Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет12/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36

Бұрыштама  ресми  стильде  жазылады. Басы  артық  сөздер  қолданылмай,
істің  негізгі  мəні  ғана  айтылады. Бұрыштама  соңына  күні  жазылып, басшы
қолы қойылады немесе фамилиясы жазылады.
73-тапсырма. Екі  мəселе  бойынша  мəтінін  өздеріңіз  құрастырып,
өтініш жазып, өтініштегі мəселеге байланысты бұрыштама жазыңыздар.
74-тапсырма. Өзіңіз  оқитын  институт  директорының  атына
денсаулығыңызға байланысты академиялық демалыс сұрап өтініш жазып,
оған бұрыштама жазыңыздар.
75-тапсырма. Қ.И.Сəтбаев атындағы  ҚазҰТУ  ректорының  атына  өз
еркіңізбен  жұмыстан  босатуын  сұрап  өтініш  жазып, оған  бұрыштама
жазыңыздар.
76-тапсырма. Төмендегі  сөздердің  синонимдік  қатарын  жазып,
оларды  қатыстыра  отырып, ресми  іс  қағаздары  стилінде  сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Беделді, бөтен, бірдей, дағдылану.
5-апта. 9-сабақ
77-тапсырма. XVIII ғасырда  жазылған  іс  қағаздары  қанай  дəрежеде
болды? Сабақ барысында талқылаңыздар.
78-тапсырма. Ресми  іс  қағаздары  тілінің  дамуы, қалыптасуы
кезеңдерін 
анықтау 
үшін 
не 
маңызды 
болды? Пікірталас
ұйымдастырыңыздар.
79-тапсырма.  Мəтінді оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары
Т.Р.Қордабаевтың «Тарихи  синтаксис  мəселелері» атты  еңбегінде XVIII
ғасырда жазылған іс қағаздары  тіліндегі септік жалғауларының, шылаулардың
қызметі, сөйлем  мүшелері  жəне  олардың  бір-бірімен  байланысы  талданып,
құжаттардағы  жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемдердің  синтаксисі
қарастырылады. Ресми  іс  қағаздары  тіліне  байланысты  ғылыми  пікірлер  мен
тұжырымдар  І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Исаев, Р.Сыздықова, т.б. да
ғалымдардың  қазақ  əдеби  тілінің  тарихына  қатысты  жазылған  еңбектерінде
айтылған. Олар  қазақ  əдеби  тілінің  тарихына  XVIII ғасырдан  бастап  талдау
жасағанымен, оған  дейін  де  қазақ  əдеби  тілін  танытатын  үлгілердің  болғанын
жоққа шығармайды.
Ол  жөнінде: «XVIII ғасырдан  бұрын  да  қазақ  көркем  əдеби  тілін
танытатын  үлгілер  болғанын  ескере  отырып, əдеби  тіліміздің  тарихын
қолымыздағы  талдау  объектісі  боларлық  материалдары  бар XVIII ғасырдан


бастадық», – деп  жазады. Бұл  еңбекте XVIII, XIX, XX ғасырлардағы  қазақ
ресми іс қағаздары тілін танытатын  материалдарға  талдау жасалады.
Р.Сыздықованың  қазақ  ресми  іс  қағаздары  тілінің  даму, қалыптасу
кезеңдерін  анықтап, талдап, оның  ерекшелігін  көрсету  мақсатында  жүргізген
еңбектерінің  зерттеу  жұмыстары  үшін  маңызы  зор. XVIII ғасыр  мен  XX
ғасырдың I жартысындағы ресми  қағаздардың тілі туралы: «Аталған кезеңдегі
қазақ  даласында  тіл  тəжірибесінің  жəне  бір  түрі  болды. Ол – қазақтың  хан,
сұлтан, старшындарының  əкімшілік  орындарына  жəне  бір-біріне  жазысқан  əр
түрлі  сипаттағы (мазмұндағы) қағаздары  мен  хаттарының  тілі  болды», – деп
көрсетеді.
80-тапсырма. Мəтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. Т.Р.Қордабаевтың  қай  еңбегінде  не  қарастырылды?  2. Ресми  іс
қағаздары тіліне байланысты ғылыми пікірлер кімнің еңбектерінде айтылды? 3.
Олар нені жоққа шығармайды? 4. Ол жөнінде не деп жазды? 5. Ол еңбекте неге
талдау  жасады? 6. Р.Сыздықованың  еңбектерінің  не  үшін  маңызы  зор? 7 XX
ғасырдың I жартысындағы  ресми  іс  қағаздарының  тілі  туралы  не  аталып
көрсетілді?
5-сабақ. 10-сабақ
81-тапсырма.  Танысқы (визитка) қандай  болу  керек, ол  не
үшін керек? Мəлімет алыңыздар. Танысқыны  пайдаланыңыздар.
 Т  А  Н  Ы  С  Қ  Ы     (Визитка)
Танысқы (визитка) – дегеніміз  бір-бірімен  танысқан  адамдардың
бір-біріне беретін қысқаша мəліметі бар іс қағазы.
Танысқы  іскерлік  қатынас  жасау  үшін  өте  керек  құжат. Ол 14-ші
шрифтпен  толтырылады, сөздері  анық, бояуы  қанық  болуға  тиіс. Аты-жөні
жазылады, фамилиясы бас əріптермен теріледі. Мысалы БЕКБОЛАТОВ Аслан
Қайырбекұлы.
Қызметі туралы  тек ресми атқаратын  қызметі жазылады. Уақытша
атқаратын қызметтері жазылмайды.
Ғылыми  дəреже, атақтары  қажеттілігіне  қарай  көрсетіледі. Құпия
ұстайтын  мəліметтері жазылмайды.
Жұмыс, ұялы телефондары, жұмысының мекен-жайы жазылады. Ал
үйдің  телефонын  көп  жағдайда  əркімнің  өзінің  шешіміне  қарай  көрсетпейді.
Танысқы  көп  жағдайда 50x90 мм-лік  көлеміндегі  қатты  қағазға  жазылады.
Қызметіне қарай олардың түр-түсі əр түрлі болып келеді. Мысалы:
1. Үкімет құрылымында, сайлау   органдарында  істейтін  қызметкерлер
көбінесе  ақ  немесе  мемлекеттік  ту  түсімен  сəйкестендіріп  жасайды.  Ақ  түс –
қолының  жəне  ниетінің  ақтығының  символы  болса,  мемлекеттік  ту  түсі –


