Кристаллобластық құрылымдар Кристаллобластық құрылымдар минералдардың бірігіп ӛскендеріне
тән, оларда қатты күйінде кристалдану және кристалдану процесінде қалыптасқан минералды заттардың морфологиялық бӛліктері болатын минералды түйірлер – кристаллобластар болады. Минералдардың қайта кристалдануы ортаның физико-химиялық жағдайларының ӛзгеруіне (температатура, қысым және құрамы) себептенеді. Кристаллобластық құрылымдар толық кристалды болады, және оларда түйірлер микроскоп арқылы немесе кӛзбен жақсы кӛрінеді. Осы құрылымдар үш топшаға
бӛлінеді: ӛзіндік кристаллобластық, метаколлоидтық және қатты ерітінділердің ыдырауы.
а. Ӛзіндік кристаллобластық құрылымдар топшасы
Ӛзіндік кристаллобластық құрылымдар түйірлік, метатүйірлік, сынықты, жасырын кристалдық және коллоидтық құрылысты қатты күйіндегі
агрегаттардың қайта кристалдану процесінде құрастырылады. Жаңа түйірлер – кристаллобластар бастапқы минералды түйірлердің және коллоидтық заттардың орнында қалыптасады. Минералды агрегатта бастапқы майда түірлік, ал содан кейін ұсақ, орта және ірі түйірлік құрылымдар дамиды. Кендердің қайта кристалдануы минералдық құрамының ӛзгеруі және ӛзгермеуімен журуі мүмкін. Әсіресе кендердің құрамы едәір ӛзгеруі темір, марганец, алюминий және басқа шӛгінді кенорындардың метаморфизмінде жүреді.
Кристаллобластардың идиоморфты, гипидиоморфты және аллотриоморфты
пішіндері минералдардың ӛзіндік қысылған ортаның жағдайында кристаллографиялық пішіндерін жетілдіруінің әр түрлі болуымен себептенеді және минералдың кристалдануында ӛсу күші мен жылдамдығы тәуелді болады. Кристаллобластарға изометриялы, дӛнгелек, линза тәрізді және табақша пішіндер ең типтік болады. Кейде линза тәрізді, призмалы және табақша пішіндер бір-
біріне параллел бағдарланады. Ірі кристаллобластар мен ксенобластар пойкилиттік құрылысымен сипатталады, ол басқа минералдардың ұсақ бластарының кірінділерімен кӛрінеді. Кейбір кристаллобластарында кірінділер байкалады, олар қатты ерітінділердің ыдырау ӛнімдері немесе ертерек минералдардың сынықтары болады. Бір бағытты қысымның жағдайында
қалыптасқан кристаллобластарда кейде полисинтетикалық-егіздіктену құрылысы белгіленеді. Бірақ бластардың ішкі құрылысының сипатты ерекшелігі олардың толық біртектілігі болады.
Тӛмен және орта қаттылықты (галенит, халькопирит, антимонит және т.б.) минералдар, әдетте, қайта кристалдану процесіне жеңіл ұшырайды. Ӛте жұмсақ минералдар, мысалы, молибденит, және ӛте қатты минералдар, мысалы, касситерит, қиын ӛзгереді. Ірі кристалды агрегаттарда кристалдардың майда түйірлі массалары, түйірлердің және егіздіктердің шекарасында немесе жарықшақтарда жаңадан жаралуын бастайды. Терең қайта кристалдану процесінде түйірлерде белдемдік құрылыс, ӛсу егіздіктері және эммульсиялық қатты кірінділер жойылады, агрегаттарда қатты ерітінділер, коллоидтық, метаколлоидтық, түйірлік, метатүйірлік, коррозиялық және катакластық құрылымдар жойылады.
Осы топшада келесі құрылымдардың морфологиялық түрлері бӛлінеді:
идиморфтыбластық, қаңқалық, аллтриоморфтыбластық, гипдидоморфтыбластық, бағдарланған бластық және порфиробластық.
б. Метаколлоидтық құрылымдар
Метаколлоидтық құрылымдар туынды құрылымдар деп аталады, ол гелдердің
қатты қалыпыда кристалдануынан қалыптасқан. Гелдердің қайта кристалданғанында сульфидтер, кремнезем, карбонаттар және сульфаттар әсіресе түрін қатты ӛзгертеді.
Сфералық, саысты, және ұзартылған агрегаттардың кристаллобластарында, шариктер, бүйректер, фестондар, желішектер, сталактатиттер, сталагмиттер және жолақшалар – жиі сәулелі және талшықты пішінді, және сфералық,
жартылай сфералық және сауысты коллоидтық түзілімдердің, сыртқы келбетіне прерпендикуляр орналасады. Концентрлік-белдемді агрегаттарда бластардың радиалды-сәулелі және талшықты пішіндері кедергісіз бір белдемнен басқаға ӛтеді.
Онан ары радиалды-сәулелі және талшықты агрегаттардың қайта кристалдануында гранобластық құрылым қалыптасады. Коллоидттық массалардың қайта кристалдануында заңсыз орналасқан және ештемемен толтырылмаған немесе кешірек минералдармен толтырылған, бұрыс пішінді ұсақ қуыстар мен кеуектер пайда болады. Метаколлоидты агрегаттарда сфералы, колломорфты-жолақты және сауысты пішіндер сақталады, сонымен бірге кейде коллоидтық заттың концентрлік-белдемді құрылысы және кебу жарықшақтары байқалады. Осы топшаның құрылымдарының морфологиялық түрлеріне радиалдық-сәулелі және талшықтық жатады.
. Кат т ы ері ті нді лерді ң ыд ыра у құрыл ымдар ын ың топ шасы Катты ері ті нді лерді ң ыдырау құрылым дары жиі жеке
минералды түйірлерді ң құрылысын сипаттайды . Салыстырмал ы жоғары температурада балқымамен ері ті нді лер түзілг ен, ола р құрамы күрделі минералдарда – қатты ері ті нді лерде байқалады ;
мұндай минералдар температураның жай тӛмендеуі нд е тұрақсыз болып қалады және қатты қалыпта қарапайым ыра қ
химиялық қоспаларға ыдырайды . Басты минералдарды ң торында компоненттерді ң бі р - бі рі нен толық бӛлуі не дейі н қатты ері тінд ілер ыдырағанда , еріг ен затың атомдары немесе иондарының диффузиясы жүреді . Қатты затта басында ӛте жұқа ретсіз орналасқан жаңа минералдың тамш ы тәрізді бӛлшектері ( мысалы, сфалериттегі халькопирит эмульсиясы ) қалыптасад ы немесе қаңқалы пі ші нді ұсақ криста ллобластар ( мысалы , халькопириттегі сфалерит жұлд ызшалары ) .
Жай суығанда ыдырау ӛнімдері басты минералдың кристаллографиялық бағыты немесе белдемдігі бойынша бағытталады (мысалы, ильмениттің жұқа табақшалары және линзашалары магнетиттің жіктілік жазықтығын бойлай орналасады; халькопириттің эмульсиясы сфалериттің белдемдік жарықшақтарын және егіздік шектерін толтырады). Осылай минералдардың бӛлек түйірлерінде табақша, шарбақтық және белдемдік құрылыстар қалыптасады. Кейде ыдырау ӛнімдері басты минералдың шекарасына диффузиялық жылжиды және аларындағы қеңістікті бұрыс пішінді бӛліктер түрінде толтырады. Осы бірігіп ӛскен типке пентдандит және пирротин алау тәрізді құрылымдары жатады. Ыдырау ӛнімдері бұрыс пішінді бӛліктер және түйірлерде байқалады. Ыдырау ӛнімдері мен басты минералдың кірінділерінің шекарасы тұра. Қатты ерітінділердің ыдырау ӛнімдері құрылымдарының тек кірінділердің пішіні ғана емес, тағы басты
минерал мен ыдырау ӛнімдерінің араларындағы сандық қатынасы тұрақты болуы сипатты ерекшелігі болады.
Кендерде қатты ерітінділердің ыдырау құбылыстары кристаллохимиялық қасиеттері жақын болғандығымен ӛзгешеленетін минералдарға тән, мысалы, магнетит — ильменит, пирротин — пентландит, сфалерит — халькопирит, халькопирит — кубанит, борнит
— халькопирит, борнит — халькозин, платина — ирридий, халькозин — неодигинит, сфалерит — станнин, халькопирит — құлпырмалы кен, шпинель — магнетит, хромит — ильменит, гаусманит — якобсит және т.б..
Жаңа минералдың кристаллобластары басты минералмен бірігіп ӛскендері қатты ерітінділердің ыдырау құрылымдары деп аталады. Осы топшаға тән құрылымдарының морфологиялық түрлері: эмульсиялық,
бағдарланған - эмульсялық, жұлдызша , табақша , және шарбақша , графикалық, субграфимкалық, алау тәрізді және ілгектік.
Достарыңызбен бөлісу: |