Директордың «01» ақпан 2016 жылғы №1 бұйрығымен бекітілген



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі0,51 Mb.
#22420


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Директордың  

«01» ақпан 2016 жылғы № 1 бұйрығымен бекітілген 

Алматы қ-сы 

 

Осы  «FITNESS BLITZ»  фитнес–клубтар  желісіне  келу  Ережесі  (ары  қарай  –  Ереже),  дене 



шынықтыру, сауықтыру мақсатымен FITNESS BLITZ клуб карталарын сатып алған «FITNESS BLITZ» 

фитнес–клубтар желісі Мүшелеріне арналып жасалған.  

Бұл ереженің мақсаты жаттығу жасауға барынша ыңғайлы, әрі едәуір қауіпсіз жағдайлар 

туғызу. 


Бұл  ереже  «FITNESS BLITZ»  фитнес–клубтар  желісінің  барлық  клубтарында  күші  бар, 

барлық келушілерге қатысы бар, бірыңғай және барлық келушілерге міндетті болып табылады. 

Бұл  ереже  «FITNESS BLITZ»  фитнес–клубтар  желісі  аумағында  жүрген  адамдардың  құқықтары 

мен  міндеттерін  белгілейтін  нормалар  мен  шарттардан  тұрады.  Келушілер  «FITNESS BLITZ» 

фитнес–клубтар  желісіне  Қосылу  келісім  шартын  жасау  мен  келуді  бастар  алдында  осы 

Ережемен  танысуға  міндетті.Қосылу  келісім  шарты  (№  1  Қосымша)  осы  Ереженің  ажырамас 

бөлігі болып табылады.  

 

 



1. Қолданылатын ұғымдар мен анықтамалар 

 

1.1.  FITNESSBLITZФитнес–клубы  –Қазақстан  Республикасының  аумағында  орналасқан  дене 

шынықтыру-сауықтыру мекемелері желісі (ары қарай – Клубтар/Клуб). 



1.2.  Клуб карталары (абонементтер) – «FITNESSBLITZ» фитнес–клубындағы мүшеліктің түрін 

(шарттарын)  белгілейтін  клуб  карталары,  бұндай  карталар  Клуб  ұсынатын  бастапқы 

қызметтер  тізіміне,  бағасына,  жарамдылық  мерзіміне  және  сол  қызметтерді  көрсету 

ретіне қарай ерекшеленеді. 



1.3.  Базалық  қызмет  –  Клуб  картасының  құнына  кіретін  қызмет  түрлері. 

Қосымша  қызмет  –  Клуб  картасының  құнына  кірмейтін,  бірақ  клуб  аумағында 

қолданыстағы Прайс-листке сай ақылы түрде көрсетілетін қызмет түрлері. 



1.4.  Клуб  мүшесі  –  Клубқа  жеке  Клуб  картасы  арқылы  келетін  және  Клубпен  дене 

шынықтыру-сауықтыру қызметтеріне келісім шарт жасасқан жеке тұлға. 



1.5.  Клуб қонағы – Клуб мүшесі болып табылмайтын немесе бір жолы Клубқа келетін жеке 

тұлға. 



 

 

2. Жалпы ережелер 



 

2.1.  FITNESSBLITZФитнес–клубы  дегеніміз  Алматы  қаласында  мына  төмендегі  мекенжайлар 

бойынша орналасқан жаттығу залдар желісі:  



Алматықаласы бойынша:  

1. 


FitnessBlitz Саламат- «МТС» БО , Шевченко көшесі, 165 Б үй, тел: 323-62-62 

2. 


FitnessBlitz Аксай - Аксай 5 ықш.ауд., 3 үй, тел: 373-51-52 

3. 


FitnessBlitzЛюмир – «ЛюМир» СО, Астана ықш.ауд., 1/10 үй, тел: 337-54-77 

4. 


FitnessBlitz Дукат – «Дукат» СҮ, 10 ықш.ауд., 3Б үй, тел: 303-31-02 

5. 


FitnessBlitzКулагер - Кулагер ықш.ауд., 10 үй, тел: 234-99-41 

6. 


FitnessBlitzСамал - «Евразия» СҮ, Самал-1 ықш.ауд., Жолдасбековкөшесі, 9/2 үй,  

тел: 248-45-99 

7. 

FitnessBlitzБесагаш – «Forte» СҮ,   Бесагаш ауылы, Райымбеккөшесі, 162 үй ,  



тел: 305-82-74 

8. 


FitnessBlitzСайран -   Толе бикөшесі, 286/2 үй, тел: 248-65-45 

9. 


FitnessBlitzАтакент  -Ауезовкөшесі, 163А үй,   209 кеңсе, тел: 248-68-15 

10. 


FitnessBlitzНавои – «Навои Тауэрс» БО, Жандосовкөшесі,98 үй, тел: 224-98-91 

 

Астанақаласы бойынша:  

1. 


FitnessBlitz  7 континент «7 Континент» БО - Кенесарыкөшесі, 40 үй, тел: 282-585 

2. 


FitnessBlitzМосква –  «Москва» БО, Достыкпр., 18 үй, тел: 280-285 

Шымкентқаласы бойынша: 

1.  Fitness Blitz  Шымкент –Байдибек Бикөшесі, 45үй, тел: +7-708-165-6995 

 

 

2.2.  Клубтардың  жұмыс  істеу  кестесі:  жұмыс  күндері  сағат  7:00-ден  24:00  дейін  (ерекшелік 



ретінде Атакент фитнес- клубы сағат 07:00-ден 23:00 дейін), демалыс және ресми мереке 

күндері  –  сағат  10:00-ден  22:00  дейін  жергілікті  уақыт  бойынша.  Клуб  мүшелерінің 

клубқа кіру уақыттары сатып алынған Клуб карталарына байланысты болады. 

2.3.  Жаттықтырушылардың  жұмыс  кестесі  мен  топтағы  жаттығулардың  уақыты  Клубтың 

бекітілген кестесі бойынша жасалады. 



2.4.  Клуб мүшелері мен олардың қонақтары Клубтан белгіленген жұмыс уақытынан кешікпей 

шығуға  міндетті.  Клуб  мүшелері  мен  олармен  бірге  келген  қонақтар  Клуб  ішінде  Клуб 

картасында көрсетілген уақыт ішінде ғана болуға құқы бар немесе Клубпен танысуға өз 

бетінше келген қонақ Клуб ішінде келісілген уақыт аралығында ғана бола алады. Егер де 

Клуб мүшесі Клубтан шыққан кезде белгіленген уақыттан 30 минуттан кешірек шыққан 

жағдайда,  ол  қолданыстағы  Прайс-листке  сай  бір  жолғы  (қонақ)  төлемақыны  төлеуге 

міндетті. 

2.5.  Клубтың жұмыс уақыты Клубтың бастамасымен өзгертілуі мүмкін, ондай жағдайда клуб 

мүшелері  алдын  ала  Клубтың  ақпараттық  стендінде  немесе  Клубтың  ресми  сайтында 

хабарлама жасау арқылы ескертіледі. 

2.6.  Коммуналдық  қызметтердің  кез  келген  түрі  тоқтатылған  кезде,  Клуб  алдын  ала 

ескертусіз Клубқа келуді және/немесе көрсетілетін қызмет түрлерін шектеуге құқылы.  



2.7.  Белгіленген  санитарлық  норма  мен  ережелерге  сай,  Клуб  әкімшілігі  Клубқа  келуді 

және/немесе  көрсетілетін  қызмет  түрлерін  санитарлық-профилактикалық  шаралар 

жүргізу үшін шектеуге құқылы. 

 

3. Клубқа мүшелік және Клуб картасы 




 

 

3.1.  Клубқа мүшелік - Клуб картасына енгізілген қызметтер түрін пайдалану құқығы. 

3.2.  Клубқа  мүшелік  әр  адамның  атына  жазылады  (жеке).  Клуб  әкімшілігі  алкоголь,  есірткі 

немесе  уытты  заттардың  әсеріндегі  адамдарға,  сондай-ақ  өзін  басқыншыл  ұстаған 

адамдарға мүшелік беруден бас тартуға құқылы. 

3.3.  Клубқа мүшелік Клуб әкімшілігімен арада Клуб ережесіне Қосылу келісім шартын жасап, 

тиісті  тіркеу  үдерісінен  өту  арқылы  жасалады:  мәліметтерді  толтыру,  Клуб  картасын 

рәсімдеу.  Келісім  шарт  жасау  үшін  жеке  басын  куәландыратын  құжат  керек.  Клуб 

әкімшілігі  қызметкері  қонақты  келудің  барлық  түрлерімен,  сатып  алу  шарттарымен, 

сондай-ақ,  «FITNESSBLITZ»фитнес–клубтар  желісіне  келудің  осы  Ережесімен  де 

таныстырады.  



3.4.  Мүшелікті рәсімдегеннен кейін Қонаққа тиісті Клуб картасы беріледі. 

3.5.  Клуб  картасын  (абонемент)  сатып  алу,  Қонақтың  осы  Ережемен  келісетіндігін  және  де 

оның  талаптарын  орындауға  міндеттенетіндігін  білдіреді.  Клуб  картасының  құны 

төленгеннен кейін Қонаққа Клуб  картасы және Қосылу келісім шарты беріледі. Қосылу 

келісім шартында Қонаққа және Клубқа қатысты мәліметтер болады. 



3.6.  Қосылу  келісім  шарты  жасалып,  Клуб  картасы  берілгеннен  кейін  Қонақ  клуб  Мүшесі 

болады. 


3.7.  Клубқа кіруге рұқсат беретін құжат – Сіздің Клуб картаңыз (штрих коды бар пластикалық 

карта,  немесе  оның  баламасы  –  тиісті  штрих-кодтың  мобильді  құрылғыдағы  бейнесі, 

саусақ ізі, т.с.с.). 

3.8.  Клуб картасы Клуб меншігі болып табылады, оны сатуға немесе басқа бір адамға беруге 

болмайды.  



3.9.  Клуб картасы Клубқа мүшеліктің ақысы төленген сәттен бастап іске қосылады. 

3.10.  Клуб  картасы  Клубқа  келген  сайын  Клуб  әкімшілігі  қызметкеріне  көрсетіледі.  Клуб 

мүшесінің клуб картасы өзімен бірге болмаған жағдайда Клуб әкімшілігі оны кіргізбеуге 

құқылы. Клуб қызметкерлері Клубмүшесі немесе қонағынан жеке басын куәландыратын 

құжатты  көрсетуін  талап  етуге  құқылы.  Клуб  картасы  жоқ  клуб  қонағы,Прайс-листке 

сайбіржолғыкелубағасынтөлепкіреалады. 

3.11.  Клуб  картасын  жарамдылық  мерзімі  өтпеген  кезде  жоғалтып  алсаңыз  ол  туралы  Клуб 

Әкімшілігіне хабарлап, Клуб әкімшілігі белгілеген мөлшерде Клуб картасын қайта шығару 

құнын төлеуіңіз керек. 

3.12.  Клуб  картасының  үш  түрі  бар:  таңғы  клуб  картасы,  күндізгі  клуб  картасы  және  шексіз 

Клуб картасы. 



3.13.  Таңғы клуб картасы жұмыс күндері сағат10-00 ден 13-00 дейін жарамды. Клиент сағат 13-

00  Клубтан  шығып  кетуі  керек.  Демалыс  және  мереке  күндері  Клубта  күндізгі 

клубкартасымен сағат 10-00 дан 22-00 дейін болуға болады.  

3.14.  Күндізгі клуб картасы жұмыс күндері сағат 07-00 ден 18-00 дейін жарамды. Клиент сағат 

18-00  Клубтан  шығып  кетуі  керек.  Демалыс  және  мереке  күндері  Клубта  күндізгі 

клубкартасымен сағат 10-00 дан 22-00 дейін болуға болады.  

3.15.  Шектеусіз клуб картасымен клубта жұмыс күндері сағат 07-00 ден 24-00 дейін, демалыс 

және мереке күндері сағат 10-00 ден 22-00 дейін болуға болады. 



3.16.  Клуб карталарының барлық түрі келудің санын шектемейді, Клуб мүшесі Клубқа өзінің 

картасының  жарамдылық  мерзімі  ішінде  қанша  рет  келетіндігін  өз  ұйғарымына  қарай 

шешеді. 

3.17.  Клуб  мүшесі  Қазақстан  Республикасы  аумағында  орналасқан  кез  келген  Клубқа  өзінің 

Клуб  картасын  көрсетіп  бара  алады.  Таңдаған  клубы  мен  бұрын  барып  жүрген  клубқа 

мүшеліктің  баға  жағынан  айырмашылығы  болған  жағдайда  Клуб  мүшесі  бағадағы 

айырмашылықты төлеуге міндетті.  




 

3.18.  Клуб  мүшесі  таңғы  клуб  картасын  күндізгі  клуб  картасына  және  шектеусіз  клуб 

картасына,    күндізгі  клуб  картасынан  таңғы  клуб  картасына  және  шектеусіз  клуб 

картасына,  сондай-ақ,  шектеусіз  картадан  таңғы  клуб  картасына  және  күндізгі  клуб 

картасына өтуге құқылы. Клуб картасының бір түрінен басқа түріне ауысқан кезде клуб 

мүшесі  егер  де  таңдаған  картасының  құны  қолданып  жүрген  картадан  қымбатырақ 

болса  баға  айырмашылығын  төлеуге  міндетті.  Егер  де  Клуб  мүшесі  таңдаған  картаның 

құны қолданып жүрген карта құнынан арзанырақ болса Клуб бағадағы айырмашылықты 

клуб мүшесіне қайтармайды.      



3.19.  Клубтан абонементте көрсетілген уақыттан кешікпей шығу керек. Клуб мүшесі таңдаған 

келудің  уақыт  шегін  асырып  жіберген  кезде,  келушіге  Клуб  әкімшілігі  өзі  белгілеген 

мөлшерде әрбір сағатқа айыппұл салуға құқылы. 

3.20.  Егер  де  келуші  келу  уақытындағы  шектеуді  қайталап  бұзса,  Клуб  Келісім  шартты  бір 

жақты бұзу арқылы мүшеліктің күшін жоюға құқылы. 



3.21.  Клуб мүшесі өз клуб картасын жарамдылық мерзімі ішінде төмендегі көрсетілген тиісті 

мерзімдерге уақытша токтатуға құқылы : 

•  Бір айлық абонементті 1 мәрте 1 айға дейінгі мерзімге; 

•  Үш айлық абонементті 2 мәрте, әрқайсысы 1 айға дейінгі мерзімге; 

•  Алты айлық абонементті 3мәрте, әрқайсысы 1 айға дейінгі мерзімге; 

•  Бір жылдық абонементті 4 мәрте, әрқайсысы 1 айға дейінгі мерзімге. 



3.22.  Клуб  қызмет  ақысы  тек  Клуб  әкімшілігіне  төленеді  және  тек  жаттығу  жасар  алдында 

ғана.  Клуб  картасының  құнын  Клуб  әкімшілігі  белгілейді.  Қонақтар  Клуб  қызметінің 

бағаларымен  кіреберісте  немесе  Клубтың  вебсайтында  таныса  алады.  Клуб  әкімшілігі 

Клуб мүшелерін ескертпестен, себебін түсіндірместен бағаны біржақты өзгерте алады. 



3.23.  Клуб  мүшелігі  ақысы  теңгемен  жасалады.  Төлем  түрлері:  қолма  қол  ақша  және  пос-

терминал арқылы ақша аудару. Ұйымдар Клуб мүшелігі үшін ақыны шот арқылы төлей 

алады. 

3.24.  Клуб  картасының  жарамдылық  мерзімі  ішінде  Клуб  мүшесі  себебін  түсіндірместен  бір 

мәрте өзінің Клубкартасын үшінші тұлғаның атына ауыстыра алады. Ол үшін Клуб мүшесі 

атына  аударылатын  адаммен  бірге  келіп,  ерікті  түрде  өтініш  жазып,  Клуб  әкімшілігі 

белгілеген көлемде Клуб картасын қайта шығару құнын төлеуі керек. 



3.25.  Клуб картасының жарамдылық мерзімдері: 1 (бір) ай; 3 (үш) ай; 6 (алты) ай; 12 (он екі) 

ай.  Клуб  картасының  жарамдылық  мерзімі  өткеннен  кейін,  Клуб  мүшесі  өзінің  Клуб 

картасының жарамдылық мерзімін прайс-листте көрсетілген мерзімге ұзарта алады. Ол 

үшін  Клуб  әкімшілігі  қызметкеріне  Клуб  картасының  жарамдылығын  қандай  мерзімге 

ұзартатындығы туралы хабарлап, прайс-листке сай ақысын төлеуі керек. Клуб әкімшілігі 

қызметкері Клуб  мүшесіне Клуб картасының ұзартылғандығын растайтын құжат береді 

(абонемент, хабарлама, түбіртек немесе басқадай құжат).Клубкартасы ұзартылған кезде 

Қосылу келісім шарты да автоматты түрде ұзартылады. Қосымша ешқандай құжатқа қол 

қоюдың қажеті жоқ. 

3.26.  Кез келген себеп бойынша Келісім шарт бұзылған жағдайда, қолданылмаған уақыт үшін 

ақыны кері қайтару мына төмендегідей тәртіппен жасалады: алғашқы сомадан іс жүргізу 

шығындарына 20% ұсталады, қалған сома Клуб картасы жұмыс істеген уақытқа тепе тең 

түрде есептеледі.Келісім шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда Клуб мүшесі Клуб 

әкімшілігі бекіткен түрде өтініш жазып, Келісім шарт бұзылатын күнді көрсетуі керек. 

 

4. 



Клубқа келу тәртібі 

 

4.1.  Клубқа  келген  кезде,  Клуб  мүшесі  Клуб  әкімшілігі  қызметкеріне  Клуб  картасын 

тапсырады, Администратор карта орнына оған киім ауыстыру бөлмесіндегі шкаф кілтін 

береді. Клуб ішінде (кіреберістен басқа) сырт киіммен және көшеде киетін аяқ киіммен 



 

жүруге  тыйым  салынады  және  осы  Ереже  талаптарын  бұзу  болып  саналады.  Ереже 

бұзылған жағдайда Клуб әкімшілігі Клуб мүшесін мамандарға немесе ішке кіріп жаттығу 

жасауға рұқсат бермеуге құқылы. 



4.2.  Егер  клуб  мүшесінде  өзімен  бірге  құнды  заттар  болса,  оларды  сейфке  тапсыру  керек. 

Сейфке  сақтауға  тапсырылмаған  немесе  киім  ауыстыратын  бөлмеде  шкафта  қалған 

құнды заттар үшін Клуб әкімшілігі жауапты болмайды.  

4.3.  Клубтан шығып бара жатып клубмүшесі шкафкілтін тапсырып өзінің Клуб Картасын алып 

кетеді. Шкафтың немесе сақтау камерасының кілтін жоғалтқан жағдайда Клуб мүшесіне 

Клуб әкімшілігі бекіткен тариф бойынша айыппұл салынады. 

4.4.  Клуб мүшесі шкафкілтін жоғалтқан жағдайда, Клуб клиенттің шкафта қалған мүлкі үшін 

жауап бермейді. 



4.5.  Жаттығу аяқталғаннан кейін өзінің заттарын шкаф және сейфтерде қалдыруға болмайды. 

4.6.  Жаттығу  алаңы  мен  киім  ауыстыру  бөлмесінде  қалдырылған  жеке  заттар  үшін  Клуб 

жауап  бермейді.  Ұмытылған  заттар  Клубта  табылған  күннен  бастап  1  ай  мерзім  ішінде 

сақталады. 

4.7.  Қажет  болған  жағдайда  киім  ауыстыру  бөлмесіне  дейін  өту  үшін  Клуб  ұсынатын  бахил 

қолдану керек. Клуб әкімшілігі клуб мүшесін жаттығужасауға сыртта киетін аяқ киіммен 

кіргізбеуге құқылы. 

4.8.  Клуб  мүшесі  жалпыға  ортақ  және  жеке  бастың  гигиенасын  сақтауға  және  Клубтың 

барлық  жерінде  тазалық  сақтауға  міндетті.  Келушілер  жеке  бастың  гигиенасын  сақтау 

үшін жаттығу жасау кезінде өздерінің жеке орамалдарын қолданулары керек. 

4.9.  Клубта балалардың жүруіне тыйым салынады. 

4.10.  14  пен  18  жас  аралығындағы  бала  Клубта  тек  өзінің  заңды  өкілі  –  Клуб  мүшесімен 

немесе заңды өкілі деп көрсетілген басқа ересек адаммен – Клуб мүшесімен бірге бола 

алады. 

Клуб  ішінде  баланы  ертіп  жүрген  адам  баланың  өмірі  мен  денсаулығына  жауапты 



болады, сондай-ақ, ол баланың Клуб ережелерін сақтауын қадағалауы керек. 

4.11.  Клубаумағында заңды өкілдерінің немесе заңды өкілдері сеніп тапсырған адамдардың 

қарауынсыз жүрген балалар үшін Клуб жауапты болмайды. 



4.12.  Клубтық  шаралар  өткізу  кезінде  жаттығулар  жасауға  арналған  аймақ  шектеліп  қалуы 

мүмкін.Жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аймаққа 

өтуге болмайды. 

 

5. Клуб мүшесінің қауіпсіздігі 

 

5.1.  Клубкартасын  ала  отырып  Қонақ  өзінің  спортпен  шұғылдануға  медициналық  қарсы 

көрсетімдердің жоқ екендігін растайды. 



5.2.  Клубаумағындағы  барлық  жаттығуларды  Клубмүшесі  өз  тәуекеліне  жасайды  және  өз 

денсаулығы үшін өзі жауапты болады. 



5.3.  Клуб  мүшесі  Клубты  жаттығу  жасауға  байланысты  немесе  өзінің  абайсыздығынан  Клуб 

аумағында  орын  алған  қандай  да  бір  ықтимал  жазатайым  оқиғалар  үшін 

жауапкершіліктен босатады. 

5.4.  Клуб  мүшесі  ескертулерді,  нұсқауларды,  Клуб  қызметкерлерінің  ұсынымдарын 

орындауға міндетті. 



5.5.  Клубқа бірінші рет келгенде клуб мүшесі кіріспе нұсқамалықты тыңдауға міндетті. 

5.6.  Жарақат алуды болдырмау үшін Клуб мүшесінің өзінің дайындық деңгейіне, денсаулық 

жағдайына сай жаттығуларды жасағаны жөн. 



5.7.  Кардионемесе күшті қажет ететін тренажерларда жұмыс істеген кезде әр келуші өзінің 

дайындық деңгейін басшылыққа алғаны жөн. 




 

5.8.  Зілтемір  немесе  гантельмен  жасалатын  жаттығуларды  жеке  жаттықтырушының 

немесесерігінің қатысуымен жасағаны жөн. 



5.9.  Егер 

клуб 


мүшесінің 

денсаулығы 

жіті 

ауру 


салдарынан, 

жарақаттың 

асқынуынан/күшеюінен  немесе  созылмалы  аурулардың  кесірінен  нашарлаған  болса, 

Клуб  келушінің  денсаулығының  нашарлауына  байланысты  келтірілген  зиянға  жауапты 

болмайды. 

