Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 104-беті
104
56. Емтихандар сессиясының қорытындысы жəне оқу үрдісін жақсарту бойынша
ұсыныстар емтихандық сессия (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін кафедра, деканат
(директорат) мəжілістерінде, университет кеңесінде талқылануға ұсынылады.
57. Университет емтихандық сессиялардың (қысқы жəне жазғы) қорытындысы
бойынша білім саласындағы өкілетті органға осы Ереженің 2-қосымшасына сəйкес нысанда
электронды жəне қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді.
58. Университеттен шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама
беріледі.
59. Емтихан сессиясын ойдағыдай аяқтаған сырттай оқу бөлімі студенттеріне келесі
емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі.
Шақыру-анықтамаларын беру мен сырттай оқу бөлімі студенттерінің емтихан
сессиясына қатысуы университетте қатаң есепке алынады.
60. «Қазақстан тарихы» пəні бойынша мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеге
сəйкес аралық аттестаттау кезеңінде өткізіледі.
61. Барлық бакалавр мамандығындағы университет студенттері «Қазақстан тарихы»
пəні бойынша оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан
тапсырады.
62. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша техникалық жəне кəсіптік (орта кəсіптік)
білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстан тарихы»
пəнін оқуға жəне осы пəн бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті.
63. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жоғары кəсіптік білім базасында
жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстан тарихы» пəнін оқымайды
жəне мемлекеттік емтихан тапсырмайды.
64.
Мемлекеттік
емтиханға
дайындықты
факультет
деканатымен
(институт
директоратымен) жəне оқу бөлімімен (оқу-əдістемелік басқармасымен) бірлесе отырып,
«Қазақстан тарихы» пəнін оқытатын кафедра (бұдан əрі – кафедра) өткізеді.
65. «Қазақстан тарихы» пəні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра
оқудың барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын аталған
пəн бойынша үлгі оқу бағдарламасы негізінде əзірлейді.
66. «Қазақстан тарихы» пəні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру оқу жұмыс
бағдарламасына сəйкес ауызша, жазбаша жəне тест түрінде жүзеге асырылады.
67. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрі университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен
анықталады.
68. «Қазақстан тарихы» пəні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін
факультет деканының ұсынысы бойынша құрамында төрағасы мен мүшелері бар
Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан əрі – МЕК) күнтізбелік жылға құрылады.
69. МЕК төрағасының кандидатурасы ағымдағы оқу жылының 1-қарашасынан
кешіктірілмей білім беру саласындағы уəкілетті органға жіберіледі.
70. «Қазақстан тарихы» пəні бойынша МЕК төрағасы ағымдағы оқу жылының
1-желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің
бұйрығымен бекітіледі.
71. МЕК құрамы жоғары білікті оқытушылардан университет ректорының бұйрығымен
бекітіледі.
72. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор құрады жəне оны университет
ректоры мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.
73. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.
74. МЕК отырыстары əр студент бойынша жеке хаттамамен осы Ереженің 3-
қосымшасындағы нысанға сəйкес ресімделеді жəне оған комиссия төрағасы мен отырысқа
қатысқан мүшелер қол қояды.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 105-беті
105
75. МЕК отырысының хаттамасын аталған пəн бойынша сабақ беретін кафедраның оқу-
көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған хатшы жүргізеді.
76. МЕК отырысының хаттамалары мемлекеттік емтихан басталмастан бұрын А4
форматында түптеліп, нөмірленіп, бумаланады жəне оқу бөлімінің (оқу-əдістемелік
басқарманың) мөрімен бекітіледі.
77. Егер студент МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның фамилиясының тұсына
«келген жоқ» деген жазу жазылады.
78. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК мəжілісінің хаттамасы қайтадан
ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға__________
№__________ хаттамамен кайта қаралды, ____бет» деген жазумен өзгертіледі жəне оған
қатысқан МЕК мүшелерінің бəрі қол қояды.
79. Мемлекеттік емтихан нəтижелері студенттердің білімін балдық-рейтингтік əріптік
бағалау жүйесі бойынша бағаланады.
80. «Қазақстан тарихы» пəнінен тапсырылған мемлекеттік емтихан нəтижелері
бойынша білім алушыларға жіберілу рейтингі бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы
ескеріле отырып, қорытынды баға қойылады. Бұл ретте жіберілу рейтингісінің бағасы пəн
бойынша білімнің қорытынды бағасының кемінде 60 %-ын құрайды жəне мемлекеттік
емтихан бағасы кемінде 30%-ын құрайды.
81.
Студент
«Қазақстан
тарихы»
пəні
бойынша
мемлекеттік
емтиханнан
«қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде
немесе жазғы семестрде осы пəнге жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып,
ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады жəне оны
тапсырады.
82. «Қазақстан тарихы» пəні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру
үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
83. Студент мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген
күннен кейінгі күннен кешіктірмей мемлекеттік емтихан комиссиясына (МЕК) апелляция
беруіне болады.
84. Апелляция өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен аталған пəн бойынша
тəжірибелі оқытушылардан «Қазақстан тарихы» пəні бойынша апелляциялық комиссия
құрылады.
85. «Қазақстан тарихы» пəні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсырудың нəтижелері
оны тапсыру қаралған сол емтихандық сессияның қорытындысын шығару кезінде есепке
алынады.
86. МЕК-ның жұмысы аяқталғаннан соң Комиссия төрағасы есеп жазады, ол
университет ғылыми кеңесінің мəжілісінде талқыланып, бекітілгеннен кейін білім
саласындағы өкілетті органға тапсырылады.
«Қазақстан тарихы» пəні бойынша Мемлекеттік емтихан төрағасының есептері қысқы
емтихан тапсыру бойынша 1 наурыздан, ал жазғы емтихан тапсыру бойынша 1 тамыздан
кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.
2.2 Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау жүйесі
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университетте "Білім алушылардың білімін
ағымдық бағалау жүйесі" ҚРБҒМ-інің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен
бекітіліп, ҚР БҒМ-інің 2011 жылғы 16 наурызда № 94 бұйрығымен өзгеріс енізілген жəне
Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2011 жылғы 25 сəуірде № 6900 тіркелген
«Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық жəне
қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесінің» 3-бабының 5-тармағына, 6-9,11,36 жəне
156 баптарына сай əзірленген.
Достарыңызбен бөлісу: |