мемлекет  құрылымында  істейтіндігін  білдіреді  жəне  Отанына  адал  қызмет
ететіндігін көрсетеді.
2. Қаржы            бөлімдерінің,          банктердің            қызметкерлері
сенімділікті,  орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасалады. Олар: алтын
түсті, металл түсті, қызыл түсті, сұр,  күміс,  жасыл  түстері.
3. Түрлі  дəрежедегі  басқару  орындарында  істейтіндер  классикалық
үлгідегі түстерді (фоны – көгілдір, ақшыл сия түсті, ақшыл қоңыр, шрифтары –
қара көк, сия  түсті, қара қоңыр, т.б.) қалайды. Əр мамандық  иесі өз  қалауына
қарай таңдап жасатады.
4. Шығармашылық  адамдары  бірден  көзге   ұрып   тұратындай
болғанын  қалайды. Жазушының  танысқысынан  төгілген  сияның  суретін,
музыканттікінен  нота  белгілерін көруге болады.
    
5.  Ғылыми  интеллигенция,  Ішкі  істер  министрлігі,  Қорғаныс
министрлігі, Мемлекеттік  қауіпсіздік  комитеті,  мемлекеттік  құрылым
қызметкерлері  қарапайым  түрде  жасатқанды  ұнатады. Тағы  басқа  да
қызметтерге қарай əр түрлі болады.
Танысқыларды  кейбір  жағдайда  бір-екі  ауыз  сөз  жазып
тапсыруға  болады.  Мысалы: «Жауап  күтемін», «сенбі  күні  сағат 14
00
-де
келемін», « жұма сағат 15
00
-де күтемін», т.б.  түрінде жазып беруге болады.
Дүниежүзі практикасында іскерлік қатынас кезінде де, жеке басқа
қатысты  жағдайда  да  қолданылатын, визит  карточкалары  арқылы  жүзеге
асыруға болатын бірнеше жағдайды ескеруге болады:
1. Латын əріптерімен берілген «p.f», белгісі құттықтау мағынасын береді.
«p.f» 2000 – жаңа жыл қарсаңында, «p.f» 8 – 8 наурыз, «p.f» –  (кез келген
қуанышты  күн,  мейрам  күндері)  белгілерін  қойып,  танысқыңызды  өзіңіз
немесе  біреу арқылы тапсыруға болады.
2. «Р.С» (латын) – көңіл айту мағынасын білдіреді.
3. «Р.r» (латын) – алғыс  айту, рахмет  айту, ризашылық  білдіру
мағынасын білдіреді.
4. «Р.р» - ескі əріптестеріңізге  жаңа адамды  таныстырған  кезде ұсыныс,
кепілдеме (рекомендация) орнына  қолданасыз.
5. «Р.р.с» (латын) – (Р.р.s) постскриптум  белгісімен  шатастырып
алмайтындай жағдайда  Р.р.с  белгісін  жазып танысқыңызды жіберуге болады.
  Бұл  айтылған  белгілердің  кез  келгенін  ресми, ресми  емес, іскерлік,
іскерлік  емес  қатынастың  барлық  түрінде  қолдануға  болады. Танысқыда
жазылған мəлімет шын болуы керек.
82-тапсырма. Танысқыға  берілген  мəтіннің  мағынасын  түсініп,
меңгеріп, мазмұндаңыздар.
83-тапсырма. Өзіңіздің  бірнеше  қызметіңізді  көрсетіп, танысқы
жазыңыздар.
84-тапсырма. Танысқының үлгілерімен  танысыңыздар.


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау