11
3.1.2
Бағдарлама дұрыс жұмыс істемей жатса не істеу керек
Егер ESET Smart Security бағдарламасы кез келген қорғау модульдерінің
бірінен ақаулық тапса, бұл туралы Қорғау күйлері терезесінде есеп
беріледі. Мәселенің ықтимал шешімі де ұсынылады.
Белгілі ақаулықтар мен шешімдердің көрсетілген тізімін пайдалана
отырып, ақаулықты түзету мүмкін болмаса, анықтама файлдарына
қатынау немесе Білім базасынан іздеу үшін
Анықтама және қолдау
параметрін таңдаңыз. Егер шешім әлі де табылмаса, ESET
тұтынушыларды қолдау орталығына сұрау жіберіңіз. Осы пікір
негізінде біздің мамандарымыз сұрауларыңызға жылдам жауап беріп,
сіздің мәселелеріңіз бойынша тиімді кеңестер бере алады.
3.2 Жаңарту параметрлері
Вирус қолтаңбасының дереққорын жаңарту және бағдарлама
компоненттерін жаңарту зиянды кодтан толық қорғауды қамтамасыз
етудің маңызды бөлігі болып табылады. Олардың конфигурациясына
және әрекетіне ерекше назар аударыңыз. Негізгі мәзірден
Жаңарту
түймесін таңдаңыз да, кейін жаңарақ дерекқор жаңартуларының
қолжетімділігін дереу тексеру үшін негізгі бағдарлама терезесінен
Вирус қолтаңбасы дерекқорын жаңарту түймесін басыңыз.
Пайдаланушы атын және құпиясөзді орнату… параметрі сатып
алу кезінде алынға пайдаланушы мен құпиясөзі енгізілуі керек
диалогтық терезені көрсетеді.
Егер пайдаланушы аты және құпиясөз ESET Smart Security
бағдарламасын орнату кезінде енгізілсе, сізге осы жерде
олар үшін нұсқау беріледі.
Қосымша параметрлер терезесінде (қатынау үшін F5 пернесін басыңыз)
басқа егжей-тегжейлі жаңарту опциялары бар.
Жаңарту сервері:
ашылмалы мәзірі
Автоматты түрде таңдау опциясына қойылуы
керек. Жаңарту режимі, прокси сервер қатынасы, жергілікті сервердегі
жаңартуларға қатынау және вирус қолтаңбасы көшірмелерін (ESET
Smart Security Business Edition) жасау сияқты кеңейтілген жаңарту
параметрлерін конфигурациялау үшін
Орнату… түймесін басыңыз.
3.3 Сенімді аймақ параметрлері
Сенімді аймақты конфигурациялау компьютеріңізді желі ортасында
қорғаудағы маңызды қадам болып табылады. Ортақ пайдалануға
рұқсат беру үшін сенімді аймақты конфигурациялау арқылы
және басқа пайдаланушылардың компьютерге қатынауына
рұқсат етуіңізге болады.
Орнату > Жеке брандмауэр > Желідегі
компьютердің қорғау режимін өзгерту… түймесін басыңыз. Нақты
желідегі/аймақтағы компьютерді қорғау режимінің параметрлерін
конфигурациялау мүмкіндігін беретін терезе пайда болады.
Сенімді аймақты анықтау ESET Smart Security бағдарламасы
орнатылғаннан кейін компьютер жаңа желіге қосылған сайын
орындалады. Сондықтан, көп жағдайларда сенімді аймақты
анықтау қажет емес. Әдепкі мәні бойынша жаңа аймақ табылғанда,
сол аймақтың қорғау деңгейін орнату мүмкіндігін беретін диалогтық
терезе ашылады.
12
Ескерту! Сенімді аймақты дұрыс конфигурацияламау компьютердің
қауіпсіздігіне қауіп тудыруы мүмкін.
Ескертпе: Әдепкі мәні бойынша сенімді аймақтағы жұмыс
станцияларына ортақ файлдарға және принтерлерге қатынасу
мүмкіндігі беріліп, кіріс RPC байланысы қосылады, сондай-ақ,
қашықтағы жұмыс үстелін ортақ пайдалану да қолжетімді болады.
3.4 Прокси сервер параметрлері
Егер сіз ESET Smart Security пайдаланатын жүйеде интернетке
қосылу үшін прокси серверді пайдалансаңыз, оны кеңейтілген
параметрлерде көрсету керек (F5).
Прокси сервер конфигурациясы
терезесіне қатынау үшін кеңейтілген режим тармағында
Әртүрлі >
Прокси сервер түймесін басыңыз.
Прокси серверді пайдалану
құсбелгісін таңдаңыз да, түпнұсқалық растама дерегімен бірге прокси
сервердің IP-мекенжайы мен портын енгізіңіз.
Егер бұл ақпарат қолжетімсіз болса,
Прокси серверді анықтау
түймесін басу арқылы ESET Smart Security бағдарламасына арналған
прокси сервер параметрлерін автоматты түрде анықтау әрекетін
жасауыңызға болады.
Ескертпе: Әр түрлі жаңарту профильдері үшін прокси сервердің
опциялары әр түрлі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда прокси серверді
кеңейтілген жаңарту параметрлері бөлімінен конфигурациялаңыз.
3.5 Параметрлерді қорғау
ESET Smart Security параметрлері ұйымыңыздың келешектегі қауіпсіздік
саясаты үшін аса маңызды болуы мүмкін. Рұқсатсыз өзгертулер
жүйеңіздің тұрақтылығы мен қорғанысына ықтимал қауіп төндіруі
мүмкін. Орнату параметрлерін құпиясөзбен қорғау үшін негізгі мәзірден
іске қосыңыз және
Орнату > Қосымша параметрлер тармағын
толығымен енгізу… > Пайдаланушы интерфейсі > Параметрлерді
қорғау түймесін таңдаңыз да,
Құпиясөз енгізу… түймесін басыңыз.
Құпиясөз енгізіңіз, оны қайта теру арқылы растаңыз да,
OK түймесін
басыңыз. Бұл құпиясөз ESET Smart Security параметрлеріне жасалатын
кез келген алдағы өзгертулер үшін қажет болады.
13
4.1 Антивирустық және антишпиондық қорғау
Антивирустық қорғау файлдарды, электрондық поштаны және
интернет байланысын бақылау арқылы зиянды жүйелік шабуылдардан
қорғайды. Егер зиянды коды бар қауіп анықталса, Антивирус модулі
оны алдымен бұғаттау арқылы, ал содан кейін тазалау, жою немесе
карантинге орналастыру арқылы шеттете алады.
4.1.1
Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау
Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау жүйедегі антивирусқа қатысты
барлық оқиғаларды басқарады. Барлық файлдар ашылғанда,
жасалғанда немесе компьютерде іске қосылғанда, оларда зиянды
кодтың бар-жоқтығы тексеріледі. Нақты уақыттағы файл жүйесін
қорғау жүйе іске қосылғанда орнатылады.
4.1.1.1
Басқару параметрлері
Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау барлық құрал түрлерін тексереді,
ал басқару әр түрлі оқиғалардан кейін басталады. Бақылау ThreatSense
технологиясының табу әдістерін (ThreatSense механизмінің параметрін
орнату бөлімінде сипатталғандай) пайдаланады. Бақылау тәртібі
жаңадан жасалған файлдар мен қолданыстағы файлдар үшін әр түрлі
болуы мүмкін. Жаңадан жасалған файлдар үшін тереңірек бақылау
деңгейі қолданылуы мүмкін.
4.1.1.1.1 Қарап шығатын медиа
Әдепкі мәні бойынша медианың барлық түрлері ықтимал қауіптер
үшін қаралып шығады.
Жергілікті дискілер — Жүйенің барлық қатты дискілерін басқарады
Алынбалы құрал — Дискеталар, USB сақтау құрылғылары, т.б.
Желілік диск — Барлық көрсетілген дискілерді қарап шығады
Әдепкі параметрлерді белгілі бір сақтауды және оларды тек белгілі
бір медианы қарап шығу кезінде деректер берудің айтарлықтай
баяулайтыны сияқты ерекше жағдайларда ғана өзгерту ұсынылады.
4.1.1.1.2 Қарап шығу (Оқиғамен басталатын қарап шығу)
Әдепкі мәні бойынша барлық файлдар ашылу, орындалу немесе
жасалу кезінде тексеріледі. Компьютер үшін нақты уақыттағы
қорғаудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететіндіктен, әдепкі
параметрлерді сақтау ұсынылады.
Дискета қатынасы опциясы бұл дискжетегіне қатынасқанда
дискетаның жүктеу бөлігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Компьютерді
өшіру опциясы компьютерді өшіргенде қатты дискінің жүктеу бөліктерін
бақылаумен қамтамасыз етеді. Бүгін жүктеу вирустары сирек
болғанымен, бұл опцияларды қосылған күйінде қалдыру ұсынылады,
өйткені балама көздерден вирустың жұғуы әлі де мүмкін.
4.1.1.1.3 Жаңадан жасалған және өзгертілген файлдарға
арналған қосымша ThreatSense параметрлері
Жаңадан жасалған немесе өзгертілген файлдарға вирус жұғу
ықтималдығы қолданыстағы файлдарға қарағанда әлдеқайда
жоғары. Бағдарламаның бұл файлдарды қосымша қарап шығу
параметрлермен тексеру себебі осы. Қарапайым қолтаңбаларға
негізделген қарап шығу әдістеріне қоса, анықтау деңгейін
айтарлықтай жақсартатын кеңейтілген эвристика пайдаланылады.
Жаңадан жасалған файлдармен қоса, қарап шығу өздігінен
ашылатын файлдарға және орындалатын бумалаушылар (іштей
қысылатын орындалатын файлдар) (SFX) да орындалады. Әдепкі мәні
бойынша мұрағаттар 10-шы енгізу деңгейіне дейін қаралып шығады
және нақты өлшемінен тәуелсіз түрде тексеріледі. Мұрағаттарды қарап
шығу параметрлерін өзгерту үшін Мұрағаттарды қарап шығудың
әдепкі параметрлері опциясын таңдаудан бас тартыңыз.
4.1.1.1.4 Қосымша параметрлер
Нақты уақыттағы қорғауды пайдалану барысында ең аз жүйе ізімен
қамтамасыз ету үшін әлдеқашан қаралып шыққан файлдар қайтадан
қаралып шықпайды (өзгертілмеген жағдайда). Вирус қолтаңбасы
дерекқорының әрбір жаңартылуынан кейін файлдар қайтадан дереу
қаралып шығады. Бұл тәртіп
Оңтайландырылған қарап шығу
параметрін пайдалана отырып, конфигурацияланады. Егер бұл
өшірілсе, барлық файлдар оларға әрбір қатынаған сайын қаралып
шығады.
Әдепкі мәні бойынша нақты уақыттағы қорғау операциялық жүйенің
іске қосылуы уақытында орнатылады және бөгелусіз қарап шығумен
қамтамасыз етеді. Ерекше жағдайларда (мысалы, басқа нақты
уақыттағы қарап шығу құралында қайшылық туындаса), нақты
уақыттағы файл жүйесін қорғауды
Нақты уақыттағы файл жүйесін
қорғауды автоматты түрде іске қосу опциясын өшіру арқылы
аяқтауға болады.
Әдепкі мәні бойынша кеңейтілген эвристика файлдардың орындалуы
барысында пайдаланылмайды. Алайда, кей жағдайларда бұл
опцияны қосқыңыз келуі мүмкін (
Файлды орындау барысындағы
кеңейтілген эвристика опциясына құсбелгі қою арқылы). Жүйе
талаптарының артуына байланысты кеңейтілген эвристиканың
кейбір бағдарламаларды баяулатуы мүмкіндігін ескеріңіз.
4.1.1.2
Тазалау деңгейлері
Нақты уақыттағы үш тазалау деңгейіне ие (қатынау үшін
Орнату…
түймесін
Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау бөлімінен
таңдаңыз да,
Тазалау тармағын басыңыз).
•
Бірінші деңгей табылған әрбір инфильтрация үшін қолжетімді
опциялары бар ескерту терезесін көрсетеді. Пайдаланушы әрбір
инфильтрация үшін әрекетті жеке таңдауы керек. Бұл деңгей
инфильтрация табылған жағдайда қандай қадам жасауды білетін
озық пайдаланушыларға арналған.
•
Әдепкі деңгей алдын ала анықталған әрекетті автоматты түрде
таңдап орындайды (инфильтрация түріне байланысты). Вирус
жұққан файлдың табылуы және жойылуы туралы экранның
төменгі оң жақ бұрышындағы ақпараттық хабармен белгі беріледі.
Дегенмен, инфильтрация құрамында таза файлдар да бар
мұрағаттың ішінде орналасса, әрекет орындалмайды. Сондай-ақ,
әрекет алдын ала анықталған әрекет жоқ нысандарға қатысты
орындалмайды.
•
Үшінші деңгей ең «агрессивті» — барлық вирус жұққан нысандар
тазаланады. Бұл деңгей құнды файлдардың жоғалуына әкелуі
мүмкін болғандықтан, оны ерекше жағдайларда ғана пайдалану
ұсынылады.
4. ESET Smart Security бағдарламасымен жұмыс істеу