Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 106-беті
106
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге
сəйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық жəне аудиториялардан тыс сабақтарда
студенттердің білімін кəсіптік оқу бағдарламасына сəйкес жүйелі түрде тексеру.
Межелік бақылау – бір оқу пəнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың
оқу жетістіктерін бақылау;
Пəн бойынша аралық бақылаудағы қорытынды баға ағымдағы үлгерім (60%) жəне
емтихан бағасы (40%) ескеріліп, мына формуламен есептелінеді:
4
,
0
6
,
0
2
3
2
1
R
R
R
R
(1)
Мұндағы, R – қорытынды баға немесе қорытынды рейтингілік балл;R
1
, R
2
– білім
алушының 1-8 жəне 9-15 апта аралықтарында жинаған балы;R
3
– емтиханда 100 балдық
шкала бойынша алған балы.
Ағымдағы үлгерім балы білім алушының 1-8 жəне 9-15 апта аралықтарында күнделікті
сабақтардағы (Б
1
), межелік бақылаудағы (Б
2
) жəне СӨЖ (МӨЖ) тапсырмаларын орындағаны
үшін (Б
3
) жинаған балдарының қосындысы арқылы анықталып, келесі өрнекпен есептеледі:
3
3
2
1
1
Б
Б
Б
R
(2)
жəне
3
3
2
1
2
Б
Б
Б
R
(3)
Межелік бақылау күндізгі оқыту нысандарында əр пəн бойынша семестрдің 8-ші жəне
15-ші апталарында 2 рет, сырттай жəне кешкі оқыту нысандарында 1 рет өткізіледі. Б
1
, Б
2
жəне Б
3
-тердің əрқайсысы 100 балдық шкала бойынша бағаланып, төмендегіше есептелінеді:
1.Пəн бойынша күнделікті сабақтардың барлық түріндегі (практикалық, зертханалық,
семинар, ОБСӨЖ не ОБМӨЖ) білім алушының белсенділігі, білімі əр апта сайын 100
балдық шкаламен бағаланады. Б
1
– білім алушының 1-8 жəне 9-15 апта аралықтарында
жинаған балының арифметикалық орташа мəні.
2.Білім алушының орындаған əрбір СӨЖ (МӨЖ) тапсырмасы 100 балдық шкаламен
бағаланады. Б
2
– білім алушының 1-8 жəне 9-15 апта аралықтарында СӨЖ (МӨЖ)
тапсырмаларын орындауда жинаған балының арифметикалық орташа мəні.
3. Б
3
– білім алушының межелік бақылауда 100 балдық шкаламен жинаған балы.
Бұл жүйені магистранттардың, күндізгі, кешкі жəне сырттай оқыту нысандарында білім
алатын студенттердің ағымдық үлгерімдерін есептеу үшін қолдануға болады.
2.3 Емтихандарды ұйымдастыру жəне өткізу
2.3.1 Емтихан сұрақтарын дайындау
1. Пəн бойынша емтихан сұрақтарының жалпы саны 45-тен кем болмауы тиіс.
2. Емтихан билетіндегі сұрақтардың жалпы саны 3-тен кем емес. Емтихан
сұрақтарының санын анықтау барысында жазбаша жұмыс уақыты ескерілуі тиіс (120 минут).
3. Емтихан сұрақтары білім беру нəтижелерін бағалауға бағытталуы тиіс.
4. Емтихан сұрақтары түйінді күтілетін нəтижелердің шектеулі санын бағалауға
бағытталған болуы тиіс.
5. Емтихан сұрақтарының 2/3 теориялық жəне 1/3 практикалық білім беру нəтижелерін
бағалауға бағытталуы тиіс.
6. Жазбаша жұмыс нəтижесін бағалаудың 100 ұпайдың 50 ұпайы теориялық жəне 50
ұпайы практикалық білім беру нəтижелерін бағалауға бөлінеді.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 107-беті
107
7. Теориялық жəне практикалық сұрақтардың күрделілігі білім беру деңгейіне
(тыңдаушылар,
бакалавриат,
интернатура,
резидентура,
магистратура
жəне
PhD
докторантура) сəйкестестендірілуі тиіс.
8. Емтихан сұрақтары блок бойынша (блоктар саны емтихан билетіндегі сұрақтар
санына тең) автоматтандырылған жүйеге пəн лекторы тарапынан енгізілуі тиіс.
2.3.2 Емтихандарды ұйымдастыру жəне өткізу
1.Емтихандар жазбаша, шығармашылық жəне орталықтандырылған тест түрінде
өткізіледі.
2. Емтиханның өткізілу түрі мен реті академиялық мерзім басталғаннан бір айдан кеш
емес уақыт ішінде факультет кеңесінде айқындалады.
3. Пəн бойынша емтиханға екі аралық бақылау нəтижесінде (1-ші, 2-ші аралық
бақылаудың арифметикалық орта мəні) 50 балдан кем емес ұпай жинаған, төлемақыдан
(ақылы оқитындар үшін) қарызы жоқ, академиялық демалыста жүрмеген білім алушылар
декан өкімімен жіберіледі.
4. Курстық жұмыстарын орындап, оң бағаға қорғап шықпаған білім алушылар сол пəн
бойынша емтиханға жіберілмейді.
5. Емтихан өтілетін аудиторияларды дайындау, емтихан кезінде оқытушылар
кезекшілігін ұйымдастыру, тəртіп пен тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ету т.б. қажетті
шараларды ұйымдастыру факультет декандарына жүктеледі.
6. Емтихан сессиясының өту барысын қадағалауды жəне мониторинг жасауды
факультет декандары мен орынбасарлары, жастар комитеті өкілдерінен құралған комиссия
атқарады.
7. Офис регистратор қызметі білім алушылардың емтихан тізбелерін дайындап
шығарады.
8. Декан орынбасары Офис регистраторқызметкерінің қатысуымен, емтиханға бір күн
қалған мерзімде, пəндер бойынша емтихан билеттеріндайындатып, арнайы хатқалталарға
салып, мөрлеп бекітеді.
9. Емтихандарды аталған пəн мен мамандықтың өкілдері болып табылмайтын
оқытушылар құрамынан, ең кемі екі адамнан тұратын, емтихан комиссиясының
бақылауымен өткізілуі деканат тарапынан қамтамасыз етіледі.
10. Білім алушылардың, бекітілген кестеге сəйкес, емтиханға келулерін факультет
деканаттары қамтамасыз етеді.
11. Емтихан басталуға 15 минут қалған кезде емтихан қабылдаушылар білім
алушылардың сынақ кітапшаларын тексереді жəне олардың аудиторияда біркелкі отыруын
қамтамасыз етеді. Емтиханның басталу жəне аяқталу мерзімдері тақтаға жазылады.
12. Емтиханға берілген уақыт (120 минут) аяқталған соң, емтихан қабылдаушылар
емтихан
жұмыстарын
жинап
алып,
шифрлау
жұмыстарын
атқару
үшін
Офис
регистраторқызметкеріне тапсырады.
13. Емтиханда кітап, дəптер, шпаргалка, ұялы телефон, басқа да электронды
құрылғыларды пайдалануға, басқалармен сөйлесуге, хат жазысуға, себепсіз емтиханға
кешігуге тыйым салынады.
14. Емтихан комиссиясы аталған ережелердің қатаң сақталуына жауапты болып
табылады.
15. Тəртіп бұзған білім алушыға емтихан комиссиясыакт толтырып, оның жазбаша
жұмысын алып, өзін емтиханнан шығарады. Емтихан тізбесіне «0» балл, «F»
(«қанағаттанарлықсыз») баға қойылады.
16. Сессия кезінде тəртіпті қайталап бұзып, екінші рет емтиханнан шығарылған білім
алушыға, факультет деканының ұсынысымен, университеті білім алушысының Ар-намыс
кодексі тараптарына сəйкес университеттен шығаруға дейін тəртіптік шаралар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |