Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері



жүктеу 0,71 Mb.
бет30/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75
umkd-1

Метакристалдар деп минералдардың идиоморфты және гипидиоморфты метасоматиттік түйірлері аталады. Минералдардың қысылған ортада метакристалдардың жетілген кристаллографиялық пішіндері, әдетте, қарапайым болады, зор күшпен және кристаллизациялық өсу жылдамдылығымен себептенеді. Кейбір минералдар, мысалы, пирит, кобальтин, арсенопирит, магнетит, молибденит, энаргит, кварц, барит, доломит және басқалары орынбасуда, өзінің кристалды жақталуын қалыптастыруға қабілетті болады. Кейде жетілмеген қаңқалы және қаптама тәрізді пішіндер байқалады, ол қатты ортаға заттың бір қалапты келмеуімен себептенеді, соның нәтижесінде кристалдардың қабырғалары мен төбелері әр түрлі жылдамдықпен өседі. Ерітінділер енуіне ынғайлы болатын жіктілік, немесе уатылу жарықшақтарын бойлай созылған жалпақтанған пішінді метакристалдар кездеседі. Метакристалдардың өсуі, сыйстырушы ортаның өзгермеген учаскесіне қарағанда, жарықшақтарды бойлай тез болғандықтан, олардың пішіндері бұрмаланады. Метакристалдар желішектер мен толтыру желілерді бойлай, сонымен бірге қоршаған минералдардың шекараларында жиі топтасады.

Метатүйірлер деп бұрыс пішінді метасоматиттік түйірлерді атайды. Метатүйірлер халькопирит, сфалерит, борнит, теннантит және басқа минералдарға тән. Бір минералды екіншімен орынбасуында, орны басылған минералдың сыртқы пішіні мен ішкі құрылысы сақталса, мұндай түзілімдерді псевдоморфозалар деп атайды. Орны басылған минералдардың метакристалдары, кемірілу іздері жоқ, кристалдық түзу жақтарымен шектелген. Орны басылған минералда метатүйірлердің шектері тегіс немесе тісті болады.

Метакристалдар және метатүйірлердің белдемдік, секторлык, егіздіктік және елеуіштей құрылысымен айырып алынады. Түйірлердің белдемдік және елеуіштей құрылысы, осы топтың құрылымдарына типоморфты болады. Метакристалдар мен метатүйірлердің елеуіштей құрылысы, өсу кезінде енгізіп алған қоршаған минералдардың кірінділерімен себептенеді. Кейде кірінділер қатты ерітінділердің ыдырау өнімдерін көрсетеді. Мұндай кірінділер түйірлердің ішінде заңсыз немесе азды-көпті біркелкі орналасқан және орны басылған минералдардың, немесе минералдардың орынбасуға келмейтін қалдықтарын көрсетеді. Сирек емес метакристалдарды қоршаған минералдардың кірінділері бірдей оптикалық бағытты болады, немесе жіктілік жарықшақтар мен егіздік табақшалары бірдей орналасқаны байқалады. Кейбір метакристалдарда сыртқы белдемдері мүлде кірінділерсіз болады. Тағы қатты кірінділері жоқ метакристалдар кездеседі. Сирек емес орынбасар минералдар орны басылған минералдардың ішкі құрылысын (белдемдікті, егіздікті, жіктілік жарықшақтарын және егіздік шектерін) мұра етеді.

Қатты ортада өсуінде, кристаллизация орталықтары бір уақытта қалыптаспағандықтың нәтижесінде, мономинералды агрегаттарда метакристалдар және метатүйірлер жиі әркелкі өлшемді болады (миллиметрдың жүзден бір бөлігінен бірнеше сантиметрлерге).

Метасоматиттік агрегаттардың құрылымы, әдетте, әркелкі метатүйірлік.

Метатүйірлік құрылымдар тобында келесі морфологиялық түрлері бөлінеді: идиоморфтыметатүйірліктік, орайлы метатүйірлік, қаңқалы метатүйірлік, аллтриоморфтытүйірлік және гипдиомортыметатүйірлік, радиады-сәулелі метатүйірлік.

Егер түйірлер өлшемдерімен нақты өзгешеленсе, сонда порфирометатүйірлік құрылым бөлінеді. Аталған түрлерінің ішіндегі метасоматиттік кендерде кен тарағаны идиоморфтыметатүйірліктік, аллотриоморфтыметатүйірлік және порфирометатүйірлік.

Коллоидтық құрылымдар

Коллоидтық құрылымдарды өте майда өлшемі 0,002 - ден 0,0002 мм- ге дейін және оданда ұсақ бөлшектерден тұратын коллоидты және шынылы сфералық, сауысты және фестон пішінді агрегаттарда бөледі; мұндай бөлшектердің пішіні үйектелген микроскопта көрінбейді, ол бірнеше мың рет үлкейтетін электронды микроскоппен айқындалады . Рентгенографикалық және эектрондық-микроскопиялық талдаулар арқылы коллоидты агрегаттарда, әдетте, кристалдық дарақтар және кейде тек аморфты бөлшектер – дарақтар анықталады. Белгілі болғандай, кристалды минералдар торда атомдардың симметриялық орналасуымен сипатталады, аморфты минералдар – торда ретсіз орналасқан.

Коллоидтық зат, мысалы, опал, псиломелан, хризоколла және т.б., әртектілігімен сипатталады және қатайған дисперсті фазаны көрсетеді, онда дисперсті орта (су немесе сулы ерітінділер) аморфты немесе кристалды заттардың бөлшектерінің арасындағы қалған кеңістікті толтырады.

Жасырын кристалды және аморфты агрегаттар дисперсті ортаны сініргенде коллоидты затқа өтуі мүмкін, ал коллоидтылар дисперсті ортадан айырылғанда – аморфтыға және жасырын кристалдыға өтеді.

Коллоидты заттың бөліктері – радиалды, концетрлі және торлы, сонымен бірге концентрлік және концентрлік -белдемдік кебу жарықшақтардың құрылыстарымен сипатталады. Жұқа -дисперстік массалардың концентрлік-белдемдік құрылысы, олардын үзіліп түзілгенін сипаттайды. Жеке белдемдердің бір-бірінен айырмашылығы немесе түсі, немесе қаттылығы, немесе қалындығында болады. Кебу жарықшақтары кенді және бейкенді минералдармен толтыруы мүмкін, және олар бос болуы мүмкін.

Коллоидтық құрылымдар келесі морфологиялық түрлерге бөлінеді гелдік және жасырын кристалдық. Кенді агрегаттардың гелдік және жасырын кристалдық құрылымдары микроскоппен анықталмайды, ол тек минералды затты реткенқұрылымдық талдауын өткізгенде анықталады. Егер аморфты және жасырын кристалды заттар агрегата концентлік-белдемдік немесе концентрлік құрылысты болса, онда концентлік-белдемдік құрылым бөлінеді. Кейде аморфты және жасырын кристалды минералдар агрегатта бір - бімен тығыз бірігіп өскен немесе басқа минералда орналасқан микроскопиялық шариктер қалыптастырады. Шариктердің құрылысы біртекті. Мұндай минералдардың бірігіп өскен пішіндері перлиттік немесе шариктік құрылымдырын сипаттайды.

Колоидтық агрегатттардың бітімдері мен құрылымдары бірдей морфологиялық түрлерге иеленбейді. Көптеген зерттеушілер бітімдерді және құрылымдарды сипаттағанда «колломорфтық» терминді қолданады.

Коллоидтық құрылымдар ерекше физико-химиялық жағдайларда коллоидтық және нақты ерітінділерден түзілуінен – температура мен қысымның кенеттен тусуінен немесе кен құрайтын ерітінділердің қарама - қарсы электролиттер мен коллоидты ерітінділермен араласуында қалыптасады. Әдетте, коллоидтық құрылымды кендер әр түрлі дәрежеде кристалданған. Микроскоппен өткен және шағылған жарықта зерттегенде қайта кристалданған кендердің бастапқы құрылысы айқын бөлініп көрінеді.

Кристаллобластық құрылымдар

Кристаллобластық құрылымдар минералдардың бірігіп өскендеріне тән, оларда қатты күйінде кристалдану және кристалдану процесінде қалыптасқан минералды заттардың морфологиялық бөліктері болатын минералды түйірлер – кристаллобластар болады. Минералдардың қайта кристалдануы ортаның физико-химиялық жағдайларының өзгеруіне (температатура, қысым және құрамы) себептенеді. Кристаллобластық құрылымдар толық кристалды болады, және оларда түйірлер микроскоп арқылы немесе көзбен жақсы көрінеді. Осы құрылымдар үш топшаға бөлінеді: өзіндік кристаллобластық, метаколлоидтық және қатты ерітінділердің ыдырауы.




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау