III-таужыныстар мен кендердің ашық қуыстарын толтыру процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар. Таужыныстар мен кендерде эпигенетикалық минералды агрегаттар әр түрлі пішінді және өлшемді қуыстарды толтырады. Олар магмалық балқымалардан, магмалық жаратылысты газ-сулы ерітінділерден, атмосфералық жаратылысты жерасты сулардан және метаморфталған сулардан пайда болған. Эпигенетикалық кендер құрамы мен құрылысының әр түрлігімен сипатталады. Ашық қуыстарда минералдар мен минералды агрегаттар, ерітінділерден бір уақытта немесе белгілі реттілікпен түзіледі.
Қалындығы 1см жарықшақтарда кенқұраушы минералдар қабырғаларда біртіндеп жолақшалар түрінде өседі, олар бірнеше болуы мүмкін. Жарықшақтардың қабырғаларына жаңасқан жолақшалар – ең ертелері, кеш жолақшалары желінің ортаңғы бөліктерін толтырады. Желінің құрылысы крустификациялық деп аталады. Кенді желілерде симметриялы крустификациялық жолақшалық байқалады, олар жарықшақтың екі қабырғаларын бойлай бір уақытта бір құрамды және құрамы жолақшақ түрінлде түзілген. Желілерде симметриялы емес крустификация жиі байқалады, онда екі жарықшаның қарама-қарсы қабырғаларын бойлай бір-бірінен құрамы мен құрылымы ерекше минералды агрегаттар түзіледі. Крустификацияны, сонымен бірге, минералды агрегаттардың біртіндеп жолақшалар-сақиналар түрінде, сыйыстырушы таужыныстар немесе кендердің сынықтарын айнала түзілгенде, байқауға болады, олар жарықшақтың ішін жартылай толтырады. Сынықтарды айналған сақиналар саны кейде 10-12 жетеді. Осылай кокардық немесе сақиналы бітім қалыптасады. Крустификациялық жолақшаларда орайлы, гипидиоморфтытүйірлік және сирек аллотриоморфты түйірлік құрылымдар дамиды.
Егер сынықтардың аралары минералды керішпен толтырылса, онда кенқұраушы минералдардың заңды таралғаны байқалмайды, сонда брекчиялық, немесе керіштік бітім қалыптасады. Практикада жиі бірінші атауы қолданады.
Уатылған таужыныстар немесе кендерде ашық жарықшақтарды минералдармен толтыру желішектердің пайда болуына әкеледі, кейде ажырап кейде торлама немесе шарбақты минерадардың бірігіп өскендер түрімен, бір-бірімен қиылысады. Егер желішектер параллел жарықшақтар топтамасын толтырса, онда жолақша бітімді кендер қалыптасады. Желішекті бітім ең әдеттегідей болады және желішектердің кеңістіктегі пішініне, өлшемдеріне және орналасуына байланысты, түрін өзгертеді. Толтыру желішектері параллель қабырғаларымен сипатталады. Бірақ жарықшақтардың қабырғалары мүлде cәйкес келуі ылғи байқалмайды, ол олардың айырылым жазықтығында жылжуымен байланысты.
Қалындығы 2 см-ден аз жарықшақтарда, толтыратын минералдар әдетте ретсіз орналасқан және жастық өзара қарым-қатынастары қиын анықталады. Кейде ұсақ желішектер сегменттік құрылысты, онысы желі құраушы минералдар бір-бірімен алмасуымен айқындалады. Осылай, мысалы, қалындығы 0,3-0,5 мм кварц-энаргитті желішектер, кварц және энаргитпен кезектесіп толтырылған. Сегменттерді құрайтын минералдардың шекаралары анық және олар желішектер қабырғаларына нормал бойынша орналасқан. Сегменттік желішектер, сірә, ұсақ жарықшақтарды екі немесе одан көп минералдармен толтырғанда қалыптасады, олардың түйірлері бір -бірімен түйіскенше, ерітінділерден бір уақытта кристалданған. Өте жұқа жарықшактарды бойлай дендриттер деп аталатын жалпақ және бұтақтасқан түйірлі минералды агрегаттар түзілген. Сеппелі және таңдақты бітімдер кеуектердің кеңістігін, толық немесе кенқұраушы минералдардың ұсақ қуыстарын толтыруында қалыптасады. Егер қуыстар жақсы қалыптасқан кристалдардың щетке пішініндегі минералды агрегаттармен жартылай толтырылса, онда осындай құрылыс друзалық бітім деп аталады. Доңгелек немесе ұзартылған қуыстарды шетінен орталығына қарай минералдардың қабықтарымен жартылай толтырылса, жеодалық және тасшемендік бітімдер қалыптасады.
Қуыстарда кристалданған балқымалар мен ерітінділерден бөлінген минералды агрегаттарда түйірлік және коррозиялық бітімдер байқалады. Кейде кристалдануында түзілген минералды агрегаттарда, метатүйірлік құрылымдар байқалады, олар ерте минералдардың кристалды түйірлерін қалдықты ерітінділер орынбасуында қалыптасады. Осы топтағы метатүйірлік құрылымдар қосымша маңызды болады.
Қуыстарда коллоидты заттар түзілгенде минералдардың белгілі бөліну ретін анықтауға болмайды. Мұндай кендерден, минералдар сфералық және сауысты пішіндер қалыптастырып, бір уақытта және ретсіз түзіледі. Коллоидты түзілімдер оолиттік, бүйрек тәрізді, тасберіштік, колломорфтық, қабықтық, сауысты-қабықшалық, сталактиттік және сталагмиттік бітімдермен сипатталады, олар біртіндеп болмашы қашықтықта бір-біріне өтеді. Коллоидты минералды агрегаттардың құрылымдарынан гелдік, жасырын кристалдық, концентрлік-белдемдік және перлиттік дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |