Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 100-беті
100
2 Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университетте білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылау жəне аралық аттестаттау өткізудің тəртібі
2.1 Жалпы ережелер
1. Студенттердің оқу жетістіктерін тексеруді университет өзі дербес анықтайтын
бақылау мен аттестаттаудың түрлі нысандары арқылы жүзеге асырады.
2. Студенттердің (білім алушылардың) оқудағы жетістіктері əріптік балдық-рейтингтік
жүйе бойынша университетте білімді бақылау жəне бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға
білім беру стандарттарына сəйкес бағаланады, оны дəстүрлі бағалау шкаласына аудару осы
Ереженің 1-қосымшасына сəйкес жүргізіледі.
3. Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пəнінің əр тақырыбы бойынша өткізіліп,
аудиториялық жəне аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау
бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен
межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
4. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, əрбір орындаған
тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің
дербес жұмысы (бұдан əрі - СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып,
үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық
бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
Осындай əдіс аралық жəне қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.
5. Кешкі бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау осы Ереженің
6-тармағына ұқсас жүргізіледі.
6. Сырттай бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу-емтихан
сессиялары басталғанға дейін де, сол кезеңде де жүзеге асырылады, ол академиялық
күнтізбеге сəйкес жүргізіледі. Бұл ретте сырттай бөлімде оқитын студент оқу-емтихан
сессиялары басталғанға дейін барлық түрдегі бақылау жəне есептеу-графикалық
жұмыстарды, курстық жұмыстарды (жобаларды), сондай-ақ үй тапсырмаларының жекелеген
түрлерін, СДЖ, пəндерді оқыту бағдарламасына сəйкес межелік бақылауды тапсырады.
7. Күндізгі, кешкі жəне сырттай бөлімдерде оқитын студенттер бірыңғай кəсіптік оқу
бағдарламасы бойынша пəндерді бірдей көлемде оқиды. Пəндерді оқытудың тақырыптық
жоспарларында өзгешеліктер болады, ол оқудың түрлі нысандары үшін оқытушылардың
студенттермен байланысты жұмыстарының түрлі көлемінде көрініс табады. Бұл ретте
сырттай оқитын студенттерге оқу материалдарының 80 пайызға дейінгі көлемін өз бетінше
игеруіне рұқсат етіледі.
8. Межелік бақылау бір академиялық кезең аралығында, бір оқу пəні шеңберінде
кемінде екі рет өткізіледі. Көлемі бір кредитті құрайтын оқу пəндері ерекшелік ретінде
алынады, олар бойынша межелік бақылау санын университет дербес айқындайды.
9. Университетте студенттерді аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық
күнтізбеге жəне мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде
əзірленген кəсіптік оқу бағдарламасына сəйкес жүзеге асырылады.
10. Студенттерді аралық аттестаттау емтихан тапсыру жəне сараланған сынақ түрінде
өткізіледі.
11. Студенттердің аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу офис регистраторға
жүктеледі.
12. Аралық аттестаттау нəтижесі бойынша офис регистратор студенттердің
академиялық рейтингілерін құрастырады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 101-беті
101
13. Емтихандар кестеге сəйкес тапсырылады жəне пəннің барлық кəсіптік оқу
бағдарламасы бойынша студенттердің оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады жəне
академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді.
14. Сараланған сынақтар студенттердің зертханалық жəне есептеу-графикалық
тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ
олардың бекітілген кəсіби оқу бағдарламасына сəйкес кəсіби практикадан өткендігін тексеру
нысаны болып табылады.
Сараланған сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сəйкес қойылады жəне сол
жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі.
15. Емтихан сессиялары қысқы жəне жазғы болып бөлінеді. Университетте
қабылданған академиялық кезең семестр.
16. Оқудың күндізгі нысаны үшін емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтылығы
мамандықтың оқу жұмыс жоспары жəне университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген
академиялық күнтізбе бойынша анықталады.
Оқудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы жəне олардың кезеңдері мен саны
университеттің кеңесінде белгіленеді.
17. Офис регистратор оқудың барлық нысандары үшін емтихандар кестесін тиісті
факультеттің деканатымен бірлесе отырып жасайды, оқу жəне инновациялық технологиялар
жөніндегі проректор бекітеді жəне ол студенттер мен оқытушылардың назарына емтихан
басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.
18. Емтиханды өткізу үшін біліктіліктері сол пəннің бейініне сəйкес келетін жəне
əдеттегідей сол академиялық топта (толқында) оқыту сабақтарын өткізбеген алдыңғы
қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан емтихан қабылдаушылар тағайындалады.
19. Офис регистраторының жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рəсіміне қатыспайтын
тұлғалар жіберілмейді.
20. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы
өкімінде студенттің аты-жөні, курсы, мамандығы жəне академиялық тобы көрсетіледі.
21. Емтихандық сессияға жіберуі екі кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезеңде факультет деканының (институт директоры) жалпы шешімімен оқу
ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық
демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ студенттердің сессияға жіберілуі жүзеге
асырылады;
2) екінші кезеңде тиісті пəн бойынша үлгерімнің ағымдық жəне межелік бақылау
қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде
жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру əрбір студенттің тегінің қарсы тұсына
қойылған офис регистраторының тиісті белгісімен емтихан ведомосы бойынша жүзеге
асырылады.
22. Аталған пəн бойынша рұқсатнама рейтингісінде жағымды бағасы жоқ студенттер
қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған студенттер тиісті пəн бойынша
емтиханға жіберілмейді.
23. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы
жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) студентке емтиханды жеке кесте бойынша
тапсыруға рұқсат бере алады.
Факультет деканына (институт директоры) аурулығы, сəбидің дүниеге келуі, жақын
туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты
жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда емтиханды жеке кесте
бойынша тапсыруға рұқсат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |