Катакластық және кластық құрылымдар Катакластық және кластық құрылымдар кластық түйірлермен –
сынықтармен сипатталады, олар динамометоморфизм немесе мору себепкерлерінің әсерінен минералдарды уату және жаншылуынан қалыптасқан. Егер кластық түйірлер ыдырамаса, бірақ уату немесе жарылған жарықшақтарымен ажыратылып турса – онда бұл катакластық құрылымдар. Егер кластық түйірлер ыдыраса ерітінділер және ауамен, немесе мұздықтармен белгілі қашықтыққа тасымалданса және жұмырланған, жартылай жұмырланған және сүйір бұрышты сынықтар қайтадан түзілсе – бұл кластық құрылымдар. Катакластық құрылымдар минералды агрегатта оның түзілуінен кейін қалыптасады, ал кластық құрылымдар дамыған минералды агрегатта, бірге пайда болады.
Катакластық құрылымдардың ішінен келесі мофологиялық түрлері бӛлінеді: уатылған, гранокластық, жұқа кластық, порфирокластық, бағытталған кластық, бағытталған түйірлік, жаншулық және тарамдалған.
Қатты және мортты минералдар қысу және созуында сүйір бұрышты сынықтарға уатылады – уатылған құрылым. Егер агрегатта сынықтар азды-кӛпті бірдей болса, мұндай құрылым гранокластық деп аталады; әр түрлі ӛлшемді сынықтармен құралған агрегаттарда порфирокластық құрылым бӛлінеді. Минералдарды осындай үйкеліс және мору саздарда уатуында ӛте майда (0,01 мм тӛмен) сынықтар пайда болады. Осындай сынықтардан құралған минералды массалар жұқа кластық құрылыммен сипатталады.
Мортты минералдарда жиі уату және жарылы жарықшақтары дамыған, егіздіктерде микроығыспа, қатты және жұмсақ минералдарда жапырылу
фигуралары дамыған. Бағдарланған қысымда агрегаттағы сынықтардың пішідері лиза тәрізді болады және жолақтығына немесе тақтатастығына параллел созылған – бағдарланған кластық құрылым.
Жұмсақ минералдар қысымның әсерінен иілгіштік деформацияға ұшыраған, ол түйірледің, жіктілік жарықшақтардың және егіздік шегінің жапырылуында кӛрінеді. Бағдарланған қысымның әсерінен иілгіш минералдардың ұзартылған түйірлері бір-біріне параллел орналасады – бағдарланған түйірлік құрылым. Иілгіш минералдар мортты минералдардың сынықтарына керіш боп келеді және олардағы жарықшақтарды із қалдырмай толтырады. Кейбір талшықты және иілгіш минералдар, мысалы, молибденит, графит, слюда, хризотил-асбест және т.б., бағдарлы қысымның әсерінен ӛте жұқа табақшаларға немесе талшықтарға тарамдалады – тарамдалу құрылымы. Минералдардың жаншылуында заттын қайта топтасуы ӛтеді, ол толқынды сону пайда болуында кӛрінеді, түйірлерде жұқа полисинтетикалық егіздіктер және жапырылу фигурасы қалыптасады, деформацияланған кенқұраушы минералдардың кристалдарына белдемді фигуралары бұзылады және толық жойылады. Кейбір минералдарда қысымның әсерінен жіктілік немесе дербестемелік анық кӛрінеді. Осы деформация белгілері қышқылдармен әрекет еткенде немесе шағылған және үйектелген жарықта байқалады.
Кластық құрылымдардың ішінде кен тарағаны сынықтық. Әдетте, тасымалданған тажыныстар мен кендердің сынықтары шӛккен кезде түзілген керішпен бікітілген. Псефиттік, псаммиттік, алевриттік және пелитттік құрылымдар сынықты құрылымдардың басқа түрлеріне жатады.
Катакластық және кластық бітімдер және құрылымдардың ұқсас морфологиялық ерекшелігі бар. Бұл бітімдер мен құрылымдарда морфологиялық бірліктері (әртеректі минералды агрегаттар және иілігіш түйірлер) сынықтар болады, олар сырттай ӛте ұқсас, бірақ олардың
орналасу тәртібі әр түрлі. Мысалы, катакластық кендерде таужыныстардың немесе кендердің сынықтары бір-біріне қарағанда жылжыған және кӛп бӛлігінде басқа сатыда немесе минералдану кезеңде
түзілген цементпен бекітілген. Катакластық құрылымы бар мономинералды агрегаттарда минералдардың сынықтары бастапқы жатынында болады және керіштелмеген.
нег. [128-160 б.], 7 нег. [ 23-38 б.], 8 нег. [308-370 б.]; 10 қос. [433 б.]
Бақылау сұрақтары:
Түйірлі және коррозиялық құрылымдардың сипаттамасы.
Метакристалдар және метатүйірлер деген не және олар қалай жаралады?
Коллоидтық және қатты ерітінділер тұнуы құрылымдарының сипаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |