Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: Рудалық кенорындардың жаралуы жағдайын, әртүрлі өнеркәсіптік типтерін және болжамдық зерттеулерде атқаратын басты ролі, рудалық микроскоп бойынша негізгі теориялық және қолданбалы мәселелерін қарастыру. Рудалық кенорындардың минералдық құрамын зерттеу бойынша алған білімдерін руданы байытумен байланысты генетикалық мәселелерді шешуде қолдана алып, құзыретті болу керек.
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер: Білім алушылар бұл оқу курсын меңгеруі барысында жəне өздігінен жұмысы кезінде оқытушы ұсынған оқу əдебиетімен тұрақты түрде жұмыс істеуі тиіс, мұның өзі оларға пəн ауқымында қарастырылатын мəліметтермен жете танысуын қамтамасыз ететін болады. Курсты оқытудың ең негізгі міндеттерінің бірі білім алушыларды пайдалы қазбаларды зертханалық зерттеудің әдістері табиғи жағдайларда кездесетін элементтердің жəне олардың қосылыстарының таралу заңдылығын зерттеуге негізделеді. Курсты меңгеруі барысында білім алушы тау жыныстары мен кеннің заттық құрылымын зерттеудің жаңа физикалық əдістерінің дамуы туралы түсінікке ие болып, лабораториялық əдістердің осы заманғы кешенін біліп шығады.
КІРІСПЕ
Казақстанның минералды шикізат базасын кеңейту жəне дамыту сұрақтарын шешу зертханалық жұмыстардың сапасы мен тиімділігіне байланысы. Пайдалы қазбаларды зерделеудің зертханалық әдістері пəнінің зерттеу мақсаты: минералды түрлер мен минералдарды зерттеу (диагностика), минералдардың химиялық құрамын анықтау, сонымен қатар өте аз мөлшерде болатын қоспа элементтерді де, минералдардың кристаллдық құрылымын айқындау, шикізаттың физикалық қассиеттерін зерттеу.
Пәннің мақсаты студенттерге кендердің заттық құрамын зерттеу, толық кешенді минералдар мен олардың түрлерін анықтау және сипаттау, минералдар орналасуын және сандық қатынасын зерттеу жайлы білім беру.
Негізгі міндеттері геологиялық барлау жұмыс тәжірибесінде әр түрлі лабораториялық зерттеулер: химиялық, физикалық-химиялық, ядролық-физикалық, спектрлік және рентгенспектрлік анализдер, минералдық, петрографиялық, литологиялық-палеофитологиялық және палеофаунистикалық зерттеулер, басқа да пайдалы қазбалардың технологиялық құрамын зерттеу және байыту әдістерін қарастыру.
Осы пәнді оқыту нәтижесінде түсінік алуы керек:
– лабораториялық зерттеулер әдістерін;
– минералдар мен олардың турлерін зертханалық зерттеу;
білуі керек:
– геологиялық зеттеулерде қолданылатын әдіс түрлерін;
– зерттеуге қолднылатын құрал-жабдықтар;
істей алуы керек:
– минералдар түрлерін ажырата білу;
– минералды шикізаттарды анализдеу;
практикалық машықтануы керек:
– пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістерін қолдана білу.
Достарыңызбен бөлісу: |