«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


-тарау. Трихинеллездің, тениаринхоздың және тениоздың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын



жүктеу 195,15 Kb.
бет5/19
Дата07.01.2022
өлшемі195,15 Kb.
#37085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
0 840

5-тарау. Трихинеллездің, тениаринхоздың және тениоздың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

талаптар
55. Ет арқылы берілетін гельминтоздардың (трихинеллез, тениаринхоз, тениоз) алдын алу бойынша іс-шараларға:

1) мал шаруашылығы қожалықтарын және кенттерді коммуналдық абаттандыру, дәретханаларды салу және оларды жөндеу, тазарту қондырғыларын салу, кеміргіштерді және қаңғыма жануарларды ату;

2) қоршаған ортаны гельминт жұмыртқаларымен ластанудан қорғау;

3) мал шаруашылықтары жұмыскерлерінің жеке гигиена қағидаларын сақтауы, оларды арнайы киіммен қамтамасыз ету жатады.

56. Медициналық іс-шаралар мыналарды қамтиды:


  1. эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық әдістерді пайдалана отырып, инвазияланған адамдарды, оның ішінде халықтың декреттелген топтары мен тәуекел тобындағы адамдарды, сондай-ақ клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер болғанда амбулаториялық және стационарлық науқастарды анықтау;

  2. нәжіс және перианалдық соскоб тениидозға анықтау үшін науқастарды зерттеуге. Тениид члениктері бөлуі анамнез жинау;

  3. тұлғаларды серологиялық тексеру (буланған сарысулар науқастарда ауру және ауруға күдікті арқылы 10-14 күн өткеннен кейін қолданысқа нәтижесін талдау және 4-6-ші аптада жұқтырғаннан кейін), употреблявших зараженное трихинеллами ет (екі аптадан кейін қолдану);

  4. мал өсірушілерді және олардың отбасы мүшелерін, қасапхана, ет комбинатының қызметкерлерін, аспаздарды жыл сайын тексеру;

  5. инвазияланған адамдарды жеке есепке алу, емдеу және диспансерлік бақылау (трихинеллезбен ауыратын науқастар стационар жағдайында емдеуге жатқызылады);

  6. трихинеллез ауруының әрбір жағдайына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне кезектен тыс ақпарат ұсынылады;

  7. трихинеллездың ауыр түрімен ауырып сауыққан адамдар алты ай бойы амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда диспансерлік есепте тұрады. Диспансерлік есепте тұрған кезінде емдеу аяқталғаннан кейін екі аптадан, екі және алты айдан соң электрокардиограммаға түсіре отырып, қанның құрамын зерттеу жүргізіледі. Аурудың қалдықты клиникалық белгілері болған жағдайда және электрокардиограммада өзгерістер болған кезде диспансерлеуді 12 ай бойы жалғастырады, көрсетілімдер қалыпты болған жағдайда пациент диспансерлік есептен шығарылады;

  8. тениидозбен ауыратын науқастар ем аяқталғаннан кейін төрт ай ішінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда диспансерлік есепте тұрады. Диспансерлік есепте тұрған кезінде тениидозбен ауыратын науқастар екі және төрт айдан кейін қорытынды зертханалық тексеруден өткізіледі және екі теріс нәтижелі талдау болған жағдайда (бақылаудың төрт айының соңында) пациент диспансерлік есептен шығарылады;

  9. жануарларда цистицеркоз (финноз) анықталған аумақтардағы халықты тексеру сұрау жүргізу және зертханалық зерттеу әдістерімен жүргізіледі, жиілігі мен көлемін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі айқындайды.

57. Трихинеллезбен, тениаринхозбен және тениозбен сырқаттанудың тәуекел топтарына мал өсірушілер мен олардың отбасы мүшелері, ет комбинаты, ет өндірістер мен цехтардың, шошқа өсіретін фермалар, жануарлар терісін өңдейтін жұмысшылар, қасапхана қызметкерлері, аңшылар және басқалар жатады.

58. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері елді мекендердің, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары жұмысының санитариялық жағдайын, кеміргіштер мен қаңғырған жануарларды жою іс-шараларын бақылауды жүзеге асырады.

59. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, адамға және жануарларға ортақ паразиттік аурулар жағдайлары туралы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді, паразиттік аурулар жағдайларын бірлесіп тексереді және ошақтарын зерттейді.



жүктеу 195,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау