2– Лекция. Бір николде рудалық минералдардың оптикалық қасиеттері.
Шағылу – минералдың жылтыратылған бетіне түскен жарықтың белгілі бір бӛлігінің шағылу қасиеті. Минералдардың шағылуы қарапайым сӛзбен айтқанда «айқын жарық» негізгі қасиет болып саналады. Ол шағылған жарық үшін стандарттарға негізделген микроскоптар кӛмегімен дәл ӛлшенеді. Шағылу процентпен сипатталады. Кӛзіміз шағылудың шамасын тура ӛлшей алмағанмен, бақылаушыға тастілімдегі минералдарды осы шамалардың ӛсу реті бойынша кӛз мӛлшерімен орналастыру оңайырақ. Егер жай ғана бір -екі шағылу қасиетін оңай анықталатын минерал болса (мысалы, магнетит R %~ 20, пирит R %~ 55, галенит R %~ 43), онда аз ғана тәжірибеміз болсада, белгісіз минералдың шағылуын салыстыру жолымен «минералдар-эталондарымен» бағалауға болады.
Рудалық минералдар жарықты күшті шағылыстырады және жалтыратылған тастілімде ашық, айқын кӛрініс береді.
Желілік минералдар жарықты әлсіз шағылдырады және сондықтан сұр, қара-сұр сияқты болып кӛрінеді.
Жалтыратылған тастілімде рудалық минералдардың ашықтығы бірдей емес. Сомтума металдар, арсенидтер, антимонидтер, теллуридтер неғұрлым айқын, жалтырап кӛрінеді ( R ≥60 %); неғұрлым айқындығы аз, бірақ ӛте ашық түсті сульфидтер – R = 30—60%; ашық-сұр және сұр – оксидтер R= 10—30%; қара-сұр – бейрудалық минералдар (силикаттар, тотықтар, карбонаттар, сульфаттар), олардың шағылуы ӛте тӛмен (кварцта R = 4 %).
Ауада минералдың шағылуы аз ғана ұлғаюда және аз ғана айырмашылық бақылайды, ауада әлсіз байқалатындар майлы иммерсияда жиі күшейтіледі. Сапалы бағалау үшін әлсіз үлкейтілген иммерсиялық объективтер ұсынылады.
Шағылуды бағалаудағы қателер кӛптеген себептерге негізделеді.
Маңыздыларына тӛмендегілер жатады:
Минералдың нашар (ӛңделіп) жалтыратылуы. Жарықтардың, сызылудың, соғылудың және кеуектіліктің ӛңделген минерал бетінде кӛптеп кездесуі шағылу қасиетін тӛмендетеді (мысалы марганец, темір гидроксидтері
16
т.б.). Сондықтан тастілімде жарық және сызаттар жоқ түйірлерді таңдап, кӛру аясында байқап, эталондармен салыстырады.
Минералдың түсіде біраз қиындықтарды туындатады, ӛйткені бақылаушыға ол кӛз белгілі бір толқын ұзындығы арасында интервалмен таңдайды, шағылуы бойынша ажыратады. Бұл қиындықты жеңілдету үшін тастілімге толқын ұзындығы аз интервалмен түсетіндей жарықты шектеу үшін жарық фильтрін енгізеді. Мысалы халькопирит үшін – сары, ковеллин үшін – кӛк және т.б. Минералда R жоғары болады жарықфильтрінде бояу минерал бояуына жақын не керісінше болады.
Анизотроптық минералдардың шағылуы түйірлердің бағдарлануымен ӛзгереді, сондықтан шағылу (R) шамасы неғұрлым ашық және айқын түйірлерде бағалау қажет.
Кейбір минералдар үшін шағылу (R) шамасының ӛзгеруі олардың химиялық құрамының ӛзгеруі – химиялық элементтердің изоморфтық қоспаларымен сипатталады ( мысалы сфалерит үшін).
Қосшағылу минералға тән қасиеттердің бірі ол ∆R символымен белгіленеді. Диагностикалық мәні жоғары. Кубтық минералдардың түйірлері кез келген бағдарлануда ӛзінің шағылу қасиетін және түсін микроскоп үстелшесін айналдырғанда ӛзгертпейді.
Басқа сингонияның кӛпшілік минералдары шағылу және түсінің ӛзгеруін, олардың қимасы белгілі бағдарлануда айналдырғанда байқалады.
Минерал қасиетіне ие шағылудың ӛзгеруі қосшағылу, ал түс (немесе реңі) ӛзгерту қасиеті – шағылу плеохроизмі деп аталады. Бірақ гексагонды және тетрагонды кристалдардың изометриялы (базальды) қимасында бұл қасиеттердің ешқайсысы байқалмайды және кубтық минералдар сияқты болады.
Шағылудың максимальды және минимальды мәндерінің аралығында қосшағылу ӛлшемі процентпен (∆R Rg—Rр) кӛрсетіледі. Мысалы, абсолюттік мәндері ∆R молибденит 44—15 = 29%; антимонит 44—30 =
14%; графит 23—4=19%; ковеллин 20 —5=15%, кальцит 6—2 = 4 %
және т. б.
Қосшағылудың қабілетіне қарай үш деңгейге бӛлінеді: күшті, әлсіз және ӛте әлсіз.
Графит, молибденит, ковеллин, пиролюзит, марказит, антимонит, халькофанит, валлериит минералдары күшті қосшағылу қасиетіне ие. Ильменит, пирротин, никелин, кубанит, висмутин, бертьерит минералдары біршама аз қосшағылу қасиетіне ие.
Күшті қосшағылу бір минералдың монотүйірінде ауада үлкеюі аз (4,7; 9) объективтерімен және әр түрлі айқындық, сирек түсті әсер тән.
Мысалы, молибденитте қосшағылу әсері минерал түйірлерінің микроскоп үстелшесін айналдырғанда ақтан, ашық-сұрдан қою сұрға дейін ӛзгеруі, ковеллинде қосшағылу түсті эффект – оның түсі ашық-кӛгілдір-сұрдан, қою кӛк, нәзік күлгін түске дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |