Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет11/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36

ерекшелік – баяндауыштың  бұйрық  рай  формасында  келуі. Екіншіден, бұл
құжаттарды  құрылымына  қарай куəлік, анықтама, бұйрық, жарлық деп
бөлуге  болса  да, іс  қағаздарын  жүргізу  мəдениетінің  əлі  қалыптаса
қоймағандығынан, олардың  бəрін жарлық деп  атаған. Сол  дəуірдегі  Темір-
Құтлұғ жарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа жақын.
4-апта. 8-сабақ
69-тапсырма. Жарлық  қандай  жағдайда  шығарылады, оның
құрылымына не кіреді? Берілген ақпаратты меңгеріп алыңыздар.
Ж  А  Р  Л  Ы  Қ
Жарлық – басқарудың  шұғыл  мəселелері  бойынша  шығарылатын
құқықтық акт. Оған жұмыс орнындағы  бірінші басшы қол қояды. Жарлықтың
мəтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады. Оның мазмұны толық, дəл,
анық болуы керек.
Жарлық  бөлігі  жеке  жолға  жазылған «БҰЫРАМЫН» деген  сөзден
басталады. Мəтіннің  бұл  бөлімінде  орындалатын  істер, оған  жауапты
адамдардың  аты-жөні, лауазымы, іске  асыру  мерзімі  көрсетіледі. Ол
нөмірленген  тармақтарға  бөлінуі  мүмкін. Əр  тармақ  үшінші  жақ  бұйрық
райдың ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктерден (тапсырылсын, жариялансын,
т.б.) жəне  бұйрықты  орындаушыны (лауазымды  адамды  немесе  бөлімшені)
көрсетуден  басталады.
Орындауға 
жауаптылықты: «Бұйрықтың 
орындалуын 
бақылау
(лауазымы, аты-жөні) «жүктелсін» деп көрсетіледі.
Жекеленген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін жəне
бұйрық  мəтінінде  оларға  сілтеме  қосымшаға  сəйкес  жасалуы  тиіс. Егер
қосымшалар бірнешеу болса, олардың əрқайсысы нөмірленеді.
Жарлық сөзінің мағынасы   əмір  беру, бұйыру, бұйрық беру  сөздерінің
мағынасына  өте  жақын. Көне  замандағы  хан, қаған  жарлықтары  да, қазіргі
үкіметтің, президенттің жарлықтары да бір адамға немесе адамдар тобына ғана
емес, көпшілік халыққа берілетін, жалпыхалықтық сипаттағы əмір, бұйрық.
Жарлықтың  бұйрықтан  негізгі  айырмашылығының  өзі – оның
барлығына  жарияланатын, барлығы  орындауға, бағынуға, назарға  алуға  тиіс
құжат екендігінде.
70-тапсырма. Жарлықтың үлгілерімен танысыңыздар.
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университеті
əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму
институты
Қазақ тілі кафедрасы бойынша


ЖАРЛЫҚ  №10
Ү л г і:
Ф.ғ.к., доцент С.С. Айтжанованың  отбасы  жағдайына  байланысты
2010 жылдың  қараша  айындағы 19-20 күндердегі сабақтарын өткізу төмендегі
оқытушыларға жүктелсін.
   Жұма:
                11
25
 -12
15
5В072100-0№1 р/о-1к 611
ГУК
12
25
- 13
15
5В072100-0№1 р/о-1к 611
ГУК
                              13
30
 -14
20
5В072100-0№1 р/о-1к 611 ГУК
14
25
 -15
20
5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК
15
25
 - 16
15
5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК
16
30
 - 1 7
20
5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК
Сенбі:
                   14
25
 - 15
20
5В071200-0№0 р/о-1к 611а ГУК
15
25
 - 16
15
5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК
                              16
30
 –-17
20
5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК
Сабақты жүргізетін аға
оқытушы:                  _____________               Сағымбаева В.М.
                                             қолы
Оқытушы                  _____________               Қалықова Ə.Ж.
                                             қолы
           Жарлыққа қол қойған
   кафедра меңгерушісі, профессор           ________    Г.Т. Тұрсынова
                                                                         қолы
Ү л г і:
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму
институты
Қазақ тілі кафедрасы бойынша
ЖАРЛЫҚ №12
Аға 
оқытушы
А.М.Монтаеваның 25.01.2011-04.02.2011
аралықтарында  сессияға  шығуына  байланысты, осы  күнгі  сабақтарын  аға
оқытушы В.М.Сағымбаева жүргізсін.
25.01.11.  сағ.12
30
-15
20
5В072000 №1Р/о – 1к,   608 ГУК
26.01.11.  сағ.9
25
-12
15
  5В070900 №1Р/о – 1к,   614 ГУК
29.01.11.  сағ.9
25
-12
15
050722 №1Р/о – 2к,    609 ГУК
01.02.11.  сағ.12
30
-15
20
5В072000 №1Р/о – 1к,   608 ГУК


02.02.11.  сағ.9
25
-12
15
  5В070900 №1Р/о – 1к,   614 ГУК
Сабақты жүргізетін  аға оқытушы   ________       Сағымбаева В.М.
қолы
Жарлыққа қол қойған
 кафедра меңгерушісі, профессор           ________    Г.Т. Тұрсынова
                                                                     қолы
71-тапсырма. Сіз 
Қ.И.Сəтбаев 
атындағы 
Машина 
жасау
институтының  директорысыз. Сіз  басқарып  отырған  институтта  белгілі
бір мəселеге байланысты жарлық шығарыңыз.
72-тапсырма. Бұрыштама  қалай  жазылады? Берілген  мəліметпен
танысып, бұрыштама жазуды үйреніп алыңыздар.
Б  Ұ  Р  Ы  Ш  Т  А  М А
(Резолюция)
Бұрыштама (Резолюция) – келіп  түскен  іс  қағаздарының  бұрышына
жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.
Бұрыштама 
жазу – түскен 
құжат 
мазмұнымен 
сіздің
танысқандығыңыздың  ғана  емес, сонымен  қатар  ол  бойынша  қандай  шешім
қабылдағаныңыздың, нұсқау  бергендігіңіздің  белгісі. Сіздің  күнделікті
танысып, нұсқау  беретін  құжаттардың  сан  түрлілігіне  қарай, жазылатын
бұрыштама  түрі  де  соншалықты  көп  болуы  мүмкін. Ең  бастысы  бұрыштама
қысқа жазылуы, нұсқауды  орындауға  тиіс  адам  мен  орындау  мерзімі, не  істеу
керектігі  анық  көрсетілуі  керек. Бұрыштамада  мағынасы  екіұшты  сөздер
жазылмайды.
Бұрыштама үлгілері:
1.Таныстым;
15. Шара қолданылсын;
2. Келісемін;                                       16. Өтемақы төленсін
3. Бекітемін;
                   17. Жəрдемақы берілсін;
4. Растаймын;                                      18. Мəселе қаралады;
5. Куəландырамын;                           19. Бекітілсін;
6. Қарыс емеспін;                              20. Қабылданбайды;
7. Қызметінен босатылсын;              21. Жеке еңбек шарты бұзылсын;
8. Орындалсын;                                 22. Бақылауға алынсын;
9. Шешілсін;                                      23. Өзгерістер енгізілсін;
10. Қаралады;                                    24. Тағайындалсын;
11. Іске қосылсын;                            25. Арнайы комиссия құрылсын;
12. Тапсырылсын;                             26. Қосымша мүмкіндіктер
13. Жолға қойылсын;                                                  қарастырылсын.
14. Жауапты адам                              27. Жарамсыз деп танылсын;
       тағайындалсын;                          26. Жұмыстан шығарылсын


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау