Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері


Коррозиялық бітімдерді кіргізетін топ



жүктеу 0,71 Mb.
бет26/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75
umkd-1

5.Коррозиялық бітімдерді кіргізетін топ

Коррозиялық бітімдер жаралу уақыты әр түрлі екі минералды агрегаттардың бірігіп өсуімен сипатталады, олардың ішінен ертеректігісі жіктілік, уатылу, егіздік, тақтатастық, қабаттастық жарықшақтары, түйірлер мен агрегаттардың шекаралары (мысалы, пирит гѐтит және гидрогѐтитпен орны басылады, халькопирит — туынды сульфидтармен — борнит, халькозин және ковеллинмен; галенит — англезит және церусситпен; мәрмәрланған әктас магнетитпен және т.б.) бойынша коррозия құбылысы бар кешірегімен орны басылады. Жаңа жаралған минералдардың құрамына кейде мұра етілген химиялық элементтер бөлшегі кіреді және сырттан енген бөлшектері. Орны басылатын немесе орынбасар агрегаттардың шекарасы әдетте тісті болады. Орын басатын минералды агрегатқа дөнес нашар шығып тұратын шекара тән, орны басылатын – терең енген шығынақ түрінде. Агрегаттар пішіні әр түрлі, ал өлшемі жиі 2 мм төмен. Коррозиялық бітімдер, ереже бойынша, микроскоппен зерттеледі.

Коррозиялық орынбасу процесте агрегаттар әр түрлі пішінді болады: қаңқалы, жұрнақтар —қалдықтар, реакциялық жиектер мен иірелен әлпетімен. Қаңқалы пішіндер ертерек қалыптасқан агрегат минералдарының идиоморфты түйірлері желініп кеткеннен пайда болды. Бастапқы минералдардың белдемді кристалдарын таңдаулы орынбасуды (мысалы, магнетитті мартитпен) туынды минерал белдемді түрінде орналасады; бұл жағдайда шекарасы тегіс немесе тісті болады. Кейде ертеректі агрегаттардың шеттерінде кешірек минералдардың реакциялық жиектері дамыйды. Жиек құрылысында бір немесе бірнеше минералдар қатысуы мүмкін. Кейбір жиектерде минералдар бір уақытта, ал басқаларында – біртіндеп түзіледі, және ертерегі кешірегімен кеміріледі.

Егер ертерек агрегаттардың катаклаздық жарықшалар, жіктілік, түйірлердің шекарасы бойынша орны басылса, сонда орынбасудың алдынғы кезендерде кешірек агрегат оларда жіп тәрізді желішектер, тор және шарбақ қалыптастырады. Орынбасуда жиі ертерек агрегатта кешірек агрегаттың әр түрлі пішінді бөліктер пайда болады, олар домалақтан ең таң қаларлыққа дейін, мысалы, эмульсиялық, графикалық және шала графикалық.. Орынбасу процесінің ортанғы және соңғы кезенінде ертерек агрегаттың қалдықтары соңғының массасында пайда болады.

Бұл топта бітімдердін морфологиялық түрлері: қаңқалық, белдемдік, жиектік, жіп тәрізді, ілгектік, шарбақтық, графикалық, субграфикалық, эмулсия тәрізді және кемірулік.

Коррозиялық бітімдер минералды ассоциацияларының біртіндеп түзілуін анықтау үшін маңызы зор болады. Олар эндогендік және экзогендік орынбасуында пайда болады, бірақ әсіресе жапсар-метасоматиттік кенорындарда тотығу белдемде, қайта сульфидттену белдемде.



а. Қаңқалық микробітім минералды агрегаттардың ішкі бөлігін немесе бастапқы идиоморфты кристалдарды туынды минералдармен, немесе кешірек кезендегі минерализация минералдарымен орны басылғанда пайда болады; сонымен орны басылатын кристалдардан және минералдарды агрегаттардан жіңішке жиек және кристалдардың қаңқасы қалады. Арсенопиритті – скородит, пиритті – гѐтит және гидрогематит орнын басса, бірінші генерациясының пириттің екінші генерациясының галениті, сфалериті және т.б. орнын басқанда нақты қаңқалы бітімдерді байқауға болады.

б. Белдемдік мұра етілген микробітім орны басылатын кристалдың немесе минералды агрегаттың ішкі бөлек белдемдерін кешірек минералмен таңдамалы орынбасуында қалыптасады, мысалы, анартастын орнын магнетит басқанда, магнетитті гематит, пиритті лимонит және т.б.

в. Жиектік немесе реакциялық-жиектік бітім ертерек агрегаттар түзілімдерінің шеттерінде кешірек минералды агрегаттың жіңішке жиектер дамуымен сипатталады. Көлденеңдікте жиектердің өлшемі миллиметрдін бір бөлшегімен өлшенеді. Әдетте, жиектер ұсақ түйірлік, аморфты жасырын кристалды құрылысқа ие болады. Алғашқы және туынды минералды агрегаттардың аралық шекаралары – коррозиялық. Осындай бітімдердің мысалы, гипергенді халькозин, ковеллин және борниттің жиектері халькопиритті айнала қоршайды, немесе англезит және ковеллин жиектері галенит учаскелерінің айнала қоршайды. Жиектік бітім коррозиялық орынбасуға типті болады

г. Жіп тәрізді микробітім ертерек агрегатты шаш тәрізді бір-бірімен байланысты жүйелі жарықшақтар бойынша орын басқан кешірек агрегаттың шаш тәрізді желішектерімен сипатталады. Әдетте, ертерек минералда жақсы бейнеленген жіктілігі жоқ. Жіп тәрізді желішектер тотығу және керіштену белдемдерінің ковеллин, халькозин, аргентит, гѐтит, марказит және басқа минералдарымен құрастырылған, сонымен қатар кешірек минералдану сатысындағы гипогенді минералдармен құрастырылуы мүмкін. Жіп тәрізді бітімдер ілмекті және шарбақтыға өтеді және әдетте орын басу процесінің басында пайда болады.

д. Ілгектік және торлы микробітім орны басылатын агрегатта орынбасар агрегаттың жұқа микрожелішектерінің торларымен сипатталады. Желішектер тор түрінде күрделі өрнек құрастырады . Желішектер мен бастапқы минералды агрегаттардың шекарасы тісті. Осындай бітім жиі керіштену және тотығу белдемде байқалады, мысалы, гипергендік борнит, халькозин, ковеллин және гидрогематит халькопириттің орның басса. Ілгектік бітім орынбасу процесінің қарқынды дамуының куәлігі.

е. Шарбақтық микробітім туынды минералдардың микрожелішектерінің бастапқы минералдардың кристаллографиялық бағытын (жіктілік жарықшақтар, егіздік шегін) бойлай орналасуында пайда болады. Жеке желішектердің қиылысу кезінде шарбақты бітім құрастырылады. Қиылысу түіндерінде, әдетте, желішектер iсiп шығады. Минералды агрегаттардың шекарасы тісті болады. Шарбақты бітім галенитті церуссит, магнетитті гематит орнын басқанда байқалады.

ж. Графикалық бітім жаралуы екі әр түрлі минералды агрегаттардың бірігіп өсуімен көрсетіледі, олардың ішіндегі орынбасар агрегат орны басылатында иірелен бөліктер (құрт тәрізді) құрастырады. Агрегаттардың шекаралары тісті болады Мұндай бітім коррозиялық орын басупроцесіне типті болады.

з. Субграфикалық микробітім бірігіп өскендерді сипаттайды, типті графикалық және желішек тәрізді бітімдерді еске түсіреді, оларда жаратылуы кешірек минералды агрегат азырақ мөлшерде дамыған.

и. Эмульсия тәрізді микробітім бір минералды агрегатты басқасы орынбасу процесте құрастырылады , сонымен бірге кешірек минералды агрегат тісті шекарасы бар, бұрыс және домалақ пішінд і ұсақ бөлімдер түрінде дамиды . Мұндай бітім жиі сфалерит және халькопирит біріккенде байқалады, олар минералданудың әр түрлі сатыларында түзілген.

к. Кемірулік бітім ертерек және кешірекминералды агрегаттардың шекарасы тісті болуымен сипатталады. Бұл бірігіп өскен типте минералды агрегаттың пішіні есепке алынбайды.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау