6
2. Орнату
Сатып алғаннан кейін ESET Smart Security орнатушысын ESET
компаниясының веб-торабынан жүктеуге болады. Ол ess_nt**_***.msi
(ESET Smart Security) немесе essbe_nt**_***.msi (ESET Smart Security
Business Edition) бумасы ретінде жеткізіледі. Орнатушы мен орнату
шеберін орнату негізгі параметрлерді орнатуға нұсқау береді. Әр түрлі
орнату деңгейлері туралы мәліметтері бар екі орнату түрі қолжетімді:
1. Әдеттегі орнату
2. Таңдамалы орнату
2.1 Әдеттегі орнату
Әдеттегі орнату ESET Smart Security бағдарламасын әдеттегі
параметрлермен орнатқысы келетін пайдаланушыларға ұсынылады.
Бағдарламаның әдепкі әдеттегі параметрлері ең жоғары қорғау
деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны егжей-тегжейлі параметрлерді
конфигурациялағысы келмейтін пайдаланушылар жоғары бағалайды.
Бірінші (ең маңызды) қадам — бағдарламаны автоматты түрде
жаңарту үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді енгізу. Ол жүйені
тұрақты қорғаумен қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайды.
Пайдаланушы аты мен Құпиясөз, яғни, өнімді сатып алғаннан
немесе тіркегеннен кейін алған түпнұсқалық растама деректерін
сәйкес өрістерге енгізіңіз. Егер қазір пайдаланушы аты мен
құпиясөзіңіз болмаса,
Жаңарту параметрлерін кейінірек орнату
опциясын таңдаңыз. Түпнұсқалық растама деректерін кейінірек
кез келген уақытта бағдарламадан тікелей енгізуге болады.
Орнатудағы келесі қадам — ThreatSense.Net алдын ала ескерту
жүйесін конфигурациялау. ThreatSense.Net алдын ала ескерту жүйесі
ESET компаниясының өз тұтынушыларын тез қорғауы үшін жаңа
инфильтрациялар туралы дереу және үнемі хабардар болып отыруын
қамтамасыз етеді. Жүйе жаңа қауіптерді олар талданып, өңделетін
және вирус қолтаңбасының дерекқорларына қосылатын ESET
компаниясының вирустық зертханасына жіберуге рұқсат етеді.
Әдепкі мәні бойынша
ThreatSense.Net алдын ала ескерту жүйесін
қосу құсбелгісі таңдалады, бұл осы мүмкіндікті іске қосады. Күдікті
файлдарды жіберуге арналған егжей-тегжейлі параметрлерді өзгерту
үшін
Кеңейтілген параметрлер… командасын таңдаңыз.
Орнату үрдісіндегі келесі қадам —
Ықтимал қалаусыз
бағдарламаларды анықтауды конфигурациялау. Ықтимал
қалаусыз бағдарламалар әдейі зиянды болмағанымен, бірақ
операциялық жүйенің тәртібіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Бұл бағдарламалар басқа бағдарламалармен жиі бірге жеткізіледі
және орнату үрдісі барысында оны байқау қиын болуы мүмкін.
Бұл бағдарламалар орнату барысында әдетте хабарландырулар
шығаратын болса да, олар сіздің рұқсатыңызсыз оңай орнатыла алады.
ESET Smart Security бағдарламасының осы қауіп түрін табуына
мүмкіндік беру үшін
Ықтимал қалаусыз бағдарламаларды табуды
қосу опциясын таңдаңыз (ұсынылады).
Әдеттегі орнату режиміндегі соңғы қадам —
Орнату түймесін басу
арқылы орнатуды растау.
7
2.2 Таңдамалы орнату
Таңдамалы орнату бағдарламаларды дәл баптауда тәжірибесі бар
және орнату кезінде кеңейтілген параметрлерді өзгерткісі келетін
пайдаланушыларға арналған.
Алғашқы қадам — орнату үшін мақсатты орналасуды таңдау. Әдепкі
мәні бойынша бағдарлама C:\Program Files\ESET\ESET Smart Security\
қалтасына орнатылады. Орналасуды өзгерту үшін
Шолу… түймесін
басыңыз (ұсынылмайды).
Содан кейін
Пайдаланушы атыңыз бен құпиясөзіңізді енгізіңіз.
Бұл қадам Әдеттегі орнату қадамымен бірдей (6-бетті қараңыз).
Пайдаланушы атыңыз бен құпиясөзіңізді енгізген соң,
Интернет
қосылымын конфигурациялау үшін Келесі түймесін басыңыз.
Егер прокси серверді пайдаланатын болсаңыз, вирус
қолтаңбасының жаңартулары тиісінше жұмыс істеуі үшін ол дұрыс
конфигурациялануы тиіс. Егер сіз интернетке қосылу үшін прокси
серверді пайдаланатыныңызды білмесеңіз,
Мен интернет қосылуға
прокси сервердің пайдаланылатынына сенімсізбін әдепкі
параметрін қалдырыңыз. Internet Explorer сияқты бірдей
параметрді пайдаланыңыз және Келесі түймесін басыңыз. Егер
сіз прокси серверді пайдаланбасаңыз , сәйкес опцияны белгілеңіз.
Прокси сервер параметрлерін конфигурациялау үшін
Мен прокси
серверді пайдаланамын параметрін таңдаңыз да, Келесі түймесін
басыңыз.
Мекенжай өрісі ішіне прокси сервердің IP мекенжайын
немесе URL мекенжайын енгізіңіз.
Порт өрісінде прокси сервер
қосылымдарды қабылдайтын портты көрсетіңіз (әдепкі мәні
бойынша 3128). Прокси сервер түпнұсқалық растаманы қажет еткен
жағдайда прокси серверге қатынастыратын дұрыс пайдаланушы
аты мен құпиясөзді енгізу керек. Прокси сервердің параметрлерін
де Internet Explorer бағдарламасынан қалаған кезде көшіріп алуға
болады. Мұны орындау үшін
Қолдану түймесін басып, таңдауды
растаңыз.
8
Автоматты жаңарту параметрлерін конфигурациялау терезесіне
өту үшін
Келесі түймесін басыңыз. Бұл қадам бағдарлама компоненті
автоматты жаңартуларыныі жүйеңізде қалайша басқарылуы керектігін
тағайындау мүмкіндігін береді. Кеңейтілген параметрлерге қатынасу
үшін
Өзгерту… түймесін басыңыз.
Егер сіздің бағдарлама компоненттерін жаңартқыңыз келмесе,
Бағдарлама компоненттерін ешқашан жаңартпау опциясын
таңдаңыз.
Бағдарлама компоненттерін жүктеу алдында сұрау
опциясын қосу бағдарлама компоненттерін жүктеу алдында растау
терезесін көрсетеді. Бағдарлама компоненттерін сұрамай автоматты
түрде жаңартуды қосу үшін
Қолжетімді болса, бағдарлама
компоненттерін жаңартуды орындау опциясын таңдаңыз.
Ескертпе: Бағдарлама
компоненті жаңартылған соң, әдетте
қайта жүктеу сұралады. Ұсынылған параметр:
Қажет болғанда
компьютерді ескертусіз қайта іске қосыңыз.
Орнатудың келесі қадамы — бағдарламаның параметрлерін
қорғайтын құпиясөзді енгізу. Бағдарламаны қорғауға пайдаланғыңыз
келетін құпиясөзді таңдаңыз. Құпиясөзді растау үшін қайта енгізіңіз.
ThreatSense.Net алдын ала ескерту жүйесін конфигурациялау
және
Ықтимал қалаусыз бағдарламаларды табуды қосу
қадамдары Әдепкі орнату қадамдарымен бірдей және бұл жерде
көрсетілмейді (6-бетті қараңыз).
Таңдамалы режимдегі соңғы қадам — ESET жеке брандмауэрінің сүзу
режимін таңдау. Бес режим бар:
•
Автоматты
•
Ерекшеліктерге ие автоматты режим (пайдаланушылық ережелер)
•
Интерактивті
•
Саясатқа негізделген
•
Үйрену
Автоматты режим пайдаланушылардың көпшілігіне ұсынылады.
Барлық стандартты шығыс қосылымдары қосылған (алдын ала
анықталған параметрлерді пайдалана отырып, автоматты түрде
талданады) және сұрамай жіберілетін кіріс қосылымдары автоматты
түрде бұғатталады.
Ерекшеліктерге ие автоматты режим (пайдаланушылық
ережелер). Автоматты режимге қосымша ретінде таңдамалы
ережелерді қоу мүмкіндігін береді.