5.10.  Клуб әкімшілігі Клуб мүшесінің денсаулығына және/немесе мүлкіне үшінші тұлғалардың 

немесе  клуб  мүшесінің  өзінің  заңсыз  әрекеттерінен  келген  зияндарға  жауапты 

болмайды. 

5.11.  Келушінің  денсаулығына  зиян  Клуб  ережесін  бұзу  салдарынан,  Клуб  аймақтарында 

болу/жүру  ережелерін  бұзу,  кіріспе  нұсқамалықты  тыңдамағаннан,  кіріспе  нұсқамалық 

талаптарын  орындамағаннан  келген  болса,  сондай-ақ,  егер  клуб  мүшесі  өз  бетінше 

жаттығулар жасағанда орын алған болса,Клуб әкімшілігі оған жауапты болмайды. Клуб 

мүшесі жарақат алу фактісін Клубтың кезекші жаттықтырушысына хабарлап, тіркеуі тиіс. 

5.12.  Жаттығу  құрылғыларына  қосымша  салмақ  арту  арқылы  артық  жұмыс  істетуге  тыйым 

салынады.  Жаттығу  жасап  жатқандардың  назарын  жүгіру,  секіру,  немесе  басқадай 

әрекеттермен  бұзуға  тыйым  салынады.  Істен  шыққан  жаттығу  құрылғыларында  жұмыс 

істеуге  тыйым  салынады.  Ақауларды  байқаған  кезде  (тростың  үзілуі,  механикалық 

зақымдар) ол туралы жаттығу залының инструкторына хабарлау керек. 

5.13.  Жаттығуларды  жасап  болғаннан  кейін  келуші  өзі  қолданған  спорт  құралдарын  арнайы 

белгіленген орынға апаруға міндетті. 



5.14.  Жаттығу  залында  жарақаты  бар  немесе  жалпы  жағдайы  нашар  адамдарға  жаттығулар 

жасауды  бастауға  тыйым  салынады.  Жағдайы  нашарлаған  кезде  жаттығу  жасауды 

тоқтатып, жаттықтырушыға хабар беру керек. 

5.15.  Жаттығу жасауды бастар алдында жүгіру жолының қозғалатын лентасының екі шетіндегі 

жылжымайтын  бөлігіне  аяқпен  тұру  керек,  ең  төменгі  жылдамдықты  қосып,  лента 

қозғала бастағаннан кейін лента үстіне тұру керек. Лента толық тоқтамастан бұрын одан 

түсуге болмайды. 



5.16.  Жиналмалы зілтемірмен жаттығу жасау кезінде теңсіздіктен зілтемірді құлатып, жарақат 

алуды  болдырмау  үшін  зілтемірдің  грифінің  екі  жағындағы  ауырлықты  теңдей  шешу 

керек, ал ауырлықты қосқан кезде салынған салмақ қосатын темірлерді бекіткіштермен 

мықтап бекіту керек. 



5.17.  Блокты  ауырлығы  бар  жаттығу  кұрылғыларымен  жұмыс  істеген  кезде  валиктің, 

орындықтың бекіткіштерін тірелгенше салып, бекітудің мықтылығын тексеру керек. 



 

6. Клубтағы тәртіп 

 

6.1.  Клуб  мүшелері  қоғамдық  жерлердегі  тәртіп  бойынша  жүріп,  Клубтың  басқа 

мүшелерін\келушілерін  мазаламай,  Клуб  аумағында  тазалық  пен  тәртіпті  сақтауға 

міндетті. 

6.2.  Жаттығулар жасайтын аймаққа кіру тек қана спорт киіммен және зал ішінде киетін аяқ 

киіммен ғана рұқсат етіледі. Жаттығу жасау кезінде дененің жоғары бөлігі жабық болуы 

керек.Жалаң аяқ, шұлықпен, басы ашық жеңіл аяқ қиіммен, үй ішінде киетін аяқ киіммен 

жаттығу  жасауға  тыйым  салынады.  Арнайы  жаттығулар  (йога,  пилатес,  т.б.)  жасаған 

кезде бұл ереже талаптары әсер етпейді.  

6.3.  Зілтемірлер,  гантельдер,  басқа  тұрақты  бекітілмеген  құрылғыларды  жаттығу 

аяқталғаннан  кейін  жинап  қою  керек.  Түсіндіру  қажет  болса  Клуб  қызметкерлерінен 

сұрауға болады. 

6.4.  Клуб ішінде кино-, бейне- және фото түсірілімдерді Клуб әкімшілігімен алдын ала келісу 

арқылы жасауға болады. 




 

6.5.  Клубаумағы толығымен темекі тартуға тыйым салынатын аймақ болып саналады. 

6.6.  Келушілердің барлығынан клуб мүлкіне ұқыпты қарауды күтеміз. 

6.7.  Клуб  мүшелері  бір-біріне  және  Клуб  қызметкерлеріне  құрметпен  қарауы  керек. 

Жаттықтырушы  егер де  Клуб  мүшесі  оған  құрметпен  қарамаса  жеке  жаттығу  өткізуден 

бас тартуға құқылы. 

6.8.  Клуб мүшесіне мына төмендегі әрекеттерді жасауға тыйым салынады: 

•  Клуб аумағындаспирттікішімдіктерішуге, есірткізаттарынқолданып, темекітартуға; 

•  Клуб аумағында спорт тауарларын, 

спортшыларғаарналғантағамжәнебасқахалықтұтынатынтауарлардысатуға; 

•  Жуынатынкабиналардажекезаттарынқалдырып, оны 

басқаларқолданаалмайтындайжағдайдақалдыруға; 

•  Жаттығужасайтыналаңдарда, жәнеКлубтыңбасқамүшелері бар жерлерде 

(киімауыстыратынжерденбасқа), жалаңаш, жартылайжалаңаш, ішкиімменжүруге; 

•  Киімауыстыратынбөлмелерде, шкафтарда, жуынатынбөлмедежәнебасқа да 

ортақбөлмелердеөзініңартындақоқысжәнежекебастыңгигиеналықзаттарынқалдыруғ

а; 

•  Клубтыңжаттығужасауаймағындаіштекиетінаяқкиімсізжүруге;              



•  Қызметкерлергеарналғанаймақтарғакіруге, егер де арнайышақыруболмаса; 

•  Жаттығуқұрылғыларынорнынанжылжытуға; 

•  КлубәкімшілігініңжазбашарұқсатынсызөзбетіменКлубаумағындажарнама, 

хабарландырулартаратуға, сауалнамажүргізуге, әртүрлітауарлартаратуға; 

•  КлубәкімшілігіменкеліспейКлубаумағындаәртүрлішараларұйымдастыруға, өткізуге; 

•  Өзбетіншежарықтыжәнебөлметемпературасынөзгертуге/реттеуге, 

теледидарменплазмалықпанелдердібұруға, ауабаптағыштардыөшіріп/қосуға; 

•  КлубқанемесеКлубтыңбасқамүшелерінемүліктікжәне/немесемүліктікемесзалалкелті

ретінәрекеттержасауға, 

Клубмүшелеріменқызметкерлерініңденсаулығынажәне/немесеөмірінезиянкелтіреті

нәрекеттержасауға, сондай-ақ, 

Клубтыңбасқамүшелерінеқолайсыздықкелтіретінәрекеттержасауға.  

Осы жоғарыда аталған әрекеттерді жасау Келісім шартты бір жақты бұзуға негіз болады 

және ондай кезде Клуб Келушіге клуб мүшелігі үшін төлеген ақшасын кері қайтармайды. 



6.9.  Клуб  мүшесінің  алкогольдік  ішімдік  ішкендігіне  және/немесе  есірткі  заттарын 

пайдаланғандығында  күдік  болса,  Клубтың  ішкі  бақылау  қызметінің  қызметкері  ондай 

адамға/адамдарға  жағдайдың  ауырлығына  байланысты  мына  шараларды  қолдана 

алады:  жаттығу  жасауға  тыйым  салу,  Клубтан  сыртқа  шығарып  жіберу,  құқық 

қорғауоргандары қызметкерлерін шақыру.   

 

7. Топтағы жаттығуларға келу ережелері 



 

7.1.  Жеке  бастың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  Келуші  топтағы  жаттығуларға 

қатысты кіріспе нұсқамалықты тыңдауға міндетті. 



7.2.  Клуб мүшесі өзімен бірге топтағы жаттығулар жасауға арналған киім мен аяқ киім алып 

келуге міндетті. Жалаң аяқжағажайда немесе үйде киетін аяқ киіммен, табаны сырғанақ 

аяқ  киіммен  жаттығу  жасауға  тыйым  салынады.  Жаттықтырушының  нұсқауы  солай 

болса, арнайы жаттығулар жасау бұл ережеге бағынбайды (мысалы - йога). 



7.3.  КлубСіздің спорттық дайындық деңгейіңізге сай келетін топтағы жаттығуларға қатысуды 

ұсынады.  Клуб  келушісінің  белгілі  бір  жаттығу  түрлерін  жасауға  дайындығы  жоқ  болса 

жаттықтырушы оны жаттығу жасауға жібермей қоюға құқылы. 



 

7.4.  Топтық  бағдарламалар  арнайы  кесте  бойынша  және  алдын  ала  жазылу  бойынша 

жүргізіледі.  Клуб  топтағы  жаттығулар  жасаушылардың  санын  шектеуге  құқылы.  Клуб 

кестеде көрсетілген жаттықтырушыны, сондай-ақ, жаттығулар кестесін өзгертуге құқылы. 

7.5.  Клуб  мүшесі  топтағы  жаттығуларға  уақтылы  келуге  міндетті,  себебі  кейбір  жаттығулар 

бағдарламасын  жаттықтырушылар  алдын  ала  денені  қыздыру  үшін  уақыт  бөліп 

жасайды. Егер де Клуб мүшесі кешігіп келіп, алдын ала денені қыздырып алмай жаттығу 

жасауға кіріссе, ол клуб мүшесінің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.  



7.6.  Клуб  клиенті  топпен  бірге  жаттығу  жасау  кезінде  жаттығуларға  байланысты 

жаттықтырушының талаптарын орындауға міндетті. 



7.7.  Топпен  бірге  жаттығулар  жасау  кезінде  залда  ұялы  телефондарды пайдалануға  тыйым 

салынады  (телефон  қоңырауларыжаттығу  жасау  кезінде  топқа  және  жаттықтырушыға 

кедергі келтіреді). 

7.8.  Келуші өзінің хореографиясын және құралдарын жаттықтырушының тиісті бұйрығынсыз 

пайдалануға тыйым салынады.  



7.9.  Келушілер  жаттығудың  басталуын  күтіп  отырғанда  топтың  жаттығуларына  құралдарды 

уақытынан  бұрын  жылжытып  немесе  дауыстап  сөйлеу  арқылы  кедергі  жасауға  тыйым 

салынады.  

7.10.  Жаттығулар  жасау  аяқталған  соң  барлық  пайдаланылған  құралдар  өздерінің  арнайы 

орындарына  қойылуы  керек.  Келушілер  құралдарға  ұқыппен  қарауға  міндетті 

(кілемшелер, гантелдер, доптар, т.б.).  

7.11.  Тек  қана  топтағы  жаттығуларға  қатысатын  келушілерге  жалпы  жаттығу  жасау  залына 

кіруге тыйым салынады. 

 

 

8. Қосымша шарттар  



 

8.1.  Клуб  мүшесі  Клубтан  қандай  да  бірморальдық,  материалдық  шығын  немесе 

денсаулығына  келтірілген  зиян  үшін  Қосылу  келісім  шартында  және  қолданыстағы 

заңнамада  көрсетілген  жағдайлардан  басқа  кезде  клуб  картасының  жарамдылық 

мерзімі ішінде немесе жарамдылық мерзімі өткеннен кейін өтемақы талап етуге құқығы 

жоқ. Клубқа келуші өзімен бірге Клубқа келген қонақтары және/немесе оның/олардың 

кәмелетке толмаған балалары келтірген зиян үшін толық материалдық жауапкершілікті 

өз мойнына алады. 

8.2.  Клуб  аумағында  Клуб  басқарушысының  жазбаша  рұқсатынсыз  хабарландырулар, 

жарнама  материалдарын  таратуға/орналастыруға,  сауалнамалар  жүргізуге  және 

тауарлар таратуға тыйым салынады. 

8.3.  Алдын  алуға  немесе  болжауға  болмайтын  төтенше  жағдайлар  орын  алғанда 

(жарияланған  немесе  ашық  соғыс,  азаматтық  толқулар,  лаңкестік  әрекеттер,  індет, 

қоршауға алу, өрт, жер сілкіністері, су тасқыны және басқа да табиғи апаттар, және де 

жергілікті  мемлекеттік  органдардың  төтенше  жағдайларға  байланысты  актілері),  Клуб 

әкімшілігі Клуб мүшесінің алдында Клуб жұмысының өзінің шамасынан тыс жағдайларға 

байланысты уақытша немесе толығымен тоқтатылғаны үшін жауапты болмайды. 



8.4.  Клуб әкімшілігі Клуб мүшесінің осы Ереже талаптарын бұзу салдарынан келген жағымсыз 

жағдайлар  үшін  жауапты  болмайды.  Клуб  әкімшілігі  Клуб  мүшесінен  қоғамдық 

орындарда спортпен айналысуға кедергі келтіретін жұқпалы аурулардың жоқ екендігін 

растайтын медициналық анықтаманы сұрата алады. 



8.5.  Клуб 

мүшесініңайналадағыбасқаадамдарғақауіптіжұқпалыаурудың 

бар 

екендігінбілетұражасырыпкелгендігіайқындалса,  Клуб  әкімшілігі  пайдаланбаған  уақыт 



үшін  ешқандай  өтемақы  төлеусіз  ондай  адаммен  арадағы  келісім  шартты  бір  жақты 

бұзып, клубқа мүшелігін тоқтатуға құқылы. 




 

8.6.  Клуб мүшесінің немесе клубқа келушінің клуб аумағында ұрлық жасағаны әшкереленсе 

ұрлық жасаған адам өмір бойы клубқа келе алмайтын болады, ал клуб картасын алуға 

төлеген  ақшасы  кері  қайтарылмайды.  Клуб  әкімшілігі  ұрлыққа  байланысты  келтірілген 

зиянды өтеп беруді талап етуге құқылы. 



8.7.  Клуб  мүшелерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін,  клуб  этикетін  сақтау,  көрсетілетін 

қызмемттің сапасын қадағалау үшін Клуб әкімшілігі Клуб аумағында (жуынатын мен киім 

ауыстыратын бөлмеден басқа) бейнебақылау жүргізуге құқылы. 

8.8.  Клуб  мүшесі  осы  Ережемен  келісетіндігін  растап  қол  қоя  отырып  және  Клубтың 

жарнамалық  мақсатта  жасалатын  фото,  бейнетүсірілімдеріне  ерікті  қатыса  отырып, 

сұхбат бергенде, Клуб әкімшілігіне өзінің фото\бейне жазбаларын Клубтың жарнамалық 

мақсатта  газет,  журнал  беттерінде  және  басқа  да  әртүрлі  полиграфиялық  өнімдерде 

пайдалануға рұқсат береді. 

8.9.  Клуб  әкімшілігі  Клуб  мүшесіне  оның  фотосуреттері  мен  бейнематериалдарын  себебін 

түсіндірусіз беруге немесе бермеуге құқылы. 



8.10.  Клуб  әкімшілігі  Клуб  мүшесінің  корпоративтік  шараларда  жасалған  фотосуреттері  мен  

бейнематериалдарын  FITNESSBLITZКлубтар  желісінің  сайтында: 

www.fitnessblitz.com

сондай-ақ,  басқа  да  FITNESSBLITZ  клубтар  желісі  туралы  мәлімет  жарияланатын 



ашықинтернет-ресурстарда жариялау құқығын өзінде қалдырады. 

8.11.  Клуб  әкімшілігі  Клуб  мүшесінен  клуб  картасы  үшін  төленген  ақыны  растайтын 

құжаттарды және Қосылу келісім шартын ұзартқандығын растайтын құжаттарды сұратуға 

құқылы (төлемнің түбіртегі, ұзартуды растайтын құжат (айлық абонемент)). 

8.12.  Клуб  мүшесі  прайс  листтегі  бағалар  бойынша  бөлек  төлемақыға  қосымша  қызмет 

түрлерін алуға құқылы. 



8.13.  Қосымша  қызметтерді  алу  үшін  кіреберісте  Клуб  әкімшілігінде  алдын  ала  жазылып, 

жаттықтырушымен  жеке  жаттығулар  өткізуге  ыңғайлы  уақытты  таңдап,  алатын 

қызмет\тер үшін алдын ала төлем жасау керек. Алдын ала келісіп қойған қызмет түрінен 

бас  тарту  келісілген  уақыттан  кемінде  24  сағат  бұрын  жасалуы  керек.  Клуб  мүшесінің 

пайдаланбаған қызметі үшін төленген ақша кері қайтарылмайды. 

8.14.  Клуб  мүшесі  алдын  ала  төлем  жасап,  жаттықтырушымен  уақыт  бойынша  келіскеннен 

кейін  белгілі  күндер  мен  белгілі  уақытты  өзіне  сақтап  қалуға  құқылы.  Олай  жасалған 

уақытта сол келісілген уақыт сол Клуб мүшесінікі деп белгіленеді. 

8.15.  Клуб  мүшесі  алдын  ала  келісілген,  ақысы  төленген  жаттығуға  кешіккен  жағдайда 

жаттықтыруша  оны  15  минутқа  дейін  күтуге  міндетті.  Клуб  мүшесі  15  минуттан  көп 

уақытқа  кешіксе,  жаттықтырушы  басқа  Клуб  мүшесімен  жаттығу  өткізуге  құқылы. Клуб 

мүшесі  жаттығуларға  кешіккен  жағдайда  жаттығу  уақыты  сол  кешіккен  уақытқа  сай 

азайтылады, жаттығу құны өзгертілмейді. 

8.16.  Клубмүшесі  Клубаумағында  осы  Клубта  жұмыс  істемейтін  жаттықтырушылардың 

қызметін\көмегін пайдалана алмайды.  



8.17.  Клуб мүшесі өзі пайдаланатын барлық қосымша қызметтер ақысын уақтылы алдын ала 

төлеу міндетін өз мойнына алады. 



8.18.  Клуб әкімшілігі Клубқа келуші осы Ережеталаптарын бұзған жағдайда Келушіге Ескерту 

жасауға немесе бірнеше ұсақ ереже бұзушылық немесе бір өрескел ереже бұзушылық 

үшін ақшасын қайтармастан Клубқа келуге тыйым салуға құқылы.  

8.19.  Қажет болған жағдайда Клуб әкімшілігі Клуб ережелерін бір жақты қайта қарап немесе 

толықтыруға құқылы. 



8.20.  Келісім  шартқа,  қызмет  көрсету  тәртібіне,  осы  Ережені  толықтыру  мен  өзгертуге, 

Клубтың жұмыс істеу уақытына қатысы бар кез келген мәлімет Клубтың кіреберісіндегі 

ақпараттық  стендтарда  немесе  Клубтың 

www.fitnessblitz.kz

  ресми  сайтында  жариялау 

арқылы  Келушілердің  назарына  жеткізіледі.  Мәліметтерді  Клубтың  ақпараттық  стенд 

немесе  ресми  сайтында  жариялау  Клубқа  келушілерді  жеткілікті  жағдайда  құлағдар 



 

еткендік  болып  саналады.  Клуб  мүшесі  сондай  өзгерістермен  танысуға  өзі  жауапты 

болады.  Өзгерістер  Клубтың  ақпараттық  стендтарында  немесе  ресми  сайтта 

жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. 



8.21.  Клуб  қызметкерлері  Клуб  аумағынан  осы  Ереже  талаптарын  сақтамайтын  немесе  Клуб 

тәртібін бұзатын Келушілерді, Қонақтарды шығарып жіберуге құқылы. 



8.22.  Осы Ережеге қатысты Тараптар арасында болатын даулы мәселелер Клуб әкімшілігі мен 

Клуб мүшесі арасында келіссөз\дер жүргізу арқылы шешіледі. Тараптар келісе алмаған 

мәселелер  бойынша  даулар  Клубтың  орналасқан  жері  бойынша  сот  органдарында 

шешілуге жатады. 



8.23.  №  1  Қосымша  («FITNESSBLITZ»фитнес–клубыныңЖалпыЕрежесінеҚосылукелісімшарты) 

Осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылады. 



8.24.  Осы  Ереже  талаптарымен  реттелмеген  барлық  мәселелер  Қазақстан  Республикасы 

заңнамасымен реттеледі. 



 

 

Document Outline

  • Клубқа келген кезде, Клуб мүшесі Клуб әкімшілігі қызметкеріне Клуб картасын тапсырады, Администратор карта орнына оған киім ауыстыру бөлмесіндегі шкаф кілтін береді. Клуб ішінде (кіреберістен басқа) сырт киіммен және көшеде киетін аяқ киіммен жүруге т...
  • Егер клуб мүшесінде өзімен бірге құнды заттар болса, оларды сейфке тапсыру керек. Сейфке сақтауға тапсырылмаған немесе киім ауыстыратын бөлмеде шкафта қалған құнды заттар үшін Клуб әкімшілігі жауапты болмайды.
  • Клубтан шығып бара жатып клубмүшесі шкафкілтін тапсырып өзінің Клуб Картасын алып кетеді. Шкафтың немесе сақтау камерасының кілтін жоғалтқан жағдайда Клуб мүшесіне Клуб әкімшілігі бекіткен тариф бойынша айыппұл салынады.
  • Клуб мүшесі шкафкілтін жоғалтқан жағдайда, Клуб клиенттің шкафта қалған мүлкі үшін жауап бермейді.
  • Жаттығу аяқталғаннан кейін өзінің заттарын шкаф және сейфтерде қалдыруға болмайды.
  • Жаттығу алаңы мен киім ауыстыру бөлмесінде қалдырылған жеке заттар үшін Клуб жауап бермейді. Ұмытылған заттар Клубта табылған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде сақталады.
  • Қажет болған жағдайда киім ауыстыру бөлмесіне дейін өту үшін Клуб ұсынатын бахил қолдану керек. Клуб әкімшілігі клуб мүшесін жаттығужасауға сыртта киетін аяқ киіммен кіргізбеуге құқылы.
  • Клуб мүшесі жалпыға ортақ және жеке бастың гигиенасын сақтауға және Клубтың барлық жерінде тазалық сақтауға міндетті. Келушілер жеке бастың гигиенасын сақтау үшін жаттығу жасау кезінде өздерінің жеке орамалдарын қолданулары керек.
  • Клубаумағында заңды өкілдерінің немесе заңды өкілдері сеніп тапсырған адамдардың қарауынсыз жүрген балалар үшін Клуб жауапты болмайды.
  • Клубтық шаралар өткізу кезінде жаттығулар жасауға арналған аймақ шектеліп қалуы мүмкін.Жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аймаққа өтуге болмайды.
  • Клуб мүшесінің қауіпсіздігі

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау