Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері


Дәріс 2. Бір николде рудалық минералдардың оптикалық қасиеттері



жүктеу 0,71 Mb.
бет10/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75
umkd-1

Дәріс 2. Бір николде рудалық минералдардың оптикалық қасиеттері
Шағылу – минералдың жылтыратылған бетіне түскен жарықтың белгілі бір бөлігінің шағылу қасиеті. Минералдардың шағылуы қарапайым сөзбен айтқанда «айқын жарық» негізгі қасиет болып саналады. Ол шағылған жарық үшін стандарттарға негізделген микроскоптар көмегімен дәл өлшенеді. Шағылу процентпен сипатталады. Көзіміз шағылудың шамасын тура өлшей алмағанмен, бақылаушыға тастілімдегі минералдарды осы шамалардың өсу реті бойынша көз мөлшерімен орналастыру оңайырақ. Егер жай ғана бір -екі шағылу қасиетін оңай анықталатын минерал болса (мысалы, магнетит R %~ 20, пирит R %~ 55, галенит R %~ 43), онда аз ғана тәжірибеміз болсада, белгісіз минералдың шағылуын салыстыру жолымен «минералдар-эталондарымен» бағалауға болады.

Рудалық минералдар жарықты күшті шағылыстырады және жалтыратылған тастілімде ашық, айқын көрініс береді.

Желілік минералдар жарықты әлсіз шағылдырады және сондықтан сұр, қара-сұр сияқты болып көрінеді.

Жалтыратылған тастілімде рудалық минералдардың ашықтығы бірдей емес. Сомтума металдар, арсенидтер, антимонидтер, теллуридтер неғұрлым айқын, жалтырап көрінеді ( R ≥60 %); неғұрлым айқындығы аз, бірақ өте ашық түсті сульфидтер – R = 30—60%; ашық-сұр және сұр – оксидтер R= 10—30%; қара-сұр – бейрудалық минералдар (силикаттар, тотықтар, карбонаттар, сульфаттар), олардың шағылуы өте төмен (кварцта R = 4 %).

Ауада минералдың шағылуы аз ғана ұлғаюда және аз ғана айырмашылық бақылайды, ауада әлсіз байқалатындар майлы иммерсияда жиі күшейтіледі. Сапалы бағалау үшін әлсіз үлкейтілген иммерсиялық объективтер ұсынылады.

Шағылуды бағалаудағы қателер көптеген себептерге негізделеді.

Маңыздыларына төмендегілер жатады:

Минералдың нашар (өңделіп) жалтыратылуы. Жарықтардың, сызылудың, соғылудың және кеуектіліктің өңделген минерал бетінде көптеп кездесуі шағылу қасиетін төмендетеді (мысалы марганец, темір гидроксидтері т.б.).

Сондықтан тастілімде жарық және сызаттар жоқ түйірлерді таңдап, көру аясында байқап, эталондармен салыстырады.

Минералдың түсіде біраз қиындықтарды туындатады, өйткені бақылаушыға ол көз белгілі бір толқын ұзындығы арасында интервалмен таңдайды, шағылуы бойынша ажыратады. Бұл қиындықты жеңілдету үшін тастілімге толқын ұзындығы аз интервалмен түсетіндей жарықты шектеу үшін жарық фильтрін енгізеді. Мысалы халькопирит үшін – сары, ковеллин үшін – көк және т.б. Минералда R жоғары болады жарықфильтрінде бояу минерал бояуына жақын не керісінше болады.

Анизотроптық минералдардың шағылуы түйірлердің бағдарлануымен өзгереді, сондықтан шағылу (R) шамасы неғұрлым ашық және айқын түйірлерде бағалау қажет.

Кейбір минералдар үшін шағылу (R) шамасының өзгеруі олардың химиялық құрамының өзгеруі – химиялық элементтердің изоморфтық қоспаларымен сипатталады ( мысалы сфалерит үшін).

Қосшағылу минералға тән қасиеттердің бірі ол ∆R символымен белгіленеді. Диагностикалық мәні жоғары. Кубтық минералдардың түйірлері кез келген бағдарлануда өзінің шағылу қасиетін және түсін микроскоп үстелшесін айналдырғанда өзгертпейді.

Басқа сингонияның көпшілік минералдары шағылу және түсінің өзгеруін, олардың қимасы белгілі бағдарлануда айналдырғанда байқалады.

Минерал қасиетіне ие шағылудың өзгеруі қосшағылу, ал түс (немесе реңі) өзгерту қасиеті – шағылу плеохроизмі деп аталады. Бірақ гексагонды және тетрагонды кристалдардың изометриялы (базальды) қимасында бұл қасиеттердің ешқайсысы байқалмайды және кубтық минералдар сияқты болады.

Шағылудың максимальды және минимальды мәндерінің аралығында қосшағылу өлшемі процентпен (∆R Rg—Rр) көрсетіледі. Мысалы, абсолюттік мәндері ∆R молибденит 44-15 = 29%; антимонит 44-30 = 14%; графит 23-4=19%; ковеллин 20 -5=15%, кальцит 6-2 = 4 % және т. б.

Қосшағылудың қабілетіне қарай үш деңгейге бөлінеді: күшті, әлсіз және өте әлсіз.

Графит, молибденит, ковеллин, пиролюзит, марказит, антимонит, халькофанит, валлериит минералдары күшті қосшағылу қасиетіне ие. Ильменит, пирротин, никелин, кубанит, висмутин, бертьерит минералдары біршама аз қосшағылу қасиетіне ие.

Күшті қосшағылу бір минералдың монотүйірінде ауада үлкеюі аз (4,7; 9) объективтерімен және әр түрлі айқындық, сирек түсті әсер тән.

Мысалы, молибденитте қосшағылу әсері минерал түйірлерінің микроскоп үстелшесін айналдырғанда ақтан, ашық-сұрдан қою сұрға дейін өзгеруі, ковеллинде қосшағылу түсті эффект – оның түсі ашық-көгілдір-сұрдан, қою көк, нәзік күлгін түске дейін.




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау