Пайдалы қазбаларды зерттеудің лабораториялық Әдістері


I — таужыныстар мен кендердің диагенез процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар



жүктеу 1,49 Mb.
бет48/83
Дата22.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#34618
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83
dyusembaeva paidaly umk kz 2012

I — таужыныстар мен кендердің диагенез процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар. Диагенез құбылысы ортаның физико-химиялық жағдайларының ӛзгеруімен себептенеді, олар кендердің түзілуінен кейін басталған және мору процестермен және метаморфизммен байланысты емес. Диангенез жағдайларда, ең басты минералды түйірдің және коллоидтық заттың, пішіні және құрылысы ӛзгереді. Біртіндеп температура түскенде ерітінділердің ыдырауы
жүреді, тұрақсыз минералдардың тұрақтылуға (мысалы, титаномагнетиттің қатты ерітіндісі магнетит + ильменитке ӛтеді) ӛтуімен байланысты және минералдардың бір модификациядан екіншіге ӛтуінде, параморфты айналуы жүреді (мысалы, 103 С температурада, жоғарғы температуралы гексагондық халькозин, тӛмен температуралы ромбылық халькозинге ӛтеді).

65

Минералдардың қайта кристалдануы, заттың кристалдық модификациясының басқаға айналуында және инверсиясында ӛтеді. Минералдардың инверсиясында кристалдар мен метакристалдардың пішіні және ішкі құрылысы ӛзгереді. Оларда айналу егіздіктері және жарықшақтық дамиды.
Химиялық құрамы (су мен газдарды жоғалту) ӛзгеру, сонымен бірге температараның баяу түсуі, гелдердің және жасырын кристалды агрегаттардың қайта кристалдануына келтіреді. Коллоидтардың ескіруінде , оларда жинақты қайта кристалдану ӛтеді. Гелді массалар кепкенде, кӛлемі азайғандығымен байланысты, жарылып кетеді. Диагенезде минералды агрегаттардың пішіндері елеулі ӛзгермейді, бірақ олардың құрылысы ӛзгереді, ол минералды агрегаттарда кристаллобластық және катакластық құрылымдар қалыптасуымен байланысты. Диагенезде туынды бітімдердің ішінен метаколлоидтық қалыптасады. Жоғары және орта температура жағдайларда түзілген магмалық және магмалықтан кейінгі генезисті кендерге, қатты ерітінділердің ыдырауы және ӛзіндік кристаллобластық құрылымдары тән. Метаколлоидтық бітімдер мен құрылымдар, және ӛзіндік кристаллобластық және катакластық құрылымдар мору және шӛгінді кенорындарда кең дамиды, және сирек гидротермалық кенорындарда кездеседі.


  1. метаморфизм процесте қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар. Осы топта метаморфизмде бағытты қысым және жоғарғы

температыралардың әрекетінен, кендердің ӛзгеру процесінде, қалыптасқан мұндай туынды бітімдер және құрылымдар осы топқа біріктіріледі. Метаморфталған кендерде бітімдер мен құрылымдардың қалыптасуының басты себебін белгілейтін қарқынды бағытты қысым болады. Метаморфизм себепкерлерінің әрекетінен кендер бӛлшектенеді, жапырылады және қайта кристалданады. Сонымен бірге минералды агрегаттың, минералды түйірдің және коллоидты заттың пішіні және құрылысы кенеттен ӛзгереді. Мұндай кендегі ӛзгерістер кенорындардың бӛлімдерінде байқалады, онда тақтатастық және жаншылу, сырғыма, лықсыма және қаусырма белдемдері дамыған. Термалық метаморфизм кендерде жиі кендерден кейінгі дайкалар және интрузиялардың, сонымен бірге ыстық ерітінділердің әсер етуімен, минералданудың кеш сатыларында себептенеді. Кеннің тұрпайы қайта кристалдануы аймақтық метаморфизмде ӛтеді.


Ерте немесе бастапқы динамометаморфизм сатыларында мортты және қатты минералдар жарықшақты болып қалады, әр түрлі пішінді және ӛлшемді сынықтарға уатылады, ал жұмсақ және иілмелі минералдар жаншылуға ұшырайды, ол түйірлердің пішіндерінің ӛзгеруі, жіктілік жарықшақтары және дербестемелер мен егіздік шектері, бағытты орналасуында кӛрінеді. Табақша жұмсақ минералдар ұсақтау бӛлшектерге тарамдалады. Мортты деформациялар пирит, гипс,

66


колумбит, киноварь, арсенопирит, тетраэдрит, теннантит, энаргит, джемсонит, бравоит, касситерит, станнин, пентландит, ильменит, гематит, хромит, кобальтин, глаукодот, шеелит, ульманит және т.б. минералдардың агрегаттарында айқындалады. Иілмелі деформациялар келесі кенқұраушы минералдарда байқалады, сомтума металдар (алтын, күміс, мыс, платина, висмут, сурьма және т.б.), галенитте, аргентитте, молибденитте, халькозинде, борнитте, халькопиритте, сфалеритте, висмутинде, пирротинде, саффлоритте, антимонитте, никелинде, миллеритте, графитте, виттеритте, кальцитте, доломите, сидеритте, родохрозитте, талькте, галитте, сильвинде, карналлитте, флюоритте, хлоритте, серицитте және т.б. минералдарда.
Динамометаморфизмнің жоғарырақ сатыларында кристалды, метасоматитті және класты түйірлер доңгелек және линза тәрізді, және агрегатта бағытты орналасады. Иілімді минералдар кысымның әсерінен аққыш болады және мортты минералдарда жұқа желішектер-кескіндер қалыптастырып, уату жарықшақтарын толтырады. Кристалды және метасоматиттік түйірлерде динамометаморфизмнің әсерінен жартылай немесе толық белдемді құрылыс жойылады және кейбіреулерінде қысымның полисинтетикалық егіздіктері қалыптасады. Минералды коллоидты зат кристалданады. Қатты ерітінділердің ыдырауы жүреді. Жапсарлық және аймақтық метаморфизмнің себепкерлерінің қарқынды әрекеттенуіңде кендерде колллоидтық және метаколлоидтық бітімдер және құрылымдар, сонымен бірге қатты ерітінділердің құрылымдары толығынан ӛшіріледі.
Аймақтық метаморфизм жағдайларында, түйірлік және кластық агрегаттардың толық қайта кристалдануы ӛтеді. Белгілі болғандай, қатты қалыптағы диффузияда және кеуектік ерітінділердің қатынасуымен атомды-молекулалық қайта топтасуға байланысты, минералды заттың қайта кристалдануы жүреді.
Кеннің метаморфизмінде құрамы ӛзгереді, тұрақты және қалыпты минералды түрлер (мысалы, темір сулы тотықтары гематитке және магнетитке айналады және т.б.) қалыптасады. Жаңа минералдар гелді заттың (мысалы, арсенопирит күшәла құрамды гелпириттен қалыптасады) және қатты ерітінділердің ыдырауында (мысалы, темірге бай сфалерит, сфалерит және пирротинге ыдырайды) қалыптасады. Қайта кристалдануда, шӛгінді генезисті және мору қыртысында кендер мен таужыныстардың минералдық және химиялық құрамы ӛте күшті ӛзгереді (мысалы, тас кӛмір антрацитке ауысады, фосфорит – апатитке, гетит – мегнетит пен гематитке, псиломелан – якобсит пен браунитке, гипс – ангидритке, опал – кварцқа және т.б.).
Метаморфталған кенорындардың кендерінде туынды бітімдердің келесі морфологиялық түрлері тараған: брекчиялық, брекчия тәрізді, ұнтақтық, метаколлоидтық, жолақты, гнейстік-кӛзілдірікті және шомбал. Метаморфизмде туынды құрылымдардан катакластық және кристаллобластық кең дамыған.
Метаморфталған кендердің және метаморфталған таужыныстардың метасоматиттік орынбасуда қалыптасқан бітімдердің морфологиялық түрлері

67


ұқсас болуы мүмкін (мысалы, жолақты, гнейс тәрізді, линза тәрізді және т.б.). Аталған кендердің генетикалық типтерінің арасындағы айырмашылық белгілері, парагенетикалық ассоциациялар мен кенқұраушы таужыныстардан басқа, агрегаттар құрылымдары және түйірлердің ішкі құрылысы болады. Орынбасу кендерде катакластық құрылымдар болмайды, бірақ метатүйірлік құрылымдар, сонымен бірге белдемді және елеуіштей құрылысты түйірлер тән.
Метаморфталған кендерде кейде бастапқы бітімдер мен қӛұрылымдардың жұрнақтары сақталады. Метаморфизм себепкерлерінің әрекетінен, заттың қайта түзілу процесінде қалыптасқан, оларда сирек емес қуыстар толтыру (III топ) және метасоматиттік орынбасу (IV топ) бітімдер мен құрылымдар дамыған.


  1. — мору процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар. Таужыныстар мен кендер тотығу белдемде, мору себепкерлерінің әсерінен, ӛздерінің құрамы мен құрылысын ӛзгертеді. Минералды агрегаттар мен түйірлер уатылуы және шаймалануында, оларда катакластық және қаңқалы бітімдер, және катакластық пен кластық құрылымдар қалыптасады, мору кенорындарына тән (түпкілік кенорындардың телпектері, таужыныстардағы мору қыртыстары, элювиялық және делювиалық шашылымдар). Таужыныстар мен кендер мору себепкерлерінің әсерінен жарылады, уатылады, және сынықты, ұнтақты агрегаттарға айналады. Мұндай агрегаттар кластық түйірлерден және қиын ерігіш минералдардан құралған. Химиялық моруда таужыныстар мен кендер желішектер, жиектер, тор, шарбақ және осы жағдайларға тұрақты гипергенді минералдардың басқа түрлері дамиды (мысалы, темір тотықтарының пирит бойынша жиектері, желішектері және торы; англезит пен церусситтің галенит бойынша жиектері мен шарбағы және т.б.) Гипогенді жеңіл ерігіш минералдардың шаймалдануының нәтижесінде, кендер мен таужыныстарда әр түрлі пішінді және ӛлшемді қуыстар қалыптасады, желішектер, жиетер, шарбақтар және басқа бӛліктерінің арасында орналасқан. Осылай қаңқалы құрылымдар қалыптасады.

Таужыныстар мен кендердің моруында туынды бітімдер және құрылымдардан басқа, бастапқы метасоматиттік орынбасу және қуыс толтыру бітімдер мен құрылымдар қалыптасады. Мұндай бірігіп ӛсу пішіндері III және IV генетикалық топтарда қарастырылады.




    1. нег. [203-213 б.], 7 нег. [38-58 б. ], 8 нег. [308-370 б.]; 10 қос. [433 б.]

Бақылау сұрақтары:

    1. Туынды бітімдер мен құрылымдардың генетикалық типтерін атаңыз.




    1. Таужыныстары мен рудалардың диагенез процесінде жаралатын туынды бітімдер мен құрылымдардың сипаттамасы.




    1. Метаморфизм және мору процесінде жаралатын туынды бітімдер мен құрылымдардың сипаттамасы.

68




жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау