлшейтін графикалық 
бағдарлама  шығарылды.  Бұл  пакет  компанияның  технологы  «Yost  Group»  тобымен 


 
35 
бірлесіп жасалды. Бағдарлама қазіргі кездері үлкен қажеттілікті керек ететін пакеттердің 
бірі.  
Компьютерлік графиканың негізгі қолданылатын облыстары  
Компьютерлік  графиканың  қолданылатын  облыстары  тек  қана  сурет  салумен 
шектелмейді.  Ғылымның  барлық  салаларында,    техникада,  медицинада,  коммерцияда 
және  басшылық  ету  жұмыстарында  сан-салалы  ақпараттарды    кӛрнекті  бейнелеу  үшін  
компьютердің кӛмегімен құрылған сызбалар, графиктер, диаграммалар қолданылады.  
Компьютерлік графиканың қолданылатын негізгі облыстарын қарастырайық.   
Ғылыми графика 
Алғашқы компьютерлер ғылыми және ӛндірістің есептерін шешу үшін пайдаланылды. 
Алынған  нәтижелерді  жақсы  түсіну  үшін,  оларды  графикалық  ӛңдеу  қажет  болды, 
есептелінген  конструкциялардың  графиктері,  диаграммалары,  сызбалары  жасалынды. 
Бірінші  графиктер  машинада  таңбалық  баспа  түрінде  алынды.  Содан  соң  қағазда  сиялы 
қаламмен  сызбалар мен графиктерді сызатын арнайы құрылғылар – графикқұрылғылары 
(плоттерлер)    пайда  болды.    Қазіргі  кездегі  ғылыми  компьютерлік  графика  есептеу 
эксперименттерінің нәтижелерін кӛрнекті етіп кӛрсетуге мүмкіндік береді.   
Іс-қағаз графикасы  
Іс-қағаз  графикасы  –  фирмалардың,  тағы  да  басқа  жұмыс  орындарының 
кӛрсеткіштерін  кӛрнекі  түрде  сипаттау  үшін  қолданылатын  компьютерлік  графика 
облысы.  Жоспар  кӛрсеткіштері,  есеп  беру  документтері,    статистикалық  есептеу 
жұмыстары  сияқты  объектілер  үшін    іс-қағаз  графикасы  кӛмегімен  иллюстрациялық 
материалдар  құрылады.    Іс-қағаз  графикасының  программалық  құралдары  электрондық 
кестелер (2-сурет) құрамына кіреді. 
  
 
2-сурет. Іс-қағаз графикасы мысалы. 
  
Конструкторлық графика 
Конструкторлық  графика  инженер–конструкторлар,  архитекторлар,  жаңа  техниканы 
ойлап  табушылар  жұмыстарында  қолданылады.  Компьютерлік  графиканың  бұл  түрі  (3-
сурет)  АЖЖ  (автоматтандырылған  жобалау  жүйелері)  ең  негізгі  элементі  болып 
табылады.   


жүктеу 5,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау