1.9 Курстың саясаты және процедурасы.
Курстын саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беруін, сабаққа қатыспаған күндерін ескеру мен қайта тапсыру тәртібін талап етуінен тұрады. Зертханалық жұмыстарды тапсыру барысында оқылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Ӛткен материалды анықтауда әртүрлі генетикалық типті кенорнындағы руданың заттық құрамын зерттеу үлкен роль атқарады.
БЕЛСЕНДІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Академиялық сағат саны
|
|
|
|
Тақырып атауы
|
|
|
Лекция
|
Лабор
|
СОӚЖ
|
СӚЖ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жұм.
|
|
|
1.
|
Шағылған
|
жарықта руданы
|
зерттеудің
|
1
|
2
|
3
|
3
|
микроскопиялық әдісі .
|
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
Бір
|
николде
|
рудалық
|
минералдардың
|
1
|
2
|
3
|
3
|
оптикалық қасиеттері.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
Айқас николде рудалық минералдардың
|
1
|
2
|
3
|
3
|
оптикалық қасиеттері.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
Рудалық
|
минералдардың
|
физикалық
|
1
|
2
|
3
|
3
|
қасиеттері және оларды зерттеу әдістері.
|
|
|
|
|
5.
|
Микроскоппен
|
рудалық минералдарды
|
1
|
2
|
3
|
3
|
анықтау тізбегі.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
Рудалардың
|
бітімдері.
|
Бітімдердің
|
1
|
2
|
3
|
3
|
морфогенетикалық
|
топтары
|
және
|
|
|
|
|
морфологиялық түрлері.
|
|
|
|
|
|
|
|
7.
|
|
Рудалардың
|
|
құрылымдары.
|
1
|
2
|
3
|
3
|
Құрылымдардың
|
|
морфогенетикалық
|
|
|
|
|
топтары және морфологиялық түрлері.
|
|
|
|
|
8.
|
Бастапқы
|
бітім
|
мен
|
құрылымдардың
|
1
|
2
|
3
|
3
|
генетикалық топтары.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9.
|
Туынды
|
бітім
|
мен
|
құрылымдардың
|
1
|
2
|
3
|
3
|
генетикалық топтары.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10.
|
Минералдардың
|
парагенетикалық
|
1
|
2
|
3
|
3
|
ассоциациясы. Минералдану этаптары және
|
|
|
|
|
стадиялары. Минералжаралудың тізбектелу
|
|
|
|
|
схемасы.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11.
|
|
Рудаларда
|
|
минералдардың
|
1
|
2
|
3
|
3
|
парагенетикалық қатынасы.
|
|
|
|
|
|
|
12.
|
Минералдардың
|
типоморфизмі
|
және
|
1
|
2
|
3
|
3
|
генерациялары.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13. Заттарды зерттеудің аналитикалық
|
1
|
2
|
3
|
3
|
әдістері және оларды қолдану.
|
|
|
|
|
|
|
14.
|
Минералогиялық
|
зерттеулердің
|
қазіргі
|
1
|
2
|
3
|
3
|
заманғы әдістері (электронды микроскопия).
|
|
|
|
|
15.
|
Минералогиялық
|
зерттеулердің
|
қазіргі
|
1
|
2
|
3
|
3
|
заманғы
|
әдістері
|
(рентгенқұрылымдық
|
|
|
|
|
талдау және электронды-зондты мик-
|
|
|
|
|
роталдау).
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
15
|
30
|
45
|
45
|
2.2 Лекция сабақтарының конспектілері
1-Лекция. Шағылған жарықта руданы зерттеудің микроскопиялық әдісі.
Минералдық шикізат, пайдалы компонент, руда, пайдалы қазбалардың кенорны, минераграфия түсініктемелеріне анықтама.
Минералды шикізат (пайдалы қазба) – ӛңделмеген немесе ӛңделген күйінде адамның қажеттілігіне қолданылатын табиғи немесе техногендік минералдық жаралым. Мысалға: шикізат түрінде біз жерасты суын қолданамыз немесе саздақты құрылыста қолданамыз. Минералдық шикізаттар әртүрлі белгілері бойынша бӛлінеді: металдық және бейметалдық; қатты, сұйық және газ тәрізді; таужыныстар, минералдар және элементтер; стратегиялық және басқа. Минералдық шикізаттың 160-тан 400-ге дейінгі түрлерін бӛлуге болады. Жерқойнауындағы минералдық шикізаттың мӛлшерін қор деп атайды.
Пайдалы компонент – таужыныс, минералдар, химиялық қоспа немесе элемент, бұның бәрі ӛнімдік зат болып табылады және ӛндірісте қолданылады.
Руда – құрамында бағалы компоненттері жеткілікті, ӛнеркәсіпте бӛлініп алынатын минералды агрегат. Руда моно- және поликомпонентті болуы мүмкін. Оның құрамында технологиялық зиянды заттар немесе экономикалық пайдалы заттар болуы мүмкін, сол сияқты улы заттар болуы немесе экологиялық таза болуы мүмкін.
Ӛнеркәсіптік концентрат (ӛндірістік ӛнім) – руданы ӛңдеу мен байыту
ӛнімі.
Тастандылар – руданы байыту және қайта ӛңдеуден қалған қалдық. Пайдалы қазба кенорындары – минералдық шикізаттың табиғи немес
техногендік жиналуы, ол сапасы, мӛлшері, тау-кен техникалық, география-экономикалық және геоэкологиялық параметрлері бойынша ұтымды пайдалануға жарамды.
Рудалы кенорындар қара, жеңіл, түсті, сирек, радиоактивті және бағалы металл кенорындарына, сол сияқты шашыранды және сирек топырақтық элементтерге бӛлінеді.
Бейрудалы кенорындарға химиялық, агрономиялық, металлургиялық, техникалық және құрылыстық минералдық шикізаттар жатады.
Жанғыш пайдалы қазба кенорындары мұнай, жанғыш газ, кӛмір, жанғыш тақтатас және шымтезекке бӛлінеді.
Гидроминералды кенорындарына жерасты ауызсуы, техникалық, бальнеологиялық немесе минералдық және құрамындағы бағалы элементтерді (бром, йод, бор, радий және т.б.) бӛліп алуға жеткілікті мұнайлы кенорындары жатады.
Металдарды микроскопиялық әдіспен зерттеуді 1831 жылы Златоуст қаласында тау-кен инженері П.П. Аносов қолданған, ол микроскоптың кӛмегімен «болаттың» құрылысының құпиясын анықтап, жоғары сапалы қылыш жасауды түзеткен.
13
1868 жылы Обухов зауытында Д.К. Чернов болаттың сындарлы нүктеге айналуын ашты, металлография ғылымының негізін қалады, кейінірек осыдан минераграфия дамыды.
Екі жүз жыл бұрын геолог Е.Д. Стратанович Е.С. Федоровтың айтуымен Турьин кенішінде беті тегістеліп лакпен жабылған руда үлгісін макраскопиялық әдіспен зерттеудің әдісін шығарған.
Бірінші рет бұрынғы ҚСРО да минераграфиялық әдісті қолдануды профессор К.И. Висконт ұсынған «Рудном вестнике», 1918 жылы «О методе металлографического анализа непрозрачных рудных минералов» деген мақаласы шыққан. 1922-1924 жылдар аралығында Ленинград тау-кен институты мен Москва тау-кен академиясының студенттерін минераграфиямен таныстыра бастады. 1929 жылы профессор Н.А. Шадлун және басқалары Орал политехникалық институтында минераграфиядан сабақ жүргізе бастады.
1930 жылы минераграфиядан Ф.А. Абрамовтың «Микроскопическое исследование руд в отраженном свете» деген қысқаша әдістемелік ұсынысы шықты.
1933 жылы А.Г. Бетехтин және Л.В. Радугиннің «Определение рудных минералов под микроскопом» деген кітабы басылып шықты.
1934 жылы С.А. Юшконың «Методы изучения руд в отраженном свете» деген кітабы жарық кӛрді. Ол қысқаша әдістемелік бӛлімнен, кестелер, руда құрылымдарының сипаттамасынан және санды минералогиялық талдаудан тұрады. Ал 1949 жылы осы жұмыс екінші рет толықтырылып және ӛңделіп басылып шықты.
1934 және 1937 жылдары баспадан А.Г. Бетехтиннің «О текстурах и структурах руд» атты еңбегі шықты, онда рудалардың бітімі мен құрылымының қалыптасуы қарастырылған. Ал 1958 жылы А.Г. Бетехтиннің редакциясымен «Текстуры и структуры руд» оқулығы шықты.
1937 жылы И.С. Волынский рудалық минералды минераграфиялық зерттеудің анықтамасын ұсынды.
1941 жылы А.А. Глаголевтің «Геометрические методы количественного анализа агрегатов под микроскопом» деген оқулығы шықты.
1947-1949 жылы И.С. Волынскийдің үш томдық «Определитель рудных минералов под микроскопом» атты жұмысы жарияланды.
АҚШ-та рудалық микроскопты қолдануды бірінші болып У.Кемпбелл и К.У. Найт, У.Л. Уайтхед, Ф.Н. Гилд, И.С. Бастин, У.М. Дэви, К.М. Фарнхем и Дж. Мердоч бастады. Ерекше аталып ӛтілетін американдық ғалымдар И.С. Сэмпсон, М.Н. Шорт, Л.К. Грейтон, И.И. Фэрбенкс, Х.И. Мак-Кинстри, Дж.У. Вандервильт және тағы басқа елдің ғалымдары Л. Капдеком, И. Томсон, Р. Галопин, Дж.А. Дэнн, А.Ф. Халлимонд және т.б. Оптиканың теориясын негізінен П.Друде, Ж.Орсел, Ф.И. Райт және М. Берек атты ғалымдар дамытты.
1964 жылы М.П. Исаенконың «Определитель текстур и структур руд» атты кітабы шықты. Кейінірек (1984 және 1986 жылдар) С.А. Юшконың «Методы лабораторного исследования руд» атты және М.П. Исаенко және
басқалардың «Определитель главнейших минералов руд в отраженном свете» кітаптары шықты
Минераграфия – бұл әдіс шағылған жарықта жалтыратылған үлгітаста рудалық немесе жалпы мӛлдір емес минералды микроскопиялық зерттеу. Бұл әдістің кӛмегімен руданың (сапалық және сандық) минералдық құрамын және құрылымдық ерекшелігін анықтауға болады.
Минераграфия минералогиямен және пайдалы қазбалар туралы іліммен тығыз байланысты. Минералогияны білу минераграфия курсын ӛтуге жеңіл болады. Минераграфиялық әдіспен макроскопиялық әдіспен анықтауға келмейтін минералдың ӛте ұсақ түйірлерін анықтауға болады.
Әсіресе рудалы кенорындарды зерттегенде минераграфияның маңызы зор. Минераграфиялық зерттеу руданың заттық құрамын және рудалы дененің бӛліктеріндегі ӛзгерістерді анықтауға кӛмектеседі. Руданың құрылымдық ерекшелігін зерттеу минералжаралудың жағдайын білуге кӛмектеседі. Петрографиялық және геологиялық зерттеулермен қатар кенорынның генетикалық типін анықтауға және геологиялық барлау жұмыстарын тиімді жүргізуге кӛмектеседі.
Руданы механикалық байытуда және оны технологиялық ӛңдеу минераграфияның маңызы зор. Кенбайытушы сандық және сапалық минералогиялық құрамын білуі қажет.
Руданы минералогиялық зерттеу әртүрлі пайдалы қазба кенорнында келесі негізгі тапсырманы шешуге әкеледі:1) руданың минералдық құрамын зерттеу; 2) руданың типке бӛлінуі және парагенетикалық минералдық ассоциация; 3) руда типінің орналасуы; 4) негізгі рудатүзуші минералды анықтау, олардың типоморфтық ерекшелігін және оларға кіретін элементтерді зерттеу; 5) бағалы компоненттердің таралу заңдылығын анықтау; 6) руданың бітімі мен құрылымын зерттеу; 7) минералжаралу процесінің сұлбасын құрастыру және кенорынның қалыптасу жағдайын анықтау; 8) минералогиялық зерттеудің нәтижесі бойынша руданың байытылғыштығын бағалау.
Жоғарыдағы мәселелерді шешу үшін барлау жұмыстарын жүргізген кезде бағалы элементті анықтау үшін немесе руданың заттық құрамын,
технологиялық қасиетін анықтау үшін арнайы сынамалар алынады. Сынамалар келесідей болып бӛлінеді: химиялық, минералогиялық, технологиялық. Химиялық сынамалар руданың химиялық құрамын анықтауға және ондағы пайдалы компоненттердің мӛлшерін білуге қолданылады. Минералогиялық сынамаларға – кесек үлгі, жалтыратылған және мӛлдір тастілімдер жатады. Руданың сандық сипаттамасына минералогиялық сынамалар алынады. Соңғысы түйір ӛлшемдік талдау жасау үшін ұсақталады. Технологиялық сынамалар пайдалы қазбаның технологиялық қасиетін, руданы байыту процесінің сапалық және сандық кӛрсеткішін анықтауға және концентратты қайта ӛңдеуге пайдаланылады.
Басқа әдістер сияқты рудалық микроскопия басқа әдістермен бірге қолданған ӛте тиімді, соның ішінде спектрографиялық, химиялық,
рентгенқұрылымдық және қазіргі әдістер - микрорентгеноспектрлік
микроталдау, электрондық микроскоп және басқалар.
Негізгі әдебиеттер: 1 [5-7 б.], 3 [5-7 б.], 5[11-13 б.], 6[4-10 б.];
қос.7 [31-37 б.]
Бақылау сұрақтары:
Минераграфияның дамуына үлестерін қосқан ғалымдар.
Минераграфияға түсінік
Рудалық микроскоппен шешілетін негізгі мәселелер
Достарыңызбен бөлісу